Оқырман саны: 185 Кітап берілімі: 4708 дана. Кітап қоры: 7293 дана



Дата04.07.2016
өлшемі0.71 Mb.
#176290
Қарағанды ауылдық кітапхана шежіресі

image0008


Оқырман саны: 185

Кітап берілімі: 4708 дана.

Кітап қоры: 7293 дана.

Қарағанды ауылында бүгінгі күнде 11 жылдық мектеп, ауылдық кітапхана, фельдшерлік бөлімше , бір шаруа қожалығы бар.Қай саланы алып қарасаң да өзіндік шағын тарихы бар. Кітапхана қашан да екінші білім ордасы болып саналатындықтан, ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше.

Ұлттық қайта ояну кезінде жоқты іздестіріп, барды бағалап, рухани мұрамызды қайта жинастырып, арғы-бергі тарихымызды түгендей бастадық. Бұл да тәуелсіздігіміздің бір жемісі болса керек.

Ұлтымыздың түп тамыры ауылдан таралып,жан- дүниесі содан нәр алғанын ескерсек, ауылдың рухани дамуына, оның қайта түлеп, жаңаруына кітапхананың үлесі зор.

Әр саланың өзіндік шағын тарихы бар. Сол тарихын зерттеп кейінгі ұрпаққа қалдыру үшін кітапханашылар осы еңбекті жазып отыр.

Кітапхана тарихы шағын, әлі де іздестірілер, зерттелер нәрселер көп. Ауыл халқының тең жартысының қоныс аударуына байланысты кейбір деректер ауыл тұрғындарының айтуы бойынша жазып алынды.

Кітапхана өз тарихын жазып қалдыруда әлі талай жұмыстар атқару қажет. Аз болса да кейінгі буын өз ауылындағы шағын кітапхананың тарихын біліп, өз қажетіне жаратар деп сенеміз.

Қарағанды ауылдық кітапханасы болса да қысқаша тарихы бар.

Ауыл негізінен тың игеру жылдарында құрылған. Ең алдымен Қарағанды ауылымен қысқаша таныстырып шығайын.

Қарағанды ауылы – Сырым ауданы Шолақ-Аңқаты округіне қарасты елді мекен. Аудан орталығынан 80 км қашықтықта, Аңқаты өзенңнің бойында орналасқан. Тың игеру жылдарында өзге ұлт өкілдері көптеп қоныс аударған. 150-дей тұрғын үй болған, қазіргі уақытта 62 үй ғана қалды. Жалпы білім беретін орта мектеп, шаруа қожалығы, медпункт, кітапхана бар.

Алғашқы кітапханалық қызмет көшпелі кітапханадан басталған.

1960 жылы ауылда көшпелі киноқондырғы жұмыс жасаған, киномеханигі Абдуллов Анатолий болған. Осы кісінің әйелі Абдуллова Маша кітапханашылық қызмет атқарған. Ол өзімен бірге ауылға кітап әкеліп үлестіріп, келесі келгенінде басқа кітаптар әкеліп, ауыстырып отырған. Әдебиеттерді «Правда» газеті атындағы совхоздан алған. Көшпелі кітапхана 1965 жылға дейін қызмет көрсетті.

1966 жылы ауылда жаңа клуб ашылып, соның бір бөлмесінде қызыл бұрыш жасаған. Клуб меңгерушісі болып Писсерова Евдокия Симоновна болған, әрі кітапханашылық қызмет атқарған. Сол кездегі халықтың көп жиналатын орны осы қызыл бұрыш болатын. Арнайы кітапхана ашылғанша жұмыс жасады. Кітап қоры мыңға жуық, барлығы да орыс тіліндегі әдебиеттер.

Евдокия Симоновна 1925 жылы Саратовта дүниеге келген. Тың игеру жылдарында Қазақстанға келіп, алғашқы еңбек жолын Қарағанды ауылынан бастаған. 1985 жылы Жезқазған қаласына көшіп кеткен.

1980 жылы Орталық кітапханалар жүйесі құрылғаннан кейін ауданымызда көптеген кітапханалар ашылған болатын. Солардың бірі болып 1982 жылы Қарағанды ауылдық кітапханасы да ашылды.

Алғашқы кітапханашысы болып Даутова Шолпан Төлегенқызы жұмыс жасады. Кітап қоры 2022 дана болды, оның 952-сі қазақ тіліндегі әдебиеттер. Осыдан кейін кітап қоры 838 жаңа кітаппен толықтырылды.

Даутова Шолпан 1960 жылы Қарағанды ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. Қарағанды орта мектебін бітіріп, тәрбиеші мамандығы бойынша мұғалімдерді даярлайтын курсын аяқтаған. Осы кітапханада 1982-1983 жылдары қызмет атқарды.

1983 жылдан кітапханашы Нұршайова Кәмшат болды. Ол 1951 жылы «Правда» газеті атындағы совхозда дүниеге келген. Қарағанды ауылдық кітапханасында 1984 жылға дейін қызмет атқарған. Қазіргі уақытта Ақсай қаласында тұрады, 2 ұлы, 2 қызы бар.

1984 жылы кітап қорына 2908 дана жаңа әдебиет келіп түсті. Осы жылдан бастап кітапханашы Нұрғалиева Бибігүл болған. Ол 1962 жылы Қарғанды ауылында дүниеге келген . Орта мектепті осы ауылда бітіріп, Орал қаласындағы Мәдени ағарту училищесін кітапханашы мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Қызмет жасаған жылдары көшпелі кітапхана жұмысы жақсы жүрген. Жазғы маусым айларында қырда мал бағу бөлімшелері орналасады, сол бөлімшелерге үнемі кітап апарып отырған. Қазіргі уақытта Нұрғалиева Бибигүл жолдасы және 2 ұлымен Деркөл ауылында тұрып жатыр. 1989 жылы кітапхананы Дауенова Жаннатқа тапсырды.

1989 жылы барлық кітап қоры 7523 дана болған. 1989-1994 жылдары аралығында кітап қорына 1019 жаңа кітап келген. Кітапхана үзіліссіз жұмыс жасап отырды.

Дауенова Жаннат Кежеғалиқызы 1969 жылдың 9 қыркүйегінде Орал облысы Жымпиты ауданы Қарағанды ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Қарағанды орта мектебін бітіріп, Оралдағы Мәдени ағарту училищесіне оқуға түсіп, 1989 жылы кітапханашы мамандығы бойынша аяқтаған. Қарағанды ауылдық кітапханасында 1989-1994 жылдары аралығында қызмет атқарды. Қазіргі уақытта Қарағанды жалпы білім беретін орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасайды. Жанұясында жолдасы және 1 ұлы, 1 қызы бар.

1994 жылы кітапханаға Нұршайова Кәмшат қайта келіп, 1 жылдай жұмыс жасады. 1995 жылы кітапхананы Чайникова Людмилаға тапсырған. Кітап қорында барлығы 8240 дана кітап болған.

Чайникова Людмила 1968 жылы Қарағанды ауылында дүниеге келген, ұлты чуваш. Тың игеру жылдарында ата-анасы осы ауылға көшіп келген. Осы ауылдағы орта мектепті аяқтаған. Кітапханада 1 жыл жұмыс жасады. Кейін Ресейге қоныс аударған.

1996 жылы 8306 кітап қоры болған, 59 дана жаңа әдебиет келген. Кітап қорынан 2440 кітап актке шығарылып, барлығы 5866 дана кітап қалды. 1996 жылы кітапханашы болып Даутова Клара орналасты.

Даутова Клара Төлегенқызы 1970 жылы 12 қыркүйек күні Қарағанды ауылында дүниеге келген. Осы ауылдан орта мектепті аяқтап, 1987-1989 жылдары Орал қаласындағы медициналық училищенің фармацевт бөлімін бітірген.

Кітапханада бір жыл жұмыс жасады. Қазір де сол ауылда тұрады.



1997 жылы Клара сол жақта.

1997 жылдан бастап кітапханашы болып Ихсанова Орынгүл жұмыс жасай бастады. Сол жылдардағы еліміздегі дағдарыс кітапхана жұмысына да әсерін тигізбей кеткен жоқ. Кітапханаға жаңа кітаптардың келуі сиреп кетті.

Ихсанова Орынгүл 1971 жылы Қособа ауылында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін Орал педагогикалық училищесіне оқуға түседі. Оқу орнын аяқтаған соң, алғашқы еңбек жолын «Қайрат» балабақшасынан бастады. Жолдасының жұмыс бабымен Қарағанды ауылына қоныс аударған. 1997-2000 жылдары аралығында Қарағанды ауылдық кітапханасында кітапханашы болып қызмет жасаған.

Қазіргі уақытта Қарағанды орта мектебінде іс қағаздарын жүргізуші болып қызмет атқаруда. Отбасында, жолдасы, үш ұлы бар.

2000 жылы кітапханашы болып Мухангалиева Рабиға тағайындалды. Сол жылдары «Мәдениетті қолдау» жылы болғандықтан, кітапханалардың жұмысына ерекше көңіл аударыла бастады. Сонымен бірге жоғары білімді кітапханашы мамандарды жұмысқа тартуды қолға алған болатын. 2000 жылы кітап қорында барлығы 6023 дана кітап бар болған. 2001 жылы «Қамқор» акциясы өкізіліп, соның нәтижесінде оқырмандар кітапханаға кітап сыйлап, кітап қорына 50 дана кітап қосылды.

Мухангалиева Рабиға Қуанышқалиқызы 1975 Орал обылысы Жаңақала ауданы Мәштексай совхозының Мұқыр бөлімшесінде дүниеге келген. Мектепті бітіргенен кейін 1993 жылы Орал қаласындағы Өнер институтына түсіп, 1997 жылы «Кітапханашы-библиограф» мамандығы бойынша тәмамдады. Алғашқы еңбек жолын 2000 жылдың шілде айынан бастап Қарағанды ауылдық кітапханасынан бастады.

Содан бері осы кітапханада қызмет атқарып келеді. Жанұясында жолдасы, 1қызы, 1ұлы бар.

Қазіргі таңда кітапханада 7389 дана кітап қоры бар, оның 2221 данасы қазақ тіліндегі әдебиеттер. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған кітап 826 дана. Кітап қорындағы әдебиеттердің жалпы құны - 456 мың 144 тенге.

Кітап қорына соңғы жылдары қазақ тіліндегі әдебиеттер көптеп келуде. Жыл сайынғы берілетін жоспар бойынша 220 оқырманды қамтып, 4800 әдебиет берілуі керек. Кітапхана жоспарға сай өз жұмысын атқарып келеді.
2000 жылғы кітапхананың жас оқырмандары Сол кездегі кітапхананың ішкі көрінісі

Кітапхана қордағы әдебиеттерді насихаттау бағытында түрлі көпшілік жұмыстар атқарды. Кітап жанында «Дарын» және «Кітап құмар» мүдделестер клубы жұмыс жасайды. «Дарын» клубының мақсаты - дарынды балаларды таныту, балалар басылымдарына шығармаларын жариялау. «Кітап құмар» клубының мақсаты – балаларды еңбекке баулып, кітапхана жұмысына жұмылдыру және кітап оқуға шақыру. Кітапхананың белсенді оқырмандары кітапхана жұмысына белсене араласып, түрлі көпшілік шаралар өткізуге көмектеседі.

Кітапхана жастармен жұмыс жүргізуде көптеген іс шаралар атқаруда. Соның ішінде үй шаруасындағы келіндерді қоғамдық ортаға тартуда және олардың өнерін танытуда түрлі сайыстар өткізіліп тұрады. Кітапханашы Мухангалиева Рабиға осы шаралардың өтуіне көмек көрсете жүріп, өзі де қатысып, өз өнерімен, білімділігімен көріне білді.

60-70 016image0008

2001 жылы «Келіндер әрбір үйдің шамшырағы » атты сайысына қатысқан кезі.
Кітапханаға жыл сайын жаңа әдебиеттер көптеп келуде. Соның барлығы қазақ тіліндегі басылымдар. Көркем әдебиет, «Мәдени мұра» сериясымен шыққан әдебиеттер, психология, өлкетану туралы әдебиеттер үнемі келіп кітап қорын байыта түсуде.

Оқырман сұранысын толық қанағатандыру үшін, кітап қорында жетіспейтін әдебиеттердің орнын басу үшін тақырыптық папкалар жасақталған.

Кейбір оқырман сұраныстары осы папкаларды пайдалану арқылы орындалады. Қазіргі уақытта барлығы 45 тақырыптық папка бар, олар үнемі толықтырылып тұрады. Кітап қоры шағын болғандықтан алфавиттік католог ұйымдастырылған. өлкетану картотекасы мен тақырыптық картотекалар ұйымдастырылды.

Кітапхана оқырмандарының жас ерекшеліктері әр түрлі. Мысалы, ең жасы үлкен оқырман 85 жастағы Қосдаулетова Дәметкен әже болса, ең кішкентай оқырман үш жас жарым жастағы Қалиева Назира екен. Осыған қарап, кітапхана - үлкен – кіші үшін қажет орын екенін білуге болады.

Осы еңбекті қорытындылай келе, адам баласы үшін кітаптың орны ерекше екенін үнемі айтып отыруымыз керек. Қазіргі компьютерлік заманда кітаптың маңызы жойылып бара жатқанын бәріміз де байқаудамыз. Сондықтан да кейінгі ұрпақтың санасына «кітап» және «кітапхана» ұғымын енгізіп қана қоймай, кітап оқыту арқылы тәрбиелей білуіміз керек.

«Кітап оқымайтын жастар» деген әңгіме бүгінгі заманның көп мәселелерінің бірі. Сол мәселені бүгінен бастап шешуіміз керек.



Сондықтан кітап мәртебесін көтеріп, кітапхана жұмысын жақсартайық. Осы еңбегімізді оқыған әрбір ұрпақ кітапхана жұмысының маңыздылығы мен кітапханашы маманының жұмысын түсінер деп сенеміз. Кітапхана тарихы осымен аяқталмайды, жылдар бойы жалғасып, ақ парақ бетінде тарих болып жазылып қала берері сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет