Оқытудың АҚпараттық технологияларын мектепте пайдаланудың дидактикалық принциптері



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата29.10.2023
өлшемі427.61 Kb.
#481906
1   2   3   4   5   6   7   8
362-499-1-SM

Теориялық білімнің жетекші рөлі қағидасы дидактикалық процесті АТ-да қолданып 
ұйымдастырудың тиімділігін көрсетеді. Оқу материалын АТ-ны пайдаланып оқытып үйрету 
кезінде бірінші кезеңде білім алушылар математика бойынша оқу материалының теориялық 
мазмұны туралы мағлұмат алады. Екінші кезеңде оқу материалының әрбір сұрақтарын меңгереді. 
Соңғы кезеңінде математикалық теориялық материалды меңгерудің талап етілетін деңгейіне дейін 
тақырыпты тұтас оқып үйренеді


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 2(82), 2020 
57 
Ғылымилық қағида - ғылым мен оқу пәнінің арасындағы заңды байланысқа сүйенетін 
маңызды дәстүрлі дидактикалық қағидалардың бірі. Ол электрондық құралға енгізілген оқу 
ақпаратының айқындығын және тәжірибелі әдіскерлер мен пән мұғалімдері әдістемесінің жаңа 
оқыту бағытына сәйкестігін қамтамасыз етеді. Оқу материалын тиімді таңдау адамның зияткерлік 
қызметі заңдылықтарын ескере отырып оқу материалын презентациялау әдісін жақсартады. 
Оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту функцияларын жүзеге асыратын «тәрбиелеп 
оқыту қағидасы» жоғарыда аталған оқыту функцияларының арасындағы нақты заңды 
байланыстарын бейнелейді [8; 75]. Бұл қағида бойынша оқытудың ақпараттық технология (ОАТ) 
құралдарын пайдаланып оқытуды дидактикалық процесс ретінде тек білім беру мен тәрбиелеуді 
ғана емес, сонымен қатар дамыту функциясын атқаратындай қолдану қажет. Аталған қағиданы 
білім беру, әрі тәрбиелеу, әрі дамыту функциялары қатар орындалатындай етіп жүзеге асыру үшін, 
білім беру электронды құралдарын әзірлегенде және АТ-ны пайдаланып оқытатын оқыту әдістерін 
таңдағанда ескеру керек.
 Компьютерлік оқыту мамандарының ортасында ЭЕМ-ның базасында түрлі оқыту 
жүйелерінің тәрбиелік мүмкіндіктері жоқ деген пікір бар. Бұл 

пікір қате. Шын мәнінде, тұлғаны 
машина емес, тек адам тәрбиелеуі мүмкін. Бірақ «жансыз машинада» іске асырылған оқыту 
бағдарламасын әзірлеуші-оқытушылардың жеке тәжірибесін жанама түрде көрсетеді және ол 
міндетті түрде білім алушылардың сезімдері мен эмоцияларына әсер етеді.
Зерттеу шеңберінде тәжірибелік оқытуды жүргізу осы тезисті растайды. Мысалы, 
математикадан топтық жобамен жұмыс жасағанда, ОАТ құрамына енгізілген компьютерлік- 
зертханалық жұмыс істеу оқушылардың ақыл-ой қабілеттерінің дамуына ықпал етеді, ойлау стилін 
жетілдіреді, өзінің шешімдері мен әрекеттерінің дұрыстығын негіздеуді қалыптастырады
осылайша көптеген адамгершілік қасиеттерді - жауапкершілік, адалдықты қалыптастырады. Бұл 
қағида - ОАТ әзірлеу, жасау және қолдану үшін өте маңызды және өзекті мәнге ие. Оны іске асыру 
білімді сезімдер мен эмоциялар арқылы беруге болатынына сендіруге мүмкіндік беретіні, жоғарыда 
айтылғандардан анық. 
Білім алушыларды оқып үйренуге ынталандыру қағидасы олардың оқу-танымдық 
қызметінің табыстылығы мен оған деген қызығушылықтың артуы арасындағы заңды байланысты 
көрсетеді. Ол білімнің мазмұнын меңгеруге үздіксіз ынталандырудың қажеттілігін көрсетеді. Бұл 
қағиданы сақтау - ОАТ-ны тиімді қолданудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Ол 
оқуды ынтаға жауап ретінде субъектінің белсенділігінің көрініс процесі деп қарауды ұсынады 
ОАТ-ны қолдану арқылы оқытуда оқу мотивінің әлеуметтік, кәсіби, танымдық үш тобын 
қарастыруға болады. Олар дидактикалық мәселе қою кезеңінде дидактикалық процесте, ОАТ-ны 
қолдануды жобалау кезінде ескеріледі.
Дидактикалық мәселе қою кезеңінде білім алушыларды оқып үйренуге ынталандыру 
қағидасының мақсатты және мазмұнды аспектілері іске асырылады. Бұл жерде оқуға 
ынталандыруға негіз қаланады, ол содан кейін дидактикалық процесті жобалау және іске асыру 
кезінде қолданылады. Аталған принцип оқушыларға нақты мақсат қою және меңгеруге тиісті 
тапсырмалар жүйесі арқылы жүзеге асады. Тапсырмаларды орындау оқушы үшін мәні бар әрекет 
ретінде ұсынылады, ал орындау біліктілігі оқу материалының мазмұнын меңгеру деңгейіне 
байланысты болады.
Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартындағы мамандыққа 
қойылған міндеттеріне сай оқу материалын меңгеру процесінде математика пәнінің ғылыми 
мазмұнын таңдау және құрылымдау, пәнішілік және пәнаралық байланыстарды орнату, 
оқытылатын материалдың рөлі мен орнын көрсету
,
АТ-ны қолдану арқылы оқытуда оқу мотивінің 
әлеуметтік, кәсіби, танымдық түрлерін алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. Ол мотивке жауап 
беретін білім алушының белсенді іс-әрекетін көрсету процесі ретінде қарастырылады. 
Оқытушының міндеті - оқылатын материалдың әрбір бөлігін оқытарда оқушыларды ынталандыру 
және оны барлық дидактикалық процесс барысында үздіксіз қолдау болып табылады.
Оқушылардың әлеуметтік және жеке маңыздылығын ынталандыру, жаңашылдық, қызықты, 
эмоционалдық, проблема тудыру, проблемалық мәселелерді шешу кезінде өз бетінше іздеуді 
ұйымдастыру арқылы танымдық қызығушылығын туғызатындай, оқыту мазмұнын психологиялық-
педагогикалық өңдеуге үлкен мән беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет