Өңештің зақымдануын анықтау


Өңештің химиялық күйікке ұшырауы



бет2/2
Дата30.03.2024
өлшемі19.55 Kb.
#497018
1   2
3 дәріс Мойын және өңештің хирургиялық аурулары мен зақымданулары

Өңештің химиялық күйікке ұшырауы
Өңештің шырышты қабығы жиі күйікке қышқыл, не сілті, негіз (ойып, күйдіріп түсіретін химиялық қоспа) әсерінен ұшырайды. Қышқыл мен сілтілерді адам байқаусызда ішіп қоюы мүмкін. Кейбір кезде өлгісі келген адам осындай химиялық заттарды өз еркімен әдейі ішеді. Сонымен қатар өңештің, асқазанның, ішектердің жұмсақ қабығына зиянды әсерін басқадай химиялық заттар (пергидрол, ацетон, калийдің перманганаты) да тигізеді. Асқынуы өкпенің ісіну жағдайына (отек легких) және жедел түрде өкпелер қызметтерінің тыныстық жетіспеушілігіне ұшыратады. Осындай жағдайлар жиі сірке қышқылы мен мүсәтірлі спирт қолданғанда, солардың буы мен концентрациясы жоғары болғанда, қышқыл мен сілті ішіп қойғанда, олардың буымен зиянды әсерлері өкпе тіндерін дереу өзгерістерге ұшыратады. Гемолизге және гемоглобинуриялық нефрозға, сонымен қатар токсикалық гепатитке әкеледі.
Жедел көмек ретінде дәрігерлер науқас қышқылмен уланған болса, соның зардабын жою үшін натрийдің гидрокарбонатынан 2% ертіндісін ішкізген жөн. Осындай қабілеті бар антидоттар қатарына алмагель, күйдірген магнезия жатады
Егер науқас адамның ішіп алған сұйықтығы сілті болса, оның күшін, зардабын азайту үшін 1-1,5% сірке суын ішкізген жөн. Сонымен қатар науқас адамға сүт беру, жұмыртқа- ның ағын,активтенген көмір берген дұрыс болады. Сонымен қатар ауырсыну сезімін азайтатын дәрілер тағайындалады. Мұндай науқастарды реанимациялық бөлімшеге орналастырып, шокқа қарсы шаралар жүргізе бастау шарт. Егер осындай зақымданудан өңештің тесіліп кеткені байқалса, жедел түрде трахеостомия операциясын жасау керек. Науқас адамның көк тамыры арқылы ақуызды зат, қан орнына құйылатын сұйықтықтар, электролиттерге бай сұйықтықтарды едәуір мөлшерде енгізу керек. Науқас адамды сұйық тамақпен тамақтандыру алдында бір ас қасық балық майын немесе күнбағыс майын берген жөн. Өңеш тіндерінде қабыну процесін болдырмау үшін антибиотиктер, гармоналды заттар тағайындалады. Өңеші күйген адамды 8-10 күн өткенде өңештің
тарылуын болдырмау үшін буж енгізіп, кеңіту әдісін қолданып, осы әдісті 1-1,5 ай бойы үздіксіз жасау керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет