Облыс әкімінің тұрғындармен 2013 жылғы 27 ақпандағы, 2014 жылғы 21 ақпандағы есепті кездесулеріне дайындық және өткізу кезінде түскен



жүктеу 35.99 Kb.
Дата24.02.2016
өлшемі35.99 Kb.


Облыс әкімінің тұрғындармен 2013 жылғы 27 ақпандағы, 2014 жылғы 21 ақпандағы есепті кездесулеріне дайындық және өткізу кезінде түскен

сұрақтар мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалу барысы туралы АНЫҚТАМА

2015 жылғы 16 ақпанына

Өткен жылы тұрғындармен 2013 жылғы 27 ақпандағы, 2014 жылғы 21 ақпандағы есепті кездесулеріне және оны әзірлеу кезінде түскен ұсыныстар мен өтініштерді іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдар мақсатты жұмыстар жүргізілді.

Тиісті іс-шаралар жоспарлары әзірленді және іске асырылуда.

2013 жылғы 27 ақпандағы есепті кездесуінің іс - шаралар жоспары бойынша 2013 жылға орындалуы жоспарланған 6 мәселе орындалды.

Өткен жылы орындалуы жоспарланған 7 мәселенің 6 орындалды. Республикалық және облыстық бюджеттерден көлемі 1711,6 млн. теңге құрайтын Алға қаласының орталық бу қазандығын жаңғыртуының бірінші кезеңі іске қосылды, Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылын, Қарғалы ауданы Степное және Қайрақты ауылдарын газдандыруы, Қобда ауданының Қобда ауылына келетін жоғары қысымды газ құбырының, Мәртөк ауданы Хлебодаровка және Қаратоғай ауылдарында дәрігерлік амбулаториялардың, Алға ауданының Маржанбұлақ ауылының ауыл ішіндегі су желісінің құрылыстары аяқталды.



Бір мәселенің орындалуы 2015 жылға ауысты. Шалқар ауданы Шалқар қаласыныңдағы үш бес қабатты тұрғын үйлерді жаңғыртуға қаржы бөлу мәселесі.

2015 жылы орындалуы жоспарланған 5 мәселенің 2 орындалды. Ауыз сумен қамтамасыз ету Байғанин ауданы Бұлақтыкөл ауылын нысандарының құрылысы, Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы жүйелерінің жаңғыртуы аяқталды.

Қалған 3 мәселелер орындалу үстінде. Байғанин ауданы Жарлы ауылын газдандыруға мемлекеттік сараптамасының қорытындысы бар жобалық – сметалық құжаттар әзірленді, Қандыағаш қаласындағы Есет батыр көшесі №13 көпқабатты тұрғын үйді жаңғыртуға қажетті қаражатты қарастыру бойынша республикалық бюджеттік комиссиясына ұсыныс беріледі. Обыстық бюджеттен қаржы бөлініп Ақтөбе қаласында облыстық туберкулёзге қарсы диспансері құрылысының жобалық – сметалық құжаттары дайындалу үстінде.

Сәйкес жұмыстар орындалатын мерзімі 2016 жылы 5 мәселелер, 2017 жылы 1 мәселе бойынша жүріп жатыр. Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында орта мектеп және интернат салу, Мұғалжар ауданы Жем қаласын ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңғырту құрылыс жұмыстары 2015 жылы аяқталуы жоспарлануда. Мәртөк ауданы Жайсаң ауылына газ жеткізу және ауыларалық желісінің құрылысы 2015 жылы республикалық бюджеттен қаржылындыруына қосылған. Ақтөбе қаласында стоматологиялық емханасының құрылысының техникалық – экономикалық негіздеме дайындалуда. Су құбыры құрылыстары мәселелер бойынша Қарғалы ауданы Қос – Естек ауылында жер асты су қорын барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр, Хромтау ауданы Бөгетсай ауылының жобалык – сметалық құжаттамасы даярланып, мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы алынды.

2014 жылғы 21 ақпандағы есептік кездесудің іс – шараларына 22 мәселе кіргізілген, соның ішінде 16 мәселені өткен жылы орындалуы жоспарланған, 6 – 2015 жылы.

2014 жылы жоспарланған 16 мәселелердің 10 орындалды. Алға ауданы Маржанбұлақ ауылын газбен қамту жұмыстары аяқталды. «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Ырғыз ауданы Қалыбай, Алманов атындағы ауылдарындағы мектептердің, Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласына кіреберіс автокөлік жолының, Жем қалалық мәдениет Үйінің, Жағабұлақ ауылдық клубының күрделі жұмыстары жүргізілді. Шұбарқұдық кенті «Қызылжар» шағын ауданында 280 орындық бала бақшаның жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Шалқар қаласындағы, Бозой, Біршоғыр ауылындағы төрт жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылыстары аяқталды. Шалқар қаласы Орталық жылу қазандығының, жылу құбырларының жүйелерін қайта жаңғыртуы өткізілді. Осы мәселелердің орындауына республикалық және облыстық бюджеттерден 1655,0 млн. теңге бөлінді.

2015 жылы 2014 жылдың қалған 6 мәселелері бойынша орындау жұмыстары жалғастырылады.

Темір ауданында қаржы бөлініп Шұбарқұдық кентінің су құбырларын қайта жарақтауына жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Ақсай ауылының су құбырының құрылысына жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Саркөл ауылында жаңа мектеп құрылысына қажеттілігі бар екендігі туралы сәйкес құжаттар дайындалып жатыр. Қарғалы ауданы Жосалы, Кемпірсай, Қос – Естек ауылдарын газдандыруға жобалық – сметалық құжаттар, Байғанин ауданы Қораши, Ноғайты, Көкбұлақ, Қосарал ауылдарын газдандыру туралы ұсыныс техникалық – экономикалық негіздемелер әзірленді. Білім басқармасы тарапынан Бадамша ауылында бала бақшаның құрылысының жобалық-сметалық құжаттамаларын дайындауын және мемлекеттік сараптамадан өткізуін 2015 жылы қаржыландыруына қажетті құжаттамалар дайындау үстінде.



2015 жылы мерзімі бойынша орындалатын 6 мәселелер бойынша орындау жұмыстары жалғастырылуда.

Ақтөбе қаласы Кирпичный кенті су құбырының және кәріз желілерінің құрылысын жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда, Россовхоз ауылында жер асты су қорына іздестіру-барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәртөк ауданы Хлебодар ауылы бала бақшаның құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасына қайта өндеу жүргізуін қаржыландыруына ұсыныс берілді.Ембі қаласының кәріз жүйелерін, Қандыағаш қаласының жылу жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.



«Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы Шалқар көлінің табанын балдыр-батпақтан тазарту» жобаның жобалық-сметалық құжатты дайындауын республикалық бюджеттен қаражаттандыруы қолданылмады.

Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімі



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет