ОҚытудың инновациялық технологияларын пайдалану н. Б. Абтикалыков



Дата17.07.2016
өлшемі176.77 Kb.
#205123
ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ
Н.Б.Абтикалыков

«Ақмешіт» гуманитарлық – техникалық институты,

педагогика ғылымдарының магистрі
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым мен мәдениеттің қарқында дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын меңгеру міндетіміз.

Оқыту технологиясы - бұл оқытудың тиіміділігін арттыру мақсаты мен білім беру үрдісін зерттеу негізінде оқу үрдісін жүзеге асыру және бағалау, бағдарламалаудың жүйелі тәсілі.

Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 60-шы жылдарда шетел зерттеушілері «педагогикалық технология» терминін енгізді. «Педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер – оның құрамды бөлігі ғана» [1].

Педагогикалық технология - оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру формасымен анықталады. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері – қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны, мұғалім мен білім алушының өзара байланыс іс-әрекеті, білім алушының ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты мақсат қана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады.

Педагогикалық технология М.В. Клариннің анықтауында: “Педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық, дара, инструменталдық және әдіснамалық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді. Ғалым-академик В.М. Монахов оқыту технологияларының практикадағы қолданыс аясын тереңірек зерттей келіп, оны жаңаша қырынан танытады. Ғалымның пікірінше: “Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі”.

Педагогикадағы ғылыми ой-тұжырымдардың негізінде В.П. Беспалько: “Оқу технологиясы – тәжірибеде жүзеге асырылатын, белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы”, - деп көрсетеді. Мұнда ғалым педагогикалық ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір-бірімен өзара байланысты әдіс-тәсілдер жиынтығы ретінде қарастырады.



Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты міндеті - жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады. Мәселен, Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады:

    • жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту.

    • теориялық білімнің жетекші ролі.

    • оқу материалын жеделдете оқыту.

    • оқу үрдісін білім алушының сезінуі.

    • барлық білім алушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технолгия бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан, танымдық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін төмендегі ұстанымдар жүзеге асыруы тиіс:

  • білім алушылардың өзіндік ізденіс іс-әрекеттерінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылық бар. Яғни, жаңа жағдайдағы «Оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз «білім алушы - мұғалім» ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы. Демек, мұнда бірінші орында білім алушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.

  • жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат – білім алушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронталды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.

Қазіргі кезеңде қолданылып жүрген инновациялық технологияның негізіне жататындар:

  • әрбір білім алушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;

  • оқушылардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру;

  • оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.

Инновациялық технология :

  • ынтымақтық педагогикасы;

  • білім беруді ізгілендіру технологиясы;

  • проблемалы оқыту технологиясы;

  • тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы;

  • түсіндіру басқарып оза оқыту технологиясы;

  • деңгейлік саралап оқыту технологиясы;

  • міндетті нәтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы;

  • модульдік оқыту технологиясы;

  • жобалап оқыту технологиясы.

Ынтымақтастық педагогикасы негізгі мақсаты – талап ету педагогикасынан қарым-қатыныас педагогикасына көшу, балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиелеудің ажырамас бірлігі. Ынтымақтастық педагогиканың ерекшеліктері:

  • мұғалім – білім алушы, білім алушы – мұғалім, білім алушы – білім алушы, білім алушы да субъект, мұғалім де субъект.

  • Білім алушының жеке басына ізгілік қарым-қатынас.

  • Білім алушы мен мұғалімнің арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас.

   Білім беруді ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.А.Амонашвили [1]. Білім беруді ізгіліктендіру технологиясының мақсаты – баланы азамат етіп тәрбиелеу, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.

Проблемалы оқыту технологиясының негізгі мақсаты – білім алушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемдіктерін дамыту. Проблемалы оқыту технологиясының ерекшеліктері:



  • Білім алушының белсенділіктерін арттыру;

  • Оқу материалдарын баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәнге жеткізу;

  • Білім алушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді.

Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В.Ф. Шаталов болып табылды. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы төмендегідей мақсатты көздейді:

  • білім, білік, дағдыны қалыптастыру;

  • барлық баланы оқыту;

  • оқытуды жеделдету.

Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері:

  • үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану;

  • жеке бағдарлы қарым-қатынас ықпал;

  • ізгілік, еркімен оқыту;

  • әр білім алушының жобасының жариялылығы түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;

  • оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

Түсіндіре басқарып оза отырып оқыту технологиясының авторы – жаңашыл мұғалімдердің бірі Ресейлік мұғалім С.Н. Лысенкова [5]. Бұл технологиясының негізгі мақсаты – барлық баланы табысты оқыту. Түсіндіре басқарып оза отырып оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:

  • оқыту материалдарының бірізділігі, жүйелілігі;

  • саралау, әр білім алушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы;

  • бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды біртіндете оңайлату әдісін – оза оқыту әдісін қолдану; сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар білім алушылар қатыстырылады;

  • бірте-бірте толық дербестілікке өту;

  • сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру; түсінетін, өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас;

  • білім алушының қателігін ескерту, бірақ еш жазғырмау;

  • үй тапсырмасы тек әр білім алушының мүмкіндігіне қарай (әркім өзі орындай алатын жағдайда ғана) беріледі;

  • білім, білік, дағдыны дамыта меңгеру;

  • түсіндіруді қабылдау.

Деңгейлік саралап оқыту технологиясының негізіне әр білім алушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарап оқыту мен оқытуды білім алушылардың әртүрлі топтардың ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау жатады. Деңгейлік саралап оқыту технологиясының ерекшеліктері төмендегідей :

  • күштілер өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі де, ал әлсіздер өзін-өзі сынап қарауға мүмкіндік алып, өзіне сенімсіздіктен арылады;

  • әлсіз топтарда оқуға деген ынта артады;

  • білім дәрежесі деңгейлес оқу топтарында аздап жеңілдейді.

  • Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:

  • білімнің базалық деңгейінің барлық білім алушылар үшін міндеттілігі;

  • білім алушыларға берілген тапсырманың саралануы: тапсырма білім алушының күші жететіндей және қолайлы болуы шарт;

  • білімнің базалық деңгейі оқытудың жаңа технологиясының механизмі ретінде білім алушының бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасау тиіс;

  • білім алушыға оқу деңгейін таңдауға ерік беру;

  • білім алушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға ерікті.

 Саралап оқыту – оқу iсiн білім алушылардың бейiмдiлiктерiн, мүдделерi мен байқалған қабiлеттерiн ескере отырып, бiрақ олардың жалпы даярлығының базалық деңгейiн төмендетпей ұйымдастырудың тиiмдi нысаны. Саралап оқыту адамның қажеттiлiктерiмен мүдделерiн қнағаттандыру үшiн жағдай жасау арқылы оның барынша дамуына бағдар ұстай отырып, оқу процесiн iзгiлендiрдi.

Әлеуметтiк тұрғыдан алғанда, саралап оқытудың мақсаты қоғамның шығармашылық интелектуалдық, кәсiптiк әлеуетiн қалыптастыруға, қоғамның әрбiр мүшесiнiң мүмкiндiктерiн барынша толық пайдалануға ұмтылуға мақсаткерлiкпен әсер ету.

Психологиялық тұрғыдан алғанда, саралап оқытудың мақсаты - әрбiр адам басқа адамды дамытудың шарты және құралы болатын, «білім алушы - мұғалiм» жүйесiндегi субъект – субъектiлiк қатынастарға көшуге қолайлы жағдай жасау. Бұл қатынастардың негiзiнде мұғалiммен білім алушының олардың өзiн -өзi дамытуын қамтамасыз ететiн бiрлескен нәтижелi iс - әрекетi жатыр.

Дидактикалық тұрғыдан алғанда, саралап оқытудың мақсаты – тұлғаны невилирлеуге қарсы әрекет ету мақсатымен білім алушылардың жеке қабiлетiн ескере отырып ұйымдастырылатын оқыту әдiстерiнiң, нысандары мен құралдарының жиынтығын iске асыру арқылы әрбiр білім алушының қызығушылығы мен қабiлеттерiн дамыту, қасиеттерiн ашу үшiн оңтайлы жағдай туғызу. Бұл мақсатқа жетудiң маңызы құралы білім алушыларға таңдау мүмкiндiгiн беру болып табылады.

Әдiстемелiк тұрғыдан алғанда, саралап оқытудың мақсаты – мектептiң пiсiп жетiлген проблемаларын оқытуды сырттай (селективтi және элетивтi) және iштей (деңгейлiк) саралауға негiзделген жаңа әдiстемелiк жүйе жасау арқылы бiлiм стандарттарын (мiндеттi талаптар деңгейiн) сақтай отырып шешу.

Әлемдiк практикада екi үрдiс байқалады. Оқытудың дәстүрлi дараландырған жүйесi бар елдерде (АҚШ, Ұлы Британия ) ортақшыл үрдiстердiң өсуi байқалады, бұл сараландырылған мектеп түрлерiнiң санының қысқаруынан және халыққа бiлiм беру жүйесiнiң орталық органдарының орта мектептi бiтiрушiлер үшiн базалық бiлiм берудiң бiрыңғай стандарттарын жасауға ұмтылысынан көрiнедi.

Екiншi үрдiс мектеп пен ондағы бiлiм мазмұнын саралаудың түрлерi «жоғарыдан» қатаң регламенттелетiн елдерде (ГФР, Франция, Италия) байқалады.

Егер бiз бiздiң мектептiң тарихына көз жүгiртсек, онда сараландыру проблемасына назар аударудың қоғам өмiрiндегi айтарлықтай өзгерiстер кезеңiнде: 20–жылдары, ендi мiне 80–жылдардың аяғы – 90 жылдардың басында күрт өскенiн көремiз. Қоғамдық өмiрдi демократияландыру, толитарлық практикадан алшақтау қол үзу жалпы адамзаттық құндылықтарға, оның iшiнде ең асылы болып табылатын адам өмiрiнiң құндылығына оралу адамның iшiндеадамның жеке басын, тұлғаның қабiлеттерi мен бейiмдiлiктерiн барынша дамыту мiндетiн тағы да алға қояды.

Саралап оқытуға арналған оқу - әдiстемелiк кешеңдердi (ОӘК) әзiрлеудiң негiзiнде олардың мынадай ерекшелiктерi алынған:


  • оқу, әдiстемелiк және дидактикалық оқу құралдарының құрылымы мен мазмұнына әр түрлi деңгейдегi тәсiл, ол бiлiм стандартында көзделген мiндеттi даярлық деңгейiне қол жеткiзу сияқты, білім алушылардың бiлiм мазмұнын одан да жоғары деңгейде меңгеру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге қойылатын оның өзiндiк талаптары түрiнде ОӘК –тiң деңгейiнде iске асырылуға тиiстi iскерлiк тәсiл;

  • оқу ақпаратын берудiң тәсiлдерi мен нысандарына; оқу құралдарының дидактикалқ аппаратына; әдiстемелiк және дидактикалық оқу құралдарның сипаты мен мазмұнына; оқу процесiн материалдық – техникалық қамтамасыз етуге қойылатын оның өзiндiк талаптары түрiнде ОӘК –тiң деңгейiнде iске асырылуға тиiстi iскерлiк тәсiл.

Бұрын көрсетiлгендей, саралап оқыту адамдардың жекеленген топтарына қатысы жөнiнен жеке тәсiлдi iске асыруға бағытталған. Саралап оқыту, бiр жағынан алғанда жалпы бiлiм берудi кеңейтумен және тереңдетумен, екiншi жағынан – кәсiбилендiру элементтерiмен ұштастырылды.

Модульдік технология - дамыта оқыту идеясына негізделген. Модульдік оқытудың мақсаты – білім алушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету. 

Модульдік оқытудың өзегі – оқу моделі. Оқу моделі:


  • ақпараттардың  аяқталған блогынан;

  • бағдарламаны табысты мұғалімнің нұсқауларынан;

  • білім алушы іс-әрекетінің мақсаты бағдарламасынан тұрады.

Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған. Ал, инновациялық технологиялар  бір білімнің басымды мақсаттарымен  біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан  міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері жиынтығын құрайды.

Осы аталған оқыту міндеттерін мұғалім меңгеруі үшін, ұстаздар қауымымен төмендегідей педагогикалық жұмыстар жүйесі жүргізілуі керек: проблемалық-рөлдік ойын; рефлексивті-рөлдік ойын; панорамалық сабақтар; педагогикалық ринг; педагогикалық идеялар аукционы; ашық сабақтарға кіру, талдау және т.б.

Барлық жаңа технологияның алдымен қоятын мақсаты- білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.

Модулдік оқыту және рейтинг - бақылау жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталсақ, модуль дегеніміз - міндетті түрде білім алушының білімен біліктерін тексеру элементі бар оқу материалының логикалық аяқталған білім. Модульді құрастырыудың негізінен пәннің жұмыс бағдарламасы алынады. Ол көбінесе пәннің тақырыптарына немесе өзара байланысты тақырыптар блогына сәйкес келеді. Бірақ, тақырыптан айырмашылығы – модульде: тапсырма, жұмыс, білім алушылардың сабаққа қатысу, білім алушылардың старттық, аралық және қорытынды білім деңгейі – бәрі – бәрі өлшеніп, бағаланып отырады. Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклы ретінде үш құрамды бөліктен тұрады: кіріспе, сөйлесу және қорытынды.

Кіріспе бөлімінде мұғалім білім алушыларды оқу модулінің жалпы құрлымымен, оның мақсаты – міндеттерімен тапсырылады. Бұдан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалына қысқаша (10-12 минут ішінде) сызба, кесте т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарды жүйелейтін болса, модулдік оқыту технологиясы құрлымының мынадай нұсқасын көреміз: 1.Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру: 2.Сыныпты мазмұны жақын тақырыптар топ немесе тарау бойынша жасалған жалпы модульмен таныстыру. 3.Мұғалмнің оқу материалын қысқаша баяандауы. 4.Өзара сөйлесу негізінде оқущылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және әрбір білім алушынық қызмет нәтижесін әр сабақта бағалап отыру. 5.Жалпы тақырыпқа, тарауға («өсу» бағытымен) 4-7 рет қайта оралу негізінде оқу материалын оқып-үйрену. 6.Тұтас тақырып бойынша тестілеу. 7.Тақырып бойынша қалыпты сынақ (өзіндік жұмыс,бақылау жұмысы, т.б.).

Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшелігі - мұғалімнің даярлық жүйесі. Ал педагогикалық процесс барысында ол фасилитатор, кеңесші және білім алушылардың танымдық процесін ұйымдастырушы ролінде болады. Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұнын және нәтижелерін, сондай-ақ сол модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрады.

Базалық ұғымдар негізінде (оқу пәнінің мазмұны құрайтын негізгі мағыналық бірліктер, терминдер, ұғымдар, заңдар) - модуль бойынша естілетін істердің барлығын қамтитын және модульді оқып біткеннен кейін бақылауға (әдетте тест түрінде) алынатын сұрақтар мен тапсырмалар құрастырылады. Әрбір модуль қарастырылып болғаннан кейін тест бақылауның нәтижелері бойынша оқытушы студенттерге қажетті ұсыныстар жасайды.



Мақсат пен жетекші принциптер





Сабақтық мазмұны

Модульдік жобалау мен бағалаудың рейтингілік бақылау жүйесі




Модульдік оқыту технологиясы

Оқытудың әдістері, түрлері және құралдарының бірлігі

Оқу модулі мен дидактикалық материалды құрастыру

Кесте-1. Модульдік оқыту технологиясы


Модуль - танымдық және кәсіптік оқыту бөлімдерінен тұрады .

Бірінші бөлім - теориялық білім береді, екінші - алынған білімдер негізінде кәсіби біліктер мен дағдыларды қалыптастырады.

Модуль құрастырудың негізгі үш принципі: кешендік, кірігулік және жеке дидактикалық мақсаттардың бірлігі, тұтастығы. Кері байланыс қағидасы - бақылау, талдау, білім алушының оқудағы өзін-өзі басқаруына сәйкес коррекция жасау. Қызметтің, іс- әрекеттің практикалық бағыттылығы.

Бақылау мен бағалаудың рейтингтік жүйесі: Білім мен білікті бастапқы түрде бақылау. Міндетті түрдегі өзіндік және аралық бақылау, жеңіл түрдегі өзін -өзі бақылау, үлгімен салыстыру. Соңғы немесе қорытынды бақылау (білім, білік, дағдылар деңгейі). Бақылау таблицасы (5- балдық жүйе). Тестілеу (бастапқы, аралық, соңғы). Іріктеп тестілеу. Оқу- танымдық белсенділік. Шығарма. Реферат. Қосымша жұмыстарды орындауы (көрнекі құралдарды дайындау, дидактикалық ойындарға қатысу). Сынақ.

Витогенді технология - инновациялықтехнология, оның пайда болуы мен дамуы, түрлері туралы әңгімелеудің алдында қазір білім беру жүйесінің негізгі бағытарына тоқталу керек. Жаңа технологияны оқыту үдерісінде пайдалану қажеттіліктен туындады. Ғылыми- техникалық даму ғасырындағы жаңа қажетті жағдайдың бірі – интелектуалдық, шығармашылдық, гуманды жас ұрпақты тәрбиелеу. Даму педпгогикалық оқыту процесінің, терең мағыналы мәніне айналады. Осы жаңа педпгогикалық технологиялардың бірі витогенді технология.

«Витогенді» сөзі латын тілінен аударғанда «өмір», «тіршілікке қатынасты құбылыс» деген мағынаны береді [4].

Витогенді технологияны оқыту үдерісінде өте тиімді пайдалануға болатындығын ғылымда дәлелдеген. Мұны голографиялық тәсілі деп атайды. Голография - заттың көлемді кескінін алуға мүмкіндік беретін әдіс. Голография ұғымы ғылымға 1993 жылы енгізілді. Одан әрі голографиялық сана деген ұғым пайда болды [4].

Витогенді проекция - жаңа материалдытүсіндіруге дайындық кезінде витогенді ақпаратты оқу үдерісінде пайдалануын айтамыз. Мұндағы вектор: білім алушы - білім - оқытушы

Стереопроекция - мұғалімнен шығатын ақпарат, оны берген кезде витогенді білім алушы ақпараттан пайдаланамыз.

Мұндағы вектор: білім алушы - білім – оқытушы.

Голографиялық технологияның бірнеше түрлері бар:

1. Ретроспектрлік әдісті пайдалану. Ретроспектрлік «өткенді пайдалану, қарау» деген сөз; өз тәжірибесін, білімін оқу үдерісінде пайдалану. Бұл әдіс білім алушылардың витогенді ақпаратының қорын, олардың білігі мен дағдысын оқу үдерісінде қолдану арқылы қорытынды шығаруда пайдаланылады.


Проблемалық оқыту. Қазіргі заманғы білім берудің басты мақсаты- мамандарды әлемді шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы тұрғыдан алғанда ғылыми міндеттерді дәстүрлі емес әдістермен шешудің жолы ретінде проблемалық оқыту жүйесі ұсынылуы заңды құбылыс [7].


Проблемалық оқытуда мұғалім білім алушы білуге тиісті таным- түсінікті өзі айтып бермейді, қайта шәкіртке іздетеді. Олар ұғынуға тиісті заңдар мен заңдылықтарды, теориялық танымды, ақыл-ой тұжырымдамаларды білім алушының өздеріне іздету арқылы тапқызып, деркетерді талдап талқылау арқылы жетеізген нәтиже, түсінік-танымы тиісті білімді меңгеруі болып шығады. Сонда бұл жол проблеманы шешу, түрлі проблемалық ситуацияны талдау, болжамды айқындау, күрделі мәселе түйінін тарқату, мүмкіндігіне қарай тәжірибеде сынау нәтижесінде қол жеткен таным- түсінікті менгеруді білім алушының алған білімі деп танимыз. Мұндай іс- әрекет барысындағы жүйе мынау: проблемалық оқытуда мұғалім білім алушыны білім жүйесін ұқтыру мен іскерлік дағдысын қалыптастырумен қатар шәкіртің танымдық, шығармашылық бағдарда болуына жол нұсқайды. Проблемалық оқыту білім алушының ғылым негіздерін мегерудегі дербестігін, қаблетін дамыту көзделеді.

Білім беру жүйесіндегі реформалар мен қазіргі оқу орындарының тұлғалық-бағдарлы оқытуға бет бұруы - болашақ оқытушының кәсіби бағыттылығының даярлығына жаңа талаптар қояды. Білім беру жүйесі дамуының қазіргі кезеңі жаңа парадигмаға өтудің жолдарын іздестірумен, яғни білім берудің жаңа мақсатының жетістіктерімен байланысты.

Қорыта келе, қоғамның барлық салаларында инновациялық технологияларды тереңінен енгізудің қолданыс аймағы уақыт өткен сайын артып, оларды жоғары мектеп жүйесінің білім беру үдерісінде пайдалану, сөйтіп жоғары кәсіби мамандарды сапалы даярлаудың маңыздылығы күн өткен сайын артып отыр. Осындай шарттардың барлығы оқу орындарында оқыту мазмұнына сапа және деңгей бойынша қойылатын талаптарға ықпалын тигізеді.

Ж.Садуова бойынша жаңа педагогикалық технологиялардың мақсаты және мазмұндық нобайы



















































ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Харламов М.Ф. Педагогика. Проективная педагогика. Учебное пособие. – Екатеринбург: Издательство «Деловая книга», 1996. – 222 б.

  2. Янушкевич Ф. Технологии обучения в системе высшего образования. — М., 1984.

  3. Қараев Ж., Қуанбаева Б. Жетілдірілген педагогикалық жүйені жобалаудың дидактикалық шарттары. // Ізденіс. – 2004. - №1. 233-236 б.

  4. Занков Л. В. Избранные педагогические труды. -М.:Дом педагогики, 1999, с. 107.

  5. Фрадкин Ф. Инновационное обучение: стратегия и практика. Под. ред. В.Я.Ляудис.-М.: Изд-во МГУ, 1994.-203 с.

  6. Бұзаубақова К. Болашақ маманның инновациялық тұлғасын қалыптастыру // Қазақстан жоғары мектебі. 2005, №4. 54-58б.

  7. Махмутов М.И. Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру. – Алматы : Мектеп, 1981

  8. Қазмағамбетов А.Г., Кеңесбаев С.М. Білімді ақпараттандыру, оның негізгі педагогикалық мақсаты мен мәні. //Ғылыми мақалалар жинағы, жоғарғы оқу орындарындағы педагогикалық білімді жетілдіру: бүгіні мен болашағы, ҚазМем.ҚызПИ. Алматы, 2004. - 43б.

  9. Садуова Ж. Н. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану // Білім-Образование. - 2006.

  10. Жанпейсова М.М. Модульная технология обучения как средство развития ученика. – Алматы, 2002.

  11. Кеңесбаев С., Ергебекова Ұ. Педагогикалық қызметке жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға дайындықты қалыптастырудың кейбір жолдары // Ұлт тағылымы, 2005, №4



Резюме
В статье рассмотрены новые инновационные технологии обучения в учебном процессе образовательных учреждений. Преподаватель должен быть не только высококвалифицированным, отвечающим требованиям госстандарта специалистом, но и всесторонне равитым, живо интересующимся экономическими преобразованиями обладающим креативным мышлением гражданином и патриотом своей страны.

Summary
In this article considered the new innovation technologies of learning process of educational institutions.

The teacher must not only be highly meeting the requirements of state standards specialist, but also comprehensively equality actively interested economic transformation have creative thinking citizen and patriot.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет