№
|
Бағалау критерийлері
|
1,0
|
0,5
|
0
|
1
|
Баланың анасымен жылышұрай тілдесіп, өзін таныстырады, баланың аты-жөнін сұрады. Баланы табиғи тамақтандырудың маңыздылығын, сонымен қатар емшекке дұрыс салу ережелерін сақтаудың тиімді тамақтандырудағы ролін айтты. 4:3:4 ережесімен таныстырды.
|
|
|
|
2
|
Баланы емшекке салуға дайындық ережелерін: сәбидің басы мен денесін тік бір жазықтықта – бетін анасының кеудесіне қаратып, мұрнын емшек ұшы деңгейінде ұстау қажеттігін айтты
|
|
|
|
3
|
Содан соң сәбидің денесін анасының денесіне түйістіретінін( іші анасының ішімен түйіседі) айтты
|
|
|
|
4
|
Анасы баланың тек мойны мен иығы ғана емес, сәбидің бүкіл денесін ұстап отыру керектігін айтты.
|
|
|
|
5
|
Баланы емшекке салу ережелерін: Сәбидің ернін емшек ұшына тигізіп, ауызын барынша ашқанын күту қажеттілігін айтты.
|
|
|
|
6
|
Сосын сәбидің аузына емшек салынатынын айтты.
|
|
|
|
7
|
Осы кезде сәбидің иегі анасының төсіне тиіп тұру керектігін айтты.
|
|
|
|
8
|
Сәби ауызын барынша ашып, аузына емшек алғанда, астыңғы еріні толық түріліп, шығып тұратынын айтты.
|
|
|
|
9
|
Үстіңгі еріні жартылай түріліп, емшектің басым бөлігі астынан емес, үстінен көрініп тұруы керектігі айтылды.
|
|
|
|
10
|
Бұл ережелердің сақталуы балаға ауа жұтып қоймай, тиімді тамақтануға мүмкіндік беретінін айтты.
|
|
|
|
Максималды балл: 10; өте жақсы: 10-9; жақсы 8-7 ; қанағаттанарлық 6-5; қанағаттанарлықсыз 5 төмен.