Облыс әкімі А. Мұхамбетовтің «Облыстың 2014 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындысы және 2015 жылға арналған міндеттері туралы» есебінің тезистері Кіріспе



бет1/3
Дата23.02.2016
өлшемі4.19 Mb.
#11008
  1   2   3
Облыс әкімі А.Мұхамбетовтің «Облыстың 2014 жылғы әлеуметтік - экономикалық даму қорытындысы және 2015 жылға арналған міндеттері туралы» есебінің тезистері

Кіріспе

Ақтөбе облысының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылай келе, өткен жыл біз үшін және де республика бойынша да оңай болмағанын айтуға болады, оған соңғы кезде әлемдік экономикада орын алған жағымсыз ахуалдар және ықпал етті.

Дағдарысқа қарсы әсер етудің тиімді механизмі Мемлекет басшысының 2014 жылдың 11 қарашасында «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» Жолдауында айтып өткен жаңа экономикалық саясат болып табылады.

Жаңа экономикалық саясаттың негізі ретінде Үдемелі индустриалды- инновациялық даму таңдалып отыр, Ұлттық қордың ресурстарын қосу, көлік, әлеуметтік және инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды мақсатты бағытталған дамыту, кәсіпкерлік қызметі үшін қолайлы жағдай жасау, аграрлық секторды қолдау — басты міндеттердің бірі, олар өз кезегінде жұмыспен қамтуды қысқартуға жол бермейді және халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындауға мүмкіндік ашады.

Мемлекетпен қарым-қатынасты барынша жеңілдету қарастырылуда. Адам факторын және жемқорлық көріністерін барынша азайту мақсатында бақылаушы мемлекеттік органдарда бағалау тәуекелін ұйымдастыру әдістеме жобасы әзірленді. Басымдық бағыттағы инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық келісім шартқа отырған инвесторлар үшін «бір терезе» принципі енгізілетін болады. Кәсіпорындарды тіркеу мерзімі қысқарды, ең төменгі жарғылық қор қажеттілігі жойылды, кәсіпорынды тарату рәсімі біршама жеңілдетілді және т б.

Осылайша, дағдарыстан шығудың бірсыпыра жолдары «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» Жолдауында қойылған тапсырмаларына сәйкес, жеті негізгі бағыттарында көрініс тапқан 2015 жылда алға қойылған мақсатқа жетуге мүмкіндік береді.

Ақтөбе облысының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылай келе, ескере кететін бір жәй, әлемдік экономиканың және нарықтың жағдаятының өзеруі, жалпы облыс бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының оң өзгерістері сақталуда, оған макроэкономикалық көрсеткіштері дәлел.

Макроэкономикалық көрсеткіштер

Бағалау бойынша өңірлік жалпы өнімнің көлемі 2014 жылы 1,7 трлн. теңгені құрайды немесе 101,3%.

2014 жылы өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 1212,4 млрд. теңгені құрады, НКИ -96,5%.

Таукен өнеркәсібінде өсімге қол жеткізілді. Оның ішінде ілеспе мұнай газының өндірісі 6,0% (4,3 млрд. текше.м), хром рудасы 3,0% (5,4 млн. тонна), хром концентраты 6,8% (4,5 млн. тонна), мыс концентраты 9,7% (389,5 мың тонна) өсті. Машина жасауда 36,5%, фармацевтикалық сала 22,8%, құрылыс индустриясында 3,6% өндіріс көлемі өсті.

Сонымен бірге, өнеркәсіп өнімін өндірісінің көлемі, келесідей өнім түрлері бойынша төмендеді: мұнай өндірісі 10,6%, мыс рудасы 5,6%, хром тұздары 1,8% немесе ферроқорытпа 0,5%.

Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 123,9 млрд. теңгені немесе өткен жылдың деңгейіне 101,9% құрады. Оның ішінде мал шаруашылығы - 103,7%, өсімдік шаруашылығында - 98,8%.

Шағын және орта бизнес субъектілері 400,0 млрд. теңгенің жұмысын орындап және қызметтерін көрсетті. Бюджетке 124,0 млрд. теңге салықтар және басқа да төлемдер аударылды. Қызмет ететіндер саны 135,9 мың адамды құрады.

Тартылған инвестиция көлемі 525,6 млрд. теңге құрады, ол өткен жылға қарағанда 2,0% жоғары.


