Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме – библиография бөлімі Ерлік толы даламыз, батыр біздің


Амангелді – Рахмет ауылы арасындағы көтерме жол бойындағы Бегімбет Алакөлі



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата10.11.2023
өлшемі0.62 Mb.
#482878
1   2   3   4   5   6   7
 
Амангелді – Рахмет ауылы арасындағы көтерме жол бойындағы Бегімбет Алакөлі 
қорымы. Рахмет ауылынан 25 шақырым. Осы жерде Амангелдінің бірінші әйелі Рәш 
Сайдалықызы жатыр (1886 – 1920). Торғайдан Амангелді батыр сүйегін 1920 жылы 
осы жерге әкеліп жерлеген. Батыр сүйегін 1940 жылы Амангелді ауданы 
қорымына, 1956 жылы Амангелді ескерткіші жанына жерлеген.

 



17 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Азаттық туын көтерген, халықтың ұлы – қас батыр!» 
 
 

Қопабай баласы ақын Қарсақ қазақ ауыз әдебиетін дамытуға өзіндік үлес 


қосқан, өз заманының дүлдүлі, арқалы, рухты, дара дарын болған. Қарсақ 
ақынның 1944 жылы Аманкелдінің ауылында оның жау қолынан қаза 
тапқанына 25 жыл толуын еске түсіруге арналған жиында толғаған үлкен 
толғауы. 
Қазақта шыққан батыр Аманкелді, 
Айтайық, ауызға алып кемеңгерді. 
Ескерткіш 25 жыл үлкен думан, 
Жинадың тамаша ғып тәмам елді. 
Батырдың 
батырлығы 
жұрттан 
асқан, 
Жолына социализм қадам басқан. 
Жасынан еңбекшіге қорған болған, 
Байлармен 
сол 
кезде-ақ 
қарсыласқан. 
Көрсеткен өз тұсында батырлықты, 
Дұшпанын ерегескен жерге тықты. 
Дәуіріне 
патшалықтың 
қарсы 
болған, 
Ол кезде жан болған жоқ ондай 
мықты. 
Халықтың қамын ойлап қорған 
болды, 
Шығарды сан адамды түскен 
тордан. 
Заңына Николайдың қарсы болып, 
Соқтырды қару-жарақ өзі қолдан. 
Болды ғой өзі батыр, өзі мерген, 
Қайраты артық болды талай ерден. 
Бостандық адамзатқа бола ма деп. 
Жиналып дүйім халық соңына 
ерген. 
Қайраты бала жастан судай тасты, 
Соңына ертіп алды талай жасты. 
Патшаға қарсы болып ұйымдасты, 
Жылына мың тоғыз жүз он 
алтыншы. 
Қазақтың жол бастады баласына, 
Сарыарқа әскер жинап даласына. 
Ленинмен 
ауызба-ауыз 
сөйлеспекке, 
Барды ғой Петроград қаласына. 
Ұлы көсем батырымды қарсы 
алған, 
Мақсаты қабыл болды іздеп барған. 
Тағынан Николайды бір құлатсақ, 


18 
Біздерде қалмас депті ешбір арман. 
Не күшті ұйымдасқан ұйым күшті, 
Көсемдер қолға алса бұл жұмысты. 
Барар жер, басар тауы қалмаған 
соң, 
Қуылып сұм Николай тақтан түсті. 
Партия өкіметпен орналасты, 
Елімнің қараңғыдан көзін ашты. 
Ортада қызыл туды көтерген соң, 
Ел жеген қу мен сұмдар бізден 
қашты. 
Тілегі батырымның қабыл болды, 
Қиратқан қамал бұзып, шынжыр 
торды. 
Халқына Қазақстан ат бергізіп, 
Жеткізді дәрежеге біздің қолды. 
Халықтың біздің ел көзін ашқан, 
Бір бауыр – орыс, қазақ араласқан. 
Бірлескен 
біздің 
күшке 
кім 
шыдайды, 
Жеңіліп немістер де қайта қашқан. 
Жықпайды қамаған жау қызыл 
тілді, 
Жастарым тәуекелге белін буды. 
Батырдан 
тағылым 
алған 
геройларым, 
Фашистке қырғын беріп қайта 
қуды. 
Бұл батыр 25 жыл болған бұрын, 
Ден 
қойып 
аңғарғанға 
сөзім 
шырын. 
Жаулардан 
жеңіліс 
тауып 
қырылуы, 
Батырға қылған тойып болған 
ырым. 
Біздің ел жауға жерін бере 
алмайды, 
Жау көрсе бойын тежеп тұра 
алмайды. 
Орнаған 
байлық 
пенен 
бостандықты, 
Сырттағы дұшпан күндеп көре 
алмайды. 
Батырым ойлап өскен елдің қамын, 
Халқы үшін аямаған жаудан 
жанын. 
Шаттықпен 
Қазақстан 
қылған 
тойын, 
Халқына бүкіл елдің болды мәлім, - 
деп Қарсақ ақын Аманкелді батырдың ерлігін, адамгершілігін, елге сіңірген 
еңбегін жырлайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет