ОбөЖ тапсырмасы Тақырыбы:Өсімдіктер және жануарлар селекциясы

бет6/8
Дата06.03.2024
өлшемі1.06 Mb.
#494472
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
15 апта генетика Дана

АЛЫСТАН БУДАНДАСТЫРУ

Алыстан будандастыру әдісі тек өсімдіктерде ғана емес,жануарлар селекциясында да қолданылады.Жануарларда да өсімдіктердегідей түраралық будандар көбінесе ұрпақсыз болады.Мұндай жағдайда олардың ұрпақ беру қабілетін қалпына келтіру өте күрделі.Себебі жануарларда хромосома санын екі еселеу арқылы полиплоидтерді алу мүмкін емес.Алайда алыстан будандастыру арқылы алынған будандардың ұрпақсыз болса да шаруашылық маңызы бар.Мысалы, бие мен есекті будандастыру арқылы алынған қашырды адам баласы ертеден пайдаланып келеді.Қашырларда гетерозис құбылысы байқалады:олар өте төзімді,күш қуаты мол әрі атаенесіне қарағанда ұзақ тіршілік етеді.Бірақ олар ұрпақ бермейді.Сол сияқты қос өркешті түйе мен нарды будандастырғанда да гетерозис көрініс береді. Кейбір түраралық будандастырулардан алынатын будан ұрпақ өсімтал келеді.Мұндай жағдайда олар үй жануарларының жаңа түрлерін шығару үшін,яғни селекциялық мақсатта қолданылады.

Алыстан будандастыру әдісін қолданудың нәтижесінде көптеген жетістіктерге қол жетті.Соның бірі,мысалы,қазақстандық ғалымдар:Н.С.Бутарин,Ә.Есенжолов,А.Жандеркин биязы жүнді қойларды жабайы арқармен будандастырып,арқар-меринос тұқымын шығарды.Мұндай қойлар биік таулы аймақтардағы жайылымдарда жайылып,тіршілік етуге бейім келеді.Ондай қасиетті арқардан,ал жүнінің биязылығын енесінен-биязы жүнді қойдан тұқым қуалап алған. Қодас пен мүйізді ірі қараны будандастыру бойынша да селекциялық жұмыстар жүргізілуде.Қодас-биік таулы жерлерде өсетін үй жануары.Негізінен күш көлігі ретінде пайдаланылады.Еті қатты,сүті аз,бірақ майлы болып келеді. Мүйізді ірі қара мен қодастың арасынан шыққан будандарда, гетерозиске байланысты еті мен сүтінің сапасы қодасқа қарағанда артық болып шыққан.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет