Оқылым стратегияларын тиімді қолдану арқылы оқушылардың мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау дағдысын дамыту



бет2/8
Дата14.01.2023
өлшемі185.34 Kb.
#468396
1   2   3   4   5   6   7   8
Оқу мақсаты

6-сынып

7-сынып

8-сынып

9-сынып

10-сынып

О4.Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау

6.О4. Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру.

7.О4.Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру.

8.О4. Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.

9.О4. Тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу,сипаттау, талқылау),құрылымын салыстыра талдау.

10.О4. Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін,құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау [3].

Қазақ тілі пәнінде мәтінтану (оқылым/тыңдалым) мен мәтінтудыру (айтылым/жазылым) – қатар жүретін үдеріс. Барлық дағдыларда мәтін ұғымы қолданылады. «Мәтін – аяқталған толық мазмұнды білдіретін қарым-қатынастың, әсер етудің ерекше бірлігі. Ол – хабарды сақтаушы және жеткізуші болып саналады» [4]. Оқылым дағдысын арттыруда мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау мақсаты көп ізденісті қажет етеді. Ұсынылған мәтіндерді оқи отырып, оқушылар екі мәтінге салыстырмалы талдау жасайды: мәтіндердің формасы мен түріне, стилі мен жанрына, мақсаты мен мазмұнына, аудиториясына, тіліне сараптама жасайды.

Оқылымды, мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау мақсатын жақсарту ол жадағай оқудан тұрмайды. Оны жақсартудың жүйеленген әдіс-тәсілдері бар. «Оқылым – оқушының оқу сауаттылығын қалыптастырудың құрамдас бөлігі»[5]болғандықтан, мәтінге талдау жасамас бұрын оқудың тиімді жолдарын анықтау маңызды.Солардың ішінде Оқылым стратегияларын қолдана оқу – оқу сапасын арттыратын тәсіл. Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасауда Оқылым стратегиясының тиімдісін анықтап, қолдану арқылы мәтін талдауға кететін уақытты үнемдеге, нәтижеге жетуге, білім сапасының артуына ықпал етеді. Оқылымның қандай стратегиялары бар? Бұл сұрақтың жауабын төмендегі сызбадан аласыз.

Нью-Йорк мемлекеттік университетінің профессоры Винсент Р.Pyггиepo өзінің «Сыни оқу стратегиялары» атты зерттеуінде: «Кез-келген мәтінді оқып, ондағы ақпаратқа сенбес бұрын әр адам төрт сатылы сыни оқу стратегиясын қолдана білу тиіс: шолу, талдау, оқу және бағалау» [6],-дейді. Осындай сыни оқу стратегияларын қолдану арқылы оқырманның сараптама
жасау, сыни ойлау, талдау, салыстыру дағдыларын дамытуға мүмкіндік туады. Ресейлік Г.В. Пранцова мен Е.С. Романичеваның «Современные стратегии чтения: теория и практика» [7] атты еңбегінде оқуды ұтымды жүргізу жүйесінің теориясы мен тәжірибесі көрсетілген. Аталмыш ғалымдардың еңбегінде білім бағдарламасына сай мәтіндер, ғылыми және көркем мәтіндерді оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған тәсілдер PISA ұсынған форматта берілген. Винсент Р.Pyггиepo зерттеп оқу стратегиясына басты назар аударса, ресейлік ғалымдар рөлге бөліп оқу, іріктеп оқу, түртіп оқу стратегиялары мәтінді тереңірек ұғынуға септігін тигізеді деп есептейді.
Қазақ тілінде мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау мақсатымен жұмыс барысында Оқылым стратегияларын қолдану дағдысын қалыптастырып, оны қолдана отырып талдау жасауға дағдыландырсақ, білім сапасының артуына жол ашылары анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет