Объективті құрылымдық клиникалық емтиханға арналған билет Пәні: «Педиатриядағы мейірбике ісі»


Объективті құрылымдық клиникалық емтиханға арналған билет



бет16/33
Дата19.05.2022
өлшемі138.34 Kb.
#457643
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33
ПЕДИАТРИЯ чек лист СД

Объективті құрылымдық клиникалық емтиханға арналған билет
Пәні: «Педиатриядағы мейірбике ісі»
Мамандығы: 030205 4 – "Мейіргер ісі"
Студенттің аты-жөні:___________________________________
Тобы:___________ Курсы:_____ Күні:__________ Билет номері:________
16- шы клиникалық жағдай 5 күндік нәрестенің перзентханадан шыққанына 2-ші күн, патронажға келген фельдшерге анасы баланың тері жабындысындағы сарғаюдың күшейгендігін айтып шағымданды. Тексергенде: Баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, емшекті жақсы алады, кіші-үлкен дәреті қалыпта. Тапсырма: Баладағы жағдайды жіктеп, анасына кеңес беріңіз..



Бағалау критерийлері

1,0

0,5

0

1

Баланың анасымен жылышұрай тілдесіп, өзін таныстырды. Сәбилі болуымен құттықтады.










2

Балаға алғашқы патронажға емханадан арнайы келгендігін айтып, шешініп, қолын жуды.










3

Перзентхана берген баланың алмастыру картасын сұрап алып, танысты.










4

Бала күтілетін бөлме жағдайын бағалады. Температура, ылғалдылық, сәулелілігі, желдеткіштің бар жоғы тексерілді, бала керуеті орналасқан орын бағаланды.










5

Баланың, анасының жалпы жағдайларын, шағымның бар-жоғын сұрап білді. Баланы тегіс, одеало төселген жарық жердегі столға жатқызып, жөргегін шешті. Баланың құрсақ қуысына пальпация жүргізді, күні бойы бөлген үлкен –кіші дәреті санын , сипатын сұрап, памперстен көріп өзі бағалады.










6

Баланың тері жабындысы түгел қаралып, табиғи тері қыртыстарын тексер ді, терісінің сарғаюы Крамер шкаласымен-І –деңгей деп бағалады. Аяқ-қолдарын созып, сипап жамбас буыны симметриясын бақылады. Анасынабаладағы жағдайдың-физиологиялық екендігін, бала терісінің осылай сарғая түсіп, 2-ші аптада кері дамып 3-аптада кетуі керектігін айтты. Баланы жиірек емшекке салып, бөлмеге күн түсетін жерде көбірек қалдыруға кеңес берді










7

Анасынан баланы емшекке салып көрсетуін сұрады. 4:3:4 ережелерін ұстана тамақтандыруды насихаттап көрсетті, анасының түсінгендігіне көз жеткізді.Баланың күні бойы бөлетін үлкен дәреті мен кіші дәреті түсіне көңіл бөліп отыруын сұрады.










8

Балада орын алуы мүмкін қауіп белгілерін айтып, болған жағдайда деру мед. көмекке жүгінудің керектігін ескертті.










9

Кіндік жарасын стерильді мақта тампонын қайнаған жылы суға малып, өңдеп көрсетті. Анасының түсінгендігіне, қайталап істей алатынына көз жеткізіп, кіндік жарасы жазылғанша/7-10 күн/ күнделікті осылай өңдеп отырудың керектігін айтты.










10

Анасына балада орын алуы мүмкін қауіп белгілері жайлы айтылған брошюра беріп, келесі аптада келетінін айтты.










Максималды балл: 10; өте жақсы: 10-9; жақсы 8-7 ; қанағаттанарлық 6-5; қанағаттанарлықсыз 5 төмен. Қорытынды балл:__________________ Қорытынды бағасы: __________________ Емтихан алушының аты – жөні және қолы:_________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет