Облыстағы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы



Дата29.02.2016
өлшемі167.42 Kb.
#33502
Облыстағы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы
Облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында бойынша жүйелі түрде жұмыстар жасалуда.

Жалпы облысымызда 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 165 296 мың адамды құрайды, немесе жалпы облыс тұрғындарының 29 пайызы, соның ішінде ауылдық жерлерде – 84 693, қалаларда – 80 603 жас тұрады.

Өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы және барлық қалалар мен аудандарда, облыстық деңгейде жастар орталықтары (7) қызмет атқарады.

Өңірде ауылдық округтерде жастармен жұмыс жасайтын нұсқаушылар жұмыстар атқаруда. (33 нұсқаушы).

Облыста жастар ұйымдарының саны – 30, оның 20 – дан астамы белсенді қызмет атқарады.

Барлық жоғары және техникалық және кәсіптік оқу орындарында Жастар ісі жөніндегі Комитеттер (24) жұмыс жасайды.

17 өндірістік кәсіпорын мен мекемеде жастармен жұмыс жөніндегі комиттеттер мен кеңестер жұмыс атқарады.

Атап айтқанда, Өзенмұнайгаз», «Маңғыстаумұнайгаз», «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Жаңаөзен газ зауыты», «Бұрғылау», «Жөндеу», «Кенқұрылыссервис» ЖШС жанынан Жас мамандар Кеңестері, «Ақтау халықаралық теңіз-сауда порты» АҚ жастар ісі жөніндегі Кеңес, «Қазақтелеком» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы жанынан «Жас телеком» жастар ұйымы, «Ойл сервис Компани» ЖШС, Бейнеу желілік өндірістік басқармасы жанындағы Жастар ісі комитеттері, «Қазтрансойл» АҚ Батыс филиалының «Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы» Жастармен жұмыс жасайтын бөлімше және т.б. жұмыс жасайды.

Биылғы жылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен барлығы 214 916 000 теңге көлемінде қаражат бөлінді (2013 жылы – 182 480 000 теңге, 2012 жылы – 122 632 000 теңге бөлінген).

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жастар саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 40,787 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінді (2013 жылы – 35 млн. теңге, 2012 жылы – 17,8 млн. теңге бөлінген).



Идеологиялық-түсіндірме жұмыстары
Өңірде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, Елбасының Жолдауын және «Қазақстан -2020: болашаққа жол» ҚР Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі Тұжырымдамасын түсіндіру мақсатында, 2014 жыл басынан бері облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қызметкерлері, қалалық және аудандық жастар орталықтарының жетекшілерінің қатысуымен облыстағы орта арнаулы және жалпы білім бері ұйымдарында, еңбек ұжымдарында кездесулер жүйелі өткізілді.

8 қаңтар күні облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы бастамасымен «Келешек – білімді жастар қолында» атты жоғары және кәсіптік және техникалық оқу орындарының жастарымен кездесулерді ұйымдастыру мен өткізу кестесі жасақталып, бекітілді.

Аталған шара аясында Маңғыстау облысындағы 20 жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттерімен кездесу өткізілді. Кездесулердің мақсаты облыстағы мемлекеттік жастар саясаты саласындағы атқарылған жұмыстарды және мемлекеттік бағдарламаларды студент жастарға түсіндіру мен пікір алмасу болып табылады.



17 қаңтар күні Маңғыстаудың белсенді жастары республикамызда алғашқылардың бірі болып «Қазақстан – Ақтау» телеарнасның «Ел ертеңі» бағдарламасы арқылы Елбасының халыққа Жолдауына қолдау көрсетті. Аталмыш бағдарламаға облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Б. Тұяқов, жастар ұйымдары мен оқу орындарының көшбасшылары қатысты. Бағдарлама барысында белсенді жастар Елбасының халыққа Жолдауынан алған әсерлерін көгілдір экран арқылы жеткізіп, Жолдауға үн қосып, қолдайтындықтарын білдірді.

11 ақпан күні Ақтау қаласында Елбасының халыққа Жолдауын насихаттау мақсатында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Б. Тұяқов «МАЭК -Қазатомпром» ЖШС және «ҚазМорТрансФлот» АҚ жұмысшы жастарымен, 14 ақпан күні еліміздегі ең ірі мұнай-газ өндірушы кәсіпорындардың бірі «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жұмысшы жастарымен кездесті.

21 ақпан күні Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі Комиссия хатшысы Әбішев Тастемір облыстың белсенді жастарымен кездесті.

13 наурыз күні Ақтау қаласы, Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-нің мәжіліс залында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында «Мәңгілік ел» патриоттық актісін қолдау мақсатында «KZ-2050» жалпыұлттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігі өңіріміздің белсенді жастарымен дөңгелек үстел өткізілді.

30 тамыз – ҚР Конституция күніне орай, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен, ағымдағы жылдың тамыз айының 28 күні Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және ининиринг университетінің ғылыми – кеңес мәжіліс залында «Жастар және заң» атты кездесу өтті. Кездесудің мақсаты - жастарға еліміздің Конституциясының рөлі және нығаюы, мемлекеттің құқықтық саясатының негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі жұмыстарды түсіндіру.

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласында атқарылып жатқан жұмыстарды насихаттау және тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) арқылы бірнеше маңызды жұмыстар жасалды.

12 тамыз күні облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Б. Тұяқов республикалық және облыстық БАҚ өкілдеріне брифинг ұйымдастырды.

14 тамыз күні «Тандем» радиосының «Визави» бағдарламасына тәкелей эфирде кең көлемді сұхбат берілді. Тікелей эфирде өңірдің 15 тұрғыны сауалдарына жауап алды.

15 қыркүйек күні жергілікті «Қазақстан - Ақтау» телеарнасына «Резонанс» телебағдарламасына облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Б. Тұяқов сұхбат беріп, тікелей эфирде тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

7 қазан күні жергілікті «Жол баян» радиосында «Қоғам тынысы» атты бағдарламаға «Жас Ұлан» ҚБ атқарушы хатшысы К. Тайғара сұхбат беріп, ұйымның атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып берді.

15 қазан күні жергілікті «Қазақстан-Ақтау» телеарнасына «Ашық әңгіме» телебағдарламасына (т»келей эфирде) облыстық жастар саяасаты мәселелері басқармасының басшысы Б. Тұяқов сұхбат берді.

27 қазан күні жергілікті «Жол баян» радиосында «Қоғам тынысы» атты бағдарламаға «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы А. Нұров және «Өзенмұнайгаз» АҚ жанындағы «Жас мамандар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А. Ноғаев сұхбат берді.

Сондай-ақ, жастар көп қолданаты интернеттегі әлеуметтік желілері арқылы да жұмыстар атқарылды. «Twitter», «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желілерінде басқарманың жеке парақшалары ашылған. Басқарманың және жастар орталықтары мен жастар ұйымдарының қызметі жыл бойы жоғарыдағы желілерде насихатталды.


Жұмысшы жастармен жұмыс
Елбасының 2012 жылдың 17 қараша күні өткен «Жас Отан» Жастар қанатының II съезінде жұмысшы жастармен жұмысты күшейтіп, ірі кәсіпорындар мен мекемелерде жастар ісі жөніндегі арнайы құрылымдар құру бойынша нақты тапсырма берген болатын. Бұл тапсырманы орындау мақсатында өңірде маңызды жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, 2014 жыл басынан облыста қалалар мен аудандар әкімдіктері, жастар орталықтары мен ұйымдармен жұмысшы жастар арасында мақсатты іс-шаралар ұйымдастырылды.

Облыста 30-дан астам мекемеде жұмысшы жастармен кездесулер өткізілді, мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бағытталған қоғамдық-саяси маңызы бар іс-шараларға жастар белсенді қатысты.

Өңірде 17 өндірістік кәсіпорында жастар ісі Комитеттері мен кеңестері құрылды (2013 жылы – 5 мекемеде ғана жастар құрылымдары жұмыс атқарған). Мекемелерде ашылған жастар кеңестері мен комитеттердің басты мақсаты – жастардың мекеме қызметіне және қоғамдық өмірге қатысуын қамтамасыз ету, олардың кәсіптік және мансаптық өсуіне жәрдем ету, жас мамандардың ортақ және жеке проблемаларын анықтау болып табылады.

Биылғы жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жұмысшы жастармен қарым-қатынас жөнінде жоба іске асырылуда. Жоба аясында өңірдегі өндірістік мекемелердің жастары аясында семинар-тренингтер, спорттық сайыстар, жазғы лагерьлер, кездесулер өткізілуде.

Биылғы жылы облыстық жастар саясаты басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы арқылы жұмысшы жастармен өзара іс-қимыл жобасы іске асырылуда. Жобаны «Cyberspace» ақпараттық технологиялар қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруда.

Атап айтқанда, 23 шілде күні «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының мәжіліс залында «Жұмысшы жастар болашаққа нық сеніммен қарайды!» атты семинар - тренингі өткізілді. Семинар-тренингке қатысу үшін өңірдегі өндірістік кәсіпорындарының жас мамандары, Жастар кеңесінің төрағалары, «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшелері мен жастар ұйымдарының мүшелері шақырылды.

Сонымен қоса, жоба аясында «Әріптестер арасында шиеленісті шешу жолдары», Маңғыстау ауданы Шетпе селосында «Жұмысшы жастардың қоғамдық сана-сезімін арттыру» тақырыбында жастармен кездесу, Бейнеу ауданында «Жұмыстағы тәртіп – экономикалық өсімнің негізі» атты семинар ұйымдастырды.


Жастар арасында жұмыссыздықты алдын алу
2014 жыл басынан бері жастар арасында жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында облыс көлемінде маңызды жұмыстар атқарылды. Жастар жұмыссыздығын азайту және жұмыспен қамтылмаған жастар арасында әлеуметтік шиеленісті болдырмау жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспары бекітіліп, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен іс-шаралар жұмыстары жүргізілді.

2014 жылы жұмыспен қамту органдары арқылы 2006 жас жұмысқа орналасты. Қалалар мен аудандарда тұрақты түрде бос орындар жәрмеңкелері ұйымдастырылды.

«Дипломмен – ауылға», «Жастар практикасы» және «Жасыл Ел» жобалары аясында жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында маңызды жұмыстар атқарылуда.

2014 жылы «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша ауылдық елді мекендерге 955 жас маман жұмысқа орналасты.

«Жастар практикасы» жобасы бойынша уақытша жұмыс орындарына 718 жас түлек орналасты, 1233 жас қоғамдық жұмыстарға жолданды.

Сонымен қатар, 2014 жылы облыс аумағында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысын жүргізу мақсатында қалалық және аудандық бюджеттерден 19,600 млн. теңге көлемінде қаржы бөлініп, жоба аясында 800-ден астам жас облыстағы елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына тартылды.

Сонымен бірге, басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы арқылы Ақтау қаласында «Жастарды жұмыспен қамтуға қолдау көрсету» орталығы ашылып, жұмыс жасауда. Аталған орталық жұмысының негізгі бағыты - жастарды жұмыспен қамтуға қолдау көрсету, жастарға консультациялық және әдістемелік кеңестер беру.

Орталық қалалар мен аудандардағы жұмыспен қамту орталықтарымен тығыз қарым-қатынас орнатты. Орталық мамандары оқу орындарында мамандық таңдау, кәсіптік бағдар беру кездесулерін ұйымдастрып, жастарға маңызды консультациялар берді.



31 қазан күні орталық «Работа в Актау» белсенді жастар қозғалысымен бірлесе «Ренессанс» қонақ үйінде жұмыссыз жастарға «бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өтті. Аталмыш жәрмеңкеде 30 астам мекемеден 287 бос орын ұсынылып, 94 адам жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды.

Сонымен бірге, «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының ұйымдастыруымен жастарды жұмыспен қамтуға қолдау көрсетуге бағытталған бірнеше маңызды жобалар жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, «Сәтті қадам» атты жоғары оқу орындары түлектерін өңірдегі компанияларда, мемлекеттік органдарда және кәсіпорындарда тағылымдамадан өткізу.

Екінші маңызды жоба, бұл жастарға «Кеңес беру орталығы». Аталған орталық «Сары базарда» орналасқан.

Жоғарыдағы атқарылған жұмыстар нәтижесінде жастар арасында жұмыссыздық деңгейі ағымдағы жылдың ІІІ тоқсаны қорытындысы бойынша 4,9% құрады, бұл көрсеткіш өткен жылы осы мерзімде 8,0% болатын.

Сонымен бірге, басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Ақтау қаласында «Жастар кәсіпкерлігін қолдау орталығы» ашылып, жастарды кәсіпкерлікке тарту мақсатында бірнеше маңызды жұмыстар атқарды.

Атап айтсақ, маусым-тамыз айлары айларында облыстың қалалары мен аудандарындаауылдағы жастардың кәсіпкерлікке деген қызығушылығын ояту, жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету, мемлекеттік бағдарламаны толық түсіндіру мақсатында, 140 жасқа семинар-тренинг ұйымдастырды.

18 қазан күні «Ең үздік бизнес идея» жәрмеңкесі өткізілді. Оған 16 жас кәсіпкер өздерінің жобаларын ұсынып, жеңімпаз, үздік жоба иесіне 100 000 теңге көлемінде ақшалай қолдау көрсетілді.

Жалпы, жастар кәсіпкерлігін қолдау орталығына 108 жас келіп, қажетті консультациялар алды, сондай-ақ, телефон және интернет желілері арқылы 100-ден астам адамға кеңестер берілді.
Ауыл жастарымен жұмыс
2014 жылы жалпы, облыс көлемінде ауыл жастарымен жұмысты жаңа деңгейге көтеріп, олардың өңірдің қоғамдық-саяси іс-шараларына тарту жұмыстары белсенді жүргізілді.

Ауылдағы жастардың маңызды проблемаларын зерттеу және ауыл аймақтарындағы жастардың көкейтесті мәселелері мен ұсыныстарын талқылау мақсатында 6 наурыз күні Жаңаөзен қаласында облыстық ауыл жастарының II слеті өтті. Оған барлық аудандардың жас делегаттары қатысып, ауыл жастары өздерінің инновациялық жобаларын таныстырды.



27 - 29 тамыз күндері аралығында облыстық «Дарын» оқушыларға арналған демалыс базасында Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастыруымен «Жастар – Отанға!» ауыл жастарының жазғы саяси лагері өткізілді. 3 күндік лагерьге қатысушы жастарға тренингтер, сессия оқулары, психологиялық және логикалық тапсырмалар, сонымен қатар, спорттық жарыстар және әр түрлі шығармашылық конкурстар, жастардың жұмыс жасау қабілетін дамыту бағытында үлкен шара ұйымдастырылды.

Биылғы жылы екінші рет (өткен жылы алғаш рет ұйымдыстырылды) 31 қазан күнінен бастап «Ауылым – алтын бесігім» жастар керуенінің (әрі қарай – керуен) ауыл жастарымен кездесулері ұйымдастырылуда. Елді мекендердегі ауыл жастарымен кездесу барысында Елбасының Жолдауы, елімізде іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың негізгі міндеттері түсіндірілді. Керуен құрамына облыстық жастар саясаты және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ облыстық филиалдарының қызметкерлері, жастар ұйымдарының өкілдері кірді. Жаңаөзен қаласының Теңге, Мұнайлы ауданының Маңғыстау және Қызылтөбе, Маңғыстау ауданының Шетпе селосы, Қарақия ауданының Құрық селосында, Ақтау қаласының Өмірзақ ауылында, Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласында, Бейнеу ауданының Бейнеу селосында кездесулер, өтті.



Жастармен жұмыс жөніндегі кеңес туралы
Өңірдегі жастарға байланысты өзекті мәселелерді талқылау және шешу мақсатында облыс, қала, аудан әкімдері жанында Жастар ісі жөніндегі Кеңестері жұмыс жасайды.

Облыс әкімі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің 2 отырысы ұйымдастырылды. Ағымдағы жылдың 5 наурыз күні облыс әкімі А. Айдарбаевтың төрағалығымен облыс әкімі жанындағы Жастар ісі жөніндегі Кеңестің I отырысы, 29 қазан күні II отырысы өтті.

Аталған отырыстарда мемлекеттік жастар саясатын іске асыру және Кеңес жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар тапсырмалар беріліп, төмендегі мәселелер өз шешімін тапты, атап айтсақ:


  • Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда әр қалалар мен аудандарда жастар орталықтарының әр ауылдық елді мекендерге 1 нұсқаушы ұстау мүмкіндігі қарастырылды;

  • Қалалар мен аудандардағы жастар орталықтарда және білім беру ұйымдарында материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етілді;

  • Өндірістік мекемедегі жұмысшы жастарды мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бағытындағы барлық іс-шараларға белсенді тарту жұмыстары іске асырылып, өндірістік мекемелер мен кәсіпорындарда жастар ісі Комитеттері мен кеңестерін ашу жұмыстары белсенді жүргізілді;

  • Қалалық және аудандық жастар орталықтары қызметкерлеріне және ауылдардағы жастар ісі жөніндегі нұсқаушыларға арналған семинар-тренингтер, курстар ұйымдастырылды;

  • Қалалар мен аудандардағы мамандарды дайындау және қайта даярлау (еңбек құжаттары корочкалар беретін) кеңселері мен орталықтары қызметіне мониторинг жүргізілді және т.б.

Дарынды жастарды қолдауға бағытталған іс-шаралар
2014 жылы өңір бойынша дарынды жастарды қолдауға бағытталған қыруар жұмыстар атқарылды. Қалалар мен аудандар әкімдіктері, салалық басқармалар мен департаменттер тарапынан аталған бағыт бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілді.

Атап айтсақ, биылғы жылы 3 маңғыстаулық жастың тұңғыш кітаптары жарық көріп, оларды тұрғындарға насихаттау мақсатында, 24 қаңтар күні Ақтау қаласы 32 шағын ауданда орналасқан Ш.Есенов атындағы КМТжИУ университетінде Маңғыстау жерінің талантты тумасы, ақын Еңлік Қосбармақованың «Мен Тәуелсіздіктің құрдасымын», 12 наурыз күні Ақтау қаласы, Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-нің мәжіліс залында Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, жас ақын Аллаберген Қонарбаевтың «Жүрегім, жырым Маңғыстау», 20 наурыз күні Ақтау қаласындағы Н. Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының кіші залында маңғыстаулық жас ақын Кенжебек Сержанның «Бейбіт елдің ұланымын» атты кітаптарының тұсаукесер іс-шаралары өткізілді.

22 мамыр күні Ақтау қаласында облыстық жастар Дельфийлік ойындары өтті. VIII облыстық жастар Дельфийлік ойындарына Маңғыстау облысының барлық қалалар мен аудандарынан 12 номинация бойынша 120-ға жуық жас қатысты. Конкурс нәтижесінде үздік шыққан өнерпаздар Орал қаласында өткен Республикалық сайысқа қатысып, жеңіспен оралды.

9 тамыз күні 12 тамыз - Халықаралық жастар күні және Каспий күніне орай, «Каспий» спорт кешенінде облыстағы жастар орталықтары мен ұйымдары арасында шағын футболдан турнир өтті. Турнирді өткізудің мақсаты – мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, атаулы күндер қарсаңында өткізілетін іс-шараларға облыс жастарын тарту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және құқықбұзушылықты алдын алу, облыстағы жастар ұйымдары мен жастар орталықтарының өзара қарым-қатынасын нығайту болды.

15 тамыз күні облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Жас ұлан» ҚБ ұйымдастыруымен 7 шағын аудан, «Алина» теңіз жағалауында «Rap Battle» атты жас рэп орындаушылар арасында фестиваль өтті. Фестивалдің мақсаты – жастарды қоғамдық шараларға белсене қатыстырып, талантты, дарынды қатысушылардың өнерін ұштау.

18 қыркүйек күні Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Ақтау» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Студент-жас, спортқа қадам бас» атты спорттық сайыс өткізілді. Спорттық шараның басты мақсаты - жастарды спортпен шұғылдануға, белсенділікке, қайсарлыққа, әділ болуға, студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануға,олардыңарасындаәріптестік қарым-қатынасты, ұйымдастырушылықты нығайтуға шақыру.

18 қараша күні Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен М. Өскімбаев атындағы облыстық филармонияда Маңғыстау облысы «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Х-шы маусымының облыстық жабылу салтанатты рәсімі өтті. Шара барысында «Ең үздік топ», «Ең үздік серіктестік», «Ең үздік штаб», «Ең үздік сарбаз» номинациялары бойынша үздік деп танылғандарды марапатталды.

27 қараша күні басқарманың қолдауымен М. Өскімбаев атындағы облыстық филармонияда «Жайдарман» КВН ойындарының Маңғыстау облыстық ашық чемпионатының жоғары лигасының финалдық ойындары өтті.

28 қараша күні «Нұр Плаза» қонақ үйінде жоғары техникалық және кәсіптік оқу орындары студенттерінің ой біліктіліктерін арттыру мақсатында «Интелект - 2014» зияткерлік сайысының финалдық кезеңі өтті. Сайыс қорытындысы бойынша «Маңғыстау гуманитарлық колледжінің» студенттері бас жүлдені иеленді.

Жастар арасында патриотизм мен отансүйгіштікті

насихаттау жұмыстары
Жастар арасында патриотизм мен отансүйгіштікті насихаттау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілді.

Атап айтқанда, 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні орай, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және Маңғыстау облысының әкімдігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 4 маусымы күні Ақтау қаласында «Менің Қазақстаным» атты республикалық патриоттық жастар фестивалі өтті.

Оның аясында, «Мемлекеттік ресми рәсімдер алаңынан» 14 шағынаудандағы «Астана» сауда орталығы алдындағы теңіз жағалауға дейін Мемлекеттік рәміздерді және қазақстандық патриотизмді насихаттауға бағытталған мерекелік шеру өтіп, жастар патриоттық акциясы ұйымдастырылды.

4 шілде күні облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, облыстық кітапханада «Астана – менің сүйікті қалам» атты жастардың өңірдің қоғам қайраткерлерімен кездесуі өткізілді.

4 шілде күні облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, Ақтау қаласының «Халыққа қызмет көрсету орталығында» Астана қаласының құрдастарына жеке куәліктерді тапсыру салтанатты рәсімі өткізілді. Іс-шараға облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Е. Күмісқали, облыстық мәслихат депутаты А. Сахимов қатысты.

22-24 шілде күндері Ақтау гарнизонының № 25744 әскери бөлімшесінде, Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша әскери-патриоттық спорттық сауықтыру жастар лагері ұйымдастырлды. Лагерьді ұйымдастырушы - «Қайсар» әскери-патриоттық клубтары» қоғамдық бірлестігі. Лагерь жұмысына өңіріміздің әр ауданы мен Жаңаөзен қаласынан 35-ке жуық жас азаматтар қатысты.  Үш күн ішінде лагерьге қатысушылар жалпы әскери өмір туралы мағлұмат алды, оның ішінде әскери техникалармен танысып, дене шынықтыру мен сауықтыру жаттығуларына арналған спорттық жарыстарға қатысты.

Сонымен қоса, жастар арасында діни экстремизмді алдын алу және этникааралық келісімді нығайту» жобасы аясында кәсіптік-техникалық білім беру орындарында жастармен кездесулер ұйымдастырылды.



5 қараша күні «Ренессанс» қонақ үйінде «Дін және ұрпақ тәрбиесі» атты тақырыбында облыстық конференция өткізілді.Іс-шараға облыстық Бекет-ата мешітінің бас имамы С. Сейітбеков, жастар ұйымдарының белсенділері мен жоғары және кәсіптік-техникалық оқу орындарының студенттері қатысты. Конференция барысында өңірдегі діни ахуал, дін саласындағы мемлекеттік саясат, діни экстремизмді алдын алу бағытындағы шаралар және жастардың діни сауаттылығын арттыру мәселері талқыланып, түсіндірілді. Сондай-ақ, жастар өз тарапынан қойылған сұрақтарына жауап алып, ой-пікірлерімен бөлісті.

1 қазан күні Ақтау қаласының теңіз жағалауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өңір жастарымен кездесуі өтті, кездесу аясында Елбасы Ақтау қаласынан бастау алған «Менің елім – Мәңгілік ел»: Каспийден Алтайға дейін» жастар этнографиялық экспедициясының қатысушыларына сәт-сапар тіледі. Экспедиция құрамына өңірдегі белсенді жастар Б. Жайлау, Г.Бурхандинова, Г. Хачатурян, Б.Төлегенұлы кірді. Экспедиция республикамыздың барлық облыс орталықтарында болып, кейін Астана қаласына барды. 1 желтоқсан күні экспедиция мүшелері Елбасының қатысуымен өткен «Бір Отан!Бір Тағдыр!Бір Елбасы» атты патриоттық іс-шараға қатысып, оның барысында Б. Жайлау және Г. Хачатурян сөз сөйледі.

Жалпы, қалалар мен аудандарда жастар саясатын іске асыру бағытында 600-ге жуық түрлі іс-шаралар (дөңгелек үстелдер, акциялар, семинарлар және т.б.) өткізілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет