Тәжірибе көрсету. Денелердің түрлі қасиеттерімен түрлі табиғат құбылыстары арасындаға байланыстарды анықтау үшін түрлі тәжірибелер жасалады.
Дүниетану пәнін оқытқанда тәжірибе көрсету маңызды орын алады.Олар заттар мен денелердің физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерін анықтау, табиғат кұбылыстарын түсінідіру үшін қажет. Мысалы, тау жыныстарының мүжілуі, судың, ауаның, топырақтың қасиеттерін зерттеу кезде осы әдістерді қоладанады.
Тәжірибелердің педагогикалық құндылығы оларды орындау кезінде оқушылардың білімі, дағдылары мен машықтары ұштасатынымен, олардың дербестігі тәрбиеленетінімен анықталады.
Тәжірибелер мұғалім орындайтын демонстрациялық және оқушылар жасайтын зертханалық болып бөлінеді. Зертханалық тәжірибе бүкіл класс орындайтын фронтальдық, топтық, жеке болуы мүмкін. Топтық, жеке тәжірибелер оқушылар мұғалімнің тапсырмасымен уйде орындайды, мысалы; судың үш күйін бақылау, тұқымдарды өндіру, нақты тақырыптық бақылау жұмыстар.
Бастауыш класта көбіне демонстарциялық тәжірибе көрсетіледі, мұнда мұғалім немесе белсенді, ұқыпты бір оқушы не болмаса кезекші жүргізеді, ал қалғандары бақылап отырады.
Тәжірибелер иллюстративтік, эвристикалық, ғылыми зерттеу түрінде болады. Эвристикалық тәжірибелер оқушылардың өз бетінше нақты нәтижелер алу мақсатымен жасалады. Суды суыту, суды қайнату, суды қатыру және нәтижесін түсіндіру т.с.с.
Класта жүргізілетін тәжірибеге мұғалім алдын-ала приборлардың жұмыс істейтіндігін тексеріп, тәжірибені жасап алады. Мұғалім жұмыс орнын әзірлегенде тәжірибеге қажеттілердің барлығы белгілі орында тұратындығын қадағалау керек. Әсерлі тәжірибелерге сақ болған жөн, өйткеніатыла, дыбыс шығара, лап ете жүретін тәжірибелер оқушыларды қатты абыржытады. Егер тәжірибелер бірін-бірі толықтыратын болса, онда бір сабақта үш тәжірибеге дейін жасауға болады.
Оқушылар қарапайым тәжірибелерді қорытындылармен қоса дәптерлеріне жазады. Ол мына ретпен жазылуы тиіс; алдымен тақырыбы, тәжірибеге арнап құрастырылған прибордың суретін сал, тәжірибенің жүрісі мен қорытындысын жазып алады.
Мұғалім көрсеткен немесе балалар жасаған тәжірибе негізінде міндетті түрде әңгімелесу ұйымдастырылады. Әңгімелеу үстінде оқушылардың тәжірибе кезіндегі көріністі табиғатта бақылағанымен салыстыру керек.
Мұғалімінің міндеті – балаларды бақылау негізінде қорытынды, талдап қорытынылау және салыстыра қорытынды жасауға үйрету.
“Табиғаттағы су ” тақырыбына арналған (3- класс) тәжірибенің жүргізілуін қарастырайық.
Мұғалім 240-300 см көлемі бар химиялық стақанның түбіне қалыңдығы шамамен 3 см болатын құм салып, бүкіл құм суға бататындай мөлшерде су құяды. Құм бетәне жасыл мүк, шөптерден ландшафт жасап қойсада болады. Стақанның үстіне қар 2/3 пен тұздың 1/3 қоспасы бар тәрелке немесе буландыруға арналған табақша қояды. Стақанды жалынмен аралыққа асбестті төсеніш салып, спирт шамымен қыздырады. Су қайнап кетпей, судың құмнан біртіндеп булануын қадағалап отыру керек. Бастапқыда стақан қою тұманға толып кетеді, ландшафт көріньей қалады. 1 минуттан соң стақанның қабырғасы қызып, ондағы ауаны жылытады. Су буы көзге көрінбей, тұман біртіндеп сейіледі. Стақанның үстінгі жағындағы ауаны қар салқындатады ( мұғалім табиғатта да өте биіктегі ауаның салқын күйі болатынын түсіндіреді) Мұғалім осы тәжірибе арқылы балаларға судың бәр күйден екінші күйге ауысуы, және тұман, бұлт, жанбырдың пайда болуына түсінік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |