Қоғамдық-саяси газет «Алматы ақшамы» №27 (4429), 10 наурыз, бейсенбі, 2011 жылы жарияланған. «Отбасында – аяулы ана, мемлекеттік қызметте – жауапты тұлға»



Дата19.06.2016
өлшемі34.89 Kb.
#148213

Қоғамдық-саяси газет «Алматы ақшамы» 27 (4429),

10 наурыз, бейсенбі, 2011 жылы жарияланған.

«Отбасында – аяулы ана,

мемлекеттік қызметте – жауапты тұлға».


«Әйел – бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» демей ме?! Демек, шағын отбасының ғана емес, тұтас бір мемлекеттің дамуы үшін де өз еңбегімен сүбелі үлесін қосып жүрген қыз- келіншектер мен асыл жар, аяулы аналар бүгінгі қазақ қоғамының қалыпты дамуында да қалыс қалған емес. Бұл орайда, әрбір қазақ шаңырағындағы әйел затының зор еңбегін жеке-дара әңгіме ете алмасақ та, отбасы мен мемлекеттік қызметтің тізгінін қатар ұстай білген жауапты тұлғаның бірі ретінде – Әсемгүл НӘСІПҚЫЗЫНЫҢ еңбегін атап айтуға тұрарлық.



Әсемгүл Нәсіпқызы жұмыс барысында

Алматы қаласы Қазынашылық департаментінің Түркісіб аудандық қазынашылық басқармасында 8 жылдан астам басқарма бастығының орынбасары лауазымында талмай еңбек етіп келе жатқан Әсемгүл Нәсіпқызы Мұхамади - бүгінде қаржы саласының білгір маманы.

Алматыдағы Жоғары банк ісі мектебін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған Әсемгүл Нәсіпқызы - «Салық және салық салу» мамандануына машықтанған маман. Сондай-ақ, ол экономист біліктілігіне де ие. 2002 жылы аталған басқармада бас маман-бас қазынашы болып қызметін бастаған Ә. Мұхамади оқуын бітірісімен мемлекеттік қызметтің маңызына бойлады. Түйсігі мол әрі өзінің жауапты ісіне аса ұқыптылықпен қарап, ерекше көзге түскен жас маман 2004 жылдың қазан айынан бастап осы кезге дейін басқарма бастығының орынбасары лауазымын абыроймен атқарып келеді.

Өзінің лауазымдық міндетіне сәйкес, басқарманың кадрлық жұмысын жүзеге асыра отырып, мемлекеттік қызметінде атқарған мерзімін анықтау жөніндегі комиссияның, аттестациялық, тәртіптік және конкурстық комиссияның жұмыстарын үйлестіреді. Сондай-ақ, ол мемлекеттік және орыс тілінде өткізілетін әрбір өндірістік отырыстың хаттамасын жүргізеді. Бұған қоса, шарттарды тіркеу



тобының қызметіне жалпы басқарушылықты жүзеге асырады.

Басқармаға түскен хат-хабарды дер кезінде қарап, оларды орындауға беру де – Ә. Мұхамадиге жүктелген зор міндет. Жоғарғы және басқа да ұйымдармен басқарма жүзеге асыруға тиісті мәселелерде, мәселен, хат алмасуды жүргізу, басқарма жұмысын жетілдіру, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына тексеруді жүзеге асыру, бюджеттің орындалу ережесі және тәртібін бақылауды бағыттауда ұсыныс дайындауға қатысуды қамтамасыз ету де оның құзырына қаратылған сан-алуан шаруаның бірі. Қысқасы, Әсемгүл Нәсіпқызы - қазынашылық біріктірген ақпараттық жүйеде мемлекеттік мекемелердің шартын тіркеу, төлемдерін қабылдау және енгізу жұмысын жетік меңгерген маман.

2005 жылы Астана қаласында «Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексін жүзеге асырудағы өзекті мәселелер» тақырыбындағы және 2008 жылы «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету» бағдарламасының шеңберіндегі компьютерлік сауаттылық оқу-курстарынан өткен Әсемгүл Нәсіпқызы, қызмет барысында кәсіби деңгейін жетілдіріп, біліктілігін арттыру үшін үнемі ізденіс үстінде. Сауаттылығымен, жауапкершілігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен ерекешеленген маман мемлекеттік және еңбек тәртібіне бағынып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексі нормаларын қатаң сақтайды.

Мемлекеттік қызметкер еңбегінің еленгені болар, бірқатар марапаттар мен мақтауларға да ие. Атап айтқанда, 2005 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күнімен және қаржы жүйесі органында лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны, үлгілі мемлекеттік қызметі үшін марапатталған. 2007 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен және лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны үшін департаменттің Құрмет грамотасымен марапатталып, 2010 жылы Алғыс хатқа ие болды.



Еңбек жолында айтарлықтай жетістіктерімен дараланып жүруінің де бір себебі – отбасындағы қалыптасқан түзу тәрбие мен тәртіптің жемісі. Көп балалы отбасының кенже перзенті Әсемгүлді әкесі - Мұхамадиұлы Нәсіп, анасы – Мұхамадиева Бағдатжан Жұмабекқызы өмірде не қызметте болсын жауапкершіліктен жалтармауға үйретті. Инабаттылығы, ұстамдылығы мен қарапайым мінезі, ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық қылып, мейірбандық таныту сынды ізгі қасиеттерді бойына сіңірген Әсемгүл Нәсіпқызы-бүгінде Айзере есімді кішкентай қыздың қамқор анасы. Мемлекеттік қызметті отбасымен қатар алып жүріп, отбасының ұйытқысы бола білген қайратты ана, қызының тәрбиесіне де осал емес. «Адамның бір қызығы – бала» демекші, бар жан жылуы мен күш-қайратын перзентінен аямауды жөн көретін ана оның да өзі секілді халқының қалаулы қызы боларына үлкен үмітпен қарайды.
Әділжан АРЫНОВ,

Түркісіб аудандық қазынашылық басқармасының бастығы .


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет