Оқытудың АҚпараттық технологияларын мектепте пайдаланудың дидактикалық принциптері



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата29.10.2023
өлшемі427.61 Kb.
#481906
1   2   3   4   5   6   7   8
362-499-1-SM

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 2(82), 2020 
55 
студент географиялық тұрғыдан бөлінген, сондықтан оқу процесін ұйымдастыру үшін электронды 
құралдар мен баспа материалдарына сүйенеді. Компьютерлерді қолдану тәжірибесі жаңа 
буындардың пайда болуын бастайды, компьютерлік технологияның дамуы бұл өз кезегінде білім 
сапасын ұлғайтуға мүмкіндік береді, оқытушылар және студенттердің компьютермен тиімді 
әрекеттесу технологияларын, ақпараттық құзіреттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Ақпараттық технологияларды математика сабағында қолданудың әдістемесін жасау үшін 
алдымен оқытудың ақпараттық технологияларын пайдаланудың дидактикалық қағидаларын 
анықтап алу керек.
Мектеп туралы біздің дәуірімізден екі жарым мың жыл бұрын Грек философтары Платон 
(б.з.д. 427-347 жж.) және Аристотель (б.з.д. 384-332 жж.) тәжірибелерін жинақтап, педагогикалық 
жүйені жасады. Рим мұғалімі Квинтилиан (б.з. І ғасыр) дидактиканың негізін жасады (жалпы әдіс).
Оқытудың дидактикалық қағидаларын (көрнекілік, жүйелілік, білімнің беріктік принциптерін) 
алғаш чех мұғалімі Ян Анос Коменский (1592-1670) өзінің негізгі еңбегі - «Ұлы дидактиканы» 
жасады.
Ақпараттық технологияны ең алғаш математика сабағында пайдаланған қазақстандық 
оқытушы-педагогтар бар. Олар: Алматы қаласындағы О.Жәутіков атындағы физика-математика 
орта мектеп-интернатының жоғары білікті математика мұғалімі, т.ғ.д. А. Ш. Бек; біліктілігі 
бойынша педагог-зерттеуші, математика мұғалімі – Ж.Б.Шарипбжанова; Орал қаласының 
экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің математика пәнінің оқытушысы Б.К. 
Тасжанова. 
Асқар Шарипович орта және жоғары мектеп бағдарламасы бойынша математика, физика, 
ойлау логикасы бойынша кәсіби репетитор, республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін 
жеңімпазы және математикадан халықаралық олимпиадалардың жүлдегері. Жұлдыз Болатовна - 
математика, физика және информатика мұғалімдерінің VI Халықаралық конкурсының III дәрежелі 
дипломымен (2018 жыл), II Халықаралық математика, физика және информатика пәні 
мұғалімдерінің" IMPACT " ІІІ дәрежелі дипломы (2019 жыл), II Халықаралық математика, физика 
және информатика пәні мұғалімдерінің «IMPACT» конкурсының ІІІ дәрежелі дипломымен (2019 
жыл) марапатталған. Б.К. Тасжанова математика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды 
қолдана отырып, оқушылардың шығармашылықтарын дамыту туралы өз тәжірибесімен және оның 
тиімділігімен баяндамада бөліскен [21]. 
Математика дидактикасы швейцариялық мұғалім Иоганн Гейнрих Песталоццидің (1746-
1827) еңбектерінде педагогикадан бөлінді. Ресейдегі математика дидактикасының пайда болуы
Л.Ф.Магницкийдің алғашқы арифметика оқулығында келтірілді. Геометрия дидактикасының 
кейбір негіздері Н.И.Лобачевский, С.Е.Остроградскийдің еңбектерінде берілген [22; 101].
Дидактикалық қағидалар - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың 
мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі деп түсініледі [1; 17]. Бұл оқыту 
процесінің белгілі заңдылықтарына негізделген және білім алушылардың психологиясын ескере 
отырып, оқыту мен оқу процестерін ұйымдастыру ерекшеліктерін көрсететін нормативтік негіздер. 
Әдістеме оқу процесін жетілдіру үшін дидактика жетістіктерін қолданып қана қоймайды, 
сонымен қатар дидактиканың дамуына өз әсерін тигізеді. Математиканы оқыту әдістемесі өз 
міндеттерін шеше отырып, математиканы оқытудың төмендегі негізгі дидактикалық қағидаларына 
сүйенеді: ғылыми қағидасы; дамыту қағидасы; тәрбиелеу қағидасы; көрнекілік қағидасы
саналылық және белсенділік принциптері; білімді берік, орнықты меңгеру қағидасы; математиканы 
оқытудағы жүйелілік қағидасы; түсініктілік қағидасы. Дидактикалық қағидалар жүйесі 
оқушыларды оқыту, дамыту және тәрбиелеуді қалай жүзеге асыру және жетілдіру қажеттігін 
көрсететін жалпы нормативті білім болып табылады.
Енді жоғарыда келтірілген негізгі дидактикалық қағидалар негізінде математиканы оқытуда 
ақпараттық технологияларды пайдаланудың дидактикалық принциптерін анықтап, оның 
әрқайсысын негіздейік. 
Арнайы оқыту бағдарламасы енгізілген компьютерлердің барлық дидактикалық 
мақсаттарды орындайтын мүмкіндігі бар. Компьютерлер қажетті ақпарат береді, оны оқушылардың 
қаншалықты меңгергенін тексереді, сәйкесінше теориялық білім мен практикалық іскерлік 
қалыптастырады, электрондық кітапханаға және негізгі отандық және халықаралық мәліметтер 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет