Қоғамдық ұйымдар Ауданда қоғамдық кеңес, ақсақалдар алқасы, ардагерлер кеңесі, әйелдер кеңесі, үкіметтік емес ұйымдар,



Дата27.06.2016
өлшемі28 Kb.
#162083
Қоғамдық ұйымдар
Ауданда қоғамдық кеңес, ақсақалдар алқасы, ардагерлер кеңесі, әйелдер кеңесі, үкіметтік емес ұйымдар, «Жан шуағы», «АРС» сияқты қоғамдық ұйымдар барлық шараларға белсене қатысып ат салысып отырады.

Күршім ауданында 4060 зейнеткер бар, оның 3945-і аудандық ардагерлер ұйымының құрамында, оның ішінде: ҰОС-на қатысушылар – 3, тыл ардагерлер – 610, жалғызбастылар – 340, оның 87-сі әлеуметтік қызметкерлерге бекітілген.

Аудандық ардагерлер ұйыммының құрамын 47 бастауыш ұйымы құрайды, оның 7-уі еңбек ұжымдарында, 40-ы ауылдық округтерде.

Аудандық ардагерлер ұйымы 33 пленум мүшесі, 11 төралқа мүшелерінен тұрады. Негізгі атқарушы ортаны Кеңес болып табылады. Кеңес негізінен үш бағытты жұмыс жүргізеді:



  • Мәдени-бұқаралық жұмыс;

  • Тұрмыстық-әлеуметтік мәселелер;

  • Ардагерлер ұйымдарының жұмыстарын үйлестіру.

Аудандық ардагерлер ұйымы өз жұмысын аудандық әкімшілік, «Нұр Отан» партиясы, аудандық білім, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, спорт бөлімдері, ауылдық округтер, еңбек ұжымдары, мекеме басшыларымен тығыз байланыста жүргізеді.

Аудандық ардагерлер ұйым кеңесінің төрағасы ретінде аудан әкімінің отырысында, Мәслихат сессияларына, селекторлық, аппараттық кеңестерге, аудандық барлық шараларға қатысып, онда айтылған мәселелер Кеңес мәжілісі мүшелері мен ардагерлерге жеткізіліп отырады.



9 айда аудандық ардагерлер ұйымы Кеңесінің отырысы 5 рет өткізіліп, онда 12 мәселе қаралды. Атап айтқанда: Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын талдау, «Аудандық ардагерлер ұйымының 2014 жылғы атқарған жұмысы және алдағы міндеттері туралы», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған шаралардың орындалуы», «Бастауыш ардагерлер ұйымдарының есеп-беру жиналыстарын өткізу», «Қарттар айлығын өткізу», «Ардагерлер ұйымдарында өткен есеп-беру жиналыстарының қорытындысы», «2016 жылдың баспасөзіне жазылу туралы» т.б. мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет