ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Қ.Тоқаев Міндет – жеті түрлі ілім білетін ұрпақ тәрбиелеу// Егемен Қазақстан. -2019.-
№158. -1-2 б.
2. Р.Т.Игенбаева, Ж.С.Асанова Цифрлы технологиялар –креативтілікті дамытудың кепілі
//Вестник академии педагогических наук Казахстана. -2019. -№4. -16-22 б.
3. Интернет ресурс
https://newtonew.com/tech/classdojo-samyj-druzheljubnyj-v-mire-klassnyj-
zhurnal
4. Жансая Омарбекова Цифрлық технологиялар дәуірі // Орталық Қазақстан. -2018.-2 б.
УДК 796
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Абилкасенов Дидар Бейбитович
«Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі»
Өскемен қаласы, Қазақстан Республикасы
Аннотация: Мақалада дене тәрбиесі мен спорттың адам ағзасына тигізер пайдасы
және оқушылар мен жастар арасында салауатты өмір салтын ұстанып әртүрі еңбек
саласында қызмет етуге дайындаудағы маңызы туралы қарастырылған.
Кілт сөздер: Спорт, дене тәрбиесі, жарыс, бәсеке, салауатты өмір салты.
Мақаланың мақсаты: Адамдарды дене тәрбиесі және спортпен айналысуға
ынталандыру.
Мақаланың міндеттері:
1). Дене тәрбиесі мен спорттың денсаулықты нығайтудағы маңызын түсіндіру.
2). Жастардың дене тәрбиесі және спортпен жүйелі айналысуға ынталандыру.
3). Белсенді тұлғалардың спорттың дамуына белсенді түрде ат салысып, дене тәрбиесі
мен спорттың өркендеуіне өз үлестерін қосуға үндеу.
Қазіргі заманда әрбір адам өзінің алдына қойған мақсатына жетуі үшін ең бірінші
денсаулық керек екені барлығымызға белгілі. Деніміздің сау болуы үшін салауатты өмір
салтын ұстанып, спортпен айналысудың маңызы жоғары. Ақаусыз денсаулық – дене
тәрбиесінің басты мақсаттарының бірі. Дене және психикалық жақта ақаусыздыққа
жетуде дене тәрбиесі мен спорт ең белсенді тәсіл болып есептеледі.
Адамзат дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі көзқарасын өзгертіп, ырықсыз спортты
ырықты спортқа айналдырып, өзіндік дене тәрбие – денсаулық санасын орнату қажет.
Дене тәрбиесі мен спортты өзінің тұрмысы мен қызыметінің бір бөлігіне айналдырып,
дене тәрбиелік шынығуларға ырықтылықпен қатысуы, денсаулықты - өз істерінің табысқа
жетуі мен елі үшін қызымет етудің алғы шарты деп қарау қажет.
Жастардың дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануының көптеген әлеуметтік
маңызы бар. Оқушылар мен жастар мұны толық түсінуі үшін төмендегідей жақтарды
оларға айқындап көрсету керек.
|