ОӘК 042-18-18 14/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013



бет2/3
Дата27.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#160741
1   2   3

7-тақырып.

1. Деректану методологиясындағы структурализм (Ф.Бродель, Ле Руа Ладюри, Ж. Дюби т.б.).

2.Неоэволюционизмдегі деректі зерттеудегі методологиялық көзқарастар. 3.Деректану методологиясындағы фундаментализмнің американдық мектебі (Т.Парсонс, Р. Мертон).

Тарихтың өзге де ғылымдар тәрізді өзіндік методологиялық негіздері мен ұстанымдары бар. Методологияның дұрыс қойылуы ғылымда оқиғалар мен құбылыстарды объективті түрде терең жол ашады.

Методология көне грек сөзінен аударғанда «методос», «зерттеу жолдары», «таным тәсілдері», ал «логос» ілім деген мағына береді,яғни ол ғылыми зерттеу жолдары, таным тәсілдері туралы ілім болып шығады.

Ғылымда методологияның «тарихи таным теориясы» деген интерпретациясы да кездеседі. Қазіргі кезеңде методологияның анықтамасын беруде ресейлік тарихшылар белсенділік танытуда. Мәселен, В.В.Журавлев: «.. тарихи зерттеу методологиясы-бул тарихи білімді дүниеге келтіру және олардың принциптерін реттеу.Методология бұл тұста ғалымның қармағындағы малай немесе құлдық ұруды талап ететін патша емес.Яғни, методологияны не істеме де өзім білемін деген принципті ұстанып, оны біржақты дәріптеуге немесе елеусіз қалдыруға болмайды. Нағыз тарихшы ең алдымен өмір бойы методологиялық жағынан жетіледі. Ол ғылымда жинақталған методологиялық қазынмаен бірге өседі, ал соңғысы ғалымның күш- қайратының арқасында молаяды,- деп жазды. Сонымен тарих ғылымының методологиясы теориялық, дүниетанымдық ережелердің жүйесі, ол нақты шындықты танудың тәсілдері ретінде ғылыми талдау жасау талаптарынан пайдаболады. Басқаша айтқанда тарих ғылымының методологиясы ғылыми зерттеу жұмысында танымдық принциптер, идеялар ретінде пайдаланылатын белгілі бір дүниетанымдық теориялық ережелердің жүйесі. Методология- белгілі бір мәселені зерттеудің ғылыми әдістемелері. Тарих ғылымындағы зерттеу тәсілдері мен жолдары,яғни методология математикадағыдай дайын формула емес, ол өзін теориялық жағынан жетілдіруді және үздіксіз ізденістер арқылы қалыптастырып, дамытуды талап етеді. Методологияға суйеніп, зерттеуші іс-тәжірибелік қызметінде әдістер кешенімен жұмыс істейді. Осыған байланысты ғылыми әдістер құрылымын былайша көрсетуге болады: 1.танымының мазмұнын сипаттайтын дүниетанымдық ережелер мен теориялық приницптер. 2. зерттелуге тиіс мәселенің ерекшеліктеріне сәйкес әдістемелік қолданыстар.3. ғылыми зерттеуді дәйектейтін, оның барысы мен нәтижелерін көрсетуде қолданылатын тәсілдер осылайша, әдіс зерттеудің теориясының, әдістемесінің және техникасының өзара байланысын іске асырады.

Методология әдістен де кең, ол әдістердің ілімі ретінде білімнің үш деңгейінен құралады; философиялық, ғылыми- теориялық және эмпирикалық.

Бекіту сүрақтары

1.Методологияның тарих ғылымындағы орны қандай?

2.Тарихи танымның мәні?

Ұсынылатын әдебиет

1.Ракитов А.И. Историческое познание. М., 1989.

2.Хвостова К.В., Финн В.К. Проблемы исторического познания в свете современных междисциплинарных исследований. М., 1997.

3.Смоленский А.В. Теория и методология истории. М., 2003.


8-тақырып.

Деректану методологиясындағы пәнаралық байланыстар.

1.Деректану методологиясындағы модернизм теориясы. Қазақстан тарихының деректануындағы құрылымдық антропологияның методологиялық принциптері (К. Леви - Стросс).

2.Феноменология деректанудың жалпы методологиялық принципі ретінде.

3.Тарихи деректі зерттеудегі редукция феноменологияның әдісі ретінде.

Методологияның маңызды міндеті тарих ғылымының әдістерінің табиғатын, пайдалануын және ерекшеліктерін анықтау. Осы мақсатқа қол жеткізу әдістің жалпы мазмұнын, соның ішінде ғылымның әдісі ретінде түсіну арқылы мүмкін болады.

Әдістің ғылыми зерттеу үшін маңызы өте зор. Оның үстіне тарихи үрдістің күрделілігі көптеген зерттеу тәсілдерін қолдануды талап етеді.Тарих ғылымында әдістің құндылығы сол, ол методологияны жетілдіру және байыту мақсатында қажетті материал бере алады.

Әдіс адамның танымдық қызметі мен тәжірибеде белгілі бір нәтижелерге қол жеткізудің тәсілдері, құралы ретінде баршаға таныс. Әдіс эвристикалы. Ол өз бойында объективтілік пен субъективтілікті сақтайды. Ол метод-ия арқылы теориямен астасып жатады, өйткені теория ғылыми әдістің дамуынсыз өмір сүре алмайды. Себебі әдіс теориялық білімге негізделген сайын күше түседі. Сондай ақ әдіспен теорияның алшақтығы алғашқының бұрмалануына, соңғының мазмұнынан айрылуға әкеледі. Осылайша теоря мен әдістің диалектикалық өзара байланысының нетижесінде олардың арасында бір-бірімен сабақтастықты толысу процесі жүреді. Сонымен, ғылыми әдістер- бұл тарихшының танымдық қызметіндегі тарихи білімнің шынайылығына жетудің саналы тәсілдері мен жолдары болып табылады.

Тарих ғылымында да басқа ғылым салаларындағыдай нақты зерттеу міндетін шешу үшін жалпы ғылыми әдістер қолданылады:


  • ғылыми зерттеудің жалпы тәсілдері. қорыту, анализ, абстракция, салыстыру, индукция, дедукция т.б.

  • жалпы ғылыми сипаттағы эмпирикалық зерттеудің ерекше әдістері:сыныптау, жүйелеу, бақылау, өлшеу, эксперимент.

  • Теориялық зертеудің жалпы ғылыми әдістері: идеализация, формализация, ойша эксперимент, жүйелік тәсіл, математикалық әдіс, абсракциядан нақтыға және керісінше жүру әдістері, тарихи әдіс, логикалық әдіс.

Ғылыми таным үрдісінің дамуы жаңа әдістерді туғызд:

  • жүйелік- құрылымдық талдау.

  • Қызметтік (функционалдық) талдау.

  • Алгоритмдеу.

  • ЭЕМ арқылы зерттеу әдісі.

Аталған жалпы ғылыми әдістермен қатар, тарих ғылымының өзінің арнайы таным әдістері бар.Олар жалпы ғылыми әдістердің тарих ғылымының зертеу ерекшеліктеріне негізделген формасы болып табылады.Арнайы тарихи әдістердің екі тобы бар:

  • дәстүрлі тарихи әдістер

  • дәстүрлі емес тарихи әдістер.

Дәстүрлі тарихи әдістің түрлері:

  • таптық талдау әдісі.

  • тарихи-генетикалық әдіс.

  • тарихи- типологиялық әдіс.

  • тарихи- жүйелік әдіс.

  • диахрондық талдау әдісі.

  • ретроспективтік әдіс.

  • тарихи- салыстырмалы әдіс.

Дәстүрлі емес ( қазіргі ) тарихи әдістер:

  • әлеуметтік- психологиялық әдіс.

  • зерттеудің сандық әдісі.

  • зертеудің сандық талдау әдісі.

  • кластерлік талдау әдісі т.б.

Бекіту сұрақтары

      1. Жалпы ғылыми әдістерді атаңыз?

      2. Тарихи таным әдістерінің маңызы неде?

      3. Дәстүрлі тарихи әдістің түрлерін сипаттаңыздар.

Ұсынылатын әдебиет

1.Ракитов А.И. Историческое познание. М., 1989.

2.Хвостова К.В., Финн В.К. Проблемы исторического познания в свете современных междисциплинарных исследований. М., 1997.

3.Смоленский А.В. Теория и методология истории. М., 2003.


9-тақырып.

Ежелгі жазба ескерткіштері.

1.І Даридің Бехистун жазбасы; Ксеркс жазбасы. Авеста – үнді арилердің ежелгі ескерткіші.

2.Қазақстан тарихы бойынша орта ғасырлық ескерткіштер.

3.Қазақстан тарихы бойынша орта иран ескерткіштері.

4.Антикалық жазба шығармалары Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы бойынша дерек ретінде.

5.Герадоттың «Тарихы», Ктесияның «Парсылар тарихы»; Диодор Сицилийский; Плиний; Клавдий Элиан; Полибий. Страбонның «Географиясы», Птоломейдің «Географиясы».

Ежелгі жазба ескерткіштері. І Даридің Бехистун жазбасы; Ксеркс жазбасы. Авеста - үндіарилердің ежелгі ескерткіші. Қазақстан тарихы бойынша орта ғасырлық ескерткіштер. Қазақстан тарихы бойынша орта иран ескерткіштері. Антикалық жазба шығармалары Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы бойынша дерек ретінде. Герадоттың «Тарихы», Ктесияның «Парсылар тарихы»; Диодор Сицилийский; Плиний; Клавдий Элиан; Полибий. Страбонның «Географиясы», Птоломейдің «Географиясы».

Ежелгі кет жылнамалары мен саяхатшыларының жазбалары Қазақстан тарихы бойынша дерек ретінде. Сыма Цянның «Тарихи жазбалары»; «Ерте Хань тарихы» Бань Гу; саяхатшылардың жазбалары (Чжань Цянь); «Хань династиясының ескі тарихы», «Хань династиясының жаңа тарихы». Чань Чунь, Елюй Чуцай т.б. саяхатшылардың жазбалары. Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы бойынша қытай деректерінің спецификасы.

Ежелгі иран жазба ескерткіштері. Ежелгі түрік жазба ескерткіштері. Ежелгі түрік ескерткіштерінің спецификасы. Ежелгі түрік ескерткіштерін дешифровкалау тарихы. Кошо-Цайдам стеллалары - Күлтегін (732 ж.), Білге-қаған (735 ж.), Тоныкөктің (716 ж.) атына қойылған ескерткіштер. Орхон тобының ескерткіштері - Селенгі тасы (VIII ғ. ортасы), Терхин стелласы (756 ж.). Қырғыз мемлекетінің ескерткіштері, Жетісудағы Батыс-түрік қағанатының ескерткіштері. Қазақстан тарихы бойынша тарихи деректер кешеніндегі ежелгі түрік жазба ескерткіштерінің алатын орны мен атқаратын ролі.



Бекіту сұрақтары

1 Араб географтарының қазақ тарихы туралы жазған деректері қандай мәлімет береді?

2 Сақтар туралы деректерді атаңыз?

3 Геродаттың « Тарихы» қазақ тарихы үшін не береді?



Ұсынылатын әдебиет

1 Источниковедение истории СССР: Учебник. М., 1981.

2.Источниковедение: Теория. История: Метод. Источники Российской истории: Уч.пособие. М., РГГУ, 1998.

3.Атабаев Қ. Деректану теориясының негіздері. А.,2002

4.Байтурсынов А. Тезисы о терминологии на тюркских языках//Бюллетень оргкомитета по созыву Всесоюзного тюркологического сьезда. № 2, Баку, 28 февраля 1929 года. С.20-22

5. Зевелев И. Источниковедение и его методологические аспекты. М., 1980


10-тақырып.

Ежелгі кет жылнамалары мен саяхатшыларының жазбалары Қазақстан тарихы бойынша дерек ретінде.

1.Сыма Цянның «Тарихи жазбалары»; «Ерте Хань тарихы» Бань Гу; саяхатшылардың жазбалары (Чжань Цянь); «Хань династиясының ескі тарихы», «Хань династиясының жаңа тарихы». Чань Чунь, Елюй Чуцай т.б. саяхатшылардың жазбалары.

2.Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы бойынша қытай деректерінің спецификасы.

Ежелгі кет жылнамалары мен саяхатшыларының жазбалары Қазақстан тарихы бойынша дерек ретінде. Сыма Цянның «Тарихи жазбалары»; «Ерте Хань тарихы» Бань Гу; саяхатшылардың жазбалары (Чжань Цянь); «Хань династиясының ескі тарихы», «Хань династиясының жаңа тарихы». Чань Чунь, Елюй Чуцай т.б. саяхатшылардың жазбалары. Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы бойынша қытай деректерінің спецификасы.

Орта ғасыр деректерінде «Монғолдардың құпия шежіресі», «Монғолдардың алтын кітабы», сияқты деректерде «керей» атауы «керейіт» түрінде берілген. Ал Иран патшасының тарихнамасында «кіле», «хыле», «кейлі»,»хлейы» деп жазылған. Парсы және Түрік жазбаларында «керейіт» түрінде берілген. Лиау (907 – 1125) Жин (1115 – 1234) Патшалықтары кезінде керей ұлысы көптеген тайпаларға бөлінген

Олар:


  1. Керейхан тайпасы

  2. Жырхан тайпасы

  3. Тонхайт

  4. Сахиат

  5. Тобырт

  6. Албат тайпалары

Кейбір этнографтар керей ұлысын үш топқа жіктейді:

  1. Сары керей

  2. Қара керей

  3. Уақ керей

Керейлер ерте заманнан келе жатқан тайпалардың бірі. Әйгілі шығыс зерттеушісі ғалым Грум Гржимайло керейлер ΙΧ ғасырдан бастап тарихқа әйгілі болған десе. Н. Аристов керейлердің жан саны Χ ғасырда 900 мың адамға жетккен дейді. Г. Н. Потанин керейлерді салы үисіндердің ұрпағы деп тұжырымдайды. Керейіттер конфедерациясының этникалық құрамы бір ұлтты болмаған. Ол түркі тілді және монғол тілді жұрттан құралған

Керейіттердің батысында – Наймандар

солтустігінде – Меркіттер

шығысында - Татарлар

оңтүстігінде – Таңғұттар мен шектесіп жатқан.

Керейіт көсемінің екі ордасы болған. Солтүстік Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласында және оңтүстік ордасы Хуанхе өзені бұрылысының теріскейінде тұрған . Орхондағы бас орда өте қолайлы географиялықжерже, сауда жолының аса маңыздыбөлігінде болған, сол себептенде ло көршілес және алыс елдерден келетін көпестер, сол сияқты миссионерлер жиналатын орынға айналған.

1007 жылы Керейіттер Наймандармен бірге христиан дінінің несториандық тармағын қабылдайды.

Бекіту сұрақтары

1Ежелгі қазақ тарихы туралы деректерді кімдер береді?

2 Сақтар туралы деректерді атаңыз?

3 «Моңғолдың құпия шежіресі» қазақ тарихы үшін не береді?



Ұсынылатын әдебиет

1 Источниковедение истории СССР: Учебник. М., 1981.

2.Источниковедение: Теория. История: Метод. Источники Российской истории: Уч.пособие. М., РГГУ, 1998.

3.Атабаев Қ. Деректану теориясының негіздері. А.,2002

4.Байтурсынов А. Тезисы о терминологии на тюркских языках//Бюллетень оргкомитета по созыву Всесоюзного тюркологического сьезда. № 2, Баку, 28 февраля 1929 года. С.20-22

5. Зевелев И. Источниковедение и его методологические аспекты. М., 1980


11-тақырып.

1.Ежелгі иран жазба ескерткіштері.

2.Ежелгі түрік жазба ескерткіштері. Ежелгі түрік ескерткіштерінің спецификасы. Ежелгі түрік ескерткіштерін дешифровкалау тарихы.

3.Кошо-Цайдам стеллалары - Күлтегін (732 ж.), Білге-қаған (735 ж.), Тоныкөктің (716 ж.) атына қойылған ескерткіштер.

Ортағасырлық араб-, парсы тілді және түркі жазба деректері. Әл-Балазури және ат-Табари шығармаларындағы Қазақстанды мекендеген тайпалар және олардың территориясы туралы алғашқы мәліметтер. ІХ ғ.-Х ғ. басындағы саяхатшылардың жазбалары орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша жазба дерек ретінде. Ибн Хордабек, ибн Джафар, ал Якуби, Ибн ал- Факих, ибн Русте. Саяхатшылардың жазбаларын шындықпен бейнелену спецификасы.

Х-ХІ ғғ. араб географтарының еңбектері орта ғасырлық Қазақстанның географиясы туралы тарихи дерек ретінде. Ал-Истахри, ибн Хаукаль, ибн Фадлан, Абу Дулаф, ал-Масуди, ибн ал - Хусайн, Гардизи, ал - Бируни, әл - Марвази шығармалары.

ХІІІ-ХҮ ғғ. космографикалық араб тілді шығармалар: Ибн - Саид, әл - Казвини, ад-Димашки, ал-Якут, ибн ал-Асир, аз-Захир, ан-Нувайри, әл-Омари, ибн-Баттута, ибн-Халдун, ибн ал-Фурад, ал-Калкашанди, ал-Макризи, ибн-Тагриберди шығармалары.

ХІІІ-ХҮІІ ғғ. Қазақстан тарихы бойынша парсы тілді деректер. Маңғол шапқыншылығының тарихы мен маңғол ұлыстарының құрылуы туралы деректер. Джувейни, Рашид әд-Дин, Шами, али-Йазди, Самарканди шығармалары, Тимуридтер - Натанзи, Хафиз-Абру, аль-Джурджани деректері.

Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи-и-Рашиди» шығармасы Қазақ хандығының құрылуы туралы тарихи дерек ретінде. Чурас, Ахмед Арази, ибн али-Рази, ибн-Вали шығармалары Қазақ хандығының тарихы бойынша дерек ретінде. Орта азиаттық фарсы тілінде жазылған Шайбанидтердің шығармаларындағы Қазақстан туралы тарихи мәліметтер- Камал ад-Дин Бинаи және Молла Шади. Рузбихан Исфаганидің «Бұхар қонағының кітабы» шығармасы. Орта азиаттық тарихи деректер кешенінің қалыптасуы. Кухистан, Васифи, Бухари, Челеби, ибн-Вали, ибн-Араб-Катаган, Шараф ад-дин шығармалары.

ХҮ-ХҮІІІ ғғ. соңғы орта ғасырдағы түркітілдес шығармалар Қазақстанның ХҮ-ХҮІІІ ғғ. әлеуметтік-экономикалық және саяси, этникалық тарихы туралы дерек ретінде. Балхи, Бабыр, Дост, Салих, Кадырали, Абулгази, Мунис шығармалары.

4.Орхон тобының ескерткіштері - Селенгі тасы (VIII ғ. ортасы), Терхин стелласы (756 ж.).

5.Қырғыз мемлекетінің ескерткіштері, Жетісудағы Батыс-түрік қағанатының ескерткіштері.

6.Қазақстан тарихы бойынша тарихи деректер кешеніндегі ежелгі түрік жазба ескерткіштерінің алатын орны мен атқаратын ролі.

12-тақырып.

1.Ортағасырлық араб-, парсы тілді және түркі жазба деректері.

2.Әл-Балазури және ат-Табари шығармаларындағы Қазақстанды мекендеген тайпалар және олардың территориясы туралы алғашқы мәліметтер.

3.ІХ ғ. - Х ғ. басындағы саяхатшылардың жазбалары орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша жазба дерек ретінде.

4.Ибн Хордабек, ибн Джафар, ал Якуби, Ибн ал- Факих, ибн Русте.

5.Саяхатшылардың жазбаларын шындықпен бейнелену спецификасы.
13-тақырып.

Х-ХІ ғғ. араб географтарының еңбектері орта ғасырлық Қазақстанның географиясы туралы тарихи дерек ретінде. Ал-Истахри, ибн Хаукаль, ибн Фадлан, Абу Дулаф, ал-Масуди, ибн ал - Хусайн, Гардизи, ал - Бируни, әл - Марвази шығармалары.

Мыңдаған жылдардан бері ұлы Далада тіршілік кешкен көшпенділердің ғажайып мәдениетінің қазіргі мұрагері қазақтар десек артық айтқандық емес. Сол ұлы өркениеттің арқауын үзіп алмай, күні бүгінге дейін жалғастырып келе жатқан халықтың өмір сүрген жері орта ғасырда «дешті қыпшақ» деп аталғаны белгілі. Алтын Орда дәуірінде қыпшақ даласындағы түркі халықтарының мәдениеті, әдебиеті қанатын кеңге жайып, жоғары дәрежеде дамыды. Аталған кезеңде әл-Хорезмидің «Мұхаббат намесі», Сайф Сарайдың «Гүлістан бит Түркиі», Құтбтың «Хосрау – Шырыны», Дүрбектің «Жүсіп – Зылихасы» және басқа да әдеби ескерткіштер дүниеге келді. Бұл жәдігерлермен бір қатардан орын алатын қыпшақ тілінің сөздігі – «Кодекс куманикус» атты кітаптың да маңызы мен мәні өте зор деп айтуға болады. Бұл кітап заман талабына сай жазылған туынды деп бағаланған. Алтын Орда дәуірі кезеңінде ұлы даладағы түркі тайпалары әскери күш қуаты жағынан әлемде теңдесі жоқ күшке ие болып, олардың ықпал-әсері алыс-жақын елдерге өте жоғары болған және қыпшақ тілі халықаралық тіл дәрежесіне көтерілді. Бұның айқын дәлелі – куман-латын-парсы-латын, герман-латын тілдерінің сөздігі түзілген «Кодекс куманикус», яғни «қыпшақтар кітабы». Ол ескерткіш 1303 жылы жазылған.

«Кодекс куманикус» жазба ескерткішінің жазылу тарихы, оның тілдік ерекшеліктері жайында көптеген ғалымдар зерттеп те, жазып та келеді. Олардың қатарынан 1828 жылы «Қыпшақтар кітабы» жайында алғаш мақала жазған Г. Клапротты, А.Н.Гаркавецті, Я.Р.Дашкевичті, Ә.Құрышжановты, Н.Келімбетовті, М.Жолдасбековті, А.Қыраубаеваны және басқа да ғалымдарды атап өту керек. Жақында осы ғалымдардың қатарына «Кодекс куманикус» – Бабалар болмысының баяны» атты ғылыми кітабымен журналист-қаламгер Зәкім Жайлыбай қосылды.

«Алтын шыққан жерді белден қаз» дегендей автор 1964 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірерде жазған «Кодекс куманикус ескерткішіндегі септік жалғаулары және оларды қазіргі түркі тілдерімен салыстыру» (қазақ, қарақалпақ, ноғай, құмық) атты диплом жұмысын орта жолда тастамай, оны жаңа ой-пікірлерімен толықтырып, іргелі зерттеу жүргізіпті. Зерттеуші З.Жайлыбай ғылыми еңбегін «Кодекс-куманикус – бабалар болмысының баяны» деп өте орынды атаған. Себебі осы әдеби жәдігер арқылы кейінгі ұрпақ өздерінің бабаларының әлемді тітіреткен ұлы держава құрып, қыпшақ тілінің қазіргі ағылшын тілі сияқты халықаралық қатынас тіл дәрежесіне жеткенін мақтаныш етеді. Автордың зерттеу нысанына алған осынау жазба ескерткішті зерделеу барысында өзіндік соны пікірлерін тәуелсіз елдің азаматына сай талғаммен ұштастыра отырып, ұлттық дүниетаным тұрғысында қазіргі қазақ тіл білімі саласында алар орны жоғары, маңызды да келелі мәселелерді қамтығандығы байқалады. Бұл жұмыстың осындай ерекшелігін дәл байқаған ғалым М.Ахет өзінің кітапқа жазған алғы сөзінде «З.Жайлыбайдың бұл еңбегі халқымыздың жүріп өткен мың жылдық тарихына сәуле түсіріп, өзімізге өзгенің емес, өзіміздің көзімізбен қарауға үндейді» – деп өте орынды атап өткен.

«Кодекс-куманикус – тілдік құндылық» деп аталған. Мұнда З.Жайлыбай жазба ескерткіштің құрылымын, тарихын, тілдік ерекшеліктерін сөз ете отырып, М.Кастрен, В.Бартольд, В.Радлов, П.Мелиоранский, С.Малов, Г.Рамстедт, Н.Баскаков және т.б түрколог ғалымдардың зерттеулерін саралайды. Ал «Қыпшақ тілі туралы жинақ» атты бөлімде автор «половец», «куман», «кыпшақ» сөздерінің генезисін ашуға тырысып, өзіндік піклерін ұсынады.

«Codex Cumanicus» ескерткішіндегі септік жалғаулары және оларды қазіргі түркі тілдерімен салыстыру. /Қазақ, қарақалпақ, ноғай, құмық және тува тілдері/ атты бөлімде зерттеуші өзін нағыз тіл маманы ретінде көрсеткен. Жалпы түркі тілдеріндегі септік категориясына шолу жасай отырып, септіктердің грамматикалық-морфологиялық тұлғалары мен семантикасына салыстырмалы талдау жасайды. Еңбекті саралай келе автордың осы жұмысты жазу барысында көп ізденгенін, қарақалпақ, ноғай, құмық және тува секілді түркі тілдеріндегі де материалдарды толық пайдаланғанын байқаймыз. Сонымен қатар ол тілдердегі сөздердің қазақ тіліндегі қолданылып жүрген сөздермен, сөз тіркестерімен байланыстарын, тілдегі синтаксистік, морфологиялық заңдылықтарға сәйкес жасаған ғылыми талдаулары өте сәтті шыққан.

Бекіту сұрақтары

1 Араб географтарының қазақ тарихы туралы жазған деректері қандай мәлімет береді?

2 Геродаттың « Тарихы» қазақ тарихы үшін не береді?

Ұсынылатын әдебиет

1 Источниковедение истории СССР: Учебник. М., 1981.

2.Источниковедение: Теория. История: Метод. Источники Российской истории: Уч.пособие. М., РГГУ, 1998.

3.Атабаев Қ. Деректану теориясының негіздері. А.,2002

4.Байтурсынов А. Тезисы о терминологии на тюркских языках//Бюллетень оргкомитета по созыву Всесоюзного тюркологического сьезда. № 2, Баку, 28 февраля 1929 года. С.20-22

5. Зевелев И. Источниковедение и его методологические аспекты. М., 1980

14-тақырып.

ХІІІ-ХҮ ғғ. космографикалық араб тілді шығармалар: Ибн - Саид, әл - Казвини, ад-Димашки, ал-Якут, ибн ал-Асир, аз-Захир, ан-Нувайри, әл-Омари, ибн-Баттута, ибн-Халдун, ибн ал-Фурад, ал-Калкашанди, ал-Макризи, ибн-Тагриберди шығармалары.

15-тақырып.

ХІІІ-ХҮІІ ғғ. Қазақстан тарихы бойынша парсы тілді деректер. Маңғол шапқыншылығының тарихы мен маңғол ұлыстарының құрылуы туралы деректер. Джувейни, Рашид әд-Дин, Шами, али-Йазди, Самарканди шығармалары, Тимуридтер - Натанзи, Хафиз-Абру, аль-Джурджани деректері.


16-тақырып.

Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи-и-Рашиди» шығармасы Қазақ хандығының құрылуы туралы тарихи дерек ретінде. Чурас, Ахмед Арази, ибн али-Рази, ибн-Вали шығармалары Қазақ хандығының тарихы бойынша дерек ретінде. Орта азиаттық фарсы тілінде жазылған Шайбанидтердің шығармаларындағы Қазақстан туралы тарихи мәліметтер- Камал ад-Дин Бинаи және Молла Шади. Рузбихан Исфаганидің «Бұхар қонағының кітабы» шығармасы. Орта азиаттық тарихи деректер кешенінің қалыптасуы. Кухистан, Васифи, Бухари, Челеби, ибн-Вали, ибн-Араб-Катаган, Шараф ад-дин шығармалары.


17-тақырып.

ХҮ-ХҮІІІ ғғ. соңғы орта ғасырдағы түркі тілдес шығармалар Қазақстанның ХҮ-ХҮІІІ ғғ. әлеуметтік-экономикалық және саяси, этникалық тарихы туралы дерек ретінде. Балхи, Бабыр, Дост, Салих, Кадырали, Абулгази, Мунис шығармалары.

Қазақ әдеби тілінің XVI–XVII ғасырлардағы жай-күйін танытатын жазба нұсқалар ретінде Захриддин Бабырдың «Бабыр-наме», Қадырғали Жалаиридың «Жамиғ-ат тауарих» атты тарихи шығармалары қатарында аталатын Әбілғазы баһадүр ханның «Шежіре и түркі» шығармасын тілдік тұрғыдан қарастырудың маңызы зор. Орыс зерттеушілері А.Н.Кононов, А.М.Щербак, С.И.Иванов Әбілғазының бұл шығармасын өзбек әдеби тілінің ескерткіші ретінде қарастырған. Аталған ғалымдар Әбілғазы мұрасының тілі қарапайым, түсінуге жеңіл, араб және парсы сөздерін шектеп қолданған деген тұжырымдар жасағанмен, «Шежіреде» кездесетін араб және парсы сөздерін дәйектемелер мен мысалдар арқылы талдап көрсетпейді. Әбілғазы шығармасының тіл ғылымы үшін, оның ішінде түркітану ғылымы үшін маңызы зор екендігін Г.С.Саблуков өзінің аудармасының кіріспесінде былайша көрсетеді: «Исправно изданный Родословной был бы при скудости литературы на восточно-джагатайском наречии, драгоценным даром для филологов тюркского языка, который в этом наречии чище, нежели в западных, как в лексикологическом, так и грамматическом отношении».

XVI–XVII ғасырдағы жазба нұсқалар, негізінен, шағатай тілінде жазылатындығы белгілі. Ал «Шежіренің» тілі жайында проф. Б.Әбілқасымов былай дейді: «XVII ғасырда жазылған Әбілғазы баһадүр ханның «Шежіре и түркі» шығармасы, оның тұсындағы шағатай тілінен өзгешелеу тілде, өз сөзімен айтсақ, түркі халықтарына ортақ, нағыз түркі тілінде жазылғанын көреміз. Шежіре тіліне жасалған талдауларымыз бойынша, оны қыпшақ тобына жататын тілдерге, оның ішінде қазақ тіліне жақындатуға мол мүмкіндік береді».

Белгілі бір ескерткіштің түркі халықтарының қайсысына жақын-алыстығын дәлелдеу үшін ондағы оғыз, қыпшақ, қарлұқ элементтерінің қолданысын салыстыра қараумен қатар, араб және парсы сөздеріне де ғылыми талдау жасау арқылы нақтылай түсуге болады. Сондықтан араб және парсы сөздері ортағасыр шығармаларының белгілі бір пайызын құрайтындықтан біз «Шежіре» авторының араб және парсы элементтерін қандай мақсатпен, қаншалықты дәрежеде қолданғанына баса назар аударамыз.

VIII ғ. бергі кезеңдердегі тарихи ескерткіштердің барлығында араб және парсы сөздерінің кездесетіні заңды құбылыс. Бұның себебі орта ғасырда ислам дінінің орнығуына байланысты араб элементтері түркі тілдеріне көптеп ене бастады және шығыс мәдениетінің өрлеу кезінде (XIV-XV ғғ.) ғылыми және әдеби шығармаларды араб және парсы тілінде жазу дәстүрге айналған еді. Міне, осындай жағдайлар түркі ғалымдарының өз шығармаларына арабша және парсыша ұғымдарды пайдалануына өз ықпалын тигізбей қоймады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет