Қоғамдық денсаулық сақтау Кафедрасы



бет1/6
Дата01.07.2016
өлшемі421.5 Kb.
#170692
  1   2   3   4   5   6

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

қоғамдық денсаулық сақтау Кафедрасы

оқу-әдістемелік кешен




БІЛІМДІ, ДАҒДЫЛАР МЕН МАШЫҚТАРДЫ

БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ ҚҰРАЛЫ

Курс: төртінші

2012

1. Аурушылдық (біріншілік) – бұл

1. Тұрғындардың арасындағы сол жылда анықталған барлық және алдыңғы жылдары тіркелген аурулардың жиынтығы

2. Бұрын еш жерде тіркелмеген, жаңадан анықталған аурулардың жиынтығы

3. Тұрғындардың арасында патологияның жиілігін анықтау

4. Аурудың дамуына кейін себеп болатын функционалдық ауытқулар

5. Биылғы жылғы барлық тіркелген аурулардың саны
2. Аурулық (жалпы аурушылдық) – бұл

1. Тұрғындардың арасындағы осы жылы анықталған және алдыңғы жылдары тіркелген барлық аурулардың жиынтығы

2. Бұрын анықталмаған және жаңадан анықталған аурулардың жиынтығы

3. Тұрғындардың арасында патологияның жиілігін анықтау

4. Аурудың дамуына кейін себеп болатын функционалдық ауытқулар

5. Бұрын анықталмаған және берілген жылы жаңадан анықталған аурулардың саны


3. Медициналық байқаулардың негізгі түрлерін атаңыз …

1. Медициналық, алдын ала, мақсаты

2. Алдын ала, қорытынды, кезеңдік

3. Алдын ала, кезеңдік, мақсаттық

4. Алдын ала, қорытынды, мақсатты

5. Алдын ала, қорытынды, медициналық


4. Халық санағы барысында бақылаудың уақыт бойынша қолданылатын әдісі:

1. Ағымды

2. Кездейсоқ

3. Біркездік

4. Механикалық

5. Сериялық


5. Алдын-ала медициналық байқау жүргізіледі:

1. Кәсіби ауруды емдеу үшін

2. Улану жағдайын анықтау үшін

3. Оқуға түсерде немесе жұмысқа кірерде аурудың бар жоғын анықтау үшін

4. Кәсіби жұмыспен байланыссыз ауруларды анықтау үшін

5. Кәсіби қауіпті заттардан болатын ауруларды анықтау үшін


6. Ұйымдастырылған ұжымдарда медициналық байқауды жүргізу мақсаты:

1. Тек қана кәсіби аурулар мен улану жағдайын білу үшін

2. Эпидемиялық емес аурулардың алғашқы белгілерін және улану белгісін анықтау үшін

3. Оқуға түсерде денсаулық жағдайын білу үшін

4. Жұмысқа кіреді

5. Бірқатар аурулар түрін анықтау үшін


7. Ұйымдастырылған ұжымдарда мезгілдік медициналық байқауды жүргізу мақсаты:

1. Жұқпалы ауруларды анықтау үшін

2. Улану жағдайын анықтау үшін

3. Оқуға түсерде немесе жұмысқа кірерде аурудың бар жоғын анықтау үшін

4. Жұмысқа кірерде денсаулық жағдайын білу үшін

5. Кәсіби аурулардың алғашқы белгілерін анықтау үшін


8. Жұқпалы аурулардың арнайы түрге бөліну себебіне жатады:

1. Ұзаққа созылуы

2. Тез таралуы

3. Эпидемиялық процесті басқару қажеттілігі

4. Мамандандырылған медициналық көмектің қажеттілігі

5. Емделу құнының жоғарылығы


9. Эпидемиялық емес аурулардың анықталуы туралы хабарлама қайда жіберіледі, егер аймақтық емханада алдан-ала «Өкпе туберкулезі» анықталды делінсе:

1. Аурудың жұмыс орны бойынша медициналық санитарлық бөлімге

2. Санитарлық эпидемиологиялық бақылау орталығына

3. Туберкулез ауруына қарсы диспансерге

4. Территориалдық ауруханаға

5. Қалалық денсаулық сақтау бөліміне


10. Аурушылдықтың дұрыс анықтамасын беріңіз:

1. Белгілі бір территорияда жыл бойы тіркелген аурулардың жиынтығы

2. Жыл бойғы халықтың емханаға алғашқы келулерінің жиынтығы

3. Белгілі бір кезеңдегі жалпы немесе жеке алғандағы барлық аурулардың жалпы халық немесе оның жекелеген топтары арасындағы таралуы, жиынтығы

4. Белгілі бір территорияда жыл бойы тіркелген аурулардың жиілігі

5. Жыл бойғы халықтың емханаға алғашқы келулерінің жиілігі


11. Халық аурушылдығын зерттеу не үшін қажет:

1. Халықтың денсаулығын жағдайын бағалау

2. Халыққа медициналық көмектің қажеттілігін анықтау (мамандар, төсектер т.б.)

3. Жанұяны жоспарлау

4. Емдеу-профилактикалық шараларды жоспарлау

5. Халықты гигиеналық оқыту, тәрбиелеу шараларын жоспарлау


12. Аурушылдықты зерттеу негізгі әдістері

1. Өлім себептері жөніндегі мәліметтер бойынша

2. Өздігінен көмек сұрай келуі бойынша

3. Халық санағы мәліметтері бойынша

4. Медициналық байқаудың мәліметтері бойынша

5. Анкеталық сұраудың мәліметтері бойынша


13. Біріншілік аурушылдықтың дұрыс анықтамасы:

  1. Берілген жылы алғаш рет анықталып, тіркелген аурулар жиілігі

  2. Жыл бойы дәрігер тіркеген барлық аурулар

  3. Берілген жылы алғаш рет анықталған және бұрыннан белгілі, сол себепті берілген жылы қайта қаралған халық арасындағы барлық аурулардың жиілігі

  4. Белгілі бір территорияда жыл бойы тіркелген аурулар жиынтығы

  5. Жыл бойғы халықтың емханаға алғашқы келулерінің жиынтығы

14. Жалпы аурушылдықтың дұрыс анықтамасы:



  1. Жыл бойы дәрігер тіркеген барлық аурулар

  2. Берілген жылы алғаш рет анықталған және бұрыннан белгілі, сол себепті берілген жылы қайта қаралған халық арасындағы барлық аурулардың жиілігі

  3. Жұқпалы, эпидемиялық емес, уақытша еңбекке жарамсыздық аурушылдықтарын қоса берілген жылы алғаш рет тіркелген барлық аурулар жиілігі

  4. Белгілі бір территорияда жыл бойы тіркелген аурулар жиынтығы

  5. Бір жыл бойы халықтың емханаға алғашқы келулерінің жиынтығы

15. "Өздігінен көмек сұрай келушілік" статистикалық терминнің түсінігі:



  1. Ауырғандығына байланысты берілген жылы амбулаторлық-емханалық мекемеге алғаш келген науқастар саны

  2. Ауыруына байланысты барлық алғашқы келулер санының бекітілген жалпы халық санына қатынасы

  3. Медициналық мекемелерге науқастардың бірінші және қайталап келулерінің абсолюттік саны

  4. Медициналық мекемелерге науқастардың бірінші және қайталап келулерінің саны

  5. Ауруына байланысты қайталап келулер санының бекітілген жалпы халық санына қатынасы

16. Егер науқас белгілі аурумен бірнеше жылдар бойы ауырып, сол себепті жыл сайын емхана дәрігеріне қаралып отырса, қандай статистикаға жатады:



  1. Біріншілік аурушылдық

  2. Жалпы аурушылдық

  3. Патологиялық зақымдану

  4. Таралу көрсеткіші

  5. Аурулық көрсеткіші

17. Берілген жылғы біріншілік аурушылдықты талдағанда өңдеуге қандай тіркеу құжаты (талон) алынады:



  1. Тек (+) таңбалы талондар

  2. Барлық статистикалық талондар

  3. (+) таңбасыз талондар

  4. (-) таңбалы талондар

  5. (-) таңбасыз талондар

18. Берілген жылы амбулаторлық-емханалық мекемеге келгендердің ішінен алғашқы рет анықталған аурулар қалай тіркеледі:



  1. (+) таңбалы тіркеу құжаттарымен (талондар)

  2. (+) тіркеу құжаттарымен таңбасыз (талондар)

  3. Барлық статистикалық талондармен

  4. (-) таңбалы тіркеу құжаттарымен (талондар)

  5. (-) таңбасыз тіркеу құжаттарымен (талондар)

19. Аурушылдық жөніндегі мәліметтердің толықтығы мен сапасына қандай факторлар әсер етеді:



  1. Ауруларды статистикалық тіркеу деңгейі

  2. Медициналық көмекпен қамтамасыз етілуі

  3. Медициналық мамандардың біліктілігі

  4. Халықтың мәдениет деңгейі

  5. Санитарлық ағарту

20. Ауруды тудыруға әкелетін түрлі факторлардың әсерін келесі көрсеткіштермен анықтауға мүмкіндік береді:



  1. Таралу

  2. Біріншілік аурушылық

  3. Өлім себептерінің құрылымы

  4. Патологиялық зақымдану

  5. Жалпы аурушылдық

21. Өздігінен медициналық көмек сұрай келуіне байланысты мәліметтер бойынша аурушылдықты зерттеу әдісінің кемшіліктерін атап көрсетіңіз:



  1. Жедел патологияның таралуы жөнінде хабар бермейді

  2. Халық арасындағы барлық созылмалы аурулардың таралуын талдауға мүмкіндік бермейді

  3. Жасырын патологияны анықтауға мүмкіндік бермейді

  4. Экономика тұрғысынан қымбат

  5. Абсолютті дәл диагностика жасау мүмкін емес

22. Медициналық байқаулардың аурушылдықты зерттеу әдісі ретінде қандай жетістіктері бар:



  1. Халық арасындағы созылмалы аурулардың таралуын талдауға мүмкіндік береді

  2. Жасырын патологияны анықтауға мүмкіндік береді

  3. Салыстырмалы түрде көп қаржылық шығынды талап етпейді

  4. Декреттелген контингенттердегі созылмалы патологияның жиілігі жөнінде талдауға мүмкіндік береді

  5. Халық арасындағы созылмалы аурулық жөнінде хабар береді

23. Өлім себептері бойынша аурушылдықты зерттеу әдісінің кемшіліктері:



  1. Таралумен байланысты нақты жағдайды көрсетпейді

  2. Ауыр патологияның таралуы жөнінде хабар бермейді

  3. Дәл диагностикалай алмайды

  4. Жедел патологияның нақты жиілігін көрсетпейді

  5. Созылмалы аурулардың нақты жиілігін көрсетпейді

24. Жұқпалы патологияның аурушылдықты зерттеудің арнайы түрі ретінде бөліну себептеріне:



  1. Жоғары летальділік

  2. Тез таралуы

  3. Арнайы медициналық көмек ұйымдастыру қажеттігі

  4. Эпидемиялық процесті басқару қажеттігі

  5. Аурудың ұзақ созылуы

25. Маңызды эпидемиялық емес аурулардың аурушылдықты зерттеудің арнайы түрі ретінде бөліну себептеріне:



  1. Тез таралуы

  2. Аурудың ұзақ созылуы

  3. Жоғары мүгедектік деңгейі

  4. Арнайы медициналық көмек ұйымдастыру қажеттігі

  5. Әлеуметтік маңызы

26. Уақытша еңбекке жарамсыздық аурушылдығының аурушылдықты зерттеудің арнайы түрі ретінде бөліну себептеріне:

1. Жоғары экономикалық шығынға ұшыратуы

2. Тұрмыстық жағдайдың әсер етуі

3. Еңбек жағдайының әсер етуі

4. Медициналық көмектің ерекше формаларын ұйымдастыру қажеттігі

5. Жоғары мүгедектік деңгейі
27. Уақытша еңбекке жарамсыздық аурушылдығының негізгі көрсеткіштері:

1. Науқастар пайызы

2. Бір еңбекке жарамсыздық жағдайының орташа ұзақтығы

3. Ауырған жұмысшылар арасынан госпитализацияланған пайызы

4. 100 жұмысшыға шаққанда еңбекке жарамсыздық күндері мен жағдайларының саны

5. Диагноздардың сәйкессіздік саны


28. Жалпы аурушылдықты зерттеуде қолданылатын тіркеу-есеп беру құжаттары:

1. Амбулаторлық науқастың медициналық картасы

2. Амбулаторлық науқастың бір рет қабылдауға талоны

3. Мекеменің қызмет ету ауданында тіркелген ауруларды тіркеудің бірегей ведомості

4. Жыл бойғы ЕПМ жұмысы жөнінде есеп беру

5. Стационарлық науқастың медициналық картасы


29. Госпитализацияланатын аурушылдықты зерттеуде қолданылатын тіркеу-есеп беру құжаттары:

1. Стационарлық науқастың медициналық картасы

2. Стационар жұмысы жөнінде есеп беру

3. Мекеменің қызмет ету ауданында тіркелген ауруларды есепке алу бірегей ведомості

4. Стационардан өткен науқастың статистикалық картасы

5. Амбулаторлық науқастың медициналық картасы


30. Жұқпалы ауру, тамақтан, кәсіби жағдайдағы жедел улану жөніндегі шұғыл хабарламаны кім дайындайды:

1. Дәрігер

2. Фельдшер

3. Медбике

4. Санитарка

5. ЕПМ бас дәрігер


31. Дизентерияға күмәнді науқасты анықтаған дәрігер “шұғыл хабарламаны” қайда жіберуі тиіс:

1. Емхананың бас дәрігеріне

2. Емханадағы дәрігер-инфекционистке

3. Статистика кабинетіне

4. Санэпидбақылаудың территориялық орталығына

5. Емхананың дәрігер-эпидемиологына


32. Кәсіби аурушылдықты зерттеуде қолданылатын тіркеу-есеп беру құжаттары:

1. Кәсіби ауруларды тіркеу журналы

2. Еңбекке жарамсыздық қағазы

3. Созылмалы кәсіби ауру жөніндегі хабарлама

4. Жұмысшының жеке бас картасы

5. Жұқпалы ауру , тамақтан, кәсіби жағдайдағы жедел улану жөніндегі шұғыл хабарлама


33. «Жұқпалы ауру, астан улану, жедел кәсіби уланулар, егуге қарсы реакция жөніндегі шұғыл хабарлама» санэпидстанцияға науқастың анықталған орнынан қанша уақыттан кешікпей хабалануы тиіс:

1. 8 сағат

2. 12 сағат

3. 24 сағат

4. 48 сағат

5. 72 сағат


34. Қазіргі кездегі денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелері халықаралық аурулар жіктелуінің нешінші қайта қарауын қолданады?

1. 7 - қайта қаралу

2. 8- қайта қаралу

3. 9- қайта қаралу

4. 10 - қайта қаралу

5. 11- қайта қаралу


35. Халықаралық аурулар жіктелуінің қаралуы 10 бекітілген?

1. ДДҰ-ң 40-шы Халықаралық конференциясында 1993ж.

2. ДДҰ-ң 43-шы Халықаралық конференциясында 1996ж.

3. ДДҰ-ң 41-шы Халықаралық конференциясында 1994ж.

4. ДДҰ-ң 42-шы Халықаралық конференциясында 1995ж.

5. ДДҰ-ң 39-шы Халықаралық конференциясында 1992ж.


36. Халықаралық аурулар жіктелуінің (ХАЖ) қазіргі кездегі толық атауы қандай?

1. Халықаралық аурулар және өлім себептерінің жіктелуі

2. Аурулар және денсаулықпен байланысты мәселелердің халықаралық статистикалық жіктелуі

4. Аурулар, жарақаттар және өлім себептерінің халықаралық статистикалық жіктелуі

5. Аурулардың және денсаулықпен байланысты мәселелердәң статистикалық жіктелуі.
37. ХАЖ 10-шы қайта қарауында неше класс бар?

1. 23 класс

2. 21 класс

3. 25 класс

4. 19 класс

5. 26 класс


38. ХАЖ-ң 10-шы қайта қаралуына қандай маңызды өзгерту енгізілді?

1. Класс санының азайтылуы

2. Әріптік кодтауды сандық кодтауға алмастыру

3. Сандық кодтауды әріптік-сандық кодтауған алмастыру

4. ХАЖ класстарындағы барлық ауруларды қайта топтастыру

5. ХАЖ-дың бүкіл құрылымын өзгерту


39. ХАЖ-ң 10-шы қайта қаралуының әр класында неше ауру топтары бар?

1. 50


2. 80

3. 100


4. 150

5. 200
40. ХАЖ-ң 10-шы қайта қаралуының үш мәнді бөлшектен тұратын әр тобы неше ауру кодтарына бөлінеді?

1. 12

2. 9


3. 10

4. 8


5. 11.

41. 9-шы қайта қаралудың «нерв жүйесі және сезім мүшелерінің аурулары» 10-шы қайта қаралуда қандай жеке классқа бөлінді?

1. Зәр шығару жүйесінің аурулары

2. Нерв жүйесінің аурулары

3. Ауыз қуысы аурулары

4. Тыныс ағзаларының аурулары

5. Қан айналым жүесінің аурулары
42. 9-шы қайта қаралудың «нерв жүйесі және сезім мүшелерінің аурулары» 10-шы қайта қаралуда қандай жеке классқа бөлінді?

1. Ас қорыту ағзаларының аурулары

2. Ауыз қуысы аурулары

3. Көз және оның қосымшаларының аурулары

4. Жаңа түзінділер аурулары

5. Қан аурулары


43. 9-шы қайта қаралудың «нерв жүйесі және сезім мүшелерінің аурулары» 10-шы қайта қаралуда қандай жеке классқа бөлінді?

1. Тері бұлшық ет жүйесінің және дәнекер тінінің аурулары

2. Сүйек-буын жүйесінің аурулары

3. Зәр шығару жүйесінің аурулары

4. Құлақ және емізік тәрізді өсінді аурулары

5. Ауыз қуысы аурулары

44. Салауатты өмір салты нақты шартты жағдайлардың келесі топтарымен анықталады:

1. Тәртібі, салты, дәстүрлері, әрекет дәйектері

2. Белгілі тұлғалық сипатамалар, тұрмыс жағдайлары, еңбек, демалыс

3. Тәртібі, діні, әрекет дәйектері, демалыс

4. Тұрмыс жағдайлары, діні, демалысы, салттары

5. Әрекет дәйектері, демалысы, діні, дәстүрлері


45. Салауатты өмір салты - қандай шаралардың негізі және ең құнды түрі?

1. Аурулардың алдын алу

2. Аурулардың біріншілік алдын алу

3. Аурулардың екіншілік алдын алу

4. Аурулардың пайда болуының алдын алу

5. Бейімделу мүмкіншіліктерін кеңейту


46. Жастар арасындағы патологялық жағдайлардың таралуы қандай заңдылықтарға байланысты?

1. Жастардың функционалды жағдайы, өмір сүру ерекшеліктері, медициналық көмектің ұйымдастырылуы

2. Өмір сүру ерекшеліктері, белгілі тұлғалық сипатамалар, жастардың емдеу-профиактикалық мекемелерге көріну жиілігі

3. Жас организмінде күшті компенсаторлық, және бейімделгіш механизмдердің болуы, жастардың жүріс-тұрысы, медициналық көмектің ұйымдастырылуы

4. Демалыс, еңбек жағдайлары, жастардың жүріс-тұрысы

5. Өмір сүру ерекшеліктері, әрекет дәйектері, зиянды жаман әдеттер


47. Салауатты өмір салтының алғашқы құрам бөліктерінің бірін таңдап алыңдар:

1. Бос уақыт

2. Мәдени тәрбие

3. Дене тәрбиесі

4. Еңбек пен демалуды рационалды ұйымдастыру

5. Гигиеналық тәрбие


48. Өнеркәсіп жағдайындағы жұмысшылар денсаулығына келесі зиянды өндіріс факторлары әсер етеді:

1. Зиянды. Аса қауіпті.

2. Химиялық. Физикалық.

3. Қауіпті. Нервтік-психикалық.

4. Зиянды. Қауіпті.

5. Биологиялық. Химиялық.


49. Рационалды тамақтануға қойылатын негізгі талаптар:

1. Тағамдардың сандық сәйкестігі

2. Тағамдардың бір түрлілігі

3. Тағамдардың сапалық сәйкестігі

4. Балансталған тамақтану

5. Тамақтану тәртібі


50. Аурулардың қауіп факторының дұрыс анықтамасын таңдап алыңдар:

1. Қауіп факторы – белгілі тұлғалық сипаттамалар және ауру қаупін тудыратын өмір дағдыларының ерекшеліктері

2. Қауіп факторы – аурудың даму қаупін жоғарылататын адам денсаулығына белгілі факторлардың әсері

3. Қауіп факторы – халық денсаулығы жағдайына өзгертуге келмейтін биологиялық факторлардың әсері және ауру қаупін жоғарылататын өмір дағдыларының ерекшеліктері.

4. Қауіп факторы – халық денсаулығы жағдайына әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсері және ауру қаупін жоғарылататын белгілі тұлғалық сипаттамалар

5. Қауіп факторы - халық денсаулығына микро- және макро- ортаның әсері және ауру қаупін жоғарылататын өмір сүру дағдыларының ерекшеліктері.


51. Қоғамдық денсаулықтың толық анықтамасын беріңіз:

1. Толық физикалық, рухани және әлеуметтік қолайлы жағдай

2. Физикалық кемшіліктердің болмауы

3. Мүгедектіктің болмауы

4. Қоршаған ортамен оптималды тепе-теңдік

5. Медицина дамуының деңгейі


52. Қоғамдық денсаулық көрсеткіштері:

1. Аурушылдық көрсеткіштері

2.Демографиялық көрсеткіштер

3. Халықтың еңбекке белсенділігінің көрсеткіштері

4. Физикалық денсаулық көрсеткіштері

5. Мүгедектік көрсеткіштері


53. Халық денсаулығы жөніндегі мәліметтердің негізгі көздеріне жатады:

1. Өлім-жітім мен туу туралы деректі мәліметтері

2. Сақтандыру компанияларының мәліметтері

3. Эпидемиологиялық мәліметтер

4. Қоршаған орта мен денсаулық туралы мониторингтің мәліметтері

5. Аурулардың, қайғылы оқиғалардың және жарақаттанулардың регистрі


54. Халық денсаулығына көбірек әсер ететін негізгі фактор:

1. Экологиялық жағдай

2. Медициналық көмекті ұйымдастыру

3. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар және халықтың өмір сүру салты

4. Тұқым қуалаушылық

5. Мекен-жайы


55. Халықтың жас құрамы бойынша типін анықтау үшін келесі жас топтарындағы халық санын білу қажет:

1. 10 жасқа дейін, 10-29 жас, 30 жас және одан жоғары

2. 20 жасқа дейін, 20-39 жас, 40 жас және одан жоғары

3. 0-14 жас, 15-49 жас, 50 жас және одан жоғары

4. 0-20 жас, 20-60 жас, 60 жас және одан жоғары

5. 0-10 жас, 10-20 жас, 20-30 жас, 30-40 жас, 40-50 жас, 50-60 жас, 60 және жоғары


56. Перинатальды өлімнің құрылымдық компоненттерін көрсетіңіз:

1. Өлі туушылық

2. Ерте неонатальды өлім

3. Неонатальды өлім

4. Кеш неонатальды өлім

5. Сәбилер өлімі


57. бала өлімін тіркеу үшін ахаж ұйымына денсаулық сақтау мекемелері қандай құжаттар дайындауы қажет:

1. Перинатальды өлім жөніндегі куәлік

2. Өлім жөніндегі медициналық куәлік

3. Өлім жөніндегі фельдшер анықтамасы

4. Сырқатнама

5. Патологоанатомиялық (соттық-медициналық) зерттеу хаттамасы


58. Экономикалық дамыған елдерде халық өлімі құрылымында жетекші орындарға ие:

1. Жұқпалы және паразитарлық аурулар; асқорту жүйесінің аурулары; психикалық аурулар

2. Қан айналу жүйесінің аурулары; қатерлі ісіктер; жарақаттанулар мен уланулар

3. Қатерлі ісктер; жарақаттанулар және уланулар; тыныс алу жүйесінің аурулары

4. Туберкулез; қатерлі ісіктер; қан айналу жүйесінің аурулары

5. Қатерлі ісіктер; жарақаттанулар мен уланулар; тыныс алу жүйесінің аурулары


59. Алдағы өмірдің орташа ұзақтығы деген:

1. Осы туылған ұрпақтың олардың өмір сүру барысында жасқа байланысты өлім көрсеткіші олар туылған кездегіден өзгеріссіз қалған жағдайдағы алдағы өмір сүру жылдарының саны

2. Осы туылған ұрпақтың олардың өмір сүру барысында туылу және өлім көрсеткіші олар туылған кездегіден өзгеріссіз қалған жағдайдағы алдағы өмір сүру жылдарының саны

3. Бір жылда өлгендердің орташа жасы

4. Осы туылған ұрпақтың олардың өмір сүру барысында туылу көрсеткіші олар туылған кездегіден өзгеріссіз қалған жағдайдағы алдағы өмір сүру жылдарының саны

5. Осы туылған ұрпақтың олардың өмір сүру барысында жасқа байланысты туу көрсеткіші олар туылған кездегіден өзгеріссіз қалған жағдайдағы алдағы өмір сүру жылдарының саны



60. Жалпы туылу көрсеткішін есептеуге қажет:

1. Тірі туылғандар саны және орташажылдық халық саны

2. Босанулар саны және әйелдер саны

3. Тірі және өлі туылғандар саны және орташажылдық халық саны

4. Өлі туылғандар саны және орташажылдық халық саны

5. Тірі туылғандар саны және әйелдер саны


61. Сәбилер өлімі көрсеткіші деген ­-

1. 4 жасқа дейінгі балалар өлімі

2. 1 жасқа дейінгі балалар өлімі

3. 1-ші айындағы балалардың өлімі

4. 1-ші аптасындағы балалардың өлімі

5. 1 аптадан 1 айға дейінгі балалар өлімі


62. Туу туралы куәлікті кім береді:

1. Емдеу-профилактикалық мекеменің бас дәрігері

2. Босандырған дәрігер

3. АХАЖ қызметкері

4. Босану үйінің әкімшілігі

5. Статистистикалық басқарма


63. Халықтың өсуін мынадай демографиялық көрсеткіштер сипаттайды:

1. Туылу


2. Өлім

3. Фертильдік (босану мүмкіндігі)

4. Табиғи өсу

5. Летальдік


64. Халық “миграциясы ” түсінігіне кіреді:

1. Науқастың ауылдық учаскелік ауруханадан жолдама бойынша облыстық арнайы мамандандырылған медициналық орталыққа көшуі

2. Науқастың бір мекеме ішіндегі басқа бөлімге ауыстырылуы

3. Басқа елге көшу

4. Басқа елден көшіп келу

5. Халықтың табиғи қозғалысы


65. Өлім жөніндегі медициналық куәлікті кім береді:

1. Емдеу-профилактикалық мекеме дәрігері

2. Соттық-медициналық сараптау

3. Мәйітті ашуды жүргізген патологоанатом

4. ЕПМ бас дәрігері

5. Статистикалық басқарма


66. Халықтың табиғи өсуіне әсер етеді:

1. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар

2. Жас-жыныстық құрамы

3. Сәбилер өлімі деңгейі

4. Халықтың этникалық ерекшеліктері

5. Эмиграциялық процестер


67. Халықтың табиғи өсуі – қандай көрсеткіштердің арасындағы айырмашылық:

1. Туушылық пен еңбекке жарамды жастағы өлім

2. Жас топтары бойынша туушылық пен өлім

3. Бір жылдағы туушылық және өлім

4. Жыл мезгілі бойынша туушылық және өлім



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет