Мұны сабаққа байланысты жүргізуге де болады. Мысалы,
бастаушы: «Мен сөйлем мүшесімін» десе, 1-ойыншы – Тұрлаулы, 2-ойыншы
–
Тұрлаусыз сөйлем мүшесі болады. Сөйлем мүшесі Тұрлаулы мүшені
таңдап, неге олай таңдау жасағанын түсіндіреді. Ортада қалған Тұрлаусыз
мүше жанына Анықтауыш пен Пысықтауыш келіп отырады. Тұрлаусыз мүше
Анықтауышты
жұп етіп, ол туралы айтады. Енді қалған Пысықтауыш
жанына оның түрлері келіп отырады. Осылайша
жұпқа бөліну әрі өтілген
материалдарды қайталау жүзеге асады.
«Көкпар»
Топтық тапсырма: сұрақ- жауап арқылы білімін бағалау. Мұнда топ
мүшелеріне сұрақтар қойылады.
Жауап мазмұны, дәйектілігі ескертіледі.
Сұраққа дұрыс жауап берген адам шарик (1 балл) алады. Көп шар жинаған
адам - көшбасшы.
«Көңіл күй букеті»
Оқушылар гүлдерді вазаға қояды. Ваза суреті плакатқа салынған.
Сабақтағы жұмысын бағалай отырып, әр оқушы аты жазылған стикер-гүлді
вазаға бекітуі қажет.
Қызыл түс –
проблема бар, көмек қажет.
Сары түс –
барлығы түсінікті емес.
Жасыл түс –
барлығы жақсы.
Стикер түстері әртүрлі болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: