Объединение юридических лиц в форме ассоциации


СПИСОК ИСПОЛЬЗОВАННЫХ ИСТОЧНИКОВ



Pdf көрінісі
бет41/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

СПИСОК ИСПОЛЬЗОВАННЫХ ИСТОЧНИКОВ: 
1. Государственная 
программа 
«Цифровой 
Казахстан» 
на 
2017-2020 
года, 
http://aues.kz/news_info/KZ_2018.pdf
- 14 стр.
2. Алдияров К.Т. Особенности обучения информатике и общестехническим дисциплинам в 
системе среднего профессионального образования Республики Казахстан. – Воронеж: 
Научная книга, 2011. – 20 стр. 


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA» 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020 
 
41 
ӘОЖ 004.7 
ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР 
 
Куттыбай Елдос 
«Компьютерлік жүйелер мен желілерді әкімшіліктеу, басқару және қорғау»
мамандығының магистранты, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті 
п.ғ.к – Тунгатарова А.Т., Тараз, Қазақстан 
Мақала университетті басқарудағы ақпараттық жүйелердің рөліне арналған. 
Ақпараттық жүйелерге қойылатын негізгі талаптар, сонымен қатар университетті 
басқарудың ақпараттық жүйесіне қойылатын жалпы мақсаттар қарастырылған. 
Түйінді сөздер: ақпараттық жүйе, университетті басқару, оқу процесі. 
Ақпараттық жүйе деп пайдаланушыға қысқа мерзімде ақпаратты қабылдауға, 
өңдеуге, сақтауға және жіберуге мүмкіндік беретін мәліметтер мен техникалық 
құралдардың жиынтығын түсінеміз. 
Ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың заманауи даму кезеңіндегі 
ақпараттық жүйелердің ең көп таралған түрі болып автоматтандырылған ақпараттық 
жүйелер табылады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе деп компьютерлік ақпараттық 
технологияны қолдана отырып, ақпараттық жүйеге қойылған мақсатқа жету үшін 
ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және жіберу процесі түсініледі. 
Ақпараттық жүйелерге қойылатын бірнеше негізгі талаптарды ерекшелеуге болады: 
1. Ақпараттық жүйенің тиімділігі - қарастырылып жатқан шаралармен байланысты 
барлық шығындар мен алынған нәтижелерді салыстыру арқылы анықталады. 
2. Ақпараттық жүйенің жұмыс істеу сапасы - жүйенің белгілі функцияларды 
орындауға бейімділігі. Ақпараттық жүйенің жұмыс істеу сапасын анықтайтын негізгі 
қасиеттерінің ішінен келесі қасиеттерін ерекшелеуге болады:
- ақпараттық жүйенің жұмыс істеу сәйкестігі; 
- өзара әрекеттесу, жетілдіру және дамыту үшін ақпараттық жүйенің техникалық 
мүмкіндіктерінің болуы; ақпаратты ұсынудың сенімділігі мен уақытылылығы
- ұсынылған ақпараттың толықтығы, нақтылығы, өзектілігі және құпиялылығы. 
3. Ақпараттық жүйенің сенімділігі техникалық құралдардың сенімділігі мен 
орындаушылардың қателіктерімен анықталады. 
4. Ақпараттық жүйенің қауіпсіздігі осы жүйеде қолданылатын ақпараттың 
қорғалуын қамтамасыз етеді; ақпараттық жүйе пайдаланушыларын жүйе пайдаланатын 
ақпараттың зиянды әсерінен қорғау; ақпараттық жүйені және оның объектілерін рұқсат 
етілмеген өзгерістерден қорғау. 
Ақпараттық жүйелерді, сонымен қатар автоматтандырылған жүйелерді, жоғары 
білім беру жүйесінде қолдану тұтастай алғанда университеттің тиімді жұмысының кепілі 
болып табылады. Ақпараттық жүйені таңдау үшін жүйеге қойылатын талаптарға және 
сонымен қатар стратегиялық басқару талаптарға талдау жасау қажет. Жоғары білім беру 
саласына ақпараттық жүйелерді құру мен енгізудің негізгі мақсаты - пайдаланушыларды 
пайдалы және жаңа ақпаратпен қамтамасыз ету. Жоғары білім беру саласының ақырғы 
пайдаланушы ретінде студенттер мен магистранттар қарастырылады. Білім беру 
саласындағы 
ақпараттық 
жүйелердегі 
ақпаратты 
ұсынудың 
ерекшелігі 
пайдаланушылардың кең ауқымына бағытталуы болып табылады. 
Ақпараттық жүйеге қойылатын негізгі талаптар нарықтық экономика жағдайында 
жоғары білім беру орындарын басқару мәселелерінен туындайды. Ақпараттық жүйені 
құру барысында жоғары оқу орынның миссиясы, даму стратегиясы, таңдау шарттары 
ескеріледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет