Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме – библиография бөлімі


«Алаш қозғалысы: Аңыз және Ақиқат»



Pdf көрінісі
бет2/27
Дата14.11.2023
өлшемі0.6 Mb.
#483209
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
«Алаш қозғалысы: Аңыз және Ақиқат» 
 
«Көзіңді аш, оян қазақ,көтер басты, 
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп, 
Қазағым, енді жату жарамасты» 
(Мыржақып Дулатов) 
20 ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында жаңа жағдай қалыптасты. 
Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі, қазақ жерінің орыс 
мемлекетінің меншігі етіп жариялануы, осыған орай ішкі Ресейден қоныс 
аударушылар легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке 
жарамды жерлерден ысырылуы, дәстүрлі қазақ шаруашылығының дағдарысқа 
ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың көріністері еді. Сол кездегі қазақ 
қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не 
өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Бірақ ендігі уақытта жеке 
батырлар бастаған қол түзіп, қару асынып көтеріліске шығу нәтиже бере 
қоймайтын еді. Қалыптасқан жаңа саяси жайға лайық жаңа күрес құралдары, 
әдіс-айла қажет болды, ең негізгісі халыққа оның алдында тұрған негізгі 
мақсат-мүдделерін түсіндіріп жеткізетін жаңа саяси әлеуметтік күшке 
сұраныс үлкен еді. Ондай саяси күштің қалыптасып келе жатқанын 1905-07 
жылдардағы оқиғалар көрсетіп берді. Ол күш – сан жағынан аз болғанымен, 
саяси күрес қазанында қайнап, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция 
болатын. Осы бірінші орыс революциясы жылдары ұлттық зиялылар кейін 
Алаш қозғалысы атанған қоғамдық қозғалысытың негізін қалады. 
1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарқаралы хұзырхаты 
(петициясы) оның бағдарламалық құжаты болатын. Оны дайындағандар: Ә. 
Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Жақып Ақбаев. Осы мезгілден бастап Ә. 
Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов жетекшілік еткен ұлттық зиялылар 
жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа нысаналы сипат беру үшін 
газет шығару, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату, Мемлекеттік 
Дума жайындағы мұсылман фракциясы жұмысына, жалпыресейлік мұсылман, 
түркішілдік қозғалыстарға атсалысу сияқты қазақ қоғамына бейтаныс күрес 
әдістерін игере бастады. 
Бұл құзырхатты өз қолымен Петербургтағы үкімет орындарына 
тапсырушы Ә. Бөқейханов болды. Осыдан кейін алаш зиялылары қуғын-
сүргінге ұшырады. 
Патшалық Ресей 1904 жылы қоныс аудару, жерге орналастыру 
басқармасын құрып, отарлау саясатын жалғастырды. Қазақтың көптеген 
құнарлы жерлерін тартып алып, келімсектерге берді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет