Оггеогеоопоопооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооо


Қазақ прозасындағы экзистенциалистік түсінік пен ұлттық мінез



бет11/13
Дата31.03.2023
өлшемі0.77 Mb.
#471451
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Îããåîãåîîïîîïîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîî

3 Қазақ прозасындағы экзистенциалистік түсінік пен ұлттық мінез
3.1 Қазақ прозасындағы сана ағымының көрінісі

Қай жазушыны алсақ та өзінің көркемдік әлемінде ғажайып із қалдырған, аса көрнекті, адамды жүрегімен тартатын бір сезімдері бар. Қай жазушы болмасын әңгімелерінің адамгершілік ұлт тәрбиесіне деген көзқарастары бөлек.Ұлт тәрбиесі, қазақ елінің дәстүрлі тәрбиесі, оқушы бала тәрбиесіне деген шығармаларының достықты, бірлікті жырлайды. Мысалға Оралхан Бөкейді ұлтжанды екенін байқаймыз. Оның оқырманына айтайын деген ойы Ардақтың басына түскен іс-әрекетті қайталамауға үндейді. «Ардақ» әңгімесінде жазушының оқушыға берер тәрбиесі мол. Жас қыз Ардақтың алданып аяғы ауыр болып қалуы, жас қыздың осындай іс жасауын оның білімсіздігінен көруге болады. Әңгіменің тәрбиелік мақсаты оқушыларды осындай іс-әрекет жасамауға баулиды.Қызының аяғы әкесіз ауыр болады. Жалпы туысқандар арасындағы келіспеушілік, ескі өмірдің, надан адамдардың көрінісі арқылы оқырманға берер адамгершілік тәрбиесі бар. Осындай жағдайды қайталамауға итермелейді. Шерхан Мұртазаның «Бір нәзік сәуле» әңгімесінде жетім қыз Валяның өмірінің ауырлығы жайында адамдарға балаларын жетім тастамауға, осындай балалардың бөтен емес екенін, ондай балаларға көмек көрсетуді үндейді. Жазушының «Сол бір күз» әңгімесінде жалаң аяқ болып жүрген баланың қиын өмірінен жазушы оқырман қауымға әсерлі етіп, осындай балаларға адамгершілік көзқараспен қарауды үндейді. «Ноян былтыр декабьрде тобан аяқ болып, мектепке бара алмай қалған. Тәңірі жарылқағыр, Тимофей шал көтерем өлген өгіздің терісінен шикі шоқай тігіп беріп, әбүйір болған. Шоқай су тисе езіліп жүре беретін. Бірақ шұлғауын қалың орап, ілкерлектеп мектепке барып қайтуға жараушы еді. Биыл қыста өгіздің терісі табыла ма, табылса оны Тимофей тағы тігіп беруге келісе қоя ма?...». Ноянның мектепке бара алмай қалуы, оның халының ауыр екенінде тәрбиелік мән жатыр. Жазушының «Тастай берік, гүлдей нәзік» әңгімесіндегі ұлы үшін қиналған ананы суреттеген. Жазушының Аналарға деген адамгершілік көзқарасын байқайсыз.


Смағұл Рахымбектің «Көңіл шуағы» әңгімесінің тәрбиелік мәні бар. Тәрбиелі Махмұдтың ата-анасына деген көзқарасы, еліне деген, жеріне деген сүйіспеншілігін көрсетеді. «Кей отбасыларының балалары жасы шау тартқан егде ата –аналарын қарттар үйлеріне апарып тастауға бейіл, тіпті қолдарында баққанның өзінде тұрмыста онша сыйлай бермейтін тағылық әдет қалыптаса бастаған уақыт еді әлгі оқиға болған жылдар». Жазушы тәрбиелі Махмұдты осы басқа отбасыларының балаларымен салыстырады. Бұнда үлкен бір тәрбиелік мән жатыр. Жазушы Қуандық Түменбайдың «Қобыз мұңы» әңгімесі мен Уахап Қыдырханұлының «Тәрбие күші» атты әңгімелерінің ұқсастықтары елін тәуелсіз мемлекетке қарай үндеу. Уахап Қыдырханұлының әңгімелері адамгершілікке байланысты, ғылым, тәрбие көзқарасы, Отан, ұлтшылдық, ел жағдайы мәселесін сөз етеді. «Тәрбие күші» атты әңгімесінен жазушының ұлтжандылығын көресіз. Қазақ елінің патриоты елі жері үшін қынжылады. Ұрпаққа берер тәрбиесі мол. «Тәрбие –ұлы іс, адам тағдырын шешетін сол. Ол-пенденің дүниеге келуінен өмірден өтуіне дейін үзілмейтін үрдіс. Егер, өмірді күрес, ал күресті адам өзіне қажеттің бәріне –рухани үстемдікке, материалдағы игілікке, ақыл-ойдың еркін дамуына жету жолындағы іс-қимыл десек, соның әр сәті бойға тәлім болып таралып, тәжірибе болып қалыптасады...». Жазушының ұлтжандылығын көруге болады. «Отанды сүймеу –опасыздық. Халқын қадірлемеу, ұлт мүддесін ойламау –үлгісіздік. Ұрлық-қарлық-қылмыс. Адам болам деген қазаққа Абайдан артық айтқан ешкім жоқ. «Адамды заман өсіреді. Кім де кім жаман болса, оның өзінің замандастары кінәлі» деген болатын.» жазушы данышпан Абайдың айтқан ақылымен елінің білімді, тәрбиелі, іскер болуын оқырманға жеткізеді. Жазушының бұл туындысында үлкен тәрбиелік мағына жатыр. Болашақ ұрпаққа деген тәрбиелік көзқарастағы туынды. Оқушыларды ұлтжандылыққа баулиды. Жазушы болашақ ұрпақты еңбеккерлікке, білімділікке шақырады. Ұрпақты өз заманының адал азаматы болуын, Отанын қорғайтын патриоты болуын тілейді. «Заман жаңарды, ғасырдан ғасыр ауысты. Ел егеменді, ұлт-тәуелсіз. Қазақ үшін бұдан артық не керек. Ағалар ақылға тез келуі, жастар жаңа заманға жіті бет бұруы, ұрпақтар ұлтымыздың ұлы үрдісі бойынша ақылды, парасатты өсуі, Отанына, халқына берілген бірегей азамат болып жетілуі қажет. Оның барлығы тал- бесіктен басталып, жер бесікке енгенше үзілмейтін тәрбиенің күшімен қалыптасады.». Адам дүниеге келгеннен бастап тәрбие көзінде болады, сол арқылы адамның тәжірибесін көре алатынымызды айтады. Жас ұрпақтың жақсы тәрбиеленіп, еліміздің лайықты азаматы болып өсуі мақсатында жазған әңгіме.
Тынымбай Нұрмағамбетовтің «Батырлар жайлы екі әңгіме» [54,133б] туындысы оқушыларға берер тәрбиесі ондағы кейіпкерлерінің істері, мінез-құлықтарынан көруге болады. «-Кел, ендеше, жекпе-жек! -Болса, болсын жекпе-жек! Екі батыр тұсаулы қарагерге жетпей-ақ шоқпарласа кетеді. Тәйірі, Бұхарбай батырға кісі шыдас берген бе? Шоқпарын үшінші рет тағы көтере бергенде-ақ қарақалпақтың батыры жер жастанып жатады» [54,137]. Жеңіп шыққан Бұхарбайдың ерлігі,батырлығы арқылы оқушыға берер тәрбиесі бар. Оқушыны елін, жерін қорғауға үндейді. Рахымжан Отарбаевтың «Аман бол шешем» атты әңгімесінің адамгершілік, тәрбиелік мәні бар. Ұлының айдауда жүрген кезіндегі шешесін ойлап күй шертуі арқылы оқырманға жеткізеді.- Аман бол, шешем, аман бол, аман бол, аман бол...». Айдауда жүрген кезіндегі аяулы анаға деген сарытап сағынышы күй пернесіне көшіпті». Осы тұста қоғамдық өмірмен ілгері қадам басқан жаңа тұрпатты кейіпкерлер бейнесін сипаттауда озықтық көрсеткен жас жазушыларымыздың бірі – Бейбіт Сарыбай. Енді осы Бейбіт Сарыбай шығармашылығына тоқталсақ. «Бейкүнә күнәһарлар» атты әңгімесінде жазушы Б.Сарыбай ауылдағы балалық шақтың дәмін рекше сезіммен суреттейді. Бейкүнә балалардың адал, аңғал, зиянсыз әрекеттерін көз алдымызға әкеліп, олардың образын ерекше ойнатады. Ауыл балаларына тән ұшып бара жатқан ұшаққа тұра жүгіріп, мені ала кет деуі – барлық балаларға тән нәрсе. Балаң көңіл, әр нәрсені армандау, болмашы нәрсеге қуану секілді қасиеттер осы кезге тән. Осы сезімді жазушы келістіріп суреттеген. Дарын мен Ерболдың бір-бірін келеке ету де – балаға тән психология. Өрік арқылы жазушы баланың кішкентай кезде әр нәрсеге қызыққыш, ештеңенің байыбына бармайтын, аңғал мінезін суреттейді: «...Біз түн жарымынан бастап, таң шолпаны туғанға дейін жүрсек те, әр түн сайын оннан, бестен жесек те, айналасы екі аптаның ішінде тауысып бітетінбіз сол бейшара өріктерді. Егер бізге «өзі қышқыл, өзі көк» деген жұмбақ жасырсаңыз, біз оны тез тауып аламыз. Оның жауабы, әрине, өрік. Сол өріктерді көктей тауысып жүргендіктен шығар біздің ұғымымызда өрік деген көк болады. Және оның дәмі тәтті емес, қышқыл болады деп түсінетінбіз. Өріктің тәтті болатынын және оның түсінің көк емес, сары екенін Ерліктің Шонжы қаласындағы әпкесі келгенде ғана біліп, таң-тамаша болғанбыз» [55,4-б.]. Бұл жолдардан балалардың бейкүнә қызыққыш ұрлығының еш астарсыз, зиянсыз көңілдерінен екенін аңғарамыз. Бұл жерде олардың әрекетін әрине дұрыс деп табуға болмайды, алайда олардың бір затты қабылдау реакциясын осы өрік арқылы көретінімізді айтқымыз келді. Балалар шуласып, өзенге беттейді, олардың жас шамалары да әркелкі. Осы жерде олардың арасында адамның жаралуы туралы дау туады. Бірі Дарвин ілімін жақтаса, бірі балшықтан илендік деседі. Осылайша Тойболды атайдан төрелігін сұрап, ақыры таяқты да жейді. Шығармаға аттас келген тақырыптың астары да осы жерде болса керек. Балалар сонда да молда атайдың сөзіне сенбей, балшықтан адам жасап, ертең тірілер ма екен дегендей шолақ ойлап, мазақ етеді. Бұл жерде олардың екінші бір «ұрлығын», яғни «күнәларын» көреміз. Балалардың арасындағы тағы бір «күлкілі» жайт – бала махаббат. Сүйрік атты қыз бен лирикалық кейіпкер арасындағы симпатия, оларға Дарынның «кедергісі» секілді мәселе – жеткіншек шақтың ең «өзекті» тақырыптары болса керек. Алайда лирикалық кейіпкер мен Сүйріктің әңгімелері – еш риясыз, еш зұлымдықсыз, ойында не бар соны жеткізген, арамдықтан ада әңгімелер. Қыздың бетінен сүю, таң атқанша отырып әңгіме айтып, артынан шешесінен сөз есту – олар үшін экзотика болып есептелсе керек. Міне, жазушы бұл әңгімесінде күнәһарлар деп жас жеткіншектің психологтясын дөп басып, осы бір сюжеттер арқылы көрсетіп отыр. Өсе келе, өздерінің істеріне, әрекеттеріне күле қарары анық, алайда осы сәттегі олардың қылықтары – «заңдылық» нәрсе деуге болады.
«Өліара» әңгімесіне келсек, бұл әңгіме сатиралық бағытқа құралған. Шығарманың атауының осылай аталуына себеп ретінде аңдатпа айтылып кетеді. Яғни тек табиғат мезгілінің ғана емес, адам өмірінің өліара кезеңі сөз болады. Бұл әңгімеде мектеп бітірген оқушылардың соңғы кеші, олардың арманы, алға қойған мақсаттары алдымен сөз болады. Оқуға тапсыруға бет алған лирикалық қаһарманның мінез-құлқын да көреміз. Қазіргі заманның тіпті, типтік образдарының бір парасын көреміз. «Ұлттық қауіпсіздік комитеті қаһарына мініп тұрғандықтан, мені оқуға түсірмек болған адам жеме-жемге келгенде бас тартыпты. Ағаларым өзімнің тапсырып көргенімнің жөн екендігін, тест дегеннің бір қызық жері бейберекет белгілей берсең болды, бағың жанып түсіп кетудің мүмкін екендігін айтып, сынаққа кіргізген. Неден бастап, неден аяқтарымды білмей отырғанымда алдыма сәл қиғаштау жайғасқан қыздың қалтасынан тілдей қағаз шығарғанын көрдім. Дайын жауаптар екенін сездім. Ол ешкімге білдірмей көшіре бастады. Одан қалыспай, мен де көшірдім. Барлық жауабым дұрыс болып кетсе, сенбей қайта-қайта қарап жүре ме деп қорқып, арасында бірді-екілі қате жіберіп қоямын. Жүз жиырма сұрақтың жиырмасын өз білгеніммен (яғни қате қылып) белгілеп, қалған жүз сұрақты айна-қатесіз көшірдім. Бар шаруаны тындырып бітісіммен сыртқа шыққым келді. Алғашқы бір-екі адам шығысымен мен де сыртқа тап бердім. Оқуға түсетініме сенімді болдым» [55,12-б.] - деген сөздерінен лирикалық кейіпкердің тек өз ойын емес, оған автордың қазіргі қоғамдағы оқуға тапсыруға адам жалдау, дайын жауаптарды пайдалану, қазіргі тест жүйесіндегі берекетсіздік, оқушылардың білім алдындағы жауапкершіліксіздігі секілді үлкен ауқымды проблематикаларды көтерген. Бұл сөздерден оқу жүйесінің келекеге айналғанын, адамдар арасындағы тест ұғымының өте төмен екендігін, білім алушы жастардың құлықсыздығын да көруімізге болады. Осылайша барлық сұрақтарды белгілеп тысқа шығысымен қорытындыны күтеді. Қорытындыны күткеннің өзі ерекше әсермен суреттеледі. «Ертесі күні өзім сынды қаптаған талапкерлердің бірі болып кешегі тапсырған тесттің қорытындысын білу үшін университетке келгенмін. Тақтадағы тізімнен өзімнің аты-жөнімді іздей бастадым. Бір кезде өзімнің қанша ұпай алғанымды көріп, көзім шарасынан шықты. Ағам қолы тимейтін болғандықтан, менің өзімді жіберген. Аты-жөніңнің қасындағы цифрға қарасаң болды. Басқа жұмысың жоқ деп жіберген. Менің аты-жөнімнің тұсында 117 деп тұр. Демек, 117 ұпай. Бойымды сенімсіздік билеп, қайта-қайта қараймын. Тұп-тура 117. Айналып қана кетейін тәлейлі қызым-ай, сенің арқаң деп қоям іштей. Сонда деймін-ау өз бетіммен жауап берген жиырма сұрақтың он жетісі дұрыс болғаны ма. Шынымен-ақ тест дегеннің осындай құдіреті бар екен-ау. Егер билет алып тапсыратын болсақ, жұмған аузымды ашпай-ақ қайтар едім ғой. Ағама хабарластым» [55.13-б.] - деген монолог тіпті сатиралық сарынға толы. Қазіргі білім жүйесіндегі олқылықтың бір шетін ашса, бұрынғы билетпен тапсыру саясатын қолдайтын идея бар мұнда. Оқушының өзіне деген сенімсіздігі – өмірге деген немқұрайлылықты білдіреді. Өмірінің ең бір жарқын кезіне көз жұма қарап тұрған жасөспірім адами, тәрбиелік секілді басқа да маңызды факторлардан ада болатынын байқауымызға болады. Осылайша оңай олжаға батқан қаһарман қуаныштан жарылып кетердей, ауылды-аймаққа, туған-туысқа асығыстықпен жеткізеді. Өзі де осындай оңай олжаға батқанына мәз, үлкен қазына тапқандай, тестті өзі шешкендей мәз. «Алып ұшқан қуаныш ұзаққа созылмай, арты өкінішке айналды. Ең құрымаса жұртқа келеке болмайғ ағам армандағандай ақылы бөлімге лайық ұпай жинамаппын. Яғни рет саны бойынша 117 тұрған Асқарұлы Алмат бар болғаны 22 ұпай жинапты. Өлім болды. Маған дұрыс жауабын көшірткен тәлейлі қызымның варианты басқа екен. Вариант деген пәлені мен қайдан білейін. Мені сөйтіп қара басыпты» [55,14-б.] - деген монологтан тіпті вариант деген ұғыммен таныс еместігін, оқуға жеңіл-желпі қараған адамның соңында күлкіге душар болғанын қоғамдық мәселемен салыстыра көрсетеді. Амалсыз ауылға келген Алмат елге «Қожанасыр» атанып, атағы шығып кетеді. Бұл әңгімеден түйетініміз – оқушы мен қоғам арасындағы, білім мен әлеумет арасындағы сәйкессіздік, адамдардың немқұрайлы ойлауы мәселелері.
«Ертегі» әңгімесі автордың романтикалық бағытта жазылған ерекше әңгімелерінің бірі. Адалбек атты адал ұлдың әрекеті туралы баяндалады. Шығарманың атының ертегі аталуы да осы Адалбектің өмірді ертегідей деп ұғынуында. Яғни кез келген оқиға мақсатына, мұратына жетіп, бақытты-баянды аяқталады деп түсінуінде. Адалбек теледидардан «Қозы Көрпеш Баян сұлу» атты киноны көріп, ең алғаш ғашықтық, махаббат жайлы ой ойлап, өзінің «ғашығына» кинодағыдай ақ боз атпен барғысы келеді. Ол ат тек нағашы атасында болса керек, өтірік айтып, сол атпен көрші ауылдағы сүйіктісіне барып, батырлықтың бір парқын көрсету – басты мақсатына айналады. Нағашы атасына барарда ол небір нәрселерді ойлайды, небір өтірікті құрастырып, қисыны келсе де, келмесе де айтып көреді. Нағашы атасы өтірік екенін сезсе де, аңдысын аңдиын деп атқа мінгізіп жібереді. «Адалбек ақбоз аттың басын үйіне қарай бұрмай, бірден ауыл шетіндегі көшеге қарай тартты. Өйткені сол көшенің аяққы жағында автобекет директорының үйі бар. Ал ол үйде Шекер бар. Шекер дегеніңіз біздің Қозының іздеп бара жатқан Баяны емес пе. Ойлағанындай болып шықты. Шекер көше бойындағы арықтың жағасында сіңлісі екеуі торт жасап ойнап жүр екен. Адалдың көзіне балшықпен ойнап жүрген Шекер қыз Баяндай болып көрінді. Не істесем екен деп біраз ойланып тұрды. Жетіп барған тағы ыңғайсыз. Бұрыннан тіл қатысып жүрген болса бір сәрі. Бір-біріне ләм деп ауыз ашпаған адамдар ғой. Тіпті сыныптасы болса бір сылтау табылар ма еді, кім білсін. Біраз тұрғаннан кейін Адалбек қызды таң қалдырғысы келді. Атпен қасынан шауып өтпек болды. Атпен шауып кетіп бара жатқан батыр ұлға қыздың қызыға қарап тұрған бейнесі елестеді. Сол сол-ақ екен, Адалбек атты тебініп қалып еді, ақ боз ат бар пәрменімен шаба жөнелді. Желдей жүйткіген тұлпардың үстінде Адалбек кетіп бара жатыр. Тура қыздардың жанынан өте бергенде сол үйден бір ит жүгіріп шығып, арс ете қалғанда үріккен ат шалт бұрылып, үстіндегі Көрпеш ұл жерге құлап түсті. Ат қайтадан шаба жөнелді. Аспан айналып жерге түсті. Адалбек көзін ашқанда аспанды көрді» [55,18-б.]. Бұл жерден, ертегі, аңыз, киномен өскен, жаны риясыз таза Адалбек өмірде де барлығы сондай деп ойлады. Балаң көңіл – барлық балада болған психологиялық сарын. Алайда жүзеге аса алмаған бұл ойы ақыры кішігірім трагедиямен аяқталады. Жалпы қай бала болса да, ойындағысын істеп, жасап көрмей көңілі көншімейтіні белгілі. Егер жасамаса, бірдеңеден құр қалғандай сезімде болады. Осындай қайтпас қайсарлық көрсеткен Адалбектің өтірігі су бетіне қалқып шығады. Аттан оңбай құлап, ақыры аяғында ауруханадан бір шыққан Адалбек істеген ісінен ұялып, туыстарының бетіне қарай алмай, өтірік талған болып жатады. Бұнысына одан бетер қорыққан ата-анасы дәрігерден дәрігер тоздырып, баласының денсаулығына қатты алаңдайды. Сөйтіп, өтірік талған баланы Алматыға апарып, толықтай барлық медициналық тексерістен өткізеді, бірақ медициналық тексеріс оң бағасын беріп, ешқандай ақау жоқ екенін шығарып береді. Ақыры келдік қой деп, Адалбекті Алматының ең әсем деген барлық жеріне апарып, аямай қыдыртып, ел мен жер көрсетеді. «Баламысыз» дегендей, Адалбек аттан құлағанның «арқасында» біраз жерге қыдырып, тіпті шамалы ауырғанда Қытай асып кетер ме едім деп мақтаныш сезіммен қыдырыстарын аузынан суы құрығанша жарнамалайды. Қала көрмеген балалардың барлығы Адалбектің орнында болғысы келіп, тіпті кейбірі аттан құласақ па деген ойға келеді. Балалардың ең қызығытаны – ойын, қыдырыс, ойыншық екені белгілі, бұлардың қайсысына болса да жанын сатуға бар, осылайша Адалбекке балалар қызыға да қызғана қарайды. Ауылда бұған дейін де бір жағдай орын алған екен: «Байқамаса қауіпті, ессіз балалардан бәрі шығады. Олардың аттан әдейі құлап, естерінен адасулары да мүмкін. Оларға таң қалуға болмайды. Бұның алдында осыған ұқсас оқиға орын алған. Ермек дейтін баланың саусағын ағасы абайсызда балтамен шауып алғанда аудан орталығына барып тіктірген. Аудан орталығынан келгенде ол осылай әңгімелеп берген. Екі қабатты үйлер мен ондағы базар туралы айтқанда қызыққан балаларға ол: - Райцентрге барғыларың келе ме? – деген. «Райцентр» дегені аудан орталығы ғой. Барлық бала барамыз деп шу ете қалған. Сонда Ермек оларға: - Егер барғыларың келсе, мен сендердің саусақтарыңды шауып берейін. Сосын сендердің де саусақтарыңды тіктіру үшін райцентрге апарады. Қорықпаңдар, саусақ шабылғаннан адам өлмейді. Мен де өлген жоқпын ғой. Қайта ауданды көріп келесіңдер, - деп төрт баланың саусағын шауып тастаған. Сол бір көңілсіз оқиғаның қайталанбасына кім кепіл» [55.20-б.]. Шынында да, бала көңілі аппақ қағаз секілді, тап-таза. Егер ересек адам болса, жан-жағын бағамдап, бұл нәрселердің өмірге қауіпті екенін біліп, оң-солын айырып, жақсы-жаманның не екенін білер еді. Аңғал бала жаман нәрсені де жақсылыққа балайды, бала көңіл жарақат алу, қиналу, денсаулық, ата-ананың уайымдауы деген секілді нәрелерді ойына алмастан, қала көру үшін осы бір «құрбандыққа» барады. Осылайша Адалбек осы оқиғаны басынан өткізіп барып, енді бұндай әрекетке бармайтындай болды. Адам, сірә, бір нәрседен сабақ алмай, сол істі тоқтатпайтыны белгілі. Соңында автор да Адалбектің әрекетін былайша түсіндіреді: «Сөйтіп «Қозы Көрпеш Баян сұлу» фильмінен басталған шым-шытырық оқиға Адалбектің өміріне кішігірім өзгеріс алып келді. Ол енді өтірік айтпауға бел буды. Өйткені аттан құлағанын өтірік айтқаным үшін Алланың жазалағаны деп түсінді. Әйтпесе күнде атқа мініп жүрген жеті жасар бала неге басқа кезде емес, дәл сол өтірік айтқан күні қыздың алдында құлауы керек. Өмірді ертегідей елестетіп жүрген Адалбек сол өмірден алғаш рет таяқ жеп, соққы алғаннан кейін біраз уақыт кино көрмей жүрді» [55,20-б.]. Міне, осылайша шығарманың «Ертегі» аталуы да осында. Жеке тұлға – тек психологияның нысаны ғана емес. Ол - әдебиеттің ең басты предметі. Бірақ әдебиеттің өзі жеке-дара ғылым саласы болғанымен, басқа да ғылым түрлерімен байланыс таппаса, онда әдебиет ғылымы дамымай қалар еді. Әдебиеттің өз арнасында көркемдік психологизмнің ұлттық сипатының алар орны зор. Қай халық болса да, оның өзіне тән мінезі мен ерекшелігі болады. Қоғам байлығы – адам дейтін болсақ, ал адамның бәрін бір нүктеге бойлататын қазық – ұлт. Ал ұлттың мінез-құлқы мен бояу-өрнектері қаламгерлер шығармашылығынан орын тепсе, ол – заңдылық.
Тақырып өзегі әдебиеттану ғылымындағы көркем бейне, образ болғандықтан, зерттеуімізде айтылып отырғандай, көркем бейне немесе образ - әдебиеттің, яғни көркем шығарманың басты нысаны ретінде қаралады. С.Қирабаевтың «Әдебиет және дәуір талабы» атты еңбегінде әдебиеттегі адам бейнесіне мынадай тұжырым жасаған: «Әдебиеттің негізгі зерттейтіні – Адам мен оның өмірі, еңбегі екені жалпыға мәлім. Алайда оны көркем бейнелеудің жолы алуан түрлі. Біреу адам өмірін оның нақты іс-әрекетін суреттеу арқылы көрсетуге тырысса, біреулер оның ойын айналасын, өмір сүрген ортасын танытуға көңіл бөледі. Осындайда адаммен қарым-қатынаста болатын өмір құбылыстарының ешқайсысы да сырт қалмайды. Адам сезімін, ой-дүниесін тереңірек бейнелеуге табиғат та, оның маңындағы жан-жануарлар тіршілігі де қатыса алады. Өйткені Адам – жалпы тіршіліктегі ең биік сапалы, саналы өмір иесі, қалған тіршілік құбылыстары оны толықтыруға, оның ренішті-қуанышты сезімдерін ашуға көмектеседі, оның жанын, ұғымын байытады». Расында, адамның жаны – түпсіз терең тұңғиық, өз алдына ұлы әлем. Оның тылсым сырын ашып суреттеу, сөз зергерінің негізгі нысаны. Э.Межелайтис айтқандай: «Адамның ішкі дүниесіне тереңірек үңілген сайын оның анағұрлым күрделі екендігіне көз жеткіземіз. Адам жаны неғұрлым тереңірек суреттелсе, шығарма да күрделі болады». Бұл жердегі тереңірек суреттелу деген сөз – бар ынта-ықыласпен, күш-жігермен нанымды әрі сенімді, әр оқырманды тебірентетіндей, сол оқиғамен иландыратындай халге жеткізу. Яки адам жанын суреттеу – жазушының шығармашылық кредосы. Осы ретте жазушының «Қара ағаш» әңгімесіне тоқталатын болсақ, махаббат символына алған ағаш образы арқылы махаббат хикаяларынан сыр шертеді. Бала кезден талай махаббатқа куә болған қара ағашты әулие ағашындай көреді. Автор бұл ағашты былайша суреттейді: «Мүмкін, ол бәйтерек шығар, әлде тарихқа бай терек шығар, әйтеуір мен үшін қара ағаш еді. Кәрілігінен болар, жаз айларында аз ғана уақытқа жайқалатын да қайтадан қалпына келетін. Жұқалтаң жапырақтарының ғұмыры қысқа-тын. Селдір бұтақтары да қап-қара еді. Бірақ, осы қара ағашқа біраз қыз-жігіттер басқа көзқараспен қарайтын. Өйткені ол басқа тал-теректей елеусіз емес еді. Қасынан өткен әрбір адам әлденені есіне алатын. Бір жерінде құпия сыр жатқандай қарайтын. Қысқасы, жанарларға жылы ұшырап тұратын. Осы қара ағашқа қатысы барлар оның өздеріне деген ыстықтығын сезінуші еді. Көбіне-көп жастар» [55,21-б.]. Лирикалық қаһарман кішкентай кезінде көршінің әдемі қызына бір жігіт келіп, екеуі қара ағаштың астында күбірлеп әңгіме айтып, соны сығалап, қызықтап, құдды кино көргендей сезімде болатынын әсермен жеткізеді. Сол жігіттің орнында өздерін елестетіп, тіпті жігітке көңілдері толмай, олардан ештеңе шықпаса, үйге көңілсіз қайтатын. Осылайша уақыттар өтіп, жас бала өсіп, бозбалалыққа көшіп, енді өзі сол жігіттің басындағы күйді кешеді. Нәйлә екеуінің арасындағы асыл сезім осы қара ағаштың басында өрбіп, ол бұрынғы өзі көрген сәттермен бөліседі. Заманнан заманға «мұра» болып келе жатқан бұл теректің символикалық мәніне үңіледі лирикалық қаһарман. Қара ағаштың астында тұрған ғашықтардың қосылмауын автор осы ағашпен салыстырды және оның лирикалық қаһарманның аузына салды. Қанша уақыттан кейін қара ағаш отындыққа кетеді. Бұл ағаштың астарында қаншама сыр, қаншама мұң кетті, және қаһарман ыстық тебіреніспен есіне алады. Қанша уақыттан кейін бұрынғы бала кездегі көрші қызын көріп, қара ағаштың қазір жоқ екенін әңгімелеп, екеуі бір сырға батады, қыз да жоқ екенін алға тартып, қимастықпен еске алады. Маралтай ақынның өлеңін келтіре отырып, шығармада жасөспірімдердің махаббаты махаббат символына айналғанын айтады.
Жазушының «Естелік» атты әңгімесінде де жарқын махаббат, тәтті балалық шақ, алғашқы сезім суреттеледі. «Біз таза едік. Ырың-жырыңға салынып жаға жыртыспадық, төбелеспедік десем, ол әрине, өтірік болар. Талай-талай жағаластық. Бірақ, біздің онымыз сотқарлықтың, қатыгездіктің белгісі емес, ақылсыз балалықтың жемісі болып саналар. Қыздарымыз да өздерін ересек сезініп, бойларын түзей бастаған» [55,26-б.] - деген жолдардан балалықтың тәтті дәмі, тазалық, пәктік, әдемі «сотқарлық» жайында сөз қозғалатынын-ақ байқаймыз. Бұл шығармада жасөспірім шақтағы алғашқы махаббат, қызбен жүру, кездесу, жігіт болу шағы әңгіме болады. Алғашқы махаббаттың өзінің әдебі, сезімнің білдірілуі, қызға деген сүйіспеншілік – бәрі-бәрі романтикалық леппен көрсетіледі. Хат жазудың өзінің тактикасын да айтып кетеді. Мектеп аясында қызбен жүру әдебінің ерекше кезін ерекше ностальгиямен көрсетеді. Мәселен: «...Махаббатымды білдірген хатты қолына алғаннан кейін, араға азғантай уақыт салып барып, келісетіндігін білдірді. Сөйтіп ол екеуміздің қыз бен жігіттік ғұмырымыз басталып та кетті. Қатарластарым сияқты мен де енді сабақтан қайтқанда жалғыз өзім желпілдемей, қызбен бірге баяу басып аяңдайтын болдым. Және үзіліс кезінде бір қыздың қолынан ұстап тұру, жуас мұғалімдердің сабағында оның қасына барып отыру бақытына қол жеткіздім. Сөйтіп, ләззатты ғұмыр кешіп жаттық. Өзгелермен тереземді теңестірген Айжаныма саудагер Римадан (сағыз сататын қыз) «шоколадный ловис» немесе «бомбибом» алып бергім келді. Бірақ реті келмеді-ау деймін соның» [55, 27-б.] - деген монологтан жалпы сол дәірдегі ғана емес, жалпы бозбалалық шақтағы жастардың типтік образы көрініс тауып, оқиғалар тізбегі де реалистік тұрғыда көз алдыңа елестейді. Лирикалық қаһарман Айжан қыздың ата-атанасының тойға баратынын, үйде жалғыз өзі қалатынын естігесін ұзақ дайындалып, үйінен ерекше ізденіспен кездесуге кетеді. Бұл кездесудің, кездесуге дайындықтың өзін жазушы шебер суреттеген. Осылайша қызға барған қаһарман көңілі түсіп келеді, өйткені қыз «Ой, қойшы.Ұялам!» деп қабылдамай қояды. Әр нәрсеге ренжу – балалыққа тән қасиет екені белгілі, осылайша сол кездегі анкетаға Айканың «кімді жақсы көресің?» деген сұрағына ешкімді дегеніне ренжіп, лирикалық образ үлкен ойға қалып, бала махаббаттан көңілі қалып, күдер үзеді. Арада қанша жылдар өтеді, өткенді еске алып, сол кездегі тәтті шақтың өзін ерекше естелікпен суреттейді. «Кейінірек көптеген суреттерге түстік. Альбомдарымызға естелік жазып қалдырдық. Заттай сыйлықтар да сыйластық. Соның қазір бірі болса, бірі жоқ. Барларының өзі бәлендей бағалы емес. Бәрінен де бағалысы сол, Айжанның «Ой, қойшы, ұялам» деп есікті тарс жауып алған елесі. Сол елес менің жадыма мәңгілікке жатталды. Менің сол кездерден алған естелігім сол ғана. Басқасы түкке тұрғысыз. Міне, естелік деген осы» [55,29] - деген монологтан қыздың да, жігіттің де риясыз адал көңілдерін көреміз. Қыздың ұяңдығы, бойжеткен шақтағы еркелігі, бас салып жігітке иілмеуі, ер адам алдындағы ұяла білу секілді қасиеттерді автор жоғарыға қояды. Қаламгердің «Естелік» шығармасы да – қазақ қызының ұяңдығына тән қасиетті дәріптегісі келгендіктен туындаған дүние деп есептейміз. Өйткені лирикалық қаһарман барлық естеліктердің ішіндегі ең асылы деп бір ғана қыздың жауабын келтіреді.
Қаламгердің «Темірдің жылуы» атты енді бір әңгімесіне тоқталсақ. Темір атты ғылым-білімге берілген, еш жеке өміріне көңіл бөлмейтін, аты затына сай, ғылымнан басқа ештеңеге жіби қоймайтын жігіт арқылы қазіргі замандағы кейбір жігіттердің типтік образын жасайды. Тіпті, Америка асып, доктор атанып келіп, жеке өмірін қалыптастыруға талпынбайды. «...Оның бұлай жүрісінің себебін жұрт нарцистігінен көретін. Ол өзінен басқа ешкімді жақсы көрмейді, өзіне өле ғашық, өзіне ешбір аруды тең көрмегендіктен үйленбей жүр дейтін. Ал екінші бір топтың өкілдері бұл жайттың себебін Темірдің темірлігінен деп түсінетін. Темірдің өзі болса достары мен замандастарының бұндай алыпқашқа сөздеріне күліп қана қарайтын. Бірақ, екінші пікірге қосылатын. Шындығында мен мейірімсіз, тіпті қатал шығармын деп ойлайтын. Өмір бойына тым болмаса бір адамға елжіремей-ақ өтемін бе деп қауіптенетін» [55,31-б.]. Адам болмысындағы осындай мінез туралы автор айтқысы келді. Яғни көңіл бөлгісі, бірдеңе жасағысы, өмірін өзгерткісі, мінезін жөндегісі келетін адам болғысы келеді, бірақ оны жасау қиынның қиыны немесе ондай іс жасаса, ел, жұрт күле қарайтындай сезімде болатын психологияны баяндайды. Темір үлкен бір түс көріп, түсінде жанұясы бар келіншекке ғашық екендігін, ол үшін бәріне даяр екенін, оны сырттай іздеп, ғашық болғандығы жөнінде әңгіме өрбиді. Өмірін 380 градус басқа арнаға бұрғысы келіп, ілім-білімді тастап, жанұяға көңіл бөлгісі келіп, махаббат пен сыйластық құшағына еніп, өміріне сән кіріп, қуанышпен қауышқанын сезеді. Бірақ таңертең тұрса, бұның түс екенін көріп, еріксіз жымиып, ең болмаса түсімде біреуге жан жылуын арнағанына қуанады. Бұл жерде жазушы Темір секілді адамдардың барлығы ішінде екенін, адамдарға көңіл бөліп, өмірінің жарқын болғанын қаламайды емес, қалайтынын, алайда олардың өмірінде бір тосқауыл немесе сызық тұрғандай сезіп, оны жарып өтуге «ұялшақтық» сезімінің бой бермейтінін көрсеткісі келді. Шынында, ішінен тынып, алайда өз дегеніне қол жеткізгісі келіп, бірақ шешім қабылдай алмай, немесе өз мінезіне көндігіп, оны өзгертуге тырыспай, мінезінің өмір бойы қалып, өзгермейтініне мойынсұну секілді психологияны ұстанған жандар туралы автор ой өрбітеді. «Темірдің жылуы» деп аталатын атауының өзінен біздің лирикалық қаһарманның шыне өмірде болмаса да, түсінде біреуге жылулық сыйлағанына мәз болып, өмірінің өзгеруіне әбден болатынына сенімділік байқалғанын көреміз. Бәлкім, осы түстен кейін Темірдің ойы өзгерер, оны әрине, жазушы оқырманның өзіне салды. Әр оқырман оны өзінше өрбітіп алар деп ойлады. Қазіргі әдебиеттанудағы посмодернизм бағытының ерекшелігі де осында жатыр.
Жазушы Бейбіт Сарыбайдың ең бір жүлделі шығармаларының бірі – «Рауғаш ерте гүлдейді» әңгіесі болып табылады. Бұл әңгіме жастар прозасы арасындағы сайыста бас жұлдені алғаны белгілі. Шығарманың ерекшелігі неде, осыған тоқталсақ. Бұл әңгіменің бас кейіпкерлері бар болғаны – 2-ақ адам. Ол – мұғалім мен кішкентай бүлдіршін қыз. Бірақ осы 2 кейіпкер арқылы жазушы үлкен ой салады. Бүлдіршін қыздың ересектерше ойлауы, қазіргі замандағы ата-аналардың жұмыс қуып, бала тәрбиесіне көңіл бөлмеуі, балалардың балалық шағының қырқылуы, қазіргі нарық замандағы адамдардың санасының тұрмыс билеуі секілді проблемаларды көтереді. Қос замандастың риясыз диалогына құрылған шығармада осы әлеуметтік мәселелер жатыр. Кішкентай қыз бала байқаусызда тар автобустың ішінде мұғалім жігіттің қолынан байқамай ұстап тұрады, бірақ шамалы уақыттан кейін қолдың жалпақ екенін түсінген ол қателескенін біліп, кешірім сұрасып, одан әрі әңгімелері өрбіп кетеді. Қыз ашық, пысық, әр нәрсені сұрап, географиядан беретін мұғалімге сол тақырып бойынша сұрақтар қойып, кей жерлерде ұятты қылдырады. Жұрттың барлығы осы екеуінің диалогына аңтарыла қарап, енді не болар дегендей елеңдеп отыралы. Қыздың пысық, өзінің інісі мен сіңлісіне анасындай қарап, оларды қамқорлығына алып, әке-шешесінің әрқашан жұмыстан қолдары босамайтынына қарамастан, оларға да түсіністікпен қарап, ересек адамдарша сөйлеп, тіпті ойларының өзі үлкендердей нық, ерте жетілгендігін байқап, оған бәйшешек деген атты таңады. Қыз сонда да қоймай, өзінің емес, әкесінің рауғашқа балайтынын, рауғаштың бәйшешектен де ерте гүлдейтінін алға тартады. Сөйтіп, пысық қызбен қоштасып, автобуста тұрып лирикалық қаһарман үлкен ой түйеді. Қарғадай қыз жігіттің тойында ән шырқап, би билеп, өнерін аямайтынын айтады. Осылайша қазақтың кіп-кішкентай қызының еш жатырқаусыз, аға деп, түсі игі адамдардан қол үзбей, сөйлесіп кете беретін, жас та болса інісі мен сіңлісіне қамқор болып, әке-шешесінің үйде жоқтығын білдірмей, ерте есейіп, арамдықсыз ойымен кез келген адамды баурап алатын қасиетіне тәнті болып, іштей елжірейді.
Жазушы шығарманы жазбас бұрын алдына ұлы мақсат қояды. Алдымен халықтық таным, ұлттық нақыш, болмыс, рухани мұра, дәстүр өнегелері секілді ұлттық құндылықтарға, заман адамы формасына, қоғамдық-саяси факторға сәйкес сапалық белгілерге айрықша мән береді. Туындыларында ұлттық дәстүрді бойына сіңірген ұрпақтың жастық шағына үлкен мән беріп, адами ізгі қасиеттер, барлық өмірлік жағдаяттар, терең философиялық сезімді өзек етеді. Өйткені адамның ең көркем де қымбатты, албырт та бақытты шағы – жастық кезең. Сондықтан батырлық, ерлік, елдік, батылдық, отты сезім – бәрі жастықтың берер тәтті ләззаты екенін түсіндіргісі келді. Сол мақсатты көркемдік мәнде өрнектеді. Содан да болар оның өмір оқиғалары мен тағдырлар шындығы арқылы сенімді суреттелген туындылары қалың көпшіліктің қызығушылығына бөленді. Жазушының «Махаббат, қызық мол жылдар» романы ұлттық құндылық, имани қасиет, халықтық болмысқа негізделген жастықтың махаббат символына айналды.
Б.Сарыбайдың шығармашылығында жанды бейне мен портреттер мол. Ол қандай кейіпкердің болсын нағыз бейнесін жасап, көркем образын сомдаған. Жазушы туындыларында оқиғалар желісі шым-шытырық, қым-қиғаш, тартыс үстінде болмағанмен, замана көрінісі, замандас келбеті, осыларға сәйкес айтылатын ішкі қуат пен қайнар күш, эстетикалық талғам мен моральдық принциптер, яки бір сөзбен айтқанда, рухани қасиеттер мен құндылықтар бай, көл-көсір берілген. Бұдан шығатын қорытынды, жазушы шығармашылығының мақсаты – жан сұлулығын ту етіп ұстап, адамның «көзін қойып, көңілін ашу», асқақ сүйіспеншілікті жырға қосу.
Жазушы замандас бейнесін айнытпай танытқан, замана белесі мен дәуір келбетін шынайы бейнелеген жаңашыл суреткер. Өз шығармалары арқылы оқырмандарына жалынды жастықтың қадірін, оның бағасын танытады. Сөйтіп жастықтың жалыны мен жастықтың жалынымен адами қасиеттерді, рухани қазынаны оқырманның жан тереңіне бойлатып, әдемілікке құштар еткізіп, шынайы сүйіспеншілікті насихаттайды.
Қаламгердің «Силуэт» атты әңгімесі суретшілердің жалаңаш әйелдерді салу турасында оймен өрбиді. Суретшіліктің ерекше өнер екенін, бұл өнер жолында адамдардың небір құбылыстарға барып, сол өнердің майын ішіп, жілігін шағу үшін кез келген жағдаяттың «құрбаны» бола алатынын көрсетеді. Суретшілік факультеттің 3-курс студенті лирикалық қаһарман ретінде алынып, кейіпкердің жалаңаш образды салу әрекеті сөз болады. Ол өзінің періштесін, өз кейіпкерін таба алмай көп іздейді. Суретшілік те басқа өнер сияқты ерекше махаббатты, жоғары талғамды эстетиканы, өнерге деген құштарлықты қажет етеді. Осылайша жүріп ол жаңадан философия мамандығына оқу түскелі жүрген талапкер қызды көріп, қиялындағы кейіпкерді көріп, сурет салуға деген құштарлығы ашылады. Кейіпкерде ешқандай бөтен ой, бұзақы сезім болмай, ол тек өнер адамы ретінде өз портретінің «иесін» тапқандай қуанады. Арманы – осы кейіпкерді сомдау. Әдетте сабақ барысында оқытушылары сурет салу үшін қыздарды ақшасына жалға алып, 6-7 студенттің алдына сағаттап отырғызады, бұндағы мақсат – алдындағы образды отырған студенттердің сомдап шығуы. Және аз қаражат төлемейді де, сол үшін ақшадан тарыққан қыздар осы жолға белін бекем буып, өнер адамдарына жалданады. Әдеттегідей сабақ үстіндегі қиялындағы кейіпкері жалдамалы ару ретінде сабақ үстіне кіріп келеді, мүны көрген суретші «қарындасым еді» деп қызды алып шығып, оған төленетін қаржыны өз қалтасынан беріп, шығарып салады. Осылайша екеуінің арасындағы достық сезім басталады. Жас суретшінің бар арманы – өз қиялындағы кейіпкерін картинаға түсіру. Реті келгенде, шақырып, карнтинаға өзек етермін деп соның сәті де түседі. Осылайша үлкен достыққа құралған бұл «жұптың» арманы іске асады, суретші өз кейіпкерінің бейнесін жасап, өнердегі тоятын табады. «...Енді, міне, алдыма отырғызып қойып, мәрмір кейпін ақ қағазға түсіру үстіндемін. Төрт сағат бойы қозғалмай отырып берді. Жұмысым аяқталған қарап отырып таң-тамаша болдым. Мен іздеген сұлулық осы еді. Көп күткен кейіпкерімді таптым. Үлкен туындым дүниеге келді. Қуанышымда шек болмады. Өз шығармамнан ешқашан мұндай әсер алған емеспін. Аяулы кейіпкерім өз суретін көргісі келді. Қанша қалап, қиылып сұрағанымен, оған өзі әспеттелген портретті көрсетпедім. Және себебі де жоқ емес. Бұл қыз бар болғаны кейіпкерімнің прототипі ғана. Ары кетсе философия факультетінің озат студенті деп қабылдайтынмын. Сұлу ұыз екені екібастан белгілі. Басқа ойым жоқ еді...» [55,61-б.] - деген жолдардан лирикалық қаһарманның көңілінің таза, ақ екенін, өнерді басқа былапыт сезіммен ластауға болмайтын асыл дүние екенін көрсеткісі келді. Тіпті, өз суретін көрсетпеу – өнерге жасалған қиянат деп түсінді. Өзге түгілі, өзінен қызғанып, туындыға ерекше баға берді, бұл дегеніңіз – таза өнерді бағалау, саф өнерді құрметтеу. Алайда, жоғарыда келтірілген пікірдің соңғы жағынан аңдатпаны байқағанымыз анық. «Басқа ойым жоқ еді» деген сөздің астарынан жалғасы бар әңгіме екенін ұққандаймыз. Осылайша, достыққа, одан кейін картина кейіпкерінің прототипіне айналған образ жас суретшінің мәңгілік махаббатына айналады, бұл да өнердің бір құдіретінің жалғасы деп ұғынуымызға болады. Жалпы, Б.Сарыбайдың байқап отырсақ, біршама әңгімелері өнер тақырыбы, соның ішінде суретшілік өнеріне арналған. Осы кескін өнері туралы қай шығармасын алсақ та, біз автордың өнерді құрметтеу, өнерге деген жаңашыл көзқарасын байқаймыз.
Қазақ әдебиеттану ғылымында көркем прозадағы психологизм мәселесі кең түрде қарастырылған. Қаламгер шығармашылығының эстетикалық мәні, суреткерлік ізденістері, рухани мұраның табиғаты, шеберлік жетістіктері жөнінде қазақ әдебиеттану ғылымы тарихында іргелі еңбектер мол. Осы мәселелермен ғылыми негізде терең айналысқан қазақ ғалымдарының еңбектері – қазақ әдебиеттануының ғылыми-теориялық базасын кеңейткен зерттеулер. Жалпы алғанда, көркем шығармадағы психологизм табиғатының танылу тәсілдері мол. Әдебиеттегі психологиялық проза мәселесін зерттеуші Л.Гинзбург көркем прозаны психологиялық талдаудың тәселдері сан алуан дейді, атап айтар болсақ: «автордың өз толғаныстары немесе кейіпкердің өз-өзін талдауы, рухани әлемді бейнелеудің жанама тәсілдері – бейвербалды ишараттар, сыртқы қимыл көріністері т.б. бәрі автордың аналитикалық талдауы арқылы беріледі. Олардың ішінде кейіпкердің ішкі монологы, ішкі сөзі ерекше орын алады». Аналитикалық талдау деп отырғанымыз да – қаламгердің шығармашылық зертханасынан туындайтын зерттеу әдісінің бір түрі. Әр қимыл, ишарат, бейвербалды амалдар – бәрі-бәрі образ ашуға өзек болатын көркем детальдар. Бірақ осы бір мәселенің шешілуі - әр қаламгердің өз кейіпкерінің ішкі жан дүниесіне, рухани әлеміне еркін енуіне байланысты. Міне, осы жерден бастап, стильдік қабат, қаламгердің өзіндік ерекшелігі деген сияқты мәселелер айқындалады. Осы ретте Б.Сарыбай әдебиеттанудың бұл зерттеу әдістерін терең меңгерген деуге әбден болады.
Әсіресе, «Перінің қызы – Бекторы» әңгімесін алсақ, бұнда тұнып тұрған психологияның ең жарқын көрінісін байқаймыз. Лирикалық шегіністер мен авторлық позициялар ерекше айқасқа түседі. Автор ақын мен сұлудың «айтысын» әңгімесіне арқау етеді. Әңгіме отырыс үстіндегі ел назарына іліккен танымал ақын мен ел қалаулысы болған сұлу турасында әңгіме өрбиді. Жалпы Б.Сарыбайдың шығармаларында композиялық-сюжеттік аса ірі байланыс болмаса да, кейіпкердің жан-дүниесін беруде ерекше талғаммен жеткізеді. Бірнеше кейіпкер тартысқа түсіп, сюжеттік шиеленіс пен композициялық шешім қарбалас болмаса да, автордың айтпақ ойы мен түп мақсатын философиялыө-лирикалық және психологиялық позициясын терең аңғарамыз. Ғали мен Назым арасындағы лирикалық «айқас» ақынның терең көзқарасынан байқалады. Автор ақынды – қоғамдағы ең биік, талғамы жоғары, жасанды сұлулықты жек көретін, топастық пен ақымақтықты көтере алмайтын, мына өмірдің форматына сыймайтын жан иесі деп көрсетеді. Назымға іштей жыны келіп, жасанды сұлулықты жек көріп, іштей налып, жынданып, өзімен-өзі әлек болып, іштей күрсінеді, алайда оны түсінетін ешкімді көрмей, айналасындағыларды топастай көреді. Бұл – әрине, ақынның көзқарасы. Жалпы жазушы шығармаларының ең адал, таза кейіпкерлері – ол өнер адамдары, атап айтсақ, ақын, суретші, жас балалар. Жазушы да екеуін пері мен сайтан деп теңеулетті. Бұның астарынан да – жазушылық позицияның бір шетін көреміз. Асабаның екеуін асыра мақтап, әсіресе, сұлу қызға табынып, «Қазақ аруы» атанған Назымды аса мақтағанына іштей қапаланды. «Перінің жыны келді. Мына бір топастықтың төріне шыққан шешенсымақтың соншалықты табынғаны несі? Талғам дегеннен жұрдай бейшара екенін ойлады. Ана сайтан да мұндай мақтаулар мен мадақтауларға әбден еті үйренген болса керек, аса сабырлы қабылдады. Және осылай болуы, оны жұрттың бәрінің мақтап табынуы заңды сияқты ма, қалай? Бүйткен қазақ аруына болайын. Егер шынымен қазақ аруы сен болсаң, бізге онда қырғыздан қатын алу керек шығар деген тағы бір ой мазасын алды» [55,62-б.] - деген жолдардан ақынның тек сұлу емес, жалпы адамзат баласының деңгейінің төмен, жылтырақты алтындай көретін көрсеқызар, шын әдемілікті бағаламай, жасандылыққа жандары құмар, адамдардың өте арзан сапаға, деңгейге түсіп кеткендігін мойындадатын ойларын көреміз. Кеш бойы ақын сұлуға, сұлудың надандығына, отырғандардың сол сұлуды құдайдай көріп табынғандарына ашуы келіп, топастықтарына ызаланды. Сонша қол жетпейтіндей көріп отырған сайтанның құны ақын үшін бес тиын еді, алайда жыны қозып, әуселесін көрейін дегендей, перілігін жасады. Назымды ақыры қармағанына түсіріп, бірге таң атыруға көндірді. Бірақ, Ғали біз ойлағандай, опасыз, бір түндігін ойлайтын жеңіл ойлы азамат емес, деңгейі әлдеқайда өте жоғары, тым биік ойлайтын адал жан екенін көрсете білді, тіпті ешкім бетіне келмеген сайтан қыздан кегін алып, көзінен жас ағызды, жасты ағызғанда да, намысына тиіп тұрып, ағызды. Қазіргі қоғамда осындай арзан адамдардың қаптап кеткенін, және арзан адамға да төмен адамдардың құмар екенін, бір сәттік ләззат үшін жиіркенішт топастыққа барып, адамдық ар мен абыройдан безетін адамсымақтарды сынағысы келді, алайда адамдардың көңілінің тайыздығына ешкімнің қарсы тұра алмайтынына да налып, қолынан ештеңе келмейтінін ұғынады бір жағынан. Осылайша Ғали Назымды намысынан оятпақ болды, алайда, ол намыстан оянды ма, оянбады да, оқырманның өз еркіне салды, үйіне таң ата қайтып, үйіндегі жарына ырза болды.
«Ғали перінің қызы Бекторының шырмауынан шығып, үйіне таң ата келді. Бұрымы беліне түскен инабатты жары есік ашты да:

  • Аяғыңды ақырын бас. Балалар ұйықтап жатыр, ертең сөйлемесіз, - деп жеті айлық перзентінің бесігіне таяу салынған төсегіне барып жатты да, аз ғана уақыттан кейін пысылдап ұйықтап қалды. Ғали әйелінен «сен Ақжүністі білесің ба?» деп сұрағысы келді. Бірақ білетініне сенді. Өйткені, оның әйелі – ертегілер мен жыр-дастандардың барлығын тауысқан адам. Ол – нағыз қазақ аруы» [55,66-б.] - деу арқылы ақынның биік талғамын, на,ыз сұлулықтың отбасы мен ошақ қасындағы адал жар екенін, тек жар емес, адам жанын түсінетін, таң ата келген жарын сұрақтың астына алмай, айқай-шу шығармай, оның өнер адамы екенін түсініп, не нәрсе болса да, жаман әдетке бармайтынына үлкен сеніммен қарайтын биік талғамды жан екенін көрсетеді. Осы әңгіме арқылы қоғамдағы арзан және қымбат адамдар, оларға деген жұрттың көзқарасы, арзан жылтырақты жоғары бағалап, соған табыну, адамның жан тазылығы, жан сұлулығы секілді мәселелердің көтерілгенін көреміз. Бейне жасау – жеке-даралық сипатқа ие бірнегізді нәрсе емес, ол - өз арнасына бірнеше факторларды біріктіретін кешенді құбылыс. Сол себептен де әдебиеттегі замана көрінісі мен замандас бейнесі – бірін-бірі толықтырып тұратын, бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын дихотомиялық процесс.

«Әдебиет пен өнерде жай зат жоқ. Олар міндетті түрде өз иелеріне қызмет етуі тиіс», - деп көркем өнердегі адам, табиғат, заттар әлемінің орны мен көркемдік қызметін зерттеген Б.Е.Галанов айтқандай, қаламгер де шығарма сюжетіне сәйкес адам мен оның табиғаты, адам және оның заты секілді жайларды қатар қоя отырып, салғастыра бейнелейді. Көркем шығарманың дәлдігі – адамның ішкі әлемін, жан-дүниесін, құпия-қалтарыстарын нақты бейнеленуінде. Әдебиеттану сөздігінде: «Әдебиеттегі психологизм – шығарманың эстетикалық әлемін құрайтын кейіпкердің ішкі ойын, толғанысын, рухани күйзелісін терең әрі детальді түрде бейнелеу», - делінген. Шынында да, жазушы, алдымен – психолог. Өйткені ол өзі «жасап», «мүсіндеп» отырған бейнесін психологиялық тұрғыдан бағамдап, зерттеп алғаннан кейін барып, оның жан-дүнниесін, ішкі әлемін, жан сарайын еркін суреттей алады. Ұлы ғұлама М.Әуезов те: «...психология араласпаса өзгенің бәрі сылдыр су, жабайының тақ-тақ жолы», - дегеніндей, көркем шығарманың, нағыз прозаның жаны да – көркем бейненің жан дүниесіне келіп саяды.
Әдебиет – қазынасы мол кен, тереңі таусылмас мұхит. Әдебиеттің жырламайтын, қарастырмайтын тақырыбы жоқ. Әдебиеттің құдіреттілігі сонда, өмірдің сан алуан қыр-сырын егжей-тегжейіне жетіп, толыққанды жүйемен қамтамасыз етіліп, уақыт пен кеңістікке төтеп бере алады. Литвалық әдебиетші Ян Парандовскийдің сөзіне сүйенсек: «Әрбір жазушының жаны – бейне бір толғаныс, күйзеліс тағы басқа да толып жатқан сезімдер қоймасы іспетті», - дейді. Сонда, әдебиет – жазушы – кейіпкер деген үштік әрқашан бірлікте өмір сүреді дейміз. Өйткені әдебиеттің өзінде бірнеше категория жатыр, олар: шығарма, оның тақырыбы, идеясы, сюжеті, композициясы. Ал жазушы - әдебиет пен кейіпкерді өз сезімінің, өз жүрегінің қоймасынан, яки шығармашылық қиял мен өмірлік шындық байланысынан тудырады.
Б.Сарыбай – психолог-жазушы. Ол өзі суреттеп отырған кейіпкерін сұлу сөзбен жылтыратып бейнелемейді. Оның әлеуметтік-қоғамдық пішінін кескіндеп алып, бойына тәрбиелік нысанды сыйғызады. Тәрбиелік нысан дегеніміз - әр адам өзіне қажетті компоненттер арқылы тәлім алатын құрал. Көркем проза табиғатын зерттеуші-ғалым Г.Пірәлиева былай дейді: «Адам табиғатын зерттеу, адамтану мәселесі қай кезеңде де әлеуметтік мәселелерді шешудің басында тұрды. Сондықтан да қай қоғамда да жеке адамның тағдырын тілге тиек ете отырып, сол кезеңнің қоғамдық құрылысын, сол кезеңнің рухани қажеттілігін зерттеуге тырысатын жазушылар ол жұмбақтың шешуін тек адам психикасының құрылысынан іздейді» [56,20-б]. Заман күйі мен замандас бейнесін жасауда қаламгер әлеуметтік-тұрмыстық жағдай мен саяси-мәдени қоғамның жетегінен айналып өте алмайды. Өйткені адам, яғни көркем бейне өздігінен туып, жеке-дара дамитын құрылғы емес. Көркем бейне – кешенді құбылыс. Бейненің айналасына заман, дәуір, қоғам, замандас, қоршаған орта, табиғат сияқты маңызды факторлар жиналады.
Қазіргі қазақ прозасында көркемдік ізденістер жоқ емес. Бүгінгі таңда бұрынғы барлық әдістердің танымдық тұрғылары бірге көрінуде. Көркемдік танымның жалпы предметі болып табылатын субьект пен обьект қарым – қатынасы әр дәуірде әр түрлі болған. Орта ғасырлық діни өнері негізгі таным обьектісі етіп адам мен құдай арасындағы, Қайта өркендеу дәуірі өнері – адам мен табиғат арасындағы. ХХ ғасырдағы сыншыл реализм ең алдымен, тұлға мен қоғам арасындағы қарым – қатынасты алып отырса, романтиктер танымдық ізденістерін рухани – ұждандық қатынас аясына, ал натуралистер адам санасы мен әрекетінің биологиялық алғышарттары саласына бағыттап отырған. Модернизмде екі басты танымдық бағытта ажыратуға болады: оның бірі өнердің кейде қалыпты, кейде патологиялық типтегі индивидуальды психология микрокосымына сараптай отырып енуінен көрінеді (мысалы, психоаналитикалық романында), ал екіншісі макрокосондық масштабтағы жалпы заңдылықтарды ұғынуға ұмтылады. Көркемдік таным мен шығармашылық әдіс арасындағы байланыстың бір саласы осындай.
Осы танымдық бағыттар қазіргі қазақ прозасында көркем синтезбен көрінеді. Ал ең басты қатынас – адамның өз -өзімен, ішкі «менімен» қатынасы. Қазіргі кейіпкер типтері – бәрімен келісетін, бәрін қабылдайтын адам және ештеңемен, тіпті өз - өзімен де келісімге келе алмайтын адам. Қазіргі кейіпкер қоршаған әлемге салғырт қарай алмайды, ол бәрін де өз бойынан өткізеді. Сыртқы дүниеде болып жатқан өзгерістер кейіпкер санасына керемет әсер етеді, әрбір құбылысқа кейіпкер санасы сезімдік импульстармен жауап береді.
Жас жазушы шығармаларындағы басты ерекшелік – кейіпкердің жан – дүниесін лирикалық толғаныс үстінде ашуында және сол алған бетінен қайтпай келе жатуында. Адам жанынан түпсіз не бар? Әр адам жаны – ашылмаған бір – бір жұмбақ арал. Өзгені қойып, адам өмір бойы өзін - өзі зерттеп бітпейді. Адам жанына үңілген сайын небір қалтарыс – бұлтарыстарында, құлыптаулы жатқан құпияларына кездесесіз. ХХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында көрінген прозадағы лиризмнің негізі: тұлғаның суреттеуге келмейтін күрделі әсерлері, қандай да бір фактор – еске түсіру, елес, түйсіну, сезіну, детальдар әсерінен пайда болатын кейіпкердің көңіл – күйін беруге тырысу, шығармаларының сюжеттік – композициялық ерекшеліктері осыған сәйкес. Авторлық баяндау – кейіпкер ойының жалғасы, еске түсіруден, елестен туындаған оның ішкі монологын жеткізуші, кейіпкер ойының жалғасы, еске түсіруден, елестен туындаған оның ішкі монологын жеткізуші. Бұл – жазушы әңгімелерінің стилінің ерекшелігі екендігі байқалады. Сондай–ақ, бір оқиғаға кейіпкердің көзқарасы мен автордың көзқарасы қатар беріліп, оқырманға ой сала отарып суреттеуі жас жазушының өзіндік шеберлігі екендігіне көз жеткіземіз.
Жазушының келесі бір «Қазақы мінез» атты әңгімесі де сатира мен юморға толы. Жалпы алғанда, адамның мінезі – тұңғиық екені белгілі, бұл туралы да ғылым саласы бар екені тағы бар. Әсіресе, әр ұлт пен халықтың өзіне тән жақсы да, жаман да қасиеттері болады. Сондай бір қазақтың «жақсы» мінездері – барлығымызға тән десек, өтірік емес шығар. Қазақтың жыртықтығы, әсіреқызылдығы, жатыпішерлігі, керенаулығы, жалбақтауы, адам алдарлығы секілді қасиеттері сонау ұлт болып қалыптасқаннан бар. Осы шығармада автор Б.Сарыбай 5 ағайындынының бірінен-бірі өтіп, «пара беру», «бақталастық» атты мінезді «насихаттайды». Пара – ол тек бүгінгі күнннің мәселесі емес. Тіпті, 19-ғасырда Абайдың «Болыс болдым, мінеки» өлеңінен де «қалмады елге тығындап, түйеде қом, атта жал» деген жолдардан билік үшін жұртты «сатып алу» процесінің болғанын көреміз. Одан басқа да қаншама мысал бар, оның бәрін тізіп отырса, бірнеше жұмыстардың басы анықталады. Енді, осы әңгімені талдасақ. 5 ағайындылар қатарынан жер алып, оған егін егіп, өздерінше шаруа жасағысы келеді, өздері жасайын десе, өмір бойы иіліп шаруа істеп көрмегендер, балаларына жасатайын десе, қалаға жіберіп, сол жақта тұрақтанып қалғандар. Осылайша, олар, жерлеріне жоңышқа егіп, алайда өздері күте алмағандықтан, күтетін адам іздейді. Сетай атты момын, жағдайы нашарлау тұратын, бірақ еңбекқор жігітті жалдайды, ол 3 жылдан бері осы жұмысты атқарып жүргендіктен, осы жылы да оңайлықпен келісе қояды, осылайша егістіктің басына көшіп барады. Сетайдың обалына не керек, ол 5-еуінің жерін бірдей көріп, алалап-құлаламай, біркелкі суарып, барлығын бірыңғай деңгейде суарады. Және осылай жалғаса берер ме еді, егер әрқайсысы бақталастықты бастамаса. Барлығын құртатын, қолмен жасайтын, ақ адамды арамдыққа итеретін, дұрыс жолдан тайдыратын адамның пиғылы екені белгілі. Осы бір қайнаған тіршілікті, адал еңбекті, шынайы табысты ағайынның ең үлкені Дүйсенбек келіп бұзады. «Жасы үлкені ғана емес, іштеріндегі қулауы да осы кісі еді. Кезінде осы колхоз тарамай тұрғанда экономист болған. Қулығы ғой осындай дөй кісіні елден бұрын егістікке әкелген. Ол кісі Сетаймен бірге егістікті аралап көріп жүріп, қайтарында қулана жымиып, бір әңгіменің шетін шығарды.
- Сетай, сені түсінеміз ғой. Қолыңнан келгеніңді аямайсың. Бірақ, көңілің адал болғанымен, жалғыз өзің не істеп үлгересің? Саған өкпеміз жоқ. Шыққанынша көреміз. Дегенмен маған тиесілі жерге дұрыстап қарай жүрерсің. Мынаны келінге апарып бер, - деді де қолына үлкен бір дорба ұстатып кетті. Сөйтті де, арғы жағы түсінікті шығар несін созбақтай берейін дегендей атына мініп тартып отырды» [55,122-б.]. Ең үлкені болып бақталастықты Дүйсенбек бастап, Сетайдың аузын майлап кетеді. Міне, алалау осы «қазақы мінезден» басталды. Сатиралық образ – ұнамсыз тип. Сатирамен суреттелер құбылыс – керексіз, кесір құбылыс. Сатира өмірдегі кеселді, келеңсіздікті, кері кеткен-дікті қаза қопарып, көптің көз алдына – көрініске шығарады, қағып-сілкілейді, мысқылмен түйрейді, сықақ етеді, көпті одан түңілтеді. Қүні өткеннің, тозып біткеннің кедергіге айналғанын аңғартып, оған адам бойынан жиреніш шақырады. Қулық пен сұмдықты, екі жүзділік пен мансап-қорлықты, усойқылық пен ұятсыздықты, әйтеуір өмірдегі зиянды жайттарды аяусыз әшкерелеп, адамдарды оны-мен ымырасыз күреске, кескілеске үндейді, .сөйтіп, ілгері басуға, кедергіні жоқ етуге жұмылдырады. Сатираның юмордан өзгешелігі – мұнда қаламгердің өзі сықақпен сілейте сынап отырған адамына жаны ашымайды, оның мінін түзеу, өзін өнегелі өмірге қайта қосу мүлдесі болмайды, керісінше, автор мұндай жексұрындық өмірде болмауы керек деген қатал үкімін шығарады; юморда түзеу мақсаты жатса, сатирада жою, жоқ қылу мақсаты жатады. Сатираның юмормен бірлігі – мұнда да юмордағы секілді күлкі болады, бірақ мұндағы күлкі жай әзіл, әжуа емес, ызалы күлкі – мазақ, сықақ, мысқыл, кекесін; мүндағы күлкі – кекті күлкі. Ал, Қонстантин Федин айтқандай, долы күлкі дойырдан күштірек екені мәлім. Әрине, сатирадағы күлкі де, юмордағы күлкідей, шындыққа негізделген шынайы күлкі, жасанды қылжақ емес, табиғи күлкі болуы шарт. Күлкі демекші, Гоголь өз пьесасына қатысатын артистерге әрқашан көруші жұртты “қытықтап” күлдіруге тырыспау керектігін, олардын, өздері – өз еріктерімен күлетін болуға тиіс екенін, жұртты күлдірем деп, құр арамтер болған артистің өзі күлкіге, келемежге айналатынын әрқашан ескертіп отырған. Сондай-ақ бір жолы Лев Толстой да жұртты күлдірудің, жұртқа күлдіргі сөз айтудың үш түрі болатынын аңғартқан. Толстойша, бір “күлдір-гіш” болады, жұрт алдына шығып ап, айтарын айта алмай, өз айтарына өзі мәз боп, өз-өзінен ырқылдап жеке күле береді де, жұрт “мынау неге күледі” дегендей аң-тан, боп, жөн-жөнінде томсарысып қалады; екінші күлдіргіш қызық әңгімесін айта түра, оған өзі де күледі, жұртты да күлдіреді; ал үшінші бір күлдіргіш болады, көп алдында сөйлей түра, өзі езу де тартпай, сазара қа-тып қалады да, онын, есесіне жұрттың мүлде езуін жиғызбай, шексілесін қатырады. Юмор мен сатирадағы күякі, міне, дәл осы соңғы күлкідей салм-ақты, уытты әрі ұтымды болуға тиіс. Сатиралық образ жасаудың тәсілдері әр түрлі; солардың бірі – ирония – кемшілікті, мін-мүлтікті астармен перделеп сынау, сықақтау, мысқылдау, кекету. Иә, бұл – біздің образдарымыздың негізгі сипаттамасы. Образдарда ешқандай күлкі болмаса да, ерекше мысқылды, бейшаралықты, адами болмысты жоғалтып, өз мүддесі, қарабасы үшін ақымақтыққа барғанын көреміз. Бұндай қатынас – Сетай мен оның әйелін әп-сітте өзгертіп шыға келеді, осылайша Сетай іштей келесі ағайындарынын да қатарынан келетінін іштей сезеді, өйткені, бәріне жақсы өнім керек, ал Сетайға кішкентай болсын бірдеңені жырып, артық табыс тауып қалу керек. Алғашында Сетайдың адал, еңбекқор момын болғанын шығарманың басынан аңғарамыз, адамды адам бүлдіретіні, періштені де жолдан тайдыратын да осы «бірдеңенің» буы екені белгілі. Осы бу Сетайдың мінезін де өзгертіп, тіпті, келесі ағайынды күтіп жата береді. Айтқанындай, әйелін алдына салып, Сейсенбек те жетеді.
« - Ә, Секе. Сенің еңбегің еңбек-ақ тегі. Қашанғы суғара бересің? Темір емессің ғой, бір уақ демалсаңшы. Бір күн су ішпесе қурап қалмас қурағырдың жері. Биыл жауын-шашын да жақсы ғой, - деп өзінше бастық болып, Сетайға демалыс жариялап берді. Сөйтіп сол күні екеуі жақсылап ішті. Ара-тұра аңғал жігітті арқасынан қағып отырып, өзінің жерінің дөңестеу жерге орналасқанын, сол себепті асықпай суғару керек екендігін түсіндіріп берді. ...Соның әкеліп берген темекісін тартып, егістікті суғарып жүре берді» [55,122-б.] - деген жолдардан келесі бір бақталастың бейнесін көреміз. Бұл образдар бала секілді күлкілі әрекетке барса да, бұл қазіргі заманның талабының бірі екендігін өзіміз де мойындаймыз. Тіпті, қазіргі өміріміздің өзінде біреуге «бірдеңе қыстыру» мінез – қанымызға сіңгендей. Арада біршама уақыт өткеннен кейін, әкелінген қу кәкір-шүкірге мастанып, тіпті дәндеп алған Сетай мен келіншегі ренжіп, уайымдай бастайды да, Сетай келіншегін ауылға жұмсап, үшінші ағайынның үйіне жорта соғуын талап етеді. Көлденең пайдаға әбден үйренген Сетайдың әйелінің бейнесі де бұл жерде анық ашылады. Сол бір ұсақ-түйекке малданып, жанын беріп, сумаңдап, іші-бауырына кіріп, жұрттан бірдеңе жеп қалсам, пайда көріп қалсам деген пасық мінездің иесі екені ретінде көрінеді. Ұятты былай қойған, беруге міндетті деп ойлаған Сетайдың келіншегі Сәрсенбектің үйіне «амандасу» үшін келдім деген желеумен соға салып, өздеріне «тиесілі» базарлықты алып кетеді. «Сәрсенбектің бәйбішесі қаладан әкелген алмасы бар, қияры бар дегендей бір дорба ұстатты да, екінші дорбаны беріп тұрып:
*Мынау – сливаның вареньесі. Сынып қалмасын, байқап ұста, - деді. Әбден қоштасар кезде ереңсіздеу ғып қана: - Қайныма сәлем айтып бар. Сәрсен ағасының жеріне бөлекше қарасын, - деп ескертіп шығарып салды [55,123-б.] - деп, Сетайлар өз «еншісінің» үшіншісін алады. Сол бір ұсақ-түйекке қарап қалған бейшаралардың күні-ай. Адамдықты былай қойып, тіпті, Сетай осы бастан 5 ағайындының жерін кәдімгідей бөліп суара бастайды. Әрине, келіп, тапсыратынын тапсырып кеткен 3 ағайындының жерін ерекше суарып, келмеген 2 ағайындыныкі жетім баланыкіндей, қараусыз, әшейін суды жүгіртіп өтеді. Адамдардың ұсақтығы – қазір тек әйелге ғана тән емес, тіпті еркек атаулыны жаулап алғаны өкінішті әрине. Осылайша Сетайдың бастапқы көзқарасы өзгере бастайды: «Сетай таңнан тұрып жерге жарық түсер-түспестен егіс басына барады. Дүйсенбектің жеріне суды молырақ ағызып, біраз уақыт тастап қойды. Артылған суды Сейсенбектің жеріне бұрып, асықпай сіңсін деп су екеш суға еркіндік берді. Сәрсенбектің жеріне екінші арықтан су бұрып, оған да молынан жіберді. Ал қалған екеудің жеріне суды әшейін бір жүгіртіп алып шығып кетті. Егер осы беті келмейтін болса, ол екеуінің жерлері осы тойғанымен, шөліркеп қала бермек.Бұрынырақта бұндай қулығы жоқ еді. Сынықтан басқаның барлығы жұғады дегендей, бұған да мына бір қулық ағайындылардан ақыры жұғып тыныпты. Тіпті өзінің туабітті қасиетіндей болып бара жатқанын қайтерсің» [55,124-б.]. Бұл авторлық сипаттама арқылы Сетай образының өзгеріске ұшырап, жаңа бір «қырымен» танылып суреттеледі. Ағайындылардың екеуінің келмегеніне Сетайдың олардың жеріне немқұрайлы қарап, адамның көңілінің соншалықты төмен дәрежеге түсіп, ақымақтықтың ең лас дәрежеге жеткенін көреміз. Осылайша, оның осы бір жаман пиғылын сезіп қойғандай, Бейсенбек атты енді бір ағайындының келгенінің өзі ерекше сатирамен беріледі.
« - О, Секем, жатысың жайлы болсын. Аспаның ала болса жерің құла болады дегендей суларың сай жыралы жерлерге үйіріліп, биіктеу жердегі біздің жерімізге жетер жол таппай аласұрып жатыр ғой» [55,124-б.] - деген әзілінің астарында да ащы шындық бар еді. Бейсенбек бәлкім іштей сезді ме, әлде өзі солай ойлағанға, адамдардың бәрі де өзіндей деп есептеді ме, бір бәлені сезгендей, жоғарыдағы бақталастықты бұл да алдыға салып келген болатын. Бұл жолы Сетай да одан аса қуланып, «ұялған тек тұрмастың» амалымен, оңай жауап қайырды: «Ана кісілердікін бірер күнде бітіріп тастап, сіздікін асықпай суғарайын деп шештім. Қазірше күйіп кетпесін деп бір жүгіртіп өткем. Сіздің жерге ерекше күтім керек. Топырағы керіштеу» [55, 124-б.] - деп, Бейсекеңді бір жарылқатып, өтірік сөзбен бір бөстіріп жіберген болатын. Бейсекең де жұрттың бергенін беріп, ұсақ-түйекке мал болған Сетайлардың аузын «жауып» бұл да кете барады. Бұл шығарманы оқи отырып, еріксіз күлесің. Бала секілді 6 образдың қылықтары жүзіңе күлкі идірсе, бір жағынан аяныш, екінші жағынан аяныш, үшінші жағынан жиіркеніш тудыртады. Енді келмеген 5-інші ағайын бар, оны да Сетайлар құда күткендей есеппен, асыға күтті. Сөйтіп, күткен адамы да келіп, Жұмабек бұларды бір жарылқап, оларды өз аулына алып кетіп, моншаға түсіріп, ет асып, алдына бар тәттіні, арақты қойып, жақсылап тойдырып, адам қатарлы бұларға қызмет жасады. Бұларды жақсы күткеннен кейін үйіне әкеп тастап тұрып: «Менің саған келгенімді, аз-маз күтіп, тиын-тебен ұстатқанымды ешкім-ақ білмей-ақ қойсын» [55,125-б.] деген сөзінің өзінен аңғал Жұмабектің мына бір ісіне тіпті келеке етесің. Басқа ағайындыларының Сетайдың аузын майлап қойғанын қайдан білсін, бұл өзінше жалғыз өзім осы «ерлікке» бардым дегендей кейіп танытып, айды аспанға бір шығарғандай ерекше сезімде болады. Бұл әңгімеден қазақы мінездің озығы мен тозығының жеткенін, осы бір адамды адам құртатын әрекеттің әшкереленгені сөзсіз. Алайда, бұл мінездің қанмен сіңіп, сүйекпен бітіскені анық, қазақ қазақ болып тұрғандан, бұл мінез ешқайда ұшып кетпейтіні хақ. Қаламгер де өз түйінін былайша жеткізеді: «Адамды құртатын – адам. Болмаса мына жалдаушылар жалданушыға ешқандай да артық сый жасауға міндетті емес еді. Бұл да ешнәрсе алмай-ақ жақсылап күтуге міндетті-тұғын. Бастапқыда солайы солай еді. Кейін келе бұл да пенде емес пе, жаман үйренді. Жаман үйретті десек дүрыс болатын шығар. Және ана ағайындарды айтамын да. Бір-бірінен жасырынып келіп жүріп, жарамсақтанғандары несі! Түк татырмай-ақ нәтижелі еңбекті талап етулеріне болатын еді ғой. Ал, олар өйтпеді. Өйтпесе қазақ бола ма» [55,126-б.]. Шынында, бұл образдардың барлығы – юморлықтан гөрі сатиралыққа жақын. Әрқайсысы жеке-жеке бір әлем. Осылайша бір-бірін алдаған заманда жасандылықтың өртін одан сайын өршітіп, Сетай келесі жылы да бұлардың егінін баптауға келісіп, қазақы «мінез» өз жалғасын табатындай мәмілемен аяқталады. Б.Сарыбай бұл әңгіме арқылы оқырманға ой салғысы келді, алайда ой салғаннан гөрі, шындықтың ешқашан беті ашылмай, осы күйінде мәңгілікке қалады, адам, соның ішінде қазақ ешқашан өзгермейді деген идеяны ұстанды. Өйткені, Сетайдың келесі жылы да бұл «дәстүрді» жалғастырмақ деп шығарманы аяқтауында да осы ой жатыр еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет