Әр лабораториялық сабақтың дайындалуын тақырыптың негізгі ережелерінің қайталауынан бастау қажет және бақылау сұрақтарына жауап беру керек.
Оқулықпен жұмыс істеу кезінде қарастырыл отырған тақырып бойынша есептерді шешу қажет. Есептерді өз бетімен шешу керек, себебі осы кезде алған теориялық білімдері жақсы меңгеріледі және бекітіледі.
Барлық талап етілген есептерді өз бетімен шығару, одан кейін оқулықтарда және оқу әдістемелік нұсқауларында шығарылып көрсетілген есептерге талдау жасау өте пайдалы
Типтік есептерді біз аудиториялық лабораториялық сабақтарда шешеміз. Үй тапсырмаларын орындау кезінде туындаған сұрақтарға студенттердің оқытушы қол астындағы өздік жұмысы (ОСӨЖ) кезінде жауап бере аламын.
Қарастырылатын материалдарды толық меңгеру үшін әр тақырып бойынша қысқаша конспект жасау керек, оған негізгі анықтамаларды, барлық формулаларды және олардың ішіндегі шамалардың физикалық мәнін талдау жасай отырып жазу керек.
Әр тақырыптар бойынша есептердің шешімдерін және барлық жазбаларды лабораториялық сабақтарға арналған жеке дәптерге жазу керек.
Өздеріңіздің өз бетімен дайындалған материалдарыңыз одан әрі емтихан алдындағы пәнді қайталау кезінде үлкен көмекші құрал болып табылады, сонымен қатар іс жүзінде анықтама ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Тақырып 1: Шарлар көмегімен ұнтақтайтын диірмен.
Жұмыстың мақсаты
1. Шарлы диірменнің құрылысымен және жұмыс істеу принципімен танысу.
2. Електі талдау әдісі нәтижелері бойынша дисперсті құрамын және ұсақтау дәрежесін анықтау.
3. Ұсақтауға шығындалған энергия мөлшерін анықтау.
Сынаудың өткізу әдістемесі
Жұмыс кезінде 500 г-ға тең материалды өлшеп ұнтақтау құралына береді. Мысалы, материал ретінде кірпіш алуға болады және оны диірменнен өткіземіз. Осы диірменде ұсақталған материалды жинайды және үлкен бақылау елеуішіне себеді. Елеуіштер тесік өлшемі бойынша былай орналастырылады: тесігі үлкен жоғарыда, содан кейін тесігі кішкентай елеуіштің астынан түбі келеді. Елеу 5 ?10 минут жүргізілуі керек. Елеу аяқталғаннан кейін, әр елеуіштің түбінде қалған қалдықты жеке-жеке өлшеп алады. Өлшегеннен кейінгі нәтижелерді кестеге түсіреді. Кестедегі мәндерге байланысты ұнтақталу сипаттамасының графигін салады. Содан кейін түйіршіктердің орташа өлшемдерін /5/ теңдеумен анықтайды. Шарлы диірменнің майдалау дәрежесі мына тұжырым арқылы анықталады :
і = d'орт/d"орт .
Тексеру сұрақтары
1. Шарлы диірменнің құрылысың және жұмыс істеу принципін түсіндіріп берініз.
2. Ұсақтағыштардың жұмысын қандай көрсеткіш сипаттайды?
3. Елек талдау әдісі қалай жүргізіледі?
4. Ұсақтауға шығындалатын энергия мөлшер қалай анықталады?
Тақырып 2: Қалақшалы араластырғышты сынау.
Жұмыстың мақсаты
1. Араластырғыштың әртүрлі айналу жиілігінде тұтынатын қуатты анықтау.
2. Жұмысшы мүшенің айналу санына тәуелді тұтынатын энергияның мөлшерің талдауын жүргізу.
Сынаудың өткізу әдістемесі
Сынақ алдында қондырғының және сұйықтың негізгі параметрлермен танысу керек: ыдыстың диаметрі D, сұйық қабатының биіктігі Н, сұйықтың тығыздығы ?, сұйықтың температурасы t, тұтқырлықтың динамикалық коэффициенті ?, қалақшалардың айналу шенберінің диаметрі d, қалақшаның ені b, қалақшалардың саны x.
Қалақшалы араластырғыштың сынағы бықылау-өлшеу аппаратураның (тахогенераторді және өзі жазатың ваттметрді) тексеруінен басталады. Содан кейін араластырғыштың бос күйіндегі, жұмысшы мүшенің белгілі айналу жиілігінде, тұтынатың қуатың анықтайды. Араластырғыштың әртүрлі айналу жиілігінде бес сынақ өткізу керек.
Сынақ нәтижелерің өндеу
Араластыру процесі үшін есептеу критериалдық тәуелділігі (7) теңдеумен анықталады. Euм және Reм мәндерің келесі формулалар бойынша анықтайды
; (8)
мұндағы : ? - араластыратын сұйықтың тығыздығы, кг/м3;
d - араластырғыштың диаметрі, м
? - тұтқырлықтың динамикалық коэффициенті, Па·с
Есептелінген EuM және RеM арқылы lgRеM және lgЕuM тәуелділік графигі салынады және содан (7) теңдеудегі тұрақты А және m шамалары анықталады.
lgEuM= lgA + m·lg ReM (9)
m – дәреже көрсеткіші алынған түзуге көлбеу тангенс бұрышы ретінде анықталады (tg? = ab/bc).
Тұрақты А түзудің ордината өсін, қиған кезіндегі пайда болған кесінді түрінде немесе (10) теңдеумен анықталады.
lgA = lgEuM - m·lgReM (10)
Осындай үш анықтау істеу керек және олардан коэффициенттердің орташа мәнің алады.
3-сурет. lgEuM = f (lgReM) тәуелділіктің графигі
Араластырғыш білігіндегі қуат
Nб=N1·?э.қ.· ?бер, (11)
мұнда: N1- ваттметр бойынша анықталатың қуат;
?э.қ.- электрқозғалтқыштың ПӘК-і;
?бер.- берілістің ПӘК-і.
Тәжірибелерден және есептеулердең алынған мәліметтерді хаттамаға кіргізеді, содан кейін жұмысшы мүшенің айналу санына тәуелді тұтынатын энергияның мөлшерің талдауын жүргізеді.
Тексеруге арналған сұрақтар
1. Араластыру процесінің мағынасын түсіндіріңіз.
2. Аралыстырғыштардың түрлері қандай болады?
3. Сұйықтың механикалық араластыруына кететін қуат шығынын қандай физикалық шамалар анықтайды.
4. ReM және ЕuM модификацияланған критерилер не үшін қажет ?
5. Жалпы критерий теңдеуін қолдана отырып шығарылған есеп жолын түсіндіріп берініз.
Тақырып 3: Мерзімді әрекетті центрифуганы сынау.
Жұмыстың мақсаты
1. Ортадан тепкіш күш әсерінен ажыратудың негізгі заңдылықтарымен және центрифуганың құрылысымен танысу.
2. Ажырату жылдамдығын және тұнба ылғалдылығының процестін уақытына тәуелділігің анықтау.
Сынаудың өткізу әдістемесі
Процестің теориясымен және центрифуганың құрылысымен танысқаннан кейін тәжірибелік сүзуді өткізеді. Барабанға алдын ала дайындалған суспензияны белгілі мөлшерде беріледі, электрқозғалтқышты қосады және электрқозғалтқыш косылған уақыттан бастап ағып шығатың фильтраттың мөлшерің жінағтағыш ыдыстың өлшейтің шынысы арқылы 15?20 с сайың өлшейді. Центрифуга жұмыс істеу кезінде ротордың айналу жиілігін, электрқозғалтқыштың жоғарғы жағында орнатылған (электрқозғалтқыштың және тахогенератордың біліктері бір бірімен қатты бекітілген), тахогенератормен 4 өлшейді. Ажырату процесі аяқталғаннан кейің центрифуганы тоқтатады және тұнба қабатының орташа қалындығың өлшейді, тұнбаның ылғалдылығың анықтау үшін проба алады және сынақтың нәтижелерің сынақ протоколына еңгізеді.
Сынақ нәтижелерің өндеу
Барабанның толық көлемі (м3)
, (9)
мұнда: D – барабанның ішкі диаметрі, м;
h – барабанның биіктігі, м.
Барабанның жұмыс көлемі (м3)
, (10)
мұнда: D1 – айналған кезіндегі тұнба сақинасының ішкі диаметрі, м.
Барабанның толтыру коэффициенті
, немесе . (11)
Ажырату факторы
, (12)
мұнда: n – ротордың айналу жиілігі, мин-1;
R=D/2 - барабанның ішкі радиусы, м.
Площадь поверхности осаждения (м2)
. (13)
Өлшеу арасындағы ?? уақыт ішіндегі ажыратудың орташа жылдадықтары былай анықталады:
, (14)
мұнда: ?V' - ?? уақыт ішінде алынған сүзіндінің көлемі.
Есептеу және тәжірибе арқылы алынған нәтижелер бойынша тәуелділік графиктерін турғызады: және (мұнда W – тұнбаның ылғалдылығы өлшеген уақытта).
Тексеру сұрақтары
1. Тамақ өнеркәсібінде центрифугалардын қандай типтері және конструкциялары қолданылады және олардың жұмыс істеу принципі?
2. Центрифугалардың жұмысың қандай параметрлер сипаттайды?
3. Ажырату факторы деген не және оны қалай анықтайды?
4. Центрифулаудан кейін тұнбаның ылғалдылығын қалай анықтайды?
5. Жұмыстың істеу тәртібін түсіндіріп және тәжірибелік нәтижелерді сараптаңыз?
Тақырып 4: Сүзі процесінің тұрақтыларын анықтау.
Жұмыстың мақсаты
1. Сүзгі-престің құрылысымен және оның жұмысымен танысу.
2. Тәжірибелік сүзіді жүргізу.
3. Тәжірибелік мәліметтер бойынша сүзу коэффициентерің анықтау.
4. Сүзі уақытың анықтау.
Сынаудың өткізу әдістемесі
Араластырғышы 3 істеп тұрған резервуарға 4 30?40 литр бор (мел) суспензиясың құяды, осыдан кейін резервуардың қақпағын нығыздап жабады. Сосын компрессор қондырғысы 1 қосылады және ауалы кран арқылы резервуарда артықша қысым орнатылады ?р = 0,01?0,02 МПа. Қысым, сынақ кезінде, осы шамада сақталып түрады. Құбыр арқылы суспензия сүзгінің камераларына беріледі. Сынақтың басталу уақыты, сүзгінің науасында сүзіндінің бірінші тамшылары көрінгеннен кейін, белгіленеді.
Өлшегіш ыдыстарға келесі 0,5 л сүзінді жиналған сайын сүзіндінің көлемін (Vс), уақытты (?) және суспензияның температурасын (t) белгілейді. Суспензия сүзіліп болған сон сынақ тоқтатылады. Сынақтан кейін сүзгіні бөлшектейді, сүзгі бөгеттерінен тұнбаны тазалап алады да оның көлемін Vт өлшейді. Сынақ нәтижелерін сынақ хаттамасына еңгізеді.
Сынақ нәтижелерің өндеу
а және b cүзу коэффициенттерің алу үшін (11) теңдеуді дифференциалдаймыз:
(12)
Осы теңдеуден келесіні аламыз:
.
2-суретте түзу сызықтың теңдеуі алынған ??/?V-V' координаталарда. Осы сызық ординаталар осің ??/?V = b нүктеде қиылыстрады. Түзу сызықтың көлбеу бұрышының тангенсі 2·а тең. Көрсеткіш V' - сүзгі бетінің бірлігіне қатысты екі кезекті өлшеудің ортақталған мәні бойныша сүзіндінің көлемің:
2-сурет. График ??/?V = f(V')
. (13)
Сүзі бөгетінің кедергі коэффициенті және тұнбаның меншікті кедергісі келесі формулалар бойынша анықталады:
; (14)
мұнда: ? - сүзіндінің динамикалық тұтқырлығы (суспензияның орташа температурасы бойынша анықталады), Па·с;
S = Vт/Vс ;
Vт – тәжірибе жолымен анықталған тұнбаның көлемі.
Сүзгі-престің рамасының өлшемдері 250?250 мм, сондықтан бір раманың ауданы f = 0,0625 м2. Осы жерден
F = f · n (15)
мұнда: n – рамалардың саны.
Алынған мәліметтерді сынақ хаттамасына еңгізеді.
Сүзідің оптималды уақытың анықтау үшін графикалық тәуелділік V=f(?) түрғызылады. Осьте О нүктесінің сол жағында ?0 тең (?0 - сүзгіні жұмысқа дайындау үшін қәжетті уақыт , ?0 = 0,25 сағ) ОS кесінді салынады. V=f(?) тендеу бойынша түрғызылған қисыққа S нүктесінең жанаманы өткізеді. Жанамамен қисық жанасқан нүктесінең ? осіне перпендикулярді түсіреміз. ? осінде кесінді ОВ пайда болады – оның ұзындығы сүзі процесінің тиімді уақытына тең.
2-сурет. График V=f(?)
Тексеру сұрақтары
1. Сүзі процесінің мақсаты қандай?
2. Сүзгіде қысымдар айырмасың қандай тәсілдермен алынады?
3. Сүзі режимдері немен сипатталады?
4. Сиационарлы және стационарлы емес сүзілердің сипаттамасың берініз.
5. Сүзі коэффициентердің физикалық мәні қандай?
6. Сүзі коэффициентерді анықтайтың формулаларды талданыз.
7. Тәжірибелік қондырғының негізгі элементтері қандай?
8. Сүзгі-фильтрдің құрылысы қандай?
9. Жұмысты істеу тәртібі қандай?
10. Тәжірибелік нәтижелер қандай әдіспен өнделеді?
Тақырып 5: Аэроциклонды сынау.
Жұмыстың мақсаты
1. Циклонның құрылысымен танысу.
2. Циклон жұмысының көрсеткіштерінің (ПӘК, ажырату факторы және т.б.) анықтау.
Сынаудың өткізу әдістемесі
Ауа жылдамдығын жапқыш құрылғынын ауданын өзгерту арқылы реттейді. Оны белгілі мөлшерде циклонның кірер патрубкасына береді. Шаңды С1 белгілі бастапқы концентрациясымен береді және оны форсунканын санлауы арқылы реттейді. Шанаққа тозандатылатың материалды салады және форсунка арқылы оны желдеткішпен циклонға берілетің ауа ағынына қосады.
Циклоннан шыққан шаң маталы фильтрде тұндырылады, жиналады және сонғы концентрацияны С2 анықтау үшін массасы өлшенеді. Циклонның төменгі патрубкасынан тұндырылған шаңды жинап алады және оны да өлшейді. Бөлшектердің өлшемдерің қабылдап алады. Газдың (ауаның) тұтқырлығын температураға байланысты кестелерден алады.
Сынақ нәтижелерің өндеу
(3) формула бойынша сынақ нәтижелерінен бастапқы С1 және сонғы С2 концентрациялар арқылы циклонның ПӘК-ің анықтаймыз.
Аудағы шаңнын мөлшерің оның массасын өлшеу арқылы анықтайды. Ол үшін ауаны маталы фильтр арқылы сүзеді. Фильтрдың массасын сүзі алдындағы және сүзіден кейін өлшеп және фильтр арқылы өткен ауанын мөлшері бойынша ауанын 1м3 ішіндегі шаңнын мөлшерің табады.
Осы жұмыста да бастапқы концентрацияны массаны өлшеу арқылы есептейді, бірақ өзгеше әдіспен. Белгілі уақытта ауанын белгілі көлеміне форсунка арқылы белгілі мөлшерде шаң береді. Шаңнын бастапқы концентрациясы (г/м3)
, (5)
мұнда: G1 – циклонға берілетін шаңнын массасы, г/с;
V1 – циклонға берілетің ауанын көлемі, м3/с.
Циклоннан шығатың ауанын ішінде шаңнын сонғы концентрациясы
, (6)
мұнда: G2 – циклоннан шығатың шаңнын массасы, м/с;
V2 – циклоннан шығатың ауанын көлемі, м3/с.
Шаңнын тұну жылдамдығы (м/с)
(7)
мұнда - газдың циклон ішінде жылдамдығы, м/с;
- газдың патрубкіге кірер жылдамдығы, м/с;
Sк – ауа кіретін патрубканын көлденен қима ауданы, м2.
Ажырату факторы (4) формула арқылы анықталады.
Циклоннын гидравликалық кедергісі (Па)
, (8)
мұнда ? - кедергі коэффициенті, циклоннын құрылысына байланысты.
Тексеру сұрақтары
1. Тәжірибелік қондырғынын схемасын түсіндіріп берініз.
2. Тамақ өнеркәсібінде ортадан тепкіш тұндырғыштардың - циклондардың қандай типтері және конструкциялары қолданылады?
3. Циклондардың жұмысын қандай негізгі параметрлер сипаттайды?
4. Ауанын шаңдану дәрежесі қалай анықталады?
5. Ажырату факторы нені сипаттайды?
6. Циклонның ПӘК-і қалай анықталады және оны жоғарлату жолдары қандай?
-
-
-
-
4 ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР МЫСАЛДАРЫ
$$$ 1
Жүйедегi параметрлерiнiң бiр iздi және заңды өзгеруiнiң нәтижесiнде оларда жаңа қасиеттер пайда болуы не деп аталады?
А. машина
В. аппарат
С. технология
D. процесс
Е. Баланс
$$$ 2
Көрсетілген формуламен не анықталады?
А. процестің қарқындылығы
В. процестің қозғаушы күші
С. процестің жылдамдығы
D. процестің кедергісі
Е. процестің температурасы
$$$ 3
Ұсақтау процесi қайсы топқа жатады?
А. гидромеханикалық
В. жылу
С. массаалмасу
D. механикалық
Е. дифузиялық
$$$ 4
Ортадан тепкiш күшпен қысылып шар барабанның қабырғасымен бiрге айналып қозғалмау үшiн, шарлы диiрменнiң айналу саны қандай шартқа сәйкес болу керек?
А. n = 50,2 /?D
В. n ? 50,2 /?D
С. n ? 42,4 /?D
D. n = 42,4 /?D
Е. n ? 50,2 /?D
$$$ 5
Шарлы диiрмен дұрыс жұмысты iстеу үшiн ортадан тепкiш (Рот) және ауырлық күштердiн (G) арақатысы қандай болу қажет?
А. Ро.т. = G
В. Ро.т. ? G
С. Ро.т. ? G
D. Ро.т. = 2G
Е. Ро.т. ? 2G
$$$ 6
Ұсақтау алдындағы бөлшектiң размерi D = 100 мм, ұсақтау дәрежесi i = 10. Бөлшектiң ұсақталғаннан кейiнгi размерiн d (мм) анықтаңыз?
А. d = 90
В. d = 1000
С. d = 10
D. d = 0,1
Е. d = 100
$$$ 7
Ұсақтау алдындағы бөлшектiң размерi D = 50 мм, бөлшектiң ұсақталғаннан кейiнгi размерiн d = 2 мм. Ұсақтау дәрежесiң i анықтаңыз?
А. 48
В. 52
С. 0,04
D. 100
Е. 25
$$$ 8
Тұну процесс кезінде ортаның тұтқырлығы жоғарлағанда тұну жылдамдығы:
А. өседі
В. төмендейді
С. дәрежеге тәуелді өседі
D. өзгермейді
Е. дұрыс жауап жоқ
$$$ 9
Сүзу процесiнiң қозғаушы күшi не болып табылады?
А. тығыздықтар айырмасы
В. температуралар айырмасы
С. кысымдар айырмасы
D. концентрация айырмасы
Е. жылдамдықтар айырмасы
$$$ 10
Сұйықтың қозғалыс режимің Re анықтаныз, егер ол w = 1,27 м/с жылдамдықпен диаметрi d = 0,05 м құбырда қозғалса, кинематикалық тұтқырлық коэффициентi ? = 1,74?10-6 м2/с.
А. Re=36494- турбуленттік
В. Re=12754 - турбуленттік
С. Re=1812 - ламинарлық
D. Re=1550 - ламинарлық
Е. Re=5250 - турбуленттік
$$$ 11
Төменде көрсетiлген процестердiң қайсы жылу процестерiне жатады?
А. араластыру
В. кептiру
С. кристалдану
D. ысыту
Е. центрифугалау
$$$ 12
Жылуалмасу процестердiң қозғаушы күшi не болып табылады?
А. тығыздық айырмасы
В. концентрация айырмасы
С. температуралар айырмасы
D. қысымдар айырмасы
Е. температура
$$$ 13
Жылу өту коэффиценттiң өлшем бiрлiгi қандай?
А. Вт
В. Дж
С. Вт/м2?град
D. Вт/м
Е. Вт/град
$$$ 14
Жылу алмасу процесіндегі ысытатың будың мөлшерің анықтайтың тендеуді толықтырыныз:
А. t
В. ?
С. Gс
D. ?
Е. Q
$$$ 15
Жылу өту бетiнiң дұрыс формуласын таңдаңыз.
А. F=Q/k??t
В. F =Q/???t
С. F =Q/??К
D. F =Q??/К??t
Е. F =Q/l??t
$$$ 16
Буландыру процесіндегі ысытатың будың меншікті мөлшерің анықтайтың тендеуді толықтырыныз:
А. t
В. q
С. Gс
D. P
Е. D
$$$ 17
Жылу ағының Q (кВт) анықтаңыз, егер жылуалмастырғыштың жылуөту беті F= 5 м2, жылу өту коэффициентi К = 1000 Вт/(м2?град), жылутасымалдағыштар арасындағы температуралар орташа айырмасы ?t = 50?С болса.
А. Q = 200
В. Q = 100
С. Q = 250
D. Q = 150
Е. Q = 125
$$$ 18
Төменде көрсетiлген теңдеулердiң iшiнен масса өту теңдеуiн көрсетiңiз.
А. М = К/F??C
В. М = К?F??C
С. М = К?F/?C
D. М = К?F-?C
Е. М = К+F??C
Достарыңызбен бөлісу: |