2010-2014 жылдарда

негізгі капиталға тартылған инвестициялардың өсім динамикасы


Құрылыс жұмыстарының көлемі 205,8 млрд. теңгені құрады, ол 2013 жылдан 6,0% жоғары.

Облыс бойынша бөлшек сауда көлемінің НКИ 108,8% жетті. Барлығы 389,7 млрд. теңгеге тауар өткізілді.



Мемлекеттік бюджетке 235,4 млрд. теңге салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түсті, оның ішінде, республикалық бюджет - 147,9 млрд. теңге, жергілікті бюджет - 87,5 млрд. теңге. 2014 жылы Ұлттық қорға 263,9 млрд. теңге бағытталды.

Жергілікті бюджетке түскен түсімдер, млрд. теңге

2015 жылдың 1 қаңтарына облыс бюджетінің шығыс бөлігінің орындалуы 99,8% құрады.



Инфляция жылдық негізінде 6,7% құрады және ол орташа республикадан 0,7% төмен.

Еңбек нарығындағы жағдай тұрақты болып қалуда. Экономикалық белсенді тұрғындар санынан тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,2% құрады.

Есепті жылы 15,7 мың жұмыс орны құрылды.


Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы

2014 жылы Индустриялық-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуының бірінші кезеңі аяқталды.

ҮИИД МБ жүзеге асырылуының бірінші кезеңі аясында жалпы құны 547 млрд. теңгеге 74 жоба пайдалануға берілді. Соның ішінде 2014 жылы өңдеу өнеркәсібіне жататын 220,5 млрд. теңгеге 7 жоба іске асырылды.

Жалпы облыстың индустрияландыру картасына 691,1 млрд. теңгенің құрылыс кезеңінде 10,7 мың жұмыс орындарының ашылуымен және пайдалануға беру кезеңінде 11,8 мың жұмыс орындарының ашылуымен 83 инвестициялық жоба қосылды.



2014 жылы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Үшінші Жаңажол газөңдеу зауытының 2-ші кезегі, «Ақтөбе жылыжай» ЖШС жылыжай кешені, «Казтеплоэнергомонтаж» ТС фитингтер, бұрмалау, жалғамалы және үйреншікті жиынтықтаушы бұйымдар өндірісі бойынша зауыты, «Ақтөбе рельсарқалық зауыты» ЖШС рельсарқалық зауытының құрылыстары аяқталды.

Бағдарламаның жүзеге асырылу кезеңінен бастап өнеркәсіп өндірісінің өнімі 2008 жылмен салыстырғанда 32,9% өсті, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2008 жылға қарағанда 35,9% артып отыр, соның ішінде 2013 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2014 жылы 14% өсті.

ҮИИД МБ аясында іске қосылған жаңа инвестициялық жобалардың үлесі өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінде 2014 жылы 15% немесе 181,8 млрд. теңгені құрады.

2014 жылы өндеу өнеркәсібі саласының үлесі өңірдің өнеркәсіптің жалпы құрылымында 2013 жылға қарағанда 2,7%-ға өсті.

2015 жылы өнеркәсіп құрылымындағы өңдеу саласы 25-27% жеткізілетін болады, «Қазхром» ТҰК» АҚ жаңа ферроқорытпа зауыты, «АРАЗ» ЖШС рельс-арқалық зауыты, «KazCopper» ЖШС катодты мыс шығаратын зауының іске қосылуы және басқа да бірқатар өнеркәсіп нысандарының жоспарлық қуаттылыққа шығуы арқасында еңбек өнімділігі 40 мың АҚШ долларына жетеді.

2015 жылы 15,0 млрд. теңгеге 720 жұмыс орындарының ашылуымен 10 инвестциялық жобаны іске қосу жоспарлануда.




Саны, бірлік

Құны, млрд. теңге

Жұмыс орындары

Ақтөбе облысынан Индустрияландыру картасына қосылған жобалар

83

691,1

11824

ҮИИДМБ бірінші бесжылдығында аясында 2010-2014 ж.ж. жүзеге асырылған жобалар

74

547,0

6640

ИИДМБ-2 аясында жоспарланған жобалар

36

613,7

11261

Кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыстар атқарылуда. Ағымдағы жылы Ақтөбе қаласы индустриялдық аймақ инфрақұрылымының құрылысы аяқталады.

2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында өндірістік жаңа технологиялардың пайдалануымен мынадай ірі инвестициялық жобаларын жүзеге асыру жалғасатын болады.

- «Юбилейное» жер қойнауындағы алтынқұрамды кен өндеуші байыту фабрикасы және кеніш құрылысы «Юбилейное» ЖШС;

- «Ақтөбе рельсарқалық зауыты» ЖШС, қуаттылығы жылына 560 мың тонна сұйық болат мысын шығаратын электрболат балқыту зауытының құрылысы;

- «Үй құрылыс комбинаты» ЖШС, қуаттылығы жылына 50 мың ш.м. үйді құрайтын «Weckenmann» компаниисының неміс технологиясы бойынша үй құрылысы комбинатының құрылысы және т.б.

Индустриялдық аймақтар Алға, Хромтау және Мұғалжар аудандарында құрылатын болады.

Сонымен қатар, өңірдің белгілі бір деңгейдегі басымдықтарын ескере отырып, облыс әкімдігі Қытай Халық Республикасының әлеуетті инвесторларының бірлесуімен бірқатар инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын қарастыруда, оның ішінде: металлургия зауыттарының құрылысы, минералды тыңайтқыштар өндірісі, суда жай еритін азот-фосфор тыңайтқыштары, шыны әйнек және жапырақша әйнек өндірісі, цемент зауытының құрылысы. Аталмыш жобалардың жүзеге асырылуы облыс экономикасына қосымша инвестициялар көлемін тартуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарының ашылуын және бюджетке түсетін салықтық төлемдердің өсуіне мүмкіндік береді.

Аймақ экономикасының алдағы дамуына, облыстың сауда-экономикалық дамуы үшін кең мүмкіндіктерін ұсынатын тауарлар, қызметтер мен капиталдың жалпы нарығы бар, жаңадан құрылған Еуразиялық экономикалық одақ жақсы мүмкіндіктер береді.

Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы аймақ кәсіпорындарының тікелей кооперацияаралық байланыстарын нығайтады. Тек ғана соңғы үш жылдың ішінде Ресей капиталының қатысуы бар кәсіпорындар саны 28,0%-ға артты (2010 ж.- 250 бірлік, 2013 ж. – 320 бірлік).

Осылайша, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, экономиканың көптеген секторлары үшін қызметтің бірыңғай нарығы қызмет етеді, оның басты мақсаты ЕАЭО елдер-мүшелердегі бизнес субъектілері үшін тосқауылдарды жою болып табылады, мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай нарығы құрылады, оларға үш елдің кәсіпкерлері бірдей шарттарда рұқсат алады, еңбек қызмет етуді іске асыру үшін, әлеуметтік қамтамасыз ету бөлігіндегі ұлттық тәртібіне (мектепке дейінгі және орта білімге, медициналық қызмет көрсетуге және т.б. тікелей рұқсат алу) рұқсат алудың күші жойылды.

2015 жылға арналған міндеттер:

- өнеркәсіп өндірісі өнімінің көлемін 1,3 трлн. теңгеге жеткізу;

- 2015 жылға арналған республикалық іс-шаралар жоспарын орындау аясында өнеркәсіп кәсіпорындарына қолдау шараларын қабылдау;

- әрбір жобаның іске асыру мерзімдерінің нақтылау және тауарларын өтуіымен 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші кезенін тиімді жүзеге асыру;

- іскерлік белсенділік танытуға ықпал ету және инвестициялар тарту;

- индустрияландыру Картасына қосу үшін жоғары құны қосылған жоғарғы технологиялық өнімдер өндіретін жаңа инвестициялық жобаларды іздестіру;

- Қазақстан және Ресей шекаралас өңірлерінің іскерлік бизнес және тікелей байланыстарды нығайтуға ықпал ету, оларды экономиканың әр саласында жүзеге асыру үшін тарту;

- шекаралас өңірлерде іс-шаралар (көрмелер, бизнес-форумдар, тұсаукесерлер және т.б.) өткізу арқылы ынтымақтастықты кеңейту;

- әр елдің кәсіпкерлік құрылымдарының ынтымақтастығын дамыту мақсатында іскерлік ақпараттармен алмасу.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту

Елбасы аграрлық саланы еліміздің экономикасын дамытудың басым бағыты ретінде атады. Ауыл шаруашылығын реформалау, дамыту және отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдаудың жаңаша әдіс-тәсілдерін енгізу «Агробизнес-2020» бағдарламасымен қарастырылған.

2014 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 123,9 млрд. теңгені құрады немесе өндірісінің нақты көлем индексі – 101,9%, оның ішінде өсімдік шарушылығы 98,8%, мал шаруашылығы - 103,7% құрады.

Есепті кезеңде облыстың аграрлық секторына 10,1 млрд.теңге бағытталды. Оның ішінде 5,9 млрд.теңге көлемінде субсидия бөлінді және алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,0 есеге артты, оның ішінде өсімдік шаруашылығын дамытуға 827,7 млн.теңге, мал шаруашылығын дамытуға - 4458,3 млн.тенге субсидия берілді.

Мемлекеттік қолдаудың жаңа тетігінің бірі –инвестициялық субсидиялау. 2014 жылы республикалық бюджеттен 49 шаруашылыққа 387,8 млн.теңге төленді.

«Агробизнес-2020» бағдарламасының тағы бір бағыты – несиелік жүктемелер және банкроттыққа ұшырау қаупін азайту мақсатында АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру. Өткен жылы 25 агроөнеркәсіп кешені субъектілері 7,4 млрд.теңгеге сауықтырылды.

Егіс алқаптары құрылымын әртараптандыру жүзеге асырылуда. Осы бағытта жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бидайдың үлесі барлық дақылдар құрылымында 2011 жылы 71%-дан 2014 жылы 55,5% азайтылды. Есесіне мал азығы дақылдары 75,5 мың гектардан 136,0 мың гектарға немесе 1,8 есеге артты.

Ылғал қорын сақтау технологиясымен астық өсіру 241,7 мың гектарға және тамшылатып суару технологиясы 59 гектарға енгізілді.




Егіс алқаптарын әртараптандыру

ПЛОЩАДЕЙ

Бидай 55,5% 55,5%


Мал азықтық дақылдар 1,8 есе раза

Мал шаруашылығында ірі инвестициялық жобалар іске асырылып, оның ішінде 6000 басқа арналған 2 мал бордақылау алаңдары іске қосылды. Бүгінгі күні облыста 17 000 бас малға арналған бордақылау алаңдары жұмыс жасауда, жүктемелілігі 75% құрайды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2011-2014 жылдары 410 фермерлік шаруашылықтар 2,0 млрд.теңгеден астам сомаға 14,5 мың бас ірі қара малын, сондай-ақ «Алтын асық» бағдарламасы арқылы 2,6 мың бас қой және «Құлан» бағдарламасымен 320 бас жылқы сатып алды.

Фермерлік шаруашылықтар мен шаруа қожалықтарында 44,0 мың бас ірі қара мен 125,0 мың бас қойдың аналықтарының тұқымының сапасын жақсарту шаралары алынған.

2014 жылы «Ырыс» бағдарламасымен 2 тауарлы-сүт фермасы құрылды, ал ағымдағы жылы «Айс» ЖШС-і өз өндірісін кеңейту мақсатында қосымша 1600 бас ірі қара мал алуды жоспарлауда.

«Агробизнес – 2020» бағдарламасы бойынша шалғай жайылымдықтарды суландыру жұмыстары жүргізілуде. Бағдарлама бойынша ұңғыма құдық құрылысын инвестициялық субсидиялау бағдарламасы арқылы шаруа қожалықтарының 80 пайыз шығынын өтеу қарастырылған. Сонымен қатар 120 баламалы энергия көздері мен жел генераторлары сатып алынып, лизингке берілді

Ветеринариялық мекемелерді материалдық – техникалық жарақтандыру мақсатында республикалық бюджеттен бөлінген 385,2 млн.теңге қаржы толық игеріліп, мал таситын 13 машина және жануарлардың өлексесін және биологиялық қалдықтарды өртеуге арналған 13 жылжымалы инсинератор сатып алынды.

Облыста жабық топырақтағы көкөніс өндірісі қарқынды дамуда. Казіргі таңда жалпы қуаттылығы жылына 4120 тонна құрайтын 12,7 гектар алқапта орналасқан жылыжайлар бар. Іске қосылған жылыжайлар маусым аралық кезеңде облыс қажеттілігінің 52 пайызын қамтиды.

Ағымдағы жылы, 6,0 га алқапқа қуаттылығы жылына 4,0 мың тонналық, бір жылыжайды іске қосу, сонымен қатар, қуаттылығын 1,0 мың тоннаға дейін ұлғайту арқылы қазіргі қолданыстағы 2 жылыжайды кеңейту жоспарлануда.

Осы нысандарды пайдалануға беріп, жобалық қуаттылыққа шыққаннан кейін ішкі нарықтың көкөніспен қажеттілігін 95,2% дейін қамтамасыз етеді.

2015 жылға арналған міндеттер:

- Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін дамыту және одан әрі кеңейту мақсатында көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттырудың оңтайлы шараларын қабылдау;

- ауыл шаруашылығына берілетін инвестиция көлемін арттыру;



- асыл-тұқымды мал үлесін көбейтуге және мал шаруашылығын дамытуда инновациялық жобаларды енгізуге бағытталған шаралар қолдану;

- мал азықтық және майлы дақылдардың, көкөністің көлемін үлғайту мақсатында тиімді ауыл шаруашылығы дақылдарын егу, егістіктерді әртараптандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыру және тұрғындар мен басқа да тұтынушылардың өсіп отырған тұтыну талабын қамтамасыз ету үшін астық дақылдарын егудің көлемін тұрақтандыру;

- астық өндірісінде ылғал қорын сақтау технологиясын, жабық топырақта және тамшылатып суару көкөніс өндіру технологиясын әрі қарай енгізуді жалғастыру;

- «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» және «Ырыс» бағдарламаларын жүзеге асыруды жалғастыру.



Инфляциялық процестер

Өткен жылдың ақпан айында өткізілген ұлттық валютаның курсын түзетуден кейін инфляция өсімін тежеу бойынша шаралар қабылданды. Өткен жылға тұтыну бағалар индексі 106,7% құрады (республика бойынша 107,4%), оның ішінде азық түлік тауарларына 107,8% (ҚР бойынша 108,0%), азық түлік емес тауарларына 107,6% (ҚР бойынша 108,0%), ақылы қызметке 104,4% (ҚР бойынша 106,4%).



Өз кезегінде азық түлік тауарлары топтарына бағаны реттеу үшін облыстың тұрақтандыру қоры лайықты жұмыс жүргізеді. Қорға 2014-2015 жылдарының маусым аралық кезеңінде 1500 тонна картоп, 465 тонна көкөніс салынды, одан басқа 50 тоннадан қарақұмық және күріш, 106 тонна қант қорлары да бар.

Тұрақтандыру қорының азық түлік тауарлары Ақтөбе қаласының бөлшек сауда желілерінде «Табыс» коммуналдық базарында, шағын базарларда және қаланың ірі сауда желілерінде тауарлық түгендеу тәртібінде тауарларды өткізу жоспарына сай жүргізілуде. Ол маусым аралық кезеңде бағаның тұрақтылығына ықпал етеді.

Ауыл шаруашылығы тауарларының негізгі түрлеріне бағаның ауытқуын төмендету үшін 239 жәрмеңке өткізіліп, 369,9 млн. теңгенің өнімдері өткізілді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз етуі туралы меморандумдар жұмыс жасайды, өнімдерге сауда үстемелерін 10%-дан асырмау қолданылады.

Ақтөбе қаласының тұрғындарының сұранысын толық қамтамасыз ету мақсатында қаланың халық тығыз орналасқан бөліктерінде және коммуналдық базарларда жылжымалы сауда пункттері орналасқан, онда жергілікті тауар өндірушілердің азық-түлік тауарлары сауда үстемелерін 5%-дан асырмай қолдану арқылы өткізіледі.

Жүргізіліп отырған жұмыс қала және аудан тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етілуін біршама жақсартуға және негізгі азық -түлік тауарларына бағанын негізсіз өсуіне жол бермеді.

2015 жылға арналған міндеттер:

- азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инфляциялық процестерді тежеу бойынша жұмыстар жалғастырсын;

- азық-түлік тауарларын өндіру бойынша жаңа қуаттылықтарды пайдалануға беруді қамтамасыз ету және өңдеуші саласының бұрын пайдалануға енгізілген нысандарын жобалық қуаттылыққа шығару;

- жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін молайтудың кең мүмкіндіктерін қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығы жәрменкелерін үнемі өткізу;



Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

Елбасы 2050 жылға дейін Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту еліміз үшін экономикалық нарықта стратегиялық басымдылық бағыттары болып табылатынын және ішкі жалпы өнімнің көлемін 50 пайызға жеткізу қажеттілігін атап көрсетті.

Өткен кезеңде кәсіпкерлікті қолдауға теңдесіз шаралар қабылданып, ол өз кезегінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қосымша серпін берді. Сонымен, есептік кезеңде облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің саны 10% өсіп 63,9 мың бірлікті, оның ішінде белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 39,6 мың бірлікті құрады, олардың шығарған өнімінің көлемі 400 млрд.теңгеге жетті.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен түскен салық және басқа да бюджеттік төлемдер 124,0 млрд. теңгені құрады және ол 2013 жылмен салыстырғанда 7,5% жоғары.


Белсенді ШОК субъектілерінің саны, мың бірлік ШОК саласында жұмыс жасайтындар саны (мың адам)


ШОК субъектілерімен шығарылған өнім (млрд.тг.) ШОК субъектілерінен түскен салық және

жиналған қаражат (млрд.тг.)

Жергілікті атқарушы органдармен «Бизнестің жол картасы- 2020», «Моноқалаларды дамыту», «Жұмыспен қамтудың жол картасы- 2020», «Агробизнес- 2020», және басқа да мемлекеттік бағдарламалар бойынша кәсіпкерлікті кең көлемде қолдау қарастырылып, белсенді жұмыстар жүргізуде.

2014 жылдың басынан бері облыстың «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын дамытуға 4,7 млрд.теңге бөлініп, олар мына салаларға бағытталды:


  • пайыздық ставкасын субсидиялауға - 1,4 млрд. теңге;

  • ШОБ несиелерін кепілдендіруге - 51,0 млн. теңге;

  • бизнесті сервистік қолдауға - 69,6 млн. теңге;

  • гранттарды табыс ету - 14,0 млн. теңге;

  • бизнес объектілеріне қажетті инфрақұрылымды жеткізуге 3,2 млрд. теңге.

2014 жылы 10,0 млрд. теңге көлемінде облыстық жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 162 өтінім мақұлданды.

Бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында үлкен жұмыстар жүргізілуде. Cонымен, бүгінгі күні облыста екінші деңгейлі банктің 23 филиалы, 40-аса МКҰ, өңірлік технопарктер және ӘКК, КҚО, КДО, ӨКП, «Даму» ҚДК» АҚ АФ жанынан кәсіпкерлікті қолдау Мобильдік орталығы құрылды.

ШОБ көпшілік санын Мемлекеттік қолдау құралдарымен, соның ішінде, жетекші кәсіпкерлерді қамту мақсатында, ағымдағы жылы облыс аудандарында өз бизнесін ашу және дамыту үшін кәсіпкерлерге қызметтің толық ауқымын көрсететін кәсіпкерлер палатасының өкілдіктері мен "Даму" КДҚ кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылды.
Кәсіпкерлікті жаңадан бастаушыларға қажетті жағдайларды туғызу мақсатында облыстың аудан орталықтарында Бизнес-инкубаторлар ашу ісі қолға алына бастады. Онда кәсіпкерлікпен шұғылданушыларға кәсіптерінің алғашқы кезеңінде жеңілдікпен ғимараттан орындар беріліп, техникалық және консультациялық қызметтер ұсынылады.

Бүгінгі таңда облыстың Ойыл, Мәртөк және Ырғыз аудандарында Бизнес-инкубаторлар жұмыс жасайды, 2014 жылы Алға ауданында Бизнес-инкубатор ашылды.

Инвесторларға ақпараттық-консультациялық қолдау көрсететін бірыңғай бизнес-инфрақұрылымын құру, сонымен қатар рұқсат құжаттарын қарау және алу мерзімдерін қысқарту мақсатында үстіміздегі жылы Ақтөбе қаласында Инвесторларға қызмет көрсету орталығын құру жоспарланып отыр. Бұл орталықта қаржы орталықтары мен рұқсат құжаттарын беретін мемлекеттік мекемелердің өкілдері орналастырылып, кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидаты бойынша консультациялық қызметтер көрсетілмекші.

Осылайша, құрылғалы отырған орталық облыста кейбір әкімшілік кедергілерді жойып, кәсіпкерлікті дамыту белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Облыста бизнес-жағдайды жақсарту үшін 2014 жылы облыс әкімдігі Ақтөбе облысының кәсіпкерлік палатасы және «Даму» КДҚ» АҚ АФ-мен облыста кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері бойынша бірқатар Меморандумға қол қойды.

2015 жылға арналған міндеттер:

- шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің санын 40 мың бірлікке жеткізу;

- белсенді субъектілерде жұмыс жасайтындардың санын 140,0 мың адамға дейін өсіру;

- шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы өндіріс көлемін арттыруды қамтамасыз ету;

- «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет