Оқыту нәтижесінде міндетті



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата04.09.2023
өлшемі0.83 Mb.
#476464
1   2   3   4   5   6   7   8
Балалар әдебиеті

Міржақыптың ақындық даңқын қазақ арасына кеңінен 
таратқан — «Оян, қазақ!» жинағы. Ақынның өлеңін кімге 
арнағаны, не айтпақ болғаны, көңілін толқытқан қандай 
жайлар екені кітаптың сыртында жазылған: 
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, 
Өткізбей қараңғыда бекер жасты. 
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп, 

[1], 1-22 бб 
[2], 1-47 бб

С.Көбеевтің балалар әдебиетіне қосқан үлесі 
1.С.Көбеевтің балалар әдебиетіне қосқан үлесі 
2.«Балалар мен ғалым» әңгімесі, 
3. «Түскі тамақ һәм кешкі тамақ» әңгімелерінің 
тәрбиелік мәні. 
Спандияр Көбеев — Ыбырай Алтынсарин үлгісіндегі 
педагог-жазушы. Өз ұстазына еліктеп, ол ұстаздық 
қызметін ағартушылық ісін дамыту үшін пайдаланған
казақ халқы арасында озық елдердің мәдениетін, 
әдебиетін насихаттаған. 

[1], 1-22 бб 
[2], 1-47 бб

Мұқан 
Иманжанов, 
Сәуірбек 
Бақбергенов 
шығармашылығының балалар әдебиетіне қосқан үлесі. 
2. С.Бақбергеновтың «Талғат», «Дина», «Бозторғай» 
повестеріне әдеби талдау. Басты кейіпкерлерінің 
сомдалу ерекшелігі. 

[1], 1-22 бб 
[2], 1-47 бб 


М.Иманжанов қазақтың үздік публицистерінің 
бірінен саналады. ҰлыОтан соғысы кезіндегі тылдағы 
адамдарыдың күнделікті еңбегімен ерліктері туралы 
оның мақалалары өткірлігі, мақсаттылығы, айқындығы 
және тілінің қарапайым, көркемдігімен көзге түседі. 
Үздік мақалалары жеке кітап болып басылды. Оның 
очерктері 
мен 
әңгімелері 
1944 
жылдан 
бері 
республикалық газет, журналдарда басылып келеді. 
1948 жылы оның «Жастық» деген әңгімелерінің 
бірінші жинағы жарыққа шықты, тағы да осы жылы 
Қазақтың жас өспірімдер театрының сахнасьшда және 
облыстық театрларға оның «Жас өспірім» деген 
пьесасы қойылды. 1950 жылы «Алғашқы айлар» деген 
повесть жазды. Бұл повесть қазақ және орыс 
тілдерінде жеке кітап болып шықты. 
10 С.Торайғыров және балалар әдебиеті 
1. С.Торайғыров және балалар әдебиеті 
2.Б.Өтетілеуовтың балалар әдебиетін қосқан үлесі.
С.Торайғыровтың өнер-білімге іздену сапары, сол 
жолдағы көрген қиын-қыстау кездері мен табыстары
өмірбаяны балаларды қатты қызықтырады, ойлаған 
мақсатқа жетудің жолдарын үйретеді.
С.Торайғыров 1893 жылы 28 қазавда Омбы уезінін, 
Шағырай болысында, Қарауыл Шабар аулында (бұрынғы 
Көкшетау облысының Қызылту ауданы) туған. Әкесі 
Шоқпыт атанған (шын аты Әбубәкір) кедей, момын, 
ақкөңіл адам болған. 

[1], 1-22 бб 
[2], 1-47 бб
11 1.Кеңестік дәуірдегі балалар әдебиеті. 
2. С.Сейфуллиннің балалар әдебиетіне қосқан үлесі. 
«Бандыны қуған Хамит» әңгімесіне әдеби талдау.
Сәкен Сейфуллин аз ғана ғұмырында өлмейтін мол 
мәдени мұра қалдырды. Қазақ әдебиетінің барлық 
жанрында тамаша туындылар берген жаңашыл жазушы 
қаламынан туған шығармалар халық өмірінің ең бір 
көкейкесті тақырыптарын қопара көрсетіп, жанды 
бейне, көркем образдар арқылы, терең идеялар айтып, 
эстетикалық игіліктер жасады. 

[1], 1-22 бб 
[2], 1-47 бб
12 Отызыншы жылдардағы балалар әдебиеті 
1. Отызыншы жылдардағы балалар әдебиеті
2.С.Мұқановтың «Сұлушаш» романының балалар 
әдебиетінде алатын орны.  
С.Мұқанов балалар әдебиетінің өркендеп өсуіне көп еңбек 
етті. Жазушының туған жері қазіргі Солтүстік 
Қазақстан облысының Преснов ауданы. Ол кездегі қазақ 
ауылындағы жалғыз оқу — молда оқуы болған. Жас 
Сәбит осы молдадан оқьш, арабша хат таниды. 
Жазушының «Бақташының баласы», «Менің 
мектептерім», «Патшаны қуған батыр», «Балалар» 
атты повестері мен Мәншүк Маметованың өзіне 
арналған «Батыр қыз» атты әңгімесі балалар әдебиеті 
мұрасына қосылған зор үлес болды. 

[1], 1-22 бб 
[2], 1-47 бб
13 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиеті 
1.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиеті
2.Қ.Әбдіқадыров балалар ақыны. Балаларға арналған 
өлеңдеріне әдеби талдау. 
Майдан тақырыбына жазылған шығармалар әр алуан. 



Олар ешуақытта бірін-бірі қайталамайды. Бәрінде де 
қайсарлық 
уыттары 
көрініп 
отырады. 
Майдан 
тақырыбына жазылған шығармалардың бірқатары 
атқыштар, пулеметчиктер болса, енді бірқатары 
партизандар 
өмірін 
камтиды. 
Бірқатары 
зеңбірекшілер мен танкистердің ерлік істерін 
сипаттаса, енді біреулері ұшқыштардың аспандағы 
үрейлі қайсарлығын сипаттау қандай әсерлі десеңізші. 
14 Ғабит Мүсірепов проза жанрының шебері
2.Қ.Қайсеновтың соғыс тақырыбындағы прозалық 
шығармалары.
Ғ. Мүсірепов «Ара — «Шмель» атты сатиралық 
журналдардың бас редакторы, Қазақстан Жазушылар 
одағының бірінші хатшысы қызметін атқарып, 1966 
жылдан кейін қайтадан бірыңғай жазушылық өнерімен 
шұғылданады. Жапония, Египет, Алжир, Италия сияқты 
көптеген елдерді аралап, туған елінің сөз өнерін 
насихаттауда мол еңбек сіңірді Ғ.Мүсірепов — ел 
құрметіне бөленген әйгілі академик-жазушы ғана емес, 
ол көрнекті қоғам қайраткері еді. Қаламгер ондаған 
мақала мен очерк, әңгіме мен новелла, ұлттық 
драматургияның алтын қорына қосылған «Қыз Жібек» 
либреттосы, «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Ақан сері — 
Ақтоқты», «Амангелді» пьесасы мен «Қазақ солдаты», екі 
томдық «Оянған елке», Ұлпан романы және «Кездеспей 
кеткен бір бейне» поэмасын жазды. 

[4], 1-45 бб 
15 Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі балалар әдебиеті 
2. С.Бегалиннің «Сәтжан», «Көксегеннің көргендері», 
«Бала мерген», «Алданған жолбарыс» әңгімелеріне 
әдеби талдау.
С.Бегалин — балалар әдебиетінде әңгіме жанрын 
дамытқан, соның тамаша үлгілерін көрсеткен жазушы. 
Балаларға жазған отыздан аса көлемді әңгімелері бар. 
Соның бәрін жинақтағанда, тақырыбы мен кетерген 
мәселесіне қарай бес топқа бөлуге болады. 
«Сәтжан» (1947), «Көксегеннің көргендері» (1948), 
«Бала мерген» (1956), «Алданған жолбарыс» (1956), 
«Тоятқан тауынан табылыпты» (1955). Бұл повестері 
мен әңгімелері аңшылық тақырыбына арналған. 
Туған өлкесінде, көбіне ауылда жүріп қызмет еткен 
жазушы жаратылыстың алуан түрлі байлығымен 
танысып, оның көркем көріністерін суреттеуге зер 
салады. Бұл ретте С. Бегалиннің Москвада орыс тілінде 
екі рет басылып бүкіл одақтық бәйге алған «Сәтжан» 
повесін ерекше атап өткен жөн. 

[3], 246-250 бб. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет