Облыстың 2013-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері



жүктеу 325.54 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі325.54 Kb.
Облыстың 2013-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері




Көрсеткіштердің атаулары

2013 жыл


2014 жыл


1

2

3

4

1

Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ), млрд.теңге

2142,4

2362,4

2

Жан басына шаққандағы ЖӨӨ, мың теңге

791,7

855,6

3

Халық саны, мың адам

2 733,3

2 788,7

4

Орташа жылдық өмір сүру минимумы, теңге

16 262

17 439

5

Жұмыссыздық деңгейі, %

5,5

5,3

6

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК), теңге

1731

1852

7

Минималды еңбек ақы, теңге

18 660

19966



2014 жылдың қорытындысымен облыстық бюджеттің атқарылуы туралы
2014 жылы облыстық бюджеттің кірістері 399 168,2 млн.теңгені құрап, жоспар 100,2%-ға орындалды және 2013 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 56 044,5 млн.теңгеге көп немесе 16,3%-ға жоғары.

Атауы

2013 жылы нақты түскені

2014 жыл

2014-2013 жылмен салыстырғанда

Жылдық жоспар

Нақты түскені

Айырма

%

%

сома

КІРІСТЕР

343 123,7

398 494,2

399 168,2

674,0

100,2

116,3

56 044,5

оның ішінде






















Салықтық түсімдер

13 930,5

10 085,5

10 441,3

355,8

103,5

75,0

-3 489,2

Салықтық емес түсімдер

1 785,5

2 176,9

2 494,4

317,5

114,6

139,7

708,9

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

12,1

10,4

11,0

0,7

106,6

90,9

-1,1

ТРАНСФЕРТТЕР

327 395,6

386 221,5

386 221,5

0,0

100,0

118,0

58 825,9

оның ішінде






















Субвенция

220 321,9

254 747,4

254 747,4

0,0

100,0

115,6

34 425,5

Ағымдағы нысаналы трансферттер

66 894,2

90 840,0

90 840,0

0,0

100,0

135,8

23 945,8

Нысаналы даму трансферттер

38 913,5

37 895,7

37 895,7

0,0

100,0

97,4

-1 017,8

Салықтық түсімдер 10 085,5 млн.теңгенің орнына 10 441,3 млн.теңгені құрап, жоспар 103,5%-ға немесе 355,8 млн.теңге асыра орындалды. 2013 жылмен салыстырғанда түсімдер 3 489,2 млн.теңгеге азайған, себебі жеке табыс және әлеуметтік салықтардың облыстық бюджет пен аудан (қала) бюджеттері арасында бөлу нормативтеріне байланысты болып отыр.

Жалпы облыс бойынша (контингент) 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы табыс салығы 2 347,2 млн.теңгеге, әлеуметтік салық 1 864,8 млн.теңгеге артқан.

Жеке табыс салығы бойынша түсімдер 5 042,9 млн.теңгені құрап, жоспар 103,4%-ға немесе 163,7 млн.теңгеге асыра орындалды.

Әлеуметтік салық бойынша жоспардағы 3 859,8 млн.теңгенің орнына 4 079,2 млн.теңге түсіп, жоспар 105,7%-ға немесе 219,4 млн.теңгеге асыра орындалды.



Салықтық емес түсімдер жоспары 114,6%-ға орындалды немесе 2 176,9 млн.теңгенің орнына 2 494,4 млн.теңге түсіп жоспар 317,5 млн.теңгеге асыра орындалды және 2013 жылмен салыстырғанда 708,9 млн.теңгеге көп немесе 39,7%-ға жоғары.

Атауы

Жылдық жоспар

Нақты түскені

%

Айырма

Салықтық түсімдер

10 085,5

10 441,3

103,5

355,8

Жеке табыс салығы

4 879,2

5 042,9

103,4

163,7

Әлеуметтік салық

3 859,8

4 079,2

105,7

219,4

Салықтық емес түсімдер

2 176,9

2 494,4

114,6

317,5

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

10,4

11,0

106,6

0,7

Трансферттердің түсімдері 386 221,5 млн.теңгені құрады немесе жоспар 100%-ға орындалды.

Республикалық бюджеттен 383 483,1 млн.теңге нысаналы трансферттер түсті, атап айтқанда ағымдағы нысаналы трансферттер 89 792,5 млн.теңгені, нысаналы даму трансферттері 37 895,7 млн.теңгені, субвенциялар 254 747,4 млн.теңгені құраса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві есебінен 1 047,5 млн.теңге бөлінді.



Кірістер бойынша облыстық бюджетінің орындалуы, млн.теңге




15 728,1

14 946,9

12 946,8

12 272,7




2014 жылы облыстық бюджеттің шығындары 99,9%-ға немесе ттүзетілген бюджет жоспарындағы 406 318,1 млн.теңгенің 406 050,9 млн.теңгесі иигерілді.

Бюджеттің атқарылу құрылымында ең үлкен үлес салмақты білім беру – 18,0%, денсаулық сақтау – 19,6%, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 10,0%, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 4,0%, ауыл,су,орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары – 7,4%, көлік және коммуникациялар – 3,8% шығындары құрады.


млн.теңге










Атауы

Жылдық жоспар

Орындалуы

%

Айырма

ШЫҒЫСТАР барлығы:

406 318,10

406 050,90

99,9

267,2

оның ішінде:













ШЫҒЫНДАР:

396 687,30

396 420,10

99,9

-267,2

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

4 957,30

4 954,90

100

-2,4

Қорғаныс

376,8

373,4

99,1

-3,4

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

9 880,70

9 880,40

100

-0,3

Бiлiм беру

73 162,90

73 154,20

100

-8,6

Денсаулық сақтау

79 572,60

79 552,10

100

-20,5

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

7 314,80

7 310,80

99,9

-4

Тұрѓын үй-коммуналдық шаруашылық

40 736,80

40 732,20

100

-4,6

Мәдениет, спорт, туризм жғне ақпараттық кеңістiк

15 554,90

15 551,00

100

-3,9

Отын-энергетика кешенi жғне жер қойнауын пайдалану

11 515,30

11 515,30

100

0

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны жғне жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

30 180,50

30 163,80

99,9

-16,7

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

324,8

324,8

100

0

Көлiк жғне коммуникация

15 400,40

15 382,60

99,9

-17,7

Басқалар

15 530,00

15 345,20

98,8

-184,9

Борышқа қызмет көрсету

83,4

83,4

100

0

Трансферттер

92 096,20

92 096,20

100

0

БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕР

5 439,70

5 439,70

100

0

ҚАРЖЫЛЫҚ АВТИВТЕРДІ САТЫП АЛУ

3 000,00

3 000,00

100

0

ҚАРЫЗДАРДЫ ӨТЕУ

1 191,10

1 191,10

100

0





Республикалық бюджеттен трансферттер 99,8%-ға орындалды (жоспар 127 688,1 млн. теңге болғанда орындалу 127 382,5 млн. теңге құрады), соның ішінде:

  • даму трансферттері – 99,7% (37 895,7 млн.теңге);

  • ағымдағы трансферттер – 99,8% (89 792,4 млн.теңге).


Олардың ішінде, Бизнестің жол картасы-2020 бойынша жоспардағы 6 846,0 млн. теңгеден игерілу 6 716,0 млн. теңгені немесе 98,1% құрады. Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы бойынша жоспардағы 15 717,4 млн теңгенің 15 549,8 млн.теңгесін немесе 98,9 % құрады.


Әлеуметтік сала
Әлеуметтік сала бойынша шығыстар 4 функционалдық топты құрады, атап айтсақ, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік.

млн.теңге


Білім беру» функционалды тобы бойынша 2014 жылы 73162,9 млн.теңге қаржы қаралып, оның 73154,2 млн.теңгесі игерілді немесе 100,0%-ға орындалды.

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырыстарын іске асыруға аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» жоспардағы 15 866,8 млн. теңге 100%-ға игерілді.

2014 жылдың қорытындысымен облыс бойынша 3-6 жастағы баланы қамту жоспары 76,8 пайызға немесе 0,5 пайызға артығымен орындалды. Жалпы облыс бойынша 1-6 жастағы 152 515 баланы, оның ішінде 3-6 жастағы 146 450 баланы қамтитын (76,8%) 1416 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс атқаруда.

606 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда 62 395 бала қамтылып, ол жалпы баланың 41,0% құрап отыр. Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың 561-де 54862 бала мемлекеттік білім беру тапсырысымен орналастырылып тәрбиеленуде.

«Арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беру» бюджеттік бағдарламасында 2 195,9 млн теңге игеріліп, жоспар 100%-ға орындалған. Аталған бағдарлама бойынша 14 қосалқы және дивиантты мінез - құлықты балалар мектеп-интернаттары қаржыландырылып, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, 2476 оқушылардың мүмкіндігіне қарай жан-жақты терең білім беру және қоғамда өмір сүруге бейімделуіне жағдайлар жасалынып, жұмыстар жүргізілді.

«Мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2 907,3 млн. теңге игерілді, немесе 100%-ға орындалған. Жалпы облыстық білім басқармасына қарасты 2 399,1 бірлік штат кестесі бар дарынды балаларға арналған 18 мектеп-интернаттар ұсталынды. Оқытылатын балалар саны - 7161, оның ішінде: ағылшын тілінде оқитын бала саны - 6892, түрік тілінде - 737, физика-математиканы тереңдетіп оқытуда 292 бала, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ-ның оқу бағдарламалары бойынша 125 мұғалім, 4 директор біліктілігін арттырудан өтті.

2014 жылы облыстың 700-ден аса дарынды оқушылары халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарына қатысып, жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар, 2013-2014 оқу жылында мамандандырылған білім мекемелерінің оқушылары халықаралық жарыстарға қатысып 980 - оқушы жүлделі орындарды иеленді, республикалық сайыстардан - 80 оқушы жүлделі орын, 7 оқушы мемлекеттік грант иелері атанды.

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 8 703, 9 млн. теңге игерілді, немесе жоспар 100%-ға орындалған. Оның 665,8 млн теңгесі республикалық бюджеттен жұмсалды.

Облыстағы 42 мемлекеттік колледжде 39162 оқушы, 50 жекеменшік колледжде 36438 оқушы, соның ішінде мемлекеттік тапсырыспен оқитыны 28902, яғни 38,2%-ды құрайды (25940 студент мемлекеттік колледжде, 2768 студент жекеменшік колледжде білім алуда).

Колледждерде дуалды оқыту жүйесін жетілдіру, әлеуметтік әріптестермен байланысты нығайту, облыс көлемінде кәсіпорындармен жасасқан келісім шарттарға талдау жасап, кадрлар даярлаудың сапасын арттыру бойынша кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп 24 колледжде 37 мамандық бойынша дуалды оқытудың экспериментті режимімен 4 жақты келісім-шарт жасасып, жұмыс жүргізіп отыр. Оның ішінде 17 колледж мемлекеттік, 7 колледж жеке меншік.

2014 жылы 1024 әлеуметтік әріптестермен меморандумға тұрып, оқушылардың өндірістік практикадан өтуіне, бітірушілерді жұмыспен қамтылуына қол жеткізілді. Сонымен қатар, 915 оқушыға әлеуметтік жәрдем, 856 оқушыға арнайы стипендия тағайындалып, 70 әлеуметтік әріптестер білім беру ұйымына материалдық-техникалық базасын жаңартуға көмек көрсетті.

«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасын іске асыру шеңберінде кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 957,9 млн теңге игерілді. Игерілмеген 8,0 млн теңге нақты шығыстардан үнемделуінен орын алды.

Бағдарлама аясында мамандық алмаған, жұмыссыз жүрген жастарды оқуға тарту мақсатында 19 колледжде 16 мамандықтың 27 біліктігі бойынша 2653 оқушы білім алды.

«Балалар мен жеткіншектердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық - медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету» бағдарлама бойынша 335,0 млн. теңге қаралып, 100% орындалды.

Балалар мен жеткіншектердің психикалық денсаулық және халыққа психологиялық-медициналық педагогикалық консультациялық көмек көрсету бойынша білім басқармасына қарасты 2 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес, 1 оңалту орталығы, 16 – психологиялық–педагогикалық түзету кабинеттерінің қызмет етуіне жұмсалды.

Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, оларды білім беру үрдісіне қосу, дені сау балалармен бірге оқытып теңестіруге қол жеткізу мақсатында 3337 бала инклюзивті (ықпалдастыра) білім алуда. Сонымен қатар, оқу жылында кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдай отырып облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес – 8144, қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес – 5861 баланың қоғам өмiрiне қатысу мүмкiндiктерiн жасауға бағытталған арнаулы әлеуметтiк, медициналық және бiлiм беру қызметтерiн көрсетті. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттеріне 1364 бала қамтылды.

«Білім беру объектілерін салуға және қайта жаңартуға республикалық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы бойынша 24 575,5 млн.теңге қаралып, 100%-ға игерілді.

Бағдарлама шеңберінде 107 білім беру нысандарының құрылысы жүргізілді, атап айтқанда, Сарыағаш ауданында 22 нысан, Шымкент қаласында 19 нысан, Мақтаарал ауданында 8 нысан, Қазығұрт, Төлеби, Түлкібас аудандарында және Түркістан қаласында 7 нысаннан, Сайрам және Бәйдібек аудандарында 6 нысаннан, Ордабасы ауданында және Кентау қаласында 5 нысаннан, Созақ ауданында 4 нысан, Арыс қаласында 2 нысан, Шардара және Отырар аудандарында 1 нысаннан.

Жыл қорытындысымен жоспарға сәйкес 38 нысан пайдалануға тапсырылды, (оның ішінде, жалпы 10 696 оқушы орынды құрайтын 27 мектеп және 2150 орынды құрайтын 11 балабақша) және 2015 жылға өтпелі 69 нысандар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес толық атқарылды.

Сонымен бірге, 3 жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 1-і бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды, ал 2-і бойынша орындалған жұмыс көлемінің болмауынан мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынған жоқ (Бәйдібек ауданы Ынтымақ ауылындағы 100 оқушы орындық Жиренов және Сарқырама ауылындағы 150 оқушы орындық Орманов мектептері)

«Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспардағы 2 082,7 млн.теңге қаржы толық 100%-ға игерілді.

Бағдарлама шеңберінде 8 нысанның құрылысы жүзеге асырылып, оның ішінде жоспарға сәйкес 3 нысан пайдалануға берілді (750 оқушы орындық, 450 орындық жатақхана және 50 орындық асхана). Қалған 5 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес аяқталып, 2015 жылға өтпелі болды.

Сондай-ақ, 5 жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеу жұмыстары жүргізіліп, жобалар мемлекеттік сараптамадан өткізілді.



«Денсаулық сақтау» функционалды тобы бойынша 2014 жылы 79 572,6 млн.теңге қаржы қаралып, оның 79 552,1 млн.теңгесі игерілді немесе 100%-ға орындалды.

Денсаулық сақтау саласында: 64 нысан, оның ішінде облыстық бюджеттен – 51 іске қосылды. Облыс бойынша бүйрек алмастыру операциялары жасалуда, аймақтар арасында алғаш рет бауыр алмастыру жасалды. Бала өлімінің төмендеуі (тірі туылған 1000 шаққанда шаққанда) 11,3 көрсеткішті құрады (жоспар-12,4).

2014 жылы облыс тұрғындарына 119 заңды тұлғалар қызмет көрсетті, оның ішінде 21 мемлекеттік мекемелер, 95 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар және 3 шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық мекемелер.

«Туберкулезден, жұқпалы аурулардан, психикасының бұзылуынан және жүйкесі бұзылуынан, оның ішінде жүйкеге әсер ететін заттарды қолдануға байланысты зардап шегетін адамдарға медициналық көмек көрсету» бойынша 8 011,0 млн.теңге толық игерілді немесе 100%-ға орындалды.

«Диабет ауруларын диабетке қарсы препараттарымен қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарлама бойынша барлығы 494,8 млн.теңге бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен 456,4 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 38,4 млн.теңгені құрады. Бұл қаржылар есебінен 3013 диабетпен ауыратын науқастар үшін диабетке қарсы препараттар сатып алынды.

Қазақстан Республикасына ЖҚТБ алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыру» бойынша 2014 жылға 1188,9 млн.теңге бөлініп, толықтай игерілді. Бағдарламаның қаражаты есебінен 2 мемлекеттік мекеме – облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы және «Ана мен бала» облыстық реабилитациялық орталығы ұсталады.

Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлауға 324,3 млн. теңге қаралып, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының біліктілікті жоғарылатудан 7033 дәрігер және орта медицина қызметкерлері өз біліктілігін көтеруден өтті.

Республикалық бюджет қаражатынан көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда, тұрғын халыққа, аудандық маңызы бар және село денсаулық сақтау субъектілерінен басқа, медициналық ұйымдарда амбулаториялық-емханалық көмек көрсету» бюджеттік бағдарлама бойынша 2399,1 млн.теңге немесе 100%-ға игерілді.

«Халықтың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен және мамандандырылған балалар және емдік тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету» іске асыруға жоспардағы 3178,9 млн.теңге 100%-ға орындалды. Осы бағдарлама есебінен тегін дәрі-дәрмектермен 5 жасқа дейінгі 32 923 бала, құрамында темір, йод бар препараттармен 14977 жүкті әйелдер, амбулаториялық емдеу кезінде дәрі-дәрмектермен 11704 бала және 237238 ересектер қамтамасыз етілді.

«Денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарының күрделі шығыстары» бойынша медициналық ұйымдарында күрделі жөндеу жүргізуге және материалдық-техникалық жабдықтауға 5757,5 млн.теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 609,3 млн.теңге, жергілікті бюджет есебінен 5147,6 млн.теңгеге орындалды.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен медициналық құрал-жабдықтың 29 бірлігі 609,3 млн.теңгеге сатып алынды.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен 3 денсаулық сақтау объектісінде күрделі жөндеу жүргізілді, оның ішінде 1 объекті 2015 жылға өтпелі.

«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде орналасқан дәрігерлік амбулаторияларды және фельдшерлік акушерлік пункттерді салу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 602,7 млн.теңге қаралып, толықтай игерілді. Аудандық және қалалық жұмыспен қамту орталықтарынан жұмыс орындарын құру жолымен «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы шеңберінде денсаулық сақтаудың 12 объектісінің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Халыққа медициналық көмек көрсету үшін қолайлы жағдайлар жасалды.

«Денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау» бағдарламасы бойынша жоспардағы 9 747,7 млн.теңгенің 9 728,0 млн.теңгесі игерілді немесе жоспар 99,8%-ға орындалды, игерілмеген қаржы 19,7 млн.теңгені құрады.

2014 жылы республикалық бюджет есебінен 3 нысанның құрылысына 5 881,2 млн.теңге қаралып, толық игерілді, ал облыстық бюджет есебінен 55 нысанның құрылысы мен қайта құрылымдау жұмыстарына және 34 нысанның жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге 3 866,4 млн.теңге бөлініп, оның 3 846,8 млн.теңгесі немесе 99,5%-ға игерілді.

Нәтижесінде, 51 нысан бойынша жүргізілген құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, нысандар іске қосылды, қалған 4 нысанның құрылыс жұмыстары 2015 жылға өтпелі және 34 жобалық-сметалық құжаттаманың 25-сі бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған, ал, қалған 9 жоба бойынша орындалған жұмыс көлемінің болмауына байланысты мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынбаған және 19,7 млн.теңгесі игерілмеген.

«Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде орналасқан дәрігерлік амбулаторияларды және фельдшерлік акушерлік пункттерді салу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 839,9 млн.теңге қаралып, толық 100%-ға игерілді.

Бұл қаржылар есебінен облыстағы елді мекендерде 10 дәрігерлік амбулаторияларының құрылысы жүргізіліп, барлығы пайдалануға берілді, атап айтқанда, Төлеби ауданында ауысымында 50 адамнан 1 дәрігерлік амбулатория; Сарыағаш ауданында ауысымында 25 адамнан 3 дәрігерлік амбулатория; Мақтаарал ауданында ауысымында 25 адамнан және 5 төсектік 2 дәрігерлік амбулатория; Түркістан қаласында ауысымында 50 адамнан 2 дәрігерлік амбулатория және Шымкент қаласында ауысымында 25 адамнан және 100 адамнан қабылдауға арналған 2 дәрігерлік амбулаториялары.

Сонымен бірге, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері арқылы тіркелген 53 адам жұмыспен қамтылды.

«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» функционалды тобы бойынша 2014 жылы 7 314,8 млн.теңге қаржы қаралып, оның 7 310,8 млн.теңгесі игерілді немесе 99,9%-ды құрады.

2014 жылы облыс бюджеті қаржысы есебінен тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың 16 коммуналдық мемлекеттік мекемелері ұсталды, атап айтқанда 1- қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі, 1 тірек - қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі, 1-балаларға арналған психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі, 4 мекеме-18 жастан асқан психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі, 1-мүгедектерді оңалту орталығы, 5-мүгедек балаларды оңалту орталығы, Кентау қаласындағы арнаулы кәсіптік колледж - 1, және 2-ардагерлер үйі қамтылды

Осы мемлекеттік мекемелерді ұстау үшін 2 479,4 млн.теңге жұмсалды.

«Мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы 512,1 млн. теңгеге игерілді.

2014 жылы санаторлық-курортық емделуді 2975 адам алды, оның ішінде: «Біркөлік» шипажайында – 1319 адам, «Күлпаршын» шипажайында – 644 адам, «Арыс» шипажайында – 1012 адам сауықтандырылды.

Мұқтаж мүгедектерді 960 дана сурдоқұралдарымен, 7759 дана тифло- құралдары, 696 дана қол арбамен және 446 мүгедек адам есту протездік қызметімен қамтамасыз етілді.

«Мүгедектер мен ардагерлерді оңалту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 45,7 млн.теңгеге медициналық көрсеткіштермен 610 адам «Спутник» арнайы санаториясының базасында демалып өз денсаулықтарын жақсартты.

«Протездеу бойынша медициналық көмек және протезді-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету және оларды пайдалануды оқыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 141,2 млн.теңгеге мұқтаж мүгедектерге 1820 дана протездік бұйым 3461 медициналық көмектермен қамтамасыз етілді.

«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ағымдағы іс-шараларды іске асыру» бағдарламасы бойынша 248,6 млн. теңге бөлініп, толықтай игерілді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыспен қамту орталықтарына келген 56002 адаммен әлеуметтік келісім-шарттар түзілді. Оның ішінде: өздігінен жұмыспен қамтылғандардың саны 32559 адам (37,7%), жұмыссыздар – 23230 адам (48,1%), аз қамтамасыз етілгендер – 16172 адам (14,2 %).

2014 жылдың қорытындысымен облыста 677 жобалар бойынша білім беру, мәдениет, спорт, аймақты көріктендіру, жолдарды жөндеу және ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункттері мен дәрігерлік амбулаторийлердің құрылысы салаларында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 4447 жұмыс орындары ашылып, жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасымен Бағдарламаның 2478 қатысушысы жұмыспен қамтылды.

Бағдарлама шеңберінде несиелендіру жөніндегі уәкілетті өңірлік ұйымы ретінде мал шаруашылығы, өндірістік және халыққа қызмет көрсету бойынша микрокредит қатысушырларға 1419 несиелер берілді. Бағдарлама аясында 18 891 қатысушыға тұрақты жұмысқа орналасуға жәрдем берілді. 2014 жылы 3 951 адам оқуды аяқтап, оның 3 144 адамы тұрақты жұмыспен қамтылды (79,6 пайыз)

2014 жылы 604 кәсіпорынмен келісім-шарттар жасалып, 3 841 нысаналы топтағы азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындары ашылды. Оның ішінде тұрақты жұмыспен қамтылғандардың саны 3 774 адам.

Орташа жалақы 51,4 мың теңгені құрады.

2014 жылы Жастар практикасын ұйымдастыруға 1 066 жұмыс берушілермен келісім-шарттар жасалып, 3 541 адам жұмыспен қамтылды, бұл жоспардың 168,6 % құрайды (2100 адам).

Сонымен қатар, Шымкент қаласында 480 пәтерден тұратын алты көпқабатты үйлердің құрылысы аяқталды. Құрылысқа 2011-2012 жылдары бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 2655,1 млн.теңгені құрады.

Бағдарламаның шарттарына сәйкес, еңбек ресурстарының мобильділігін арттыру – өздігінен жұмыспен қамтылған, жұмыссыз, аз қамтылған азаматтардың санынан әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекен тұрғындарының, балалар үйлері түлектерінің, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың өз еркімен көшулеріне қолдау көрсетілді.

«Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру» бойынша 690, 2 млн. теңге қаралып, 688, 6 млн. теңге игерілген, игерілмеген қаржының 1,6 млн. теңгесі нақты шығыстардан үнемделу есебінен орын алған.

Облысымыздағы өмір сүріп жатқан үш мыңнан астам жетім және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалардың 2053-і қорғаншылық пен қамқоршылықта, 203 патронаттық тәрбиеде, 441 - жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мекемелерінде тәрбиеленуде.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санының азаюының тұрақты беталысы байқалады. Егер 2013 жылы 3083 бала болса, 2014 жылы 3024 бала, 2015 жылға 2734 бала (соңғы 3 жылда 290 балаға азайған).

Жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында тәрбиеленуге құқықтарын жүзеге асыру мақсатында 2014 жылдың басынан балалар үйлерінің 56 тәрбиеленушілері отбасына (асырап алу-24, қорғаншылық-18, патронаттық тәрбие 10, өз отбасына оралғаны -4) берілді.

«Әлеуметтік сауықтандыру» бағдарламасы бойынша 62,4 млн. теңге игерілген, немесе 100%. Бағдарлама бойынша 3-18 жас аралығындағы қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды ата-анасы немесе өзгеде заңды өкілдері анықталғанға дейін жыл барысында 1298 бала әлеуметтік жәрдем алған.

«Әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерін салу және реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспардағы 472,1 млн.теңге қаржы 100%-ға игерілді.

Бағдарлама аясында 3 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, нысандар пайдалануға берілді, атап айтқанда:

- Түркістан қаласы, Ерімбетов көшесі нөмірсіз үйде орналасқан мүгедек балаларды оңалту Түркістан аймақтық орталығына 30 орынға арналған жартылай стационарлық корпусы;

- Төлеби ауданы Көксәйек ауылы Төлеби көшесі 475 үйде орналасқан Көксәйек психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесіне 40 орынға арналған тұрғын корпусы;

-Шымкент қаласы Алпысбаева көшесі 125 орналасқан психоневрологиялық балалар медициналық-әлеуметтік мекемесіне 50 орынға арналған жартылай стационарлық корпусы.

«Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік» функционалды тобы бойынша 2014 жылы 15 554,9 млн.теңге қаржы қаралып, оның 15 551,0 млн.теңгесі игерілді немесе 99,9%-ды құрады.

«Мәдени-демалысын қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 354,8 млн. теңге жоспарланып, орындалуы 100%-ды құрады.

Бұл бағдарлама бойынша басқармаға қарасты 3 кәсіпорынның (Оңтүстік-Цирк, облыстық мәдени халық шығармашылығы орталығы және желтоқсан айында іске қосылған Түркістан сарайы мекемелерінің) қызметі қаржыландырылды. Оңтүстік–Цирк мекемесі Джунгли атты жаңа бағдарламасын 10 рет халыққа ұсынды. Осы бағдарламамен Төлеби, Ордабасы, Отырар аудандары мен Тараз қаласында гастрольдік іссапарға шығып 15 қойылым қойды. Жалпы қойылымдар 8674 көрермендермен қамтылған. Халық шығармашылығының жанрлары бойынша жас талантты суретшілер, дәстүрлі әншілер, термешілер, жыршылар, күйшілерге қолдау көрсету мақсатында байқау, фестивальдер, салт-дәстүрді насихаттауға арналған 2 республикалық, 15 облыстық байқау, фестиваль, 9 семинар-кеңес, 53 түрлі мәдени іс-шаралар өткізілді. Әндер, күйлер, термелер нотаға түсіріліп, «Оңтүстіктің 100 әні», «Оңтүстіктің 100 күйі», «Оңтүстіктің 100 термесі» кітаптары жарық көрді және дискісі шығарылды.

«Тарихи-мәдени мұралардың сақталуын және оған қол жетімді болуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша жылдық жоспар 619, 2 млн. теңге игерілді, орындалуы 100,0%-ды құрады. Игерілмегені 00,1 млн.теңге мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы.

Басқармаға қарасты 13 мұражай, 11 филиал, 2 көркем сурет галереясының қызметтерін ұстауға жұмсалды.

Облыс мұражайларында негізгі жұмыс көрсеткіштері бойынша 6942 экскурсия, 742 көрме, 664 көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып, 224892 көрермен қамтылды. 5335 дана жаңа экспонаттар жинақталып, мұражайлардың жалпы қор саны 154183 данаға жетті. Көптомдық Қазыналы Оңтүстік кітабына 150 млн.теңге бөлініп, томы шығарылды. Оңтүстік-фильм мекемесімен Ақ тілек, Өтелмес борыш қысқаметражды көркем фильм, 19 деректі және бейнефильм, 18 жарнамалық бейнероликтер, 49 ақпараттық-жарнамалық бейнесюжеттер, 120 бейнесюжеттер түсірілді.

«Жергілікті маңызы бар театр және музыка өнерін қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 946,5 млн. теңге қарастырылып, кассалық орындалуы 100,0%-ды құрады.

Бағдарлама бойынша 8 кәсіби театр және 1 филармонияның қызметі ұсталынды. Театрларда 2014 жылы 42 жаңа спектакльдердің премьерасы сахналанып, 2455 спектакль қойылды. 315700 көрермен қамтылды. 101 гастрольдік іссапарлар ұйымдастырылып, облыстық театрлар аудандар мен қалаларға және Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл,Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарымен Астана, Байқоңыр қалаларына және Қытай Халық Республикасының Шуар өлкесінде болды. Филармония 192 концерт қойып, 65 мың көрермен қамтыған.

«Жергілікті бюджеттерден бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 257,4 млн. теңге жоспарланып, 100%-ға орындалды.

Бұл қаржыға 4 мәдениет нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға тапсырылды.

«Облыстық деңгейінде спорт жарыстарын өткізу» бюджеттік бағдарламасында жоспарда қаралған 243,7 млн теңгенің, 243,6 млн теңгеге игеріліп, 99,9% орындалды. Игерілмеген 0,1 млн теңге нақты шығыстардан үнемделген.

Облыс көлемінде 59 (36 олимпиадалық, 23 олимпиадалық емес) спорт түрлері дамытылады, спорт мектептерде 52848-ден астам балалар мен жасөспірімдер тәрбиеленеді. Жалпы балалар мен жасөспірімдердің спортпен қамтылуы 9,19% құрады. Бүл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 0,85% артқан. Сонымен қатар, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылданатын мүгедектердің үлесі 3,75% құрады.

«Облыстық түрлі спорт түрлері бойынша құрама командалардың мүшелерін республикалық және халықаралық спорт жарыстарына дайындау және қатыстыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспарда қаралған 3 837,3 млн теңге 100% орындалды.

Есепті жылдың қорытындысы бойынша облыс спортшылары жас ерекшеліктеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 388 алтын, 374 күміс, 337 қола медаль жеңіп алды.

2014 жылы өткен Азия чемпионаттарында облыс спортшылары 37-алтын, 24-күміс, 27-қола медальге қол жеткізсе, Әлем кубоктары мен чемпионаттарында облыс спортшылары 13 – алтын, 9 –күміс және 13- қола медальге ие болды.

Сондай-ақ, облысымызда 2 – Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері, 31 – Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 116 – Қазақстан Республикасының спорт шебері, 972 – спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.

2014 жылы ақпан айында Сочи (Ресей) қаласында өткен қысқы Олимпиада Ойындары Қазақстан Республикасының ұлттық құрама сапындағы бір спорт шебері фристайлден Халықаралық дәрежедегі алғашқы алтылықтан орын алды. Қыркүйек – қазан аралығанда Оңтүстік Корея елінің Инчхон қаласында 17-ші жазғы Азия ойындарына Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы сапында облысымыздан спорттың 16 түрі бойынша 62 спортшы қатысты. Нәтижесінде облыс спортшылары 9-алтын, 6-күміс және 17 қола, барлығы 32 медальге қол жеткізді.

2014 жылы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының негізгі құрамына облысымыздан - 349 спортшы, жастар құрамасына - 289 спортшы, жасөспірімдер құрамасына - 333 спортшы енді.

«Мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 337,1 млн теңге қарастырылып, 100% орындалған. Бөлінген қаржы 1 облыстық, 4 өңірлік, 3 қалалық, 11 аудандық мұрағат мекемелерінде бекітілген лимиттегі 326,25 штат бірліктерін ұстауға жұмсалды.

Есепті мерзімде облыс әкімдігі жанындағы сараптау-тексеру комиссиясының 22 отырысы өткізілді. Комиссия отырысында 445 тізімдеме, 347 істер номенклатурасы, 107 сараптау комиссиясы туралы Ережесі, 56 ведомстволық мұрағаты туралы ереже, 20 тізім қаралып, мақұлданды. Басқарушы құжаттаманың 24904 іс тізімдемесі, 232 ғылыми-техникалық құжаттар, 396 фотоқұжат, жеке құрам бойынша 19431 іс тізімдемесі, жеке текті 518 сақтау бірлігі, оның ішінде 1159 құжат, 396 фотоқұжат, 48 бейнеқұжат бекітілді. Сонымен қатар, 20056 істен тұратын 7 қор жетілдірілді, 325 аса құнды құжаттары айқындалып, тізімдемелері түзілді.

«Облыстық кітапханалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 348,4 млн теңге, 100%-ға орындалды.

Есепті жылы облыс кітапханаларында оқырмандар саны 885 196 адамды құрап, 45440 дана жаңа кітаптармен толықтырылып, кітап қоры 1 120 732 данаға жетті. Кітапханалардың кітап қоры жыл сайын орта есеппен 1,2 пайызға артып отыр. Электронды форматтағы кітаптар саны 12040 данаға жетті. 2014 жылы оқырмандарға кітап оқуды насихаттау, жас ұрпақты мәдени, әдеби танымдық тұрғыда өсуіне, жас ұрпақты жан-жақты кенел азамат, мемлекетшіл тұлға ретінде қалыптастыруына ықпал ету мақсатында 1100 іс-шара өткізіліп, БАҚ-на 280 мақала берілген. Бүгінгі таңда кітапханаларда компьютер саны 222 болса, оның 115 данасы 2014 жылы алынған.

«Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 529,2 млн теңге қаралып, 100 пайызға орындалды.

Оңтүстік Қазақстан облысы көлемінде жұмыс жүргізіп жатқан бұқаралық ақпарат құралдарының саны 240 болып табылса, оның 182-ы газет, 38-і журнал, 10-ы телеарна, 3-уі радио, 7-і интернет ресурстар болып тіркелген.

Есепті жылы 128 - қоғамдық-саяси, ақпараттық, сараптамалық, 51 - танымдық, ойын-сауықтық, 14 - балаларға арналған, 47 - салалық тақырыптық бағытта жұмыстар жүргізілді.

2014 жылы 10 жоғарғы оқу орындарының 6 – ы, 1356 мектепке дейінгі мекемелердің 177-і, 92 кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің 37-і, 20 балалар үйінің барлығы ұлттық телехабар тарату қызметіне қосылды.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асыру мақсатында 2014 жылға 508 млн. теңге бөлініп, республикалық 4, облыстық 3 телеарна, 2 радио, 42 басылым айналысты.

«Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша қаралған 12,2 млн теңге 100%-ға орындалды.

Тілдерді қолдану мен дамыту мақсатында барлық аудан мен қалаларда мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін тегін оқытатын 15 орталық ашылып, жұмыстар жүргізді және жыл барысында 27 іс-шара өткізілді. Нәтижесінде мемлекеттік тілді меңгерген ұлты қазақ емес ересек тұрғындардың үлесі әлеуметтік зерттеу бойынша 89% құрады, орыс - 84% , ағылшын тілдерін меңгерген тұрғындардың үлесі 7% құрады. Мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға бағытталған түрлі мәдени, әдістемелік іс-шараларға 9000 адам қамтылды.

Тіл орталықтарында мемлекеттік қызметшілердің оқуының нәтижесінде 2013 жылмен салыстырғанда ортадан жоғары деңгейге қол жеткізу 6,9 %-дан 15,6 %-ға артты.

«Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша қаралған 67,2 млн теңге 96% орындалды. Жыл соңына 2,7 млн теңге үнемделуіне байланысты игерілмеген.

Бюджеттік бағдарлама бойынша жастардың азаматтық белсенділігін, қазақстандық патриотизм, рухани және интеллектуалдық даму деңгейін арттыруда «Жастар орталығы» МКМ-мен 10 іс-шара өткізілді. Оның ішінде би өнері, ұлттық аспаптар, бейнелеу өнері, поэзия номинациялары бойынша тартыстар, «жыл патриоты – 2014» атты конкурс, әр түрлі спорт ойындары бойынша турнирлер өткізіліп 196 мыңнан астам жастар қатысты, сонымен қатар білім мен ғылым қоғамына батыл қадаммен атты теле бағдарламасына дарынды, білімді 86 жастар қатысып, өз ғылыми жобаларын ұсынды. Жастар арасында мәдениетті, ұлттық құндылықтарды насихаттау, жастарға ақпарат беру, мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттау мақсатында телеарналардан «Жұмыспен қамту 2020», «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Қол жетімді баспана» көрсетілді. Облыстың жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен облыстық ішкі істер департаментімен бірлесіп, жастар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және т.б жұмыстары жүргізілді.

«Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспарда қаралған 109,9 млн теңге 100% орындалды.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы дін мәселелері жөнінде телеарналарда 528 сюжет, «Қазақстан-Шымкент» радиосында 48 бағдарламалар шығарылды. Баспа БАҚ-ында 763 мақалалар жарық көрді.

Діни экстремизм, терроризм көріністерін тарататын діни сайттарға қарсы тұру мақсатында интернет сайтына діни ахуалды тұрақтандыру бағытында 520 іс-шаралар, 50 мақалалар, 15 бағдарлама, 17 сараптамалық-аналитикалық кітаптар енгізілді, интернет сайтына 45 ролик, 17 фильм, 1 анимациялық фильм орналастырылды.

Сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыс негізінде жергілікті телеарналарда діни негіздегі теріс бағыттағы үгіт-насихаттың алдын алу мақсатында 15 тақырыпта бейнероликтер дайындалып, жергілікті телеарналардан олардың 150-ден аса көрсетілімі ұйымдастырылды.

«Мәдениет объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспардағы 4 394,6 млн.теңге толық 100%-ға игерілді.

Бұл қаржылар есебінен 8 нысанның құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысымен 6 нысан пайдалануға тапсырылды (Бәйдібек ауданы Жамбыл ауылындағы 150 орындық мәдениет үйінің құрылысы; Шымкент қаласындағы 500 орындық орыс драма театрының құрылысы; Шымкент қаласы «Нұрсәт» мөлтек ауданындағы «Түркістан» облыстық конгресс холлы ғимаратынын құрылысы; Шымкент қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының құрылысы және рәсімдеу орталығының құрылысы; Шымкент қаласындағы әдеп-ғұрып және рәсімдеу орталығының құрылысы), қалған 2 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес толық атқарылып 2015 жылға өтпелі болды (Шымкент қаласындағы көркем галереясының көрме залы құрылысымен қайта құру және Шымкент қаласы тарихи-мәдени аймақтың құрылысы).

Сонымен бірге, жоспарға сәйкес 1 жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.

«Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне мәдениет объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы бойынша 907,3 млн.теңге қаралып толық 100%-ға игерілді.

Бұл қаржылар есебінен 6 нысанның құрылысы жүргізіліп, пайдалануға тапсырылуы жоспарланған 3 нысанның құрылыс жұмыстары толық аяқталып нысандар пайдалануға берілді (Созақ ауданындағы Құмкент ауылындағы 200 орындық клуб, Түлкібас ауданы Жаскешу ауылындағы мәдениет үйі және Шардара ауданы Сүткент ауылындағы мәдениет үйі), қалған 3 нысан бойынша өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес құрылыс монтаж жұмыстары толық атқарылып 2015 жылға өтпелі болды.

«Спорт объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспардағы 682,6 млн.теңге толық игеріліп, жоспар 100%-ға орындалған.

Аталған бюджеттік бағдарлама бойынша 4 нысанның құрылыс жұмыстары жоспарланған. Жыл қорытындысымен 2 нысан пайдалануға тапсырылды (Түркістан қаласы Қожанов көшесінде нөмірсіз орналасқан «Балуан Шолақ» стадионының аймағында жабық бассейннің құрылысы және Шымкент қаласындағы «Оңтүстік Қазақстан облысының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі» ММ спорттық оқу-жаттығу базасымен әкімшілік кеңсесі құрылысы), қалған 2 нысан бойынша өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес жұмыстар толық атқарылып, 2015 жылға өтпелі болды (Төлеби ауданы Бадам су арнасында су және ескек есу спорт түрі үшін универсалды оқу-жаттығу базасының құрылысы және Шымкент қаласындағы көркем гимнастикаға арналған спорт кешені құрылысы).

«Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне спорт объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспарда қаралған 546,9 млн.теңгесі толық 100%-ға игерілген.

Аталған бюджеттік бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен бөлінген 246,4 млн.теңгеге 2015 жылға өтпелі 3 нысанның құрылыс жұмыстары өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес толық атқарылған (Бәйдібек ауданы Шаян ауылындағы, Сарыағаш ауданындағы және Арыс қаласындағы денешынықтыру-сауықтыру кешендері).

Ал, облыстық бюджет есебінен 300,5 млн.теңгені құрайтын 6 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, тапсырылуы тиіс 2 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді (Түлкібас ауданы,Т.Рысқұлов ауылы «Жанкент» мөлтек ауданындағы спорт кешені және Шардара ауданы, Шардара қаласындағы №2 балалар және жасөспірімдер спорт мектебі). Қалған 4 нысан 2015 жылға өтпелі, өндірістік кестесіне сәйкес 3 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары толық атқарылды, 1 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы кеш өткізіліп, орындалған жұмыс көлемінің болмауынан 5,0 млн.теңге игерілмеді (Шымкент қаласындағы №1 олимпиядалық резервті мамандандырылған спорт мектебіне арналған спорт залының құрылысы).



Сонымен бірге, 1 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары аяқталып мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет