Облыс әкімі А. Мұхамбетовтің «Облыстың 2014 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындысы және 2015 жылға арналған міндеттері туралы» есебінің тезистері Кіріспе


Жұмыс берушілердің сұраныстары бойынша



бет3/3
Дата23.02.2016
өлшемі4.19 Mb.
#11008
1   2   3

Жұмыс берушілердің сұраныстары бойынша 1417 адамға жалақыны ішінара субсидиялау арқылы әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға ықпал етіліп 199,9 млн. теңге игерілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына алынған 1700 адамның 1345-і тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.

Жастар іс-тәжірибесінің жоспар бойынша 975 адамның орнына нақты 1165 оқу орнын аяқтаған жұмыссыз-жастар жіберілді (жылдық жоспардың 119,5%). Жастар тәжірибесін аяқтаған 1359 адамның 1003 немесе 73,8% тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету Картасына сәйкес 2014 жылы 1008 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған. Нақты 1045 мүгедек жұмысқа орналасты, ол жоспардан 103,7 % құрады

Облыста есепті кезеңде 89 бос жұмыс орындарына жәрмеңкелер өткізілді, соның ішінен 48 мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін. Жалпы өткізілген 89 жәрмеңкенің қорытындысы бойынша 1892 адам бос орындарға жұмысқа орналасты, 452 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 453 адам әлеуметтік жұмыс орындарына алынды, 295 адам Жастар тәжірибесіне, 44 адам кәсіби даярлауға жіберілді.

2015 жылдың 1 қаңтарға облыстағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарында тіркелген жұмыссыздардың саны 881 адамды құрады, 2013 жылға қарағанда 4,2 % төмен.

Экономикалық белсенді халықтың санынан тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,2 % құрады.

2015 жылдың 1 қаңтарға облыс халқының санынан аз қамтылған азаматтардың үлесі 0,03 % құрады.

77 отбасын құрайтын 322 аз қамтылған азаматқа 8,2 млн. теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Облыс бойынша 3637 отбасына берілген тұрғын үй көмегінің жалпы мөлшері 55,5 млн.теңге құрады.

Табыстары азық-түлік себетінің құнынан төмен 6376 отбасының құрамындағы 18 жасқа дейінгі 17816 балаға 280,4 млн. теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалды.

2015 жылдың 1 қаңтарға облыс бойынша 19656 мүгедек есепте тұр, солардың ішінде 2315 жуық адам 16 жасқа дейінгі бала жастан мүгедек балалар.

2014 жылы мүгедектерді жеке оңалту бағдарламаларымен 6219 мүгедек 261,4 млн.теңгеге кресло – арбалармен, сурдотифлотехникамен, протездеумен, санаторлі – курорттық емдеумен, гигиеналық жабдықтармен және ымдау тіл мен жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етілді.

2012 - 2018 жылдарға арналған мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес мүмкіндіктері шектеулі түлғалардың тосқаусыз қамтамасыз ету үшін облыста 702 нысан бейімдеуге жатады. 2014 жылы 66 нысанды 44,7 млн.теңгеге бейімдеуден өткізу жоспарланып, 100% орындалды.

Ақтөбе облысы бойынша аз қамтылғандардың өмір сүру деңгейін көтеру және осал топтар қатарындағы азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында азық-түлікке және коммуналдық тарифтерге бағаның өсуіне байланысты, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың шешімдеріне сәйкес жергілікті бюджеттерден оларға қосымша әлеуметтік төлемдер қарастырылған.

94621 азаматқа қосымша төлемдер және жеңілдіктер 2,0 млрд.теңге көлемінде төленді.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде жеке тұлғалар мен кәсіпкерлермен 97,5 млн.теңге көлемінде қайырымдылық акциялары мен демеушілік көмектер көрсетті.

2015 жылға арналған міндеттер:

- мақсатты топтардағы азаматтарды құрылыс және қайта жаңғыртуда 10 % - дан кем емес жұмыс орындарына және ағымдағы және объектілерді күрделі жөндеуде 15 % - дан кем емес жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру;

- мақсатты топтарға жататын азаматтарды қоғамдық ақылы жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына және Жастар тәжірибесіне бағыттау;

- табыстары күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесің төмендетуін қамтамасыз ету;

- мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Жоспарға сәйкес нысандарды бейімдеуді жалғастыру;


Мәдениет

Мәдениет және мұрағат саласын ұстауға және дамытуға барлығы 3,5 млрд. теңге (2013 жылы – 3,3 млрд.тенге) жұмсалды. Оның 160,9 млн. теңге саланың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, 153,6 млн. теңгесі мәдениет нысандарын салуға және қайта жаңғыртуға бағытталды. «Жұмыспен қамту-2020» Жол картасы аясында 10 мәдениет нысанына 274,8 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді. Есепті жылы Әйтекеби ауданында Әбілқайыр хан мемориалды кешені құрылысына 115,0 млн.теңге, Алға ауданы Есет батыр мемориалдық кешенін қайта жаңғырту мен абаттандыруға 29,2 млн. теңге бағытталды.



Мәдениет саласын желілерін дамыту және

қаржыландыру көлемі, млрд. теңге

Қызылорда облысында Ақтөбе облысының, ал қазан айында Ақтөбе облысында Қызылорда облысының мәдениет күндері өткізілді.

Ресей Федерациясы шекаралас аймақтарымен және алыс, жақын шетелдермен мәдени халықаралық байланыс кеңейіп келеді. Шығармашық ұжымдар Ресейдің (Санкт-Петербург, Сочи, Орынбор, Қорған, Набережный Челный,) сонымен қатар, Түркия, Дағыстан, Біріккен Араб Эмираттары (Дубай) мемлекеттеріндегі фестивальдер мен байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып қайтты.

Облыс кітапханаларының кітап қоры былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37,0 мың данаға көбейді. Облыс музейлеріндегі барлық экспонаттардың саны 167958 дананы құрады.

«Мәдени мұра» ұлттық жобасын жүзеге асыру мақсатында Қобда ауданындағы Абат-Байтақ, Алға ауданындағы Есет Көкіұлы мемориалдық кешеніне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыстағы тарихи-мәдени мұраларды жүйелеу мақсатында Темір, Қарғалы, Мәртөк аудандарының, Ақтөбе қаласының және маңындағы ауылдық округтардың ескерткіштерін есепке алу және паспорттау мақсатында жұмыстар жүргізілді. «Мәдени мұра» аясында есепті жылы облыстық бюджеттен 169,0 млн.теңге бөлініп игерілді.

2015 жылға арналған міндеттер:

-мәдениет және өнер мекемелерінің материалдық базасын нығайтып жабдықтау мен жарақтандыруды, кітапханалар жүйесін модельдендіруді жалғастыру бойынша жұмыстарды жалғастыру;

-Әйтекеби ауданындағы «Хан моласы» қорымында Әбілқайыр ханның мемориалдық кешенін және Толыбай селосында музей құрылысын аяқтау;

- Қазақ хандығының 550, Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҰОС 70 жылдығына, ҚР Конституциясының 20, Кеңес Одағының Батыры Ә. Молдағұлованың 90 жылдықтарын мерекелеуге арналған кешенді мәдени шараларды жоғары дәрежеде ұйымдастыру;

- Облыстың мұрағат мекемелерінде ұлттық мұрағат қорын сапалы толықтыру жұмыстарын жалғастыру.

Мемлекеттік тіл саясаты

Зерттеу қорытындыларына сәйкес 2014 жылы мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындар үлесі 92,5%, үш тілді меңгергендер 6,3% құрап отыр. Тұрғындардың қазақ және ағылшын тілдерін меңгеру деңгейі көрсеткіштері республикалық көрсеткіштерден жоғары.

Мемлекеттік тілді үйретумен қамтылғандар саны
1280 адам.

Этностық топтардың тілдерін мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесі құрылды: этномәдени бірлестіктердің 6 жексенбілік мектебі /украин, неміс, кәріс, шешен, татар-башқұрт, әзірбайжан/ ана тілін және мемлекеттік тілді үйренуде. 2014 жылы барлығы 398 адам қамтылды.

Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу белсенділікпен іске асырылып келеді. Мемлекеттік органдардағы қазақ тіліндегі құжат айналымының үлес салмағы 98 % құрады.

Мемлекеттік тілдің коммуникативтік қолдану деңгейі артуда: бұқаралық ақпарат құралдарының контентінде қазақ тіліндегі хабарлардың үлесі 58,2 %.




Дене шынықтыру мен спортты дамыту

Облыс тұрғындарын тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2014 жылы облыс тұрғындарының 25,9 пайызы жаппай спортпен айналысатындарды құрады.



Жыл облыс спортшылары үшін сәтті болды. Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында Азия ойындарында қазақстандық спортшылар сапында ел намысын ақтөбелік спортшыларда қорғады.

Ақтауов Андрей 55 келі салмақ дәрежесінде каратэ-до дан жеңімпазы атанды, Сағандықов Ринат 67 кг. салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанса, Байқұлова Айгүл мен Тарабрин Александр алғашқы бестіктен көрінді. Қуанов Есет (самбо), Қоныспаева Лейла (самбо) Әлем және Азия чемпионы жүлдегері атанды. Қалжанов Нұрбол бокстан студенттер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

«Намыс» спорт клубы қол добынан 3 дүркін Қазақстан Республикасы чемпионы атанды, футболдан Қазақстанның бес дүркін жеңімпазы «Ақтөбе» футбол клубы күміс жүлдегері атанды, Қазақстан Республикасы V Халық спорты ойындары қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы жалпы командалық есепте ІІІ орыннан көрінді.

Есепті мерзімде 9 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 35 спорт шебері дайындалып, 122 адам спорт шеберлігіне үміткер, 152 адам бірінші разряд нормативтерін орындады.

Дене шынықтыру және спорт саласын облыс бюджетінен қаржыландырылу жыл сайын ұлғайуда. 2013 жылы спорт саласына 4378,9 млн. теңге қарастырылса, 2014 жылы – 6628,6 млн теңге бөлінді.

2014 жылы 303,5 млн. теңгеге спорт жабдықтары алынды. Спорт инфрақұрылымы дамуда.

Ойыл, Байғанин және Қобда аудандарындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің жасанды төсеніші бар футбол алаңдары қолданысқа беріліп, Бокстан олимпиада резервін даярлайтын балалар-жасөспірімдердің облыстық мамандандырылған спорт мектебі, жүзуден олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі, «Жастар» облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің ғимараттары күрделі жөндеуден өткізілді.

Шалқар, Алға аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, сондай-ақ, Ақтөбе қаласында Қарғалы ауылында балалар-жасөспірімдер спорт мектебі құрылыс жұмыстары жүргізілуде.



2015 жылға арналған міндеттер:

- Шалқар және Алға аудандарындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Қарғалы ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі құрылысының жұмыстарын аяқтау;

- дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұрғындарды қамту көрсеткішін жақсарту.
Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау
Табиғатты қорғау бағдарламасы аясында Көкжиде жерасты сулары бірегей кен орнын сақтап қалу мақсатында оның экологиялық жағдайына, жерасты және жерүсті суларына мониторинг жүргізіліп келеді.

«Ембі, Сағыз, Темір және олардың салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулері» жобасына сәйкес 7826 белгі орнату жұмыстары жүргізілді.

Жергілікті маңызға ие «Озерный» қаумалын құрудың табиғи-ғылыми негіздемесі әзірленіп, жобаға тиісті оң қорытындылар алынды.

Ақтөбе қаласы бойынша ауа атмосферасының сапасын жақсарту жұмысын жүйеге келтіру мақсатында 2014-2016 жылдарға жоспар бекітілді.

Табиғатты қорғау бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласының санитарлық қорғаныштық жасыл аймағын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылуда.

213 га алқаптағы жарамсыз және қураған ағаштар кесіліп, 210 га орман алқабына бағалы ағаш отырғызылды.

Шалқар және Темір аудандарындағы жылжымалы құмдарды тоқтату мақсатында 21 га жерге сексеуіл екпелері отырғызылды.


  1. жылға арналған міндеттер:

- Санитарлық-қорғаныштық жасыл аймақты қайта құру жоспарын жүзеге асыруды жалғастыру;

- Жер қойнауын пайдаланушыларымен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған төлемдерінің облыстық бюджетке толық түсуін қамтамасыз ету.



Жер қатынастары

2014 жылы облысымыздың ауыл шаруашылығы алқап түрлеріне түгендеу жұмыстары жүргізіліп жалпы көлемі 8740,7 мың га нысаналы мақсатына сай 185 жер учаскесінің 112,7 мың га жер көлемінің пайдаланбайтындығы анықталды.

Пайдаланбайтындығы анықталған 145 жер учаскесі көлемі 66,2 мың га мемлекетке қайтарылып, қайтадан ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.

2015 жылға арналған міндеттер:

- Ауыл шаруашылығына және жеке тұрғын үй құрылысына берілген жер учаскелерін пайдаланбайтын немесе заң бұзушылықпен пайдаланатындарды анықтап мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстарын жалғастыру;

- Жер қойнауын пайдалану барысында бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру;

- Жер қатынастары саласындағы заң нормалының сақталуы бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.



Сәулет және қала құрылысы

2014 жылы Хромтау қаласының бас жоспары бекітілді. Ырғыз ауылының бас жоспарына түзету жүргізілді.

Шалқар ауданының 3 тіректі ауылдық елді мекенініңің (Бегімбет аулы, Бозой аулы, Мөңке би аулы), Ақтөбе қаласының 5 тұрғын массивтерінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленді.

11 елді мекеннің бас жоспарлары жасалды, соның ішінде 3 қаланың бас жоспарлары әзірленді (Жем қаласы, Темір қаласы, Шалқар қаласы).

2 тіректі ауылдың бас жоспарлары келісілу кезеңінен өтуде (Байганин ауданыны Жарқамыс аулы және Жарлы аулы).

Ақтөбе облысы аймағының сәулет қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын әзірлеу жүргізілуде. Тіректі елді мекендер мен шекара аймағында орналасқан және Ақтөбе агломерациясына енген 29 ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу басталды.



2015 жылға арналған міндеттер:

- 4 қаланың бас жоспарларын бекіту: Ақтөбе қ., Шалқар қ., Темір қ., Жем қ., 2 ауыл – Байганин ауданы Жарқамыс аулы және Жарлы аулы;

- 29 ауылдық елді мекеннің бас жоспарларын жасау бойынша жұмыстарды жалғастыру;

- Ақтөбе агломерациясына енген елді мекендердің, тірек және шекаралық елді мекендердің бас жоспарларын жасау бойынша жұмыстарды жалғастыру;

- Ақтөбе облысының аумақтардың қала құрылысың жоспарлаудың кешенді схемасын әзірлеу бойынша жұмыстарды жалғастыру.

Тарифтік саясат

Аймақта жүргізіліп отырған тарифтік саясат реттелетін секторлардың тепе-теңдігін қамтамасыз етуге және онымен дамытуды ынталандыруға, инвестициялық тартымдылығын жоғарлатуға, энергоүнемдеу мен ресурсты үнемдеу мәселелерін шешуге бағытталған.

Аймақта коммуналдық салада сумен қамтудың 27 кәсіпорын, кәріз жүйесі су бұру бойынша 14 және жылумен қамтудың 15 кәсіпорын қызмет көрсетеді. Сонын ішінде ең ірілері «Ақбұлақ» АҚ мен «Трансэнерго» АҚ болып табылады.

Нормативтік ысыраптар негізгі құралдардың табиғи тозуының деңгейі төмендетілді. және «Ақбұлақ» АҚ желілерінде болады.

Су ұңғымаларының өнімділігін арттырылды, су айдаудың технологиялық режимдерін оңтайландырылды.

«Трансэнерго» АҚ жылу желілерінде ысыраптар 18,67 пайыздан 18,62 пайызға дейін төмендетілді. Негізгі құралдардың табиғи тозуының деңгейі 68,7 пайыздан 68,5 пайызға төмендетілді.

Ағымдағы жылы табиғи монополия субъектілерінің капиталдық салымдарға жалпы соммасы 2617,0 млн.теңге құрады, оның ішінде: «Энергосистема» ЖШС – 867,8 млн.теңге, «Ақбұлақ» АҚ – 865,2 млн.теңге, «Трансэнерго» АҚ – 291,8 млн.теңге, «Ақтөбе ТЭЦ» АҚ – 233,7 млн.теңге, басқада субъектілер бойынша – 358,6 млн.теңге.

Электроэнергия мен суды үнемді тұтыну мәселесін шешу үшін аймақта сараланған тарифтер енгізілді. Облыста жеке тұлғалар үшін электроэнергияға және суға, оны тұтыну көлеміне байланысты сараланған үш деңгейлі және сәйкесінше екі деңгейлі тарифтері енгізілді.

Электроэнергияға тәулік зоналары мен тұтыну көлемі бойынша сараланған тарифтерді қолдану нәтижесіндегі үнеудеу 48,6 млн.теңге шамасында құрады.

Активтерді жаңғыртуға инвестицияны өсіруді қамтамасыз ету мақсатында «Энергосистема» ЖШС үшін ұзақ мерзімдік кезеңге 2015-2019 жылдарға 6,5 млрд. теңге соммасына инвестициялық бағдарлама бекітілді.

Ағымдағы жылы барлық базалық субъектілер тарифтерінің қолданысын орташа мерзімдік кезенінен ұзақ мерзімдік кезенге өтуі бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда.

Мемлекеттік қызметтер

Ел Президенті жылсайынғы Жолдауында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және электрондық үкіметтің дамуына үлкен назар аударуда.

Мемлекеттік қызметтер түрлерінің көбеюіне байланысты олардың саны да көбеюде. Егер 2013 жылы облыстың жергілікті атқарушы органдарымен 1 454 462 қызмет көрсетілсе, ал 2014 жылы бұл сан 2 125 056 дейін көбейді.

Электрондық түрде көрсетілген қызметтер саны 2013 жылмен салыстырғанда 2 есе көбейді (2014 - 31 243 (50,5 %), 2013 13 862 (13,8 %).

2013 жылмен салыстырғанда электрондық түрде берілген лицензия мен рұқсат қажаттарының саны 16 есе көбейді (2013 – 127 лицензия).

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 63 675 қызмет көрсетілді.

Қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы 382 семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, конференциялар өткізілді.

2015 жылға арналған міндеттер:

- электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтердің санын көбейту бойынша жұмыстарын жалғастыру;

- ХҚКО арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесін көбейту бойынша жұмыстарын жалғастыру;

- мемлекеттік қызметтер регламенттерін әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстарын жалғастыру.



Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Облыс әкімдігі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, құқық қорғау жүйесін нығайту және азаматтардың заңды мүдделерін қорғау бойынша бірқатар жұмыс жүргізді.

Облыста заң бұзушылықтың алдын алу бойынша Ведомствоаралық комиссия қызмет етеді. Олардың отырысында тоқсан сайын заң бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа жол бермеу сұрақтар қаралады.

Ішкі істер органдарының материалды - техникалық базасын жабдықтау шаралары қабылдануда. Облыстық бюджет қаражаты есебінен 3344 млн. теңгеге 93 бірлік автокөлік және арнайы көлік, 273,2 млн. теңгеге арнайы құрамға артилериялық техникалық қару жарақ сатып алынды, облыстың ІІД объектілеріне күрделі жөндеу жүргізуге 51,0 млн. теңге бөлінді, жылдамдық режимін бұзушылықты және бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кетуді анықтайтын, құны 80,0 млн. теңгені құрайтын 5 құрамдастырылған басқару жүйесі сатып алынды.

Жалпы сомасы 131 млн. теңгені құрайтын 3 тұрғын үйімен қосылған учаскелік полиция пункті пайдалануға берілді (Ақжар -2 ауылы, Ясный ауылы, К.Нокин ауылы) және Хромтау қаласында УПП-ға 2 ғимарат сатып алынды (16,7 млн. тг.) .

«Шағын қалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында Хромтау қаласында 20 сыртқы бейнебақылау камерасы бар жалпы бақылау орталығы салынды.

Облыс аумағында 3604 адамы бар 690 қоғамдық ұйымдар қызмет етеді. 151 «Сақшы» отряды  (748 адам), учаскелік полиция пунктер жанында 155 қоғамдық кеңестер  (848 адам), сондай ақ  360 қоғамдық көмекшілер отрядтары (1594 адам) қызмет етеді. Олардың қатысуымен әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтағы 54 қылмыс ашылды, 823 адам ұсталды.

2013 жылмен салыстырғанда тіркелген қылмыстардың жалпы саны 14,3%-ға (–20651-ден 17697-ге дейін), орташа деңгейдегі қылмыстар 10,6%-ға (15716-дан 14057-ге дейін),ауыр қылмыстар 29,1%-ға (1667-дан 1182 ге дейін), аса ауыр қылмыстар 31,6%-ға (79-дан 54-ке дейін) азайған.

Қылмыстың ашылуы 42,0% құрады 2013 жылы 36,8%.

Оданда басқа, қоғамдық орындардағы жасалған қылмыстар 6,6%-ға, көшелерде 10,0%-ға, кәмелетке толмағандармен 37,9%-ға, ұрлық 28,5%, тонау 8,5%, күшпен алушылық 13,3%, бұзақылық 12,7%, сонымен қатар есірткімен байланысты қылмыстар 17,3% төмендегені белгіленді.

Дегенмен, облыс бойынша есепті кезеңде суық қару қолданумен жасалған қылмыстар 6,5% бұрын қылмыс жасағандармен 24,8%, адам өлтіру 11,1%, тонау 20,7%, қылмыстарының өскені байқалды. Облыста жемқорлыққа қарсы өңірлік комиссия қызмет етеді. Ақтөбе облысының 2011-2015 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша іс-шаралар жоспары, 2014-2015 жылдарға арналған азаматтық қоғам институттары бірігіп ықпал ету жоспары бекітілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тематикасында материалдар шығарылады.



2015 жылға арналған міндеттер:

- заң бұзушылық деңгейін төмендету, заң бұзушылықтың алдын алу жүйесін жетілдіру сондай ақ оған ықпал ететін себептерін және жағдайларын табу, зерттеу, көзін жою;

- жемқорлықпен күресу тетіктерін күшейту, жемқорлық қатерлерді азайту.

Қоғамдық-саяси ахуал

Ақтөбе облысындағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Тұрақтылыққа ең алдымен, облыс тұрғындарының, саяси партия, этномәдени, үкіметтік емес, діни, кәсіподақ ұйымдары өкілдерінің арасындағы толеранттылық пен келісімнің жоғары деңгейі негіз болуда.

Облыстағы барлық саяси құрылымның пікірлері мен ұсыныстары тыңдалып, туындаған проблемалы сұрақтарды дер кезінде шешудің жолдарын қарастыруға мүмкіндік туғызатын ішкі саясат басқармасы жанынан құрылған қоғамдық-саяси Кеңестің отырыстары үнемі өткізіліп отырады.

Облыста 8 саяси партиялардың облыстық филиалдары жұмыс жасауда.


Бүгінде облыста 19 этномәдени орталық, 2 Достық үйі, мемлекеттік және өз ұлтының тілін, салт-дәстүрін үйрену бойынша 6 жексенбілік мектеп, көркемөнерпаздар ансамбльдері, оның төртеуі «халықтық» деген атқа ие, және 10 жастар клубтары жұмыс жасайды. Этномәдени орталықтар үшін барлық жағдай жасалған, жұмыс кабинеттерімен, хореография және дайындық залдарымен, компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.

2014 жылғы қараша айынан бастап Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету үшін «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс жасауда.

2020 жылға дейінгі облыс Ассамблеясын дамытудың өңірлік Концепциясы жүзеге асырылуда, қоғамдық келісім, аналар кеңестері құрылып, оларды ғылыми-эксперттік сүйемелдеу күшейтілді.

Облыс әкімдігі азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынас сұрақтарына назар аударуда. Бүгінгі күні облыста 100-ден астам үкіметтік емес ұйым белсенді жұмыс жасайды. Олардың өкілдері жергілікті атқарушы органдар жандарындағы көптеген сабағаттық кеңесші органдардың құрамына кіреді.

2014 жылы үкіметтік емес ұйымдар облыс көлемінде жалпы құны 97,6 млн. тенгені құрайтын 92 әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырды.

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысының аумағында 60 бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген. Оның ішінде 38 газет, 14 журнал, 8 электрондық БАҚ (соның ішінде 2 телеарна, 3 радиостанция, 3 кабелдік телеарна).

2014 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында облыстық бюджеттен 276,8 млн. тенге бөлінді.

Ақтөбе облысы аумағында 92 тіркелген діни бірлестіктер мен филиалдар қызмет атқаруда, олардың 68- мұсылман қоғамы, 8 православие, 2 католик, 13 протестанттық, 1 дәстүрлі емес («Кришна санасының Ақтөбе қоғамы»).

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында облыс көлемінде кешенді жоспары аясында кеңінен іс-шаралар жүргізілуде.

Діни экстремизм мен терроизмнің алдын алу және тұрғындардың діни сауаттылығын көтеру мақсатында Дін істер басқармасы жанынан «Аңсар» Ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.

Аймақта құрамында 161 мүшеден тұратын 35-облыстық, 8-қалалық және 118-аудандық ақпараттық насихаттау топтары қызмет атқаруда.

Арнай құрылған теологтар тобымен жамағаттармен тұрақты түрде мақсатты кездесулер өткізілуде, басым көпшілігі дәстүрлі емес көзқарастағы азаматтар.

Рамадан айының қарсаңында Ақтөбе қаласындағы 111 жылдық тарихы бар қалалық орталық мешітінің салтанатты ашылуы өткізілді. Мешіттің салтанатты ашылуына орай, «Ханафи мәзһабы – Орталық Азияның рухани мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылды. Аталмыш конференцияға Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, ТМД елдерінің мұсылман басқарма өкілдері, ЖОО-ның ғалымдары, теологтар, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Аймақта 2009 жылдан бері маманданған 12 ұстазы бар «Ақтөбе медрсесі» діни оқу қызмет атқаруда. Аталмыш медреседе Ақтөбе облысынан басқа Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Қостанай, және Қызылорда облыстарынан 65 шәкірт білім алуда.

Өңірден діни білім алуға талпыныс білдірген жастарды отандық оқу орындарына бағыттау және жергілікті облыстың имамдар мен медресе түлектерінің діни сауатын жетілдіру мақсатында 29 талапкер Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасының Қазан қаласында орналасқан Ресей Ислам институты оқуды жалғастыруда.

Жалпы облыс көлемінде атқарылып жатқан шаралар дәстүрлі емес ағымдардың ықпалын бәсеңдетуге және аймақта діни ахуалдың тұрақтандыруына ықпал етті.



2015 жылға арналған міндеттер:

- Мемлекет Басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын түсіндіру және насихаттау бағытында мақсатты жұмыстарды ұйымдастыру; ақпараттық кампанияға өңірлік қоғамдық пікір көшбасшыларын және түрлі саладан эксперттерді тарту;

- мемлекеттік ақпараттық саясат жүйесінің тиімділігін арттыру; Мемлекет Басшысы, Үкімет және жергілікті атқарушы органдар қызметінің, еліміздің және өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық даму динамикасын жариялау;

- саяси партиялар, этномәдени орталықтар, үкіметтік емес және діни ұйымдармен қоғамдық-саяси тұрақтылықты, эносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған тұрақты қарым-қатынас орнату;

- әртүрлі мақсатты топтармен, радикалды саны қабылдамауға дәстүрлі рухани діни құндылықтарды түсіндірумен ақпараттық жұмысты нығайту.

Жастар саясатын жүзеге асыру

Облыста 233,7 мың жастар бар бұл тұрғындарының 29,9% құрайды. Оның ішінде 149,3 мың қала жастары, 88,5  мың ауыл жастары. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 197,3 млн. теңге.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 27,2 млн.теңге бөлініп, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, жастарды патриоттық тәрбиелеуге, еріктілік қозғалысын дамытуға, ауыл және жұмысшы жастарды қолдауға бағытталған барлығы 35 әлеуметтік-маңызды жоба іске асырылса, оның 22 аудандарда жүзеге асты.

2006 жылдан жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қалалық қоғамдық көліктерде жеңілдікпен жүреді және талантты жастар өкілдері жыл сайын стипендиямен марапатталып келеді.

2014 жылы жоғары оқу орындары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 297 студентіне жалпы соммасы 28,8 млн. теңге көлемінде стипендия тағайындалды.

«Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 119,4 млн. теңге бөлінді. Жазғы маусымда оқу орындарының студенттері, ауыл, жұмыссыз жастар және жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері қатарынан барлығы 2585 жас жұмыс жасады.

Жастар ресурстық орталықтарына 4000 ға жуық облыс жастары әртүрлі бағытта кеңес алу мақсатында келді. Оның ішінде 2828 жасқа әлеуметтік-медициналық, 474 психологиялық, 311 заңгерлік кеңес беріліп, 484 жасты тұрақты жұмыс орындарына орналастыруға ықпал етілді.

Облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында жастар арасындағы мәселелерге өзекті мониторинг жүргізіліп, үнемі басты назарға алынады.



2015 жылға арналған міндеттер:

- қолданыстағы бағдарламалар мен басқа да жобаларды қолдана отырып, жастардың жұмыспен қамту және басқада инициативті жобалар және акцияларды қолдану;

- ресурстық орталықтардың жұмысын жалғастыру жастармен жер-жерде жұмысты ұйымдастыру және оқу, жұмыс орны және тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмысқа адрестік ыңғайын қамтамасыз ету;

- қоғамның барлық саласында жастардың шығармашылық, білім алу, еңбек ету мүмкіндіктерін дамыту.



Қорытынды

2015 жылы біз, өмір сүру сапасы деңгейінің үдемелі өсімін қамтамасыз ететін «Нұрлы Жол» бағдарламасында белгіленген. Жаңа Экономикалық Саясатты жүзеге асырылу қажет.

Бүгінгі күнге болып жатқан жағдайды ескеріп, Президент біздің алдымызға бір қатар олар мүмкін болатын жағымсыз салдарды бейтараптандыруға біздің алдымызға контрциклдік міндеттерді қойды.

2015 жылға Бағдарламалармен қарастырылған ауқымды мақсаттар мен міндеттер қолда бар барлық өсім көздерін жұмылдыруды, экономикалық өсім жолында тежеуіш болып тұрған реформаларды әрі тереңдетуді шешуді қажет етеді.



Біз біріккен күш жігермен облыс экономикасын нығайтамыз, тұрақтылықты қамтамасыз етеміз, тұрғындардың әл ауқатын арттырамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет