Объединение юридических лиц в форме ассоциации


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



Pdf көрінісі
бет9/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ : 
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан. –2010. – 7 желтоқсан 
2. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. – Москва, 1995. – 296 с.
3. Якиманская И.С. Развивающее обучение. - М., 1979. 
4. Верцинская Я. Я. Индивидуальность личности. - Минск, 1990. 
5. Калмыкова З. И. Продуктивное мышление как основа обучаемости. М., 1981.
 


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA» 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020 
 

МЕН ЖҰМЫС АТҚАРАТЫН МЕКТЕПТЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУ ҮШІН
НЕ ІСТЕУІМ КЕРЕК? 
 
Шамшатова Гүлсім Қарақұлқызы 
№46 А. С. Пушкин атындағы мектеп-лицейінің
орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалім 
Қызылорда облысы Шиелі ауданы
 
Аннотация: Мақалада автор мектеп тәжірибесіне өзгеріс енгізу мақсатында 
жүргізген жұмыстарының барысына есеп береді. Мұғалім көшбасшылығының сапасын 
арттыра отырып, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізудің жодарын 
көрсетеді.
Кілт сөздер: мұғалімдер көшбасшылығы, деңгейлік бағдарламалар, коучинг, 
ынтымақтастық, сабақты зерттеу, кері байланыс, мониторинг 
Қазіргі білім беру жүйесін жетілдіру мектеп тәжірибесіне өзгеріс енгізуді талап 
етеді. Осыған орай оқушыларды ХХІ ғасырда өмір сүруге дайындауға бағытталған оқыту 
мен оқу тәжірибесіне енгізілген өзгерістерді басқару – көшбасшылар жұмысының негізгі 
түйіні. Мектептегі тәжірибе кезеңінде мұғалім көшбасшылығының сапасы мектептің білім 
сапасын арттырудың кепілі екені көрінді. Көшбасшы мұғалімнің негізгі мақсаты – оқыту 
мен оқу сапасын арттыру. Бірінші «бетпе-бет» кезінде алған теориялық білімім бойынша
Синектің конустық метафорасына (2009ж) сүйеніп, көшбасшылық қасиеттерді сараласам, 
«Мектепте өзгеріс енгізу неге қажет?», «Мұғалімдердің іс-тәжірибелерін өзгертуге 
коучинг пен тәлімгерлік арқылы қалай ықпал етуге болады?» және «Оқушылар мен 
мұғалімдердің оқыту мен оқудағы іс-әрекетін жақсарту үшін не істеу керек?» деген 
сұрақтардың маңызы зор болды. Синектің тұжырымын ескере отырып және ЭЫҰД 
ұсынған мұғалімдер құзіреттілігінің 7 факторы бойынша мұғалімдердің оқыту 
стратегиялары, педагогикалық тәсілдер туралы білімдерінің бар екенін, оқушыларды 
оқуға ынталандыру, кәсіби қоғамдастық аясында мектептер арасында ынтымақтастық 
орнағанын анықтадық. Сонымен қатар көшбасшы ретінде мектептің басшысымен 
сұхбаттаса отырып, даму жоспарымен танысу арқылы, сауалнамаларды талдау 
нәтижесінде және «Сабақтың қандай болғанын қалаймын?» оқушылар эссесімен таныса 
отырып, мектептегі өзекті мәселе – оқушылардың жаратылыстану пәндері бойынша 
білім сапасының төмендігі себептерінің бір ұшы оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерінің, нақты 
айтқанда 
ақпараттық-коммуникативтік 
технологиялардың 
өз 
дәрежесінде 
қолданылмауында және оның салдарынан оқушылардың өздігінен білім алу 
дағдыларының кешеуілдеп дамып жатқанында екенін анықтадық. Деңгейлік курстан 
алған білімімді пайдалана отырып, осы басымдық - «Оқытуда АКТ-ын пайдаланып, 
оқушылардың өздігінен білім алу дағдыларын дамыту» проблемасының шешімін табу 
үшін жұмысымды жоспарлауды жөн деп санадым. «Мектебімдегі жаратылыстану пәндері 
бойынша білім сапасының артуына не кедергі?», «Оқушылардың өздігінен білім алу 
дағдыларын АКТ- ны пайдалана отырып, қалай дамытамыз?» «Бұл мәселелерді қалай 
шешемін?» және «Нәтижеге жету үшін не істеу керек?» деген сұрақтарға жауап беруді 
мақсат тұттық. Жоғарыда аталған проблеманы шешу жолында мұғалімдерге оқытудың 
жаңа әдіс-тәсілдерін, нақты АКТ технологиясын тиімді қолдануға мән беріп, оқу 
үдерісіндегі мұғалім мен оқушы арасындағы жақындықты орнату қажеттілігі байқалды. 
Әрине, тәжірибе кезінде мәселені түбегейлі шешіп, нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмаса 
да, тәжірибеге енгізіп, мұғалімдердің іс-тәжірибесіне енгізудің тиімділігін зерттеп
көруді шығармашылық тобымызбен 6 апталық іс-әрекеттерімізде жоспарлауды жөн 
көрдік. (Қосымша1. Мектеп көшбасшылығын дамыту жоспары)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет