Объективті құрылымдық клиникалық емтиханға арналған билет Пәні: «Педиатриядағы мейірбике ісі»


Объективті құрылымдық клиникалық емтиханға арналған билет



бет11/33
Дата19.05.2022
өлшемі138.34 Kb.
#457643
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33
ПЕДИАТРИЯ чек лист СД

Объективті құрылымдық клиникалық емтиханға арналған билет
Пәні: «Педиатриядағы мейірбике ісі»
Мамандығы: 030205 4 – "Мейіргер ісі"
Студенттің аты-жөні:___________________________________
Тобы:___________ Курсы:_____ Күні:__________ Билет номері:________
11- ші клиникалық жағдай 2-жасар балаға патронаж сәтінде анасы баланың жиі сұйық дәрет бөліп жүргеніне алаңдаушылық білдіретінін айтты. Тапсырма: эксикоздың ауырлық дәрежесін анықтап, ауызбен суландыруды демонстрациялаңыз



Бағалау критерийлері

1,0

0,5

0

1

Баланың анасымен жылышұрай тілдесіп, өзін таныстырады, баланың аты-жөнін, жасын сұрады. Баланың сеніміне кірді. Баланың ішінің енді өте бастады ма әлде емханада ем алғаннан кейінгі жағдайы ма сұрап білді.










2

Анасынан балада бар проблемаларды сұрастырды, баланың тамақтануын, диарея сипатын, дәреттің жиілігін, неше күннен бері іші сұйық болып өтіп жүргенін, дәретінде қан бар жоғын анықтады, жақын арада антибактериалды немесе басқа да препараттар қабылдағандығын сұрады.










3

Жалпы қауіп белгілері бар – жоғын тексерді: - Бала сұйықтық іше ала ма? - Бала сұйықтық ішкен соң соң құсады ма? - Балада құрысулар болды ма? - Бала ұйқышыл немесе ес-түссіз ба?










4

Баланың жалпы жағдайын бағалады. Балада шөл бар жоғын анықтады. Балаға сусын ұсынып, бағалады/қалай ішеді, іше ала ма/ Анасынан баланың кіші дәрет бөлу жиілігін сұрап білді.










5

Диареяны жіктеді .Көздерінің шүңіреюі бар жоғын тексерді,көз жасы бар ма жоқ па тексерді.










6

Терінің созылғыштығын ішінен кіндікке вертикалды етіп теріні жайлап қолдың 1-2 саусағымен қатпарға алып, жіберіп бағалады, тексерді /қалыпта,баяу,өте баяу ма/ Баланы үйде бақылап, суландыруды «А»жоспарымен жүргізілетінін айтты, дене қызуын өлшеді










7

А жоспары бойынша үй жағдайында диареяны емдеудің ережелерін анасына түсіндіріп, анасының түсінгендігін тексерді. Анасының қолына «А» жоспарымен емді жалғастыруға 2 пакет регидрон беріп, қабылдау техникасын түсіндірді










8

Регидронды дайындау- 1 литр қайнаған , бөлме температурасындағы суға 1 пакетті ерітіп, беру техникасын- аз-аздан ұртатып, жасына сәйкес көлемді әр іші өткен сайын – 2 жасқа дейін- 50-100 мл, 2 жастан соң -100-200мл айтып түсіндірді










9

Егер бала құсса 10 минут үзілістен кейін суландыруды міндетті түрде жалғастырудың қажет екенін айтты. Бала сұраса қосымша сұйықтық беруге болатынын айтты.










10

Анасына шұғыл қайтып келу белгілерін айтты. Шұғыл қайтып келу белгілері болмаған жағдайда қайта қаралу күнін белгіледі.










Максималды балл: 10; өте жақсы: 10-9; жақсы 8-7 ; қанағаттанарлық 6-5; қанағаттанарлықсыз 5 төмен.Қорытынды балл:__________________ Қорытынды бағасы: __________________ Емтихан алушының аты – жөні және қолы:_________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет