Оқытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан есбосын нағиша қожақҚызы №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация»


Сұрақтар оқу мақсатындағы ілгерілеуді бағалау үшін



Pdf көрінісі
бет99/108
Дата26.01.2023
өлшемі1.99 Mb.
#468776
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   108
Жаңа әдіс тәсілдер кітап

Сұрақтар оқу мақсатындағы ілгерілеуді бағалау үшін 
қолданылатынына көз жеткізіңіз 
 Түсінігі мен білімін тексеру үшін сұрақ қойыңыз; 
 Оқушылардың қате түсінуін анықтау үшін сұрақтарға назар аударыңыз; 
 Түсінуді бағалау үшін бүкіл сыныппен талқылауды пайдаланыңыз және 
келесі сабақта ескеретін мәселелерді анықтаңыз. 
Оқушыларға ойлануға және өз идеяларын талқылауға жеткілікті уақыт 
берілгеніне көз жеткізіңіз 
 Оқушыларға жұппен немесе топта талқылауға уақыт беріңіз (Ойлан-
Жұптас-Бөліс); 
 Оқушылардың қалай жауап беретіндігі туралы нақты болжам жасаңыз – ол 
әртүрлі болуы мүмкін; 
 Оқушылардың жауап беруіне дейінгі уақытты сақтаңыз (10-ға дейін 
санаңыз); 
 Сабақ жоспарында талқылауға арналған уақыттың қарастырылуын 
қадағалаңыз. 
«
Топтық кері байланыс» 
Сыныптастардың жұмысын бағалауға қатысты топтық кері байланыс 
мұғалімге оқудағы қажеттіліктерді қарапайым түрде анықтауға көмектесе 
алады. Егер топ кері байланыс ұсынатын болса, бұл мәселеге назар 
аудартып, жүйелендірілген, талқыланған тапсырмаларға қатысты ақпарат 
береді (сонда мұғалім қайталауға арналған жаттығуларды азырақ бере 
алады).
«Төрт сөйлем»
Бұл тәсіл арқылы оқушылар тақырып туралы пікірлерін білдіреді: 
Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірлеріңді бір сөйлеммен 
айтыңдар немесе жазыңдар. 
Дәлел. Пікірлеріңді бір сөйлеммен дәлелдеңдер. 
Мысал. Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіріңдер. 
115 


Қорытынды. Аңыз мазмұны бойынша қорытынды шығарыңдар. 
 
«Тұлғаны танып біл» 
 
Мұғалім оқушыларға парақтар таратады, оларға Қазақстан 
тарихында елеулі із қалдырған кемеңгер адамдардың (саясаткерлер, өнер 
және әдебиет қайраткерлері және т.б) портреттері жапсырылған. Ойыншылар 
5-
6 адамннан топтарға бөлініп отырады. Балалар портреттердегі тұлғаның 
аты-жөнін, тарихтағы рөлін, қызмет ету кезеңін, оның атына байланысты 
оқиғаларды, ол жазған шығармаларды және т.б. естеріне түсіруі тиіс. Топ 
ішінде талдау 5 минуттан аспайды. Өз тобын топтың бір мүшесі қорғайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет