Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы



жүктеу 232.02 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі232.02 Kb.
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі №516 қаулысы


Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi және «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2011 жылғы 24 қараша­дағы заңдарына сәйкес асыл тұқымды өнiммен (материалмен) қамтамасыз етуде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
К.МӘСІМОВ


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2012 жылғы 24 сәуірдегі №516 қаулысымен бекiтiлген

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары



1. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) мал шаруашылығындағы асылдандыру iсi бойынша республикалық малды асылдандыру орталығының (бұдан әрi – республикалық малды асылдандыру орталығы), қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауы­ты­ның, еттi құс шаруашылығы бойынша асылдандыру шаруашылығының, отандық ауыл ша­руа­шылығы тауарын өндiрушiлердiң (бұдан әрi – тауар өндiрушiлер) ағымдағы нысаналы тран­с­ферттердi (бұдан әрi – бюджеттiк субсидиялар) асыл тұқымды жануарлардың үлес салмағын, етті ірі қара малдың тектік қорын қалпына кел­тіру және көбейту, сондай-ақ тауар өндiру­шi­лер­дегi ауыл шаруашылығы жануарлары сапа­сы­ның өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында 2012 жыл­ға арналған республикалық бюджете 083 «Об­лыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қа­ла­ларының бюджеттерiне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттiк бағдар­ла­ма­сы бойынша көзделген қаражат есебiнен және шегiнде пайдалану тәртiбiн айқындайды.
2. Бюджеттiк субсидиялар:
1) тауар өндiрушiлер отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан және (немесе) асыл тұқымды мал шаруашылықтарынан сатып алған отандық тұқымдардың асыл тұқымды төлiнiң құнын iшiнара (50 %-ға дейiн) арзандатуға;
2) тауар өндiрушiлер сатып алған, оның iшiнде лизинг шарты негiзiнде сатып алған асыл тұқымды ірі қара мал төлiнiң құнын iшiнара (50 %-ға дейiн) арзандатуға;
3) тауар өндiрушiлер ағымдағы жылы және (немесе) өткен жылдың төртінші тоқсанында сатып алған, оның iшiнде лизинг шарты негiзiнде сатып алған шет елден әкелінген асыл тұқымды ірі қара мал төлінің (бұдан әрi – шет елден әкелінген асыл тұқымды төл) құнын iшiнара (50 %-ға дейiн) арзандатуға;
4) дара кәсіпкерлерге және/немесе заңды тұлғаларға жеке қосалқы шаруашылықтардағы аналық ірі қара мал басын шағылыстыруға пайдаланатын асыл тұқымды етті бағыттағы тұ­қым­дық бұқаларды күтіп-бағуға (бұдан әрі – тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу) жұмсалатын шығындардың құнын iшiнара (50 %-ға дейiн) арзандатуға;
5) етті бағыттағы аналық ірі қара мал басы­ның (сиырлар және құнажындар) сапалық құра­мын жақсартумен айналысатын тауар өн­дiрушiлерге селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізумен (ұйымдастырумен) байланысты шығындарының құнын iшiнара (50 %-ға дейiн) арзандатуға;
6) отандық құс фабрикалары отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан сатып алған асыл тұқымды тәулiктiк балапандар мен асыл тұқым­ды жұмыртқаның (бұдан әрi – құс шаруа­шы­лығы өнімдері) құнын iшiнара (50 %-ға дейiн) арзандатуға;
7) республикалық малды асылдандыру ор­та­лығы сатып алатын арнайы технологиялық, зерт­ханалық жабдықтардың құнын толық өтеуге;
8) асыл тұқымды бұқаларды, шетелдiк селекцияның ұрығын сатып алу, сондай-ақ асыл тұқымды бұқаларды күтiп-бағу, ұрығын алу, сақтау, ұрпағының сапасы бойынша бағалау (бұдан әрi – бағалау) үшiн олардың ұрығын пайдалану және эмбриондар алу, сақтау, пайдалану бойынша республикалық малды асылдандыру орталығының шығындарын толық өтеуге;
9) еттi құс шаруашылығы бойынша асылдандыру шаруашылығында асыл тұқымды құс сатып алу жөнiндегi шығындарды толық өтеуге;
10) асыл тұқымды жылқыларды көбейту, күтiп-бағу және тренингі, қостанай жылқы тұ­қымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытында асыл тұқымды айғырлардың ұрығын алу және сақтау жөнiндегi шығындарды толық өтеуге арналады.
3. Тауар өндiрушiлер субсидиялау бағдарла­ма­сына қатысу үшiн осы Қағида­лар­ға  1-қо­сым­шаға сәйкес өлшемдерге сәйкес келуi тиiс.
4. Сатып алынған асыл тұқымды төлдің, құс шаруашылығы өнімдерінің әрбiр түрiне, 1 бас тұқымдық бұқаны күтіп-бағуға, сондай-ақ се­лек­циялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге жұмсалатын бюджеттiк субсидия­лар­дың нормативi осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгiленедi.
5. Тауар өндiрушiлерге еттi бағыттағы құс шаруашылығы бойынша асылдандыру шаруа­шы­лығының балапандарды, сондай-ақ респуб­лик­алық малды асылдандыру орталығының асыл тұқымды бұқалар ұрығын өткізу бағасы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгi­ленедi.
6. Субсидиялауға мыналар жатпайды:
1) тауар өндiрушiлер сатып алған асыл тұ­қым­ды төл, құс шаруашылығы өнімі, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшада белгiленген өл­шемдерге сәйкес келмейтiн тауар өндірушілерде селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу, тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу бойынша шығындар;
2) тауар өндiрушiлер өзара есеп айырысу есебiне, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалардан айырбас бойынша сатып алған асыл тұқымды төл, құс шаруашылығы өнімі;
3) индекстік жүйе бойынша бағаланбаған және таза тұқымдық өсіруге немесе туыстас топ­тарды шағылыстыруға арналмаған, шетелден әке­лінген ірі қара малдың асыл тұқымды төлі (қашар және құнажын) ұрпағының сапасы бойынша бағаланбаған және тұқымдық және өз төлінен өсіру мақсатында емес сатып алынған бұқалар;
4) өнеркәсiптiк шағылыстыруға арналған шет елден әкелінген және отандық асыл тұқымды малдан алынған қашарлар;
5) бұрын тауар өндiрушiлер және лизингтiк ұйымдар (бұдан әрi – лизинг берушiлер) арзан­дат­қан және сатқан асыл тұқымды төл.
7. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсе­тіл­ген мемлекеттік қолдау бағыттары бойынша өңірлерге бөлінген қаражат шегінде бюджеттік субсидия көлемі ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қау­лысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығы­мен айқындалады.
8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруа­шы­лығы министрлiгiнің (бұдан әрi – Министрлiк) жазбаша келісімі бойынша облыс әкiмiнiң шешiмiмен мынадай нысандар бекiтiледi:
1) шетелден әкелінген асыл тұқымды төлді, сондай-ақ лизинг шарты негізінде сатып алынған асыл тұқымды ірі қара малдың төлін қоспағанда, асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатып алу-сату шарты;
2) сатып алынған асыл тұқымды өнiмге (материалға), тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу­ға, сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге субсидия алуға өтiнiм;
3) ауылдық округтегі тұқымдық бұқаға деген қажетілік бойынша өтінім;
4) асыл тұқымды өнiм сатып алғаны, тұқым­дық бұқалар саны, сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу және аудан бойынша тиесiлi субсидия сомасы туралы жиынтық акт;
5) асыл тұқымды өнiм сатып алғаны, асыл тұқымды тұқымдық бұқалар саны туралы, сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу және облыс бойынша тиесiлi субсидия сомасы туралы жиынтық акт;
6) облыс бойынша бюджет қаражатын игеру жөнiндегi есеп (ақпарат);
7) облыс бойынша асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатып алу, сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу көлемi жөнiндегi бір тоқсандағы есеп (ақпарат);
8) тұқымдық бұқаларды бекіту және пайдалану бойынша елді мекен тұрғындары – мал иелері жиналысының шешімі;
9) сатып алынған ірі қара малдың асыл тұқымды төлін пайдалану бойынша міндеттеме.
9. Министрлiк бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi ретiнде төлемдер бойынша жеке қар­жы­ландыру жоспарына және облыс әкiмi мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашы­лы­ғы министрi арасында қол қойылған ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмге сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi облыстық бюджеттерге аударады.
Бөлiнген қаражат толығымен игерілмеген жағдайда Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен бюджеттiк бағдарламаны iске асыруға 2012 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде облыстар бойынша бюджеттiк субсидияларды төлеуге арналған қа­ра­жатты қайта бөлу туралы Қазақстан Респуб­ликасының Үкiметiне ұсыныс енгiзедi.
10. Облыстың ауыл шаруашылығы басқар­масы (бұдан әрi – басқарма) ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күніне дейiнгi мерзiмде, бiрақ 2012 жылғы 30 желтоқсаннан кешiктiрмей Министрлiкке төленген бюджеттiк субсидия­лар­дың көлемi, құны және тиiмдiлiгi туралы есеп бередi.
11. Осы Қағидаларда көзделген тауар өнді­ру­шілердің міндеттемелері екі данада толтырлады және бір данадан тиісті бөлімде және Ми­нистр­лік ведомствосының тиісті аумақтық бөлім­шесінде тауар өндірушілер оны берген сәттен бастап кемінде бес жыл сақталуға жатады.
Тауар өндірушілердің ұсынылған міндет­теме­лерді сақтамауы тиісті ауданның ауыл шаруа­шылығы бөлiмінің (бұдан әрi – бөлiм) төленген субсидияларды заңнамада белгіленген тәртіппен өндіріп алуына негіз болып табылады.
2. Тауар өндiрушiлердің шығындарын iшiнара арзандатуды
(құнын өтеуді) көздейтін субсидияларға арналған ағымдағы  нысаналы трансферттердi пайдалану тәртiбi
2.1. Тауар өндірушілердің субсидия алуға арналған өтінімдерін қарау тәртібі
12. Осы Қағидалар ресми жарияланғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде бөлім аудан әкімдігінің интернет-ресурсына субсидиялауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыру орналастырады.
Субсидиялау бағдарламасына қатысуға өті­нім қабылдау мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын болып белгіленеді.
13. Тауар өндiрушiлер бөлiмге отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан және (немесе) асыл тұқымды шаруашылықтардан не асыл тұқымды ірі қара мал өсіретін тауар өндірушілерден асыл тұқымды төл, шет елден әкелінген асыл тұқым­ды төл, отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан құс шаруашылығы өнімдерін, сондай-ақ тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу және селек­ция­лық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу бойынша шығындардың нақты және (немесе) жоспарланған көлемiне өтiнiмдер ұсынады.
14. Бөлiм өтiнiмдердi алған сәттен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде тауар өндiрушiлердiң осы Қағидаларда белгiленген өлшемдерге сәй­кес­тiгiн тексередi.
Ұсынылған өтінімдердің осы Қағидаларда белгіленген өлшемдерге сәйкес келмеуі және (немесе) бюджеттік субсидиялардың бөлінбеген қалдығының болмауы өтінімдерді белгіленген мерзімнен кеш ұсыну субсидиялау бағдар­ла­ма­сына қатыстырудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады. Осындай жағдайларда бөлім бас тарту себептерін көрсете отырып, өтінімдерді үш жұмыс күні ішінде тауар өндірушілерге кері қайтарады. Тауар өндірушілер өтінімді қайта енгізуге құқылы, бірақ хабарландыруда көрсе­тіл­ген мерзімнен кешіктірмейді.
Бөлiм өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқтал­ған сәттен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде аудан бойынша субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттік субсидиялар алушылардың жиынтық тізімін жасайды және оны тиісті аудан әкімі бекітеді.
15. Бекітілген тізімді бөлiм тауар өндiру­шiлердiң өтiнiмдерiмен бiрге облыс әкiмiнiң шешiмiмен құрылған, облыс әкiмiнiң ауыл шаруашылығы мәселелерi бойынша орынбасары төрағалық ететiн облыстық комиссияның (бұдан әрi – комиссия) қарауына жiбереді.
Комиссияның құрамына басқарманың, Ми­нистрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегi мем­лекеттiк инспекция комитетi аумақтық инспек­циясының мамандары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері кiредi.
16. Комиссия:
1) үш жұмыс күнi iшiнде бөлiмдер ұсынған өтiнiмдердi осы Қағидаларда белгiленген талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан қарайды;
2) өтiнiмдердi қарау нәтижелерi бойынша бюджеттiк субсидиялар, субсидияланатын асыл тұқымды өнiм сатып алуға, тұқымдық бұқалар­ды күтіп-бағуға, селекциялық және асыл тұқым­дық жұмыстарды жүзеге асыруға жылдық квоталар алуға тауар өндiрушiлердiң жиынтық тiзi­мiн, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсе­тiл­ген нормативтер негiзiнде бюджеттiк субсидиялар көлемiн облыс әкiмiне бекiтуге ұсынады.
17. Тауар өндiрушiлер өтiнiм білдірген бюд­жеттік субсидиялардың талап етілетін көлемі бюджеттiк субсидиялар көлемiнен асып түскен жа­ғдайда, комиссия тауар өндiрушiлердiң етті ба­ғыттағы iрi қара малдың асыл тұқымды төлiн сатып алуға берген өтiнiмдерiн басым тәртiппен қа­на­ғаттандырады, қаражат қалдығы берілген өті­нім­дерге сәйкес пропорционалды түрде бөлінеді.
Бюджеттік субсидиялар көлемі тауар өндіру­шілер өтінім білдірген бюджеттік субсидия­лар­дың талап етілетін көлемінен асып түскен жағ­дайда, басқарма бос қаражаттың бар екендігі туралы ақпаратты бөлімдерге жеткізеді. Көрсетіл­ген ақпарат бөлімдердің осы Қағидаларда бел­гіленген тәртіппен субсидия бағдарламасына қатысуға арналған өтінімдерді қайта қабыл­дауды хабарлауы үшін негіз болып табылады.
18. Облыс әкiмi комиссияның ұсынуы бойынша субсидиялау квоталарын көрсете отырып, субсидиялау бағдарламасына қатысушылардың тiзiмiн бекiтедi. Басқарма облыс әкiмiнiң шешi­мiн Министрлiкке және тиiстi бөлiмдерге жолдайды.
2.2. Тауар өндірушілердің субсидия алу тәртібі
19. Тауар өндiрушiлер – субсидиялау бағ­дарламасына қатысушылар бюджеттiк субсидиялар алу үшiн мәмiлелердiң жасалуына қарай, бiрақ 2012 жылғы 18 желтоқсаннан кешiктiрмей бөлiмге мынадай құжаттарды:
1) асыл тұқымды төлдi, құс шаруашылығы өнімін сатып алу кезiнде:
сатып алу-сату шартының көшiрмесiн;
Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мем­ле­кеттiк органы таныған асыл тұқымды мал куәлiгiнiң (сертификаттың) түпнұсқасын және көшiрмесiн (бұл ретте, асыл тұқымды мал куә­лi­гiнiң (сертификаттың) түпнұсқасы көшiрме­сiмен салыстырып тексерiлгеннен кейiн бюд­жет­тiк субсидия алушыға қайтарылады);
төлем құжаттарының көшiрмелерiн – кiрiс-кассалық ордердi немесе банктiң төлем тапсырмасын (бұдан әрi – төлем құжаттары);
төлдi, құс шаруашылығы өнімін кiрiске алу актiсiн;
2) шет елден әкелінген асыл тұқымды төлді сатып алу кезiнде:
сатып алу-сату шартының көшiрмесiн;
төлем құжаттарының көшiрмелерiн;
Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мем­ле­кеттiк органы таныған асыл тұқымды мал куәлiгiнiң (сертификаттың) түпнұсқасын және көшiрмесiн (бұл ретте, асыл тұқымды мал куә­лi­гi­нiң (сертификаттың) түпнұсқасы көшiр­ме­сiмен салыстырып тексерiлгеннен кейiн бюд­жет­тiк субсидия алушыға қайтарылады);
ветеринариялық сертификаттың көшiрмесiн;
шет елден әкелінген асыл тұқымды төлдi кiрiске алу актiсiн;
3) асыл тұқымды ірі қара мал төлiн лизинг шарты негiзiнде сатып алу кезiнде:
лизинг шартының көшiрмесiн;
лизинг шарты бойынша негiзгi борышты өтеу үшiн лизинг берушiнiң деректемелерiн көрсете отырып, субсидия төлеуге өтiнiмдi;
4) шет елден әкелінген асыл тұқымды төлдi лизинг шарты негiзiнде сатып алу кезiнде:
лизинг шартының көшiрмесiн;
лизинг шарты бойынша негiзгi борышты өтеу үшiн лизинг берушiнiң деректемелерiн көрсете отырып, субсидия төлеуге өтiнiмдi;
Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мем­лекеттiк органы таныған асыл тұқымды мал куәлiгiнiң (сертификаттың) түпнұсқасын және көшiрмесiн (бұл ретте асыл тұқымды мал куәлi­гiнiң (сертификаттың) түпнұсқасы көшiрме­сi­мен салыстырып тексерiлгеннен кейiн бюджет­тiк субсидия алушыға қайтарылады);
ветеринариялық сертификаттың көшiрмесiн;
5) жеке қосалқы шаруашылықтардағы ана­лық ірі қара мал басын шағылыстыруға пайдаланатын асыл тұқымды етті бағыттағы тұқым­дық бұқаларды күтіп-бағу құнын арзандату кезінде:
шаруашылық жүргізуші субъектіде селек­ция­лық және асыл тұқымдық жұмыстар жүр­гізілгендігі туралы бірыңғай ақпараттық талдау жүйесінің деректер базасынан үзіндіні;
тұқымдық бұқаларды бекіту және пайдалану бойынша елді мекеннің тұрғындары – мал иелері жиналысының көшірмесін;
тұқымдық бұқалардың асыл тұқымды куә­лігінің және ветеринариялық сертифика­тының көшірмесін;
6) селекциялық және асыл тұқымдық жұ­мыстарды жүргізу шығындарын өтеуге:
шаруашылық жүргізуші субъектіде селек­ция­лық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргі­зілгендігі туралы бірыңғай ақпараттық талдау жүйесінің деректер базасынан үзіндіні;
24-аш статистикалық есептілік нысанынан (заңды тұлғалар нысанындағы ауыл шаруашы­лығы тауарларын өндірушілер үшін), шаруа­шы­лық кітабынан (дара кәсіпкерлер үшін) үзінді­мен расталған ірі қара мал басының бар екендігі туралы анықтаманы береді.
20. Асыл тұқымды өнiм (материал) (шет елден әкелінген ірі қара малдың асыл тұқымды төлін қоспағанда) құнының кемiнде 50 %-ын төлеген тауар өндiрушiлердi бюджеттiк субсидиялар алушылардың тiзiмiне енгiзуге жол берiледi. Бұл ретте, тауар өндiрушiлер бөлiмге:
сатып алу-сату шартының көшiрмесiн;
кемiнде 50% төленгенiн растайтын төлем құжаттарының көшiрмелерiн;
сатып алынған малдардың асыл тұқымды малдардың мемлекеттiк тiзiлiмде тiркелгенiн растайын құжатты ұсынады.
Қалған сомаға төлем құжаттарының көшiр­мелерiн, сондай-ақ оларды жеткiзiп беру немесе пайдалану актiлерiн тауар өндiрушiлер құнын толық төлегеннен кейiн, бiрақ бюджеттiк субсидиялар алған күннен бастап жетi жұмыс күнiнен кешiктiрмей бөлiмге ұсынады.
21. Бөлiм құжаттардың түсуiне қарай бес жұ­мыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды тексе­редi. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында белгiленген талап­тар­ға сәйкес болған және осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген өтінімнен бас тартуға негіз болмаған жағдайда бөлім асыл тұқымды төлдiң, құс шаруашылығы өнімдерінің сатып алынғаны туралы, селекциялық және асыл тұ­қымдық жұмыстарды жүзеге асыру, сондай-ақ тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу туралы жиын­тық акт жасайды, бекiтедi және төлем құжат­тарының көшiрмелерiн қоса бере отырып, бас­қармаға ұсынады. Бұл ретте, бөлім басқармаға ұсынылатын растау құжаттарының дұрыстығын және сапасын қамтамасыз етеді.
Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес болмаған және осы Қағидалардың 6-тар­мағымен бюджеттік субсидиялар ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, бөлім ұсынылған құжат­тар­ды оларды тіркеген күнінен бастап жеті жұмыс күнiнен кешiктiрмей керi қайтару себептерiн көрсете отырып, тауар өндірушілерге қай­тарады.
Ірі қара малдың сатып алынған асыл тұ­қымды төлiнің арзандатылғаны туралы мәлi­меттi бөлiм бюджеттiк субсидиялардың тауар өндiрушiнiң (не лизинг берушінің) банктiк шотына аударылғаны туралы ақпаратты басқар­ма­дан алған күннен бас­тап жеті жұмыс күнi iшiнде бiрыңғай ақпараттық-талдау жүйесiне енгiзуi тиiс.
22. Басқарма ұсынылған құжаттарды бес жұмыс күнi iшiнде, бiрақ 2012 жылғы 20 желтоқсаннан кешiктiрмей қарайды.
Оларда көрсетiлген бюджеттiк субсидия­лар­дың көлемi мен нормативтерi негiзiнде басқарма белгiленген квоталар шегiнде тиесiлi бюджет ақшасының көлемiн айқындайды, осы Қағи­даларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомост және ақы төлеу шоттарын қалыптастырады.
Тауар өндiрушiлердiң, лизинг берушiлердiң банктiк шоттарына тиесiлi бюджеттiк субсидияларды аударуды басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақ­тық қазынашылық бөлiмшесiне екі данада ақы төлеу шоттарын қоса бере отырып, ақы төлеу шоттарының тiзiлiмiн ұсыну жолымен жүзеге асырады.
Басқарма екі жұмыс күні ішінде бөлімге аудан бойынша тауар өндірушілерге төленген бюд­жет ақшасының көлемі туралы ақпарат жібереді.
Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 16 және 17-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес болмаған және/немесе осы Қағида­лар­дың 6-тармағы негізінде субсидиялау мүмкіндігі болмаған жағдайда, басқарма ұсынылған құжат­тарды оларды тіркеген күнінен бастап бес жұ­мыс күнiнен кешiктiрмей керi қайтару себеп­терiн көрсете отырып бөлімге пысықтауға қайтарады.
Республикалық малды асылдандыру орталығының, еттi құс шаруашылығы бойынша асылдандыру шаруашылығының, қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытының шығындарын толық өтеуді көздейтін субсидияларға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану тәртiбi
23. Шығындарды толық өтеу үшін 2012 жыл­ғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей басқар­маға:
1) республикалық малды асылдандыру орта­лығы:
Министрлiкпен келiсiлген тiзбе бойынша тұқымдық бұқаларды, шетелдiк селекцияның ұрығын, жабдықты, техниканы сатып алуға арналған шарттарды бiр-бiр данадан;
асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтiп-бағуға, олардың ұрықтарын алуға, сақтауға және бағалауға, сондай-ақ эмбриондарды алуға, сақ­тауға және пайдалануға жұмсалған шығын­дарды (жүзеге асырылуына қарай) растайтын құжаттардың бiр данасын ұсынады;
2) еттi құс шаруашылығы бойынша асылдандыру шаруашылығы балапандарды сатып алуға арналған шарттардың бір данасын ұсынады;
3) қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауыты асыл тұқымды жыл­қы­ларды өсiруге, ұстауға, тренингке және айғыр­лар­дың ұрығын сақтауға арналған шығындарды (жүзеге асырылуына қарай) растайтын құжат­тар­дың бiр данасын ұсынады.
Басқарма ұсынылған шарттарды үш жұмыс күнi iшiнде тексередi, осы Қағидалар­ға 5-қо­сымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомост, сондай-ақ ақы төлеу шоттарын қалып­та­с­тырады және төлемдер бойынша жеке қаржы­лан­дыру жоспарына сәйкес бюджеттiк субсидияларды республикалық малды асылдандыру орта­лы­ғының, еттi құс шаруашылығы бойынша асылдандыру шаруашылығының, қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауы­тының банктiк шотына аударады.
Республикалық малды асылдандыру орта­лы­ғы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды, ұрықты және жабдықты сатып алғаннан кейін, сондай-ақ еттi құс шаруашылығы бойынша асылдандыру шаруашылығы балапандарды сатып алғаннан кейін жеті жұмыс күнi ішінде Басқармаға төлем құжаттары мен кiрiске алу актiсiнiң көшiр­мелерiн ұсынады.
24. Басқарма осы Қағидалардың 20-тар­мағына сәйкес бюджеттiк субсидияларды төлеу үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада ақы төлеу шотын қоса бере отырып, ақы төлеу тiзiлiмiн ұсынады.

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларына 1-қосымша

Мал шаруашылығы және құс шаруашылығы саласындағы тауар өндiрушiлерге
қойылатын өлшемдер

р/с
№    Субсидиялау бағыттары    Өлшемдер


1    2    3
1.    Тауар өндiрушiлер отан­дық асыл тұқым­ды мал зауыттарынан және (немесе) асыл тұқымды мал шаруа­шылық­тары­нан сатып алған отан­дық тұқым­дардың асыл тұқымды төлiнiң құнын iшiнара арзандату     Мыналар туралы міндеттемелер ұсыну:
1) сатып алынған асыл тұқымды аналық мал басын өз төлінен өсіру мақсатында кемiнде екі жыл (тұқымдықтарды кемінде екі рет шағылыстыру маусымынан кем емес) пайдалану туралы;
2) зоотехникалық нормаларға сәйкес күтіп-бағу және ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру туралы.
2.    Тауар өндiрушiлер сатып алған асыл тұ­қым­ды ірі қара мал төлi­н­iң құ­нын iшiнара арзандату     1. Бірыңғай ақпараттық талдау жүйесінің базасынан алынған үзіндімен расталған селек­циялық және асылдандыру жұмысының бiрыңғай ақпараттық базасында тiркеуде болуы.
2. Малдардың бiрдейлендiру нөмiрiнiң және ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөніндегі бiрыңғай деректер базасында тiркеуде болуы.
3. Сатып алынатын асыл тұқымды төлдің жасы шарт жасасу кезінде мыналардан аспауы тиіс:
қашарлар – 18 айға дейін;
құнажындар және тұқымдық бұқалар – 26 айға дейін.
4. Отандық селекцияның асыл тұқымды қашарларын (құнажындарын) сатып алу кезінде мынадай міндеттемелер ұсыну
Қосымша мыналар талап етіледі:
1) таза тұқымды көбейту жолымен қашарларды (құнажындарды) өз төлінен өсіру мақсатында кемінде екі жыл пайдалану туралы;
2) сүтті ірі қара мал шаруашылығында ірі қара малдың шағылыстыру контингентін бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығымен 100 % жасанды ұрықтандыруды қолдану бойынша;
3) етті ірі қара мал шаруашылығында ірі қара малдың шағылыстыру кон­тингентін бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығымен жасанды ұрықтандыруды пайдалану және/немесе өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану қолдан ұрықтандыру бойынша;
4) тиісті тұқымдар бойынша республикалық палаталар ұсынған заңды және
жеке тұлғалардың ғылыми және/немесе консалтингтік сүйемелдеуі туралы;
5) зоотехникалық нормаларға сәйкес күтіп-бағу және ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру туралы.
Шет елдік селекцияның асыл тұқымды қашарларын (құнажындарын) сатып алу кезінде*:
1) таза тұқымды көбейту жолымен қашарларды (құнажынды) өз төлінен өсіру мақсатында кемінде екі жыл пайдалану туралы;
2) сүтті ірі қара мал шаруашылығында шағылыстыру контингентін бағаланған тұ­қымдық бұқалардың ұрығымен 100 % жасанды ұрықтандыруды қолдану бойынша;
3) етті ірі қара мал шаруашылығында ірі қара малдың шағылыстыру контин­ген­тін бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығымен жасанды ұрықтандыруды пайдалану және/немесе қолдан ұрықтандыруда өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану бойынша;
4) тиісті тұқымдар бойынша республикалық палаталар ұсынған заңды және жеке тұлғалардың ғылыми және/немесе консалтингтік сүйемелдеуі туралы;
5) зоотехникалық нормаларға сәйкес күтіп-бағу және ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру туралы.
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан құралған, жалпы та­бынға пайдалану үшін және/немесе тауарлы табынның тұқымдық құрамын өзгерту үшін асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды сатып алу кезінде:
1. Мынадай міндеттемелер ұсыну:
1) жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан құралған тауарлы және/немесе жалпы табында асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды өз төлінен өсіру мақсатында кемінде екі жыл шағылыстыру маусымында пайдалану туралы;
2) зоотехникалық нормаларға сәйкес күтіп-бағу және ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру туралы;
2. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан құралған жалпы табында – осы бекітілген асыл тұқымдық бұқаларды бекіту және пайдалану бойынша елді мекен тұрғындарының тиісті ауылдық округ әкімі растаған жиналыс шешімінің болуы.

3.     Тауар өндiрушiлер сатып алған шет елден әке­лінген асыл тұқым­ды ірі қара мал төлінің құ­нын iшiнара арзандату


1. Бірыңғай ақпараттық талдау жүйесінің базасынан алынған үзіндімен расталған селекциялық және асылдандыру жұмысының бiрыңғай ақпараттық базасында тiркеуде болуы.**
2. Малдардың бiрдейлендiру нөмiрiнiң және ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөніндегі бiрыңғай деректер базасында тiркеуде болуы.**
3. Өзінің өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ДНК – паспортының болуы.
4. Сатып алатын асыл тұқымды төлдің жасы шарт жасасу кезінде мыналардан аспауы тиіс:
қашарлар – 18 айға дейін;
құнажындар және тұқымдық бұқалар – 26 айға дейін.
5. Мынадай міндеттемелер ұсыну:
1) таза тұқымды көбейту жолымен қашарларды (құнажынды) және өзінің өнім­ділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды өз төлінен өсіру мақсатында кемінде екі жыл таза тұқымды өсіру жолымен пайдалану туралы;
2) асыл тұқымды ірі қара малды және одан алынған төлді табынды өз төлінен өсіру үшін тек Қазақстан Республикасы аумағында үш жыл ішінде пайдалану туралы;
3) етті ірі қара мал шаруашылығында ірі қара малдың шағылыстыру контингентін бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығымен жасанды ұрықтандыруды пайдалану және/немесе қолдан ұрықтандыруда өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану бойынша;
4) тиісті тұқымдар бойынша республикалық палаталар ұсынған заңды және жеке тұлғалардың ғылыми және/немесе консалтингтік сүйемелдеуі туралы;
5) зоотехникалық нормаларға сәйкес күтіп-бағу және ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру туралы.

4.
Дара кәсіпкерлерге және/немесе заңды тұл­ғаларға жеке қо­салқы шаруашы­лық­тар­дағы аналық ірі қара мал басын шағы­лыс­тыруға пайдаланатын асыл тұқымды етті бағыттағы тұқым­дық бұқаларды күтіп-бағуға жұмсалатын шығындардың құнын iшiнара арзандату     1. Тұқымдық бұқаның бірыңғай ақпараттық талдау жүйесінің базасынан алынған үзіндімен расталған селекциялық және асылдандыру жұмысының бiрыңғай ақпараттық базасында тiркеуде болуы.


2. Малдардың бiрдейлендiру нөмiрiнiң және ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөніндегі бiрыңғай деректер базасында тiркеуде болуы.
3. Асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың асыл тұқымды куәлігінің және ветеринариялық сертификатының болуы.
4. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан құралған және зоо­техникалық нормативтерге сәйкес қолмен және/немесе еркін шағылыстыруға пайдаланылатын жалпы табындағы асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың болуы, оларды пайдалану, бекіту және алмастыру.
5. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан құралған жалпы табында – осы бекітілген асыл тұқымдық бұқаларды бекіту және пайдалану бойынша елді мекен тұрғындарының тиісті ауылдық округ әкімі растаған жиналыс шешімінің болуы.
5.     Етті бағыттағы ана­лық ірі қара мал басы­ның сапалық құрамын жақсартумен айналысатын тауар өндiру­шi­лерге селекциялық жә­не асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу­мен байланысты шы­ғындарының құнын iшiнара арзандату     1. Бірыңғай ақпараттық талдау жүйесінің базасынан алынған үзіндімен расталған селекциялық және асылдандыру жұмысының бiрыңғай ақпараттық базасында тiркеуде болуы.***
2. Малдардың бiрдейлендiру нөмiрiнiң және ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөніндегі бiрыңғай деректер базасында тiркеуде болуы.
3. Зоотехникалық нормаларға сәйкес күтіп-бағу және ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру.
Қосымша
Тұқымдық құрамын өзгертуге қатысатын тауарлы табын үшін:
1) Асыл тұқымдық куәлігі бар және зоотехникалық нормативтерге сәйкес
қолдан және/немесе еркін шағылыстыруға пайдаланатын асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың болуы, оларды пайдалану, бекіту және алмастыру.
Отандық селекциялық асыл тұқымды мал басы үшін:
1) тиісті тұқымдар бойынша республикалық палаталар ұсынған заңды және жеке тұлғалардың ғылыми және/немесе консалтингтік сүйемелдеуі туралы;
2) асыл тұқымды аналық табындарда ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығымен жасанды ұрықтандыруды және/немесе қолдан шағылыстыруда асыл тұқымдық куәлігі бар асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану. Еркін шағылыстыруға жол берілмейді.
Шетелдік селекцияның асыл тұқымды мал басы үшін*:
1) тиісті тұқымдар бойынша республикалық палаталар ұсынған заңды және жеке тұлғалардың ғылыми және/немесе консалтингтік сүйемелдеуі туралы;
2) шет елдік селекцияның асыл тұқымды аналық табындарында бағаланған тұқымдық бұқалар ұрығымен жасанды ұрықтандыруды және/немесе қолдан шағылыстыруда өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану.
6.    Отандық құс фабрикалары отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан сатып алған асыл тұқымды тәулiк­тiк балапандар мен асыл тұқымды жұ­мырт­қаның құнын iшiн­ара арзандату     1) Торда және еденде ұстау үшiн технологиялық жабдықтардың болуы;
2) Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру.

Ескертпе:


* Шетелдік селекцияның асыл тұқымды мал басы деп шет елден әкелінген асыл тұқымды және одан алынған асыл тұқымды төлдің үшінші ұрпағына дейін түсініледі.
** Асыл тұқымды төлді жоспарланған сатып алуда (әкелуде) тиісті тіркеуге алу мерзімі тиісті тауар өндірушінің міндеттемесінде көрсетіледі.
*** Аталған субсидиялау бағыттары бойынша ұсынылған талаптар барлық санаттар үшін бірыңғай.

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларына 2-қосымша

Бюджеттік субсидиялар нормативтері
1. Тауар өндiрушiлер отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан және (немесе) асыл тұқымды мал шаруашылықтарынан сатып алған отандық тұқымдардың асыл тұқымды төлiнiң құнын iшiнара арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері
Р/с

Малдың түрлері мен тұқымдары    1 килограмм тірі салмағына арналған бюджеттік субсидиялар нормативтері, теңге
1    2    3
Қой
1.    Қазақтың биязы жүнді қойы     Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 килограмнан тірі салмағына 161 теңгеден аспайды
2.    Қазақтың арқар мериносы
3.    Оңтүстік қазақ мериносы
4.    Солтүстік қазақ мериносы
5.    Австралия мериносы
6.    Цигай қойы
7.    Қазақтың биязылау кроссбредті жүнді қойы
8.    Дегерес етті-жүнді қойы
9.    Еділбай қойы
10.    Қазақтың ұяң жүнді және қылшық жүнді құйрықты қойы
11.    Сарыарқа құйрықты қойы
12.    Гиссар қойы
13.    Қаракөл қойы
Жылқы
1.    Қазақтың жабы жылқысы    Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 килограмнан тірі салмағына  118 теңгеден аспайды
2.    Көшім жылқысы
3.    Мұғалжар жылқысы
Шошқа
1.    Ірі ақ шошқа    Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 килограмнан тірі салмағына 139 теңгеден аспайды
2.    Немістің асыл текті шошқасы
3.    Дюрок
Түйе
1.    Қазақтың айыр өркешті түйесі    Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 килограмнан тірі салмағына 86 теңгеден аспайды
2.    Аруана

2. Тауар өндiрушiлер сатып алған  асыл тұқымды ірі қара мал төлiнiң құнын iшiнара арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері


Р/С
№    Малдың типтері мен тұқымдары    1 басқа арналған бюджеттік субсидиялар нормативтері, теңге
Ірі қара мал
1.    Қара-ала (голштин) сиыр    Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 басқа 107 000 теңгеден аспайды
2.    Қызыл (қырдың қызыл) сиыр
3.    Қоңыр (алатау) сиыр
4.    Қызғылт сары шұбар (симментал) сиыр
5.    Қазақтың ақбас сиыры
6.    Әулиекөл сиыры
7.    Санта-гертруда сиыры
8.    Шароле сиыры
9.    Герефорд сиыры
10.    Ангус

3.Тауар өндiрушiлер сатып алған шет елден әкелінген асыл тұқымды төлдiң құнын iшiнара арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері


р/с
№    тұқымы    Экспорттаушы елдер    1 басқа арналған бюджеттік субсидия нормативтері, теңге
1.    Етті тұқымдар    Еуропа елдері    Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 басқа 140 000 теңгеден аспайды
2.    Етті тұқымдар    Австралия,
Солтүстік және Оңтүстік Америка елдері    Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 басқа 214 000 теңгеден аспайды
3.    Сүтті тұқымдар    Австралия,
Солтүстік және Оңтүстік Америка елдері    Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 басқа 214 000 теңгеден аспайды
4.    Сүтті тұқымдар    Еуропа елдері    Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 басқа 140 000 теңгеден аспайды
5.    Сүтті тұқымдар    Ресей Федерациясы, Беларусь Рес­публикасы және Украина     Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 басқа 107 000 теңгеден аспайды

4. Дара кәсіпкерлерге және/немесе заңды тұлғаларға жеке қосалқы шаруашылықтардағы аналық ірі қара мал басын шағылыстыруға пайдаланатын асыл тұқымды етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға жұмсалатын шығындардың құнын iшiнара арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері


р/с
№    Өнімнің атауы    1 басқа арналған бюджеттік субсидия нормативтері, теңге
1.    Етті бағыттағы тұқымдық бұқалар    47 000

5. Етті бағыттағы аналық ірі қара мал басының сапалық құрамын жақсартумен айналысатын тауар өндiрушiлерге селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізумен байланысты шығындарының құнын арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері


р/с
№    Өнімнің атауы    1 басқа арналған бюджеттік субсидия нормативтері, теңге
1.    Сиырлар және құнажындар    12 000

6. Отандық құс фабрикалары отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан сатып алған асыл тұқымды тәулiктiк балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқаның құнын iшiнара арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері

Р/с

Асыл тұқымды өнімнің түрі     Тәуліктік балапан және асыл тұқымды жұмыртқа сатып алуға арналған бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге
ата-тектік табыннан*    ата-енелік табыннан **
1.    Тәуліктік балапан
(етті)    Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 басқа 275 теңгеден аспайды
2.    Тәуліктік балапан
(жұмыртқа)        Сатып алынған құнының 50% артық емес, бірақ 1 басқа  45 теңгеден аспайды
3.    Тауық жұмыртқасы
(жұмыртқа)    -    Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 жұмыртқаға 19 теңгеден аспайды

* Етті құс шаруашылығында ата-енелік табынды қалыптастыру үшін.


** Жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығында өнеркәсіптік табынды қалыптастыру үшін.
- 1 жылдан астам асылдандыру шаруашылығы мәртебесін алған асыл тұқымды құс фабрикалары өткізген асыл тұқымды өнім (тәуліктік балапандар, асыл тұқымды жұмыртқа) субсидиялауға жатады.

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларына 3-қосымша

Асыл тұқымды өнімді (материалды) өткізудің шекті ең жоғары бағасы, теңге
Асыл тұқымды өнімнің
(материалдың) атауы    Бірлігі үшін    Шектелген бағалар, теңге
Республикалық малды асылдандыру орталығының тұқымдық бұқалар (ұрпағының сапасы бойынша бағаланған) ұрығын өткізуі:
1) екі жынысты ұрық    1 доза    1000-ге дейін
2) бір жынысты ұрық        2000-ге дейін
Етті құс шаруашылығы бойынша асылдандыру шаруашылығының етті кроссты асыл тұқымды тәуліктік балапандарды өткізуі    1 бас     550-ге дейін

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларына  4-қосымша

«Бекітемін»
_______________ облысы
Ауыл шаруашылығы басқармасының
бастығы ___________ (аты-жөні, қолы, мөрі)
2012 жылғы «__» ____________

_________________________ облысы бойынша 2012 жылдың ___ _______ үшін асыл тұқымды


өнімді (асыл тұқымды материалды)
___________________________________________________________________________________
(асыл тұқымды төл, асыл тұқымды жұмыртқа, балапандар – қажеттісі қалдырылсын)
сатып алу және субсидиялар төлеу туралы
біріктірілген жиынтық ведомость *

Атауы    Жылдық квота    Бір бірлік


(бас, кг т/с, дана) үшін бюджеттік субсидиялар
нормативі, теңге    Асыл тұқымды өнімнің асылдандыру мақсатына нақты сатып алынғаны
(бас, кг т/с, дана)    Жылдың басынан бастап бюджеттік субсидия-лардың тиесілі сомасы, теңге    Жыл-дың басы-нан
бас-тап төлен-ген,
теңге    Бюд-жеттік субсидия-лардың тиесілі сомасы-ның қалдығы,
теңге    Төлеуге жатады,
теңге
ау-дан    асыл тұқымды өнімді немесе асыл тұқымды материалды сатып алушының    (бас, кг,
дана)    тең-ге        жыл басынан
бастап
есепті ай ішінде

* сатып алынған асыл тұқымды өнімнің (асыл тұқымды материалдың) әрбір түріне жеке жасалады.

Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы (жауапты тұлға) _____________________ (аты-жөні, қолы)
Бухгалтер (жауапты тұлға) _____________________ (аты-жөні, қолы)

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларына  5-қосымша


«Бекітемін»
_______________ облысы
Ауыл шаруашылығы басқармасының
бастығы ___________ (аты-жөні, қолы, мөрі)
2012 жылғы «__» ____________

Малды асылдандырушы орталыққа, асылдандырушы шаруашылыққа, қостанай тұқымы бойынша


асыл тұқымды жылқы зауытына 2011 жылғы ___________ үшін тиесілі бюджеттік субсидиялар туралы
(ай)
жиынтық ведомость
Шығын-дардың
баптары    Бюджет қаражатын бөлу сметасында көзделген сома, мың теңге    Сатып алынған тауарлардың (жануарлардың), орындалған қызметтер мен жұмыстардың нақты көлемі    Жыл басынан бастап тиесілі сома, мың теңге    Жылдың басынан бастап төленген,
мың теңге    Тиесілі соманың қалдығы,
мың теңге    Төлеуге жатады,
мың теңге

ЖИЫНЫ


Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы (жауапты тұлға) _____________________ (аты-жөні, қолы)
Бухгалтер (жауапты тұлға)             _____________________ (аты-жөні, қолы)


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет