Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, атағы, қызметі



бет2/8
Дата05.02.2024
өлшемі58.18 Kb.
#490910
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Силлабус ежелгі, хандық д. әдебиеті, 2-курс

Оқу курсының типі: ТК
«Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті және оны оқыту» пәнінің мақсаты:-Ежелгі түркі әдеби жәдігерліктерді және хандық кезеңіндегі мұраларымызды жан-жақты таныстыру, төл әдебиетіміздің қайнар бастауы сонау ежелгі заманнан бастау алатынын және көне түркі тілінде жазылған көркем шығармалардың қазақ әдебиеті тарихынан алатын орнына, өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасау болып табылады.
Пәннің негізгі міндеті:
- білім берудегі жаңа тенденцияларды негізге ала отырып, студенттерді қазақ әдебиеті тарихының қайнар бастауларымен таныстыру;
- Ежелгі және хандық дәуір әдебиетінің туындыларының тақырыптық-идеялық ерекшеліктері, мазмұны және оны оқыту туралы білім беру;
- қазақтың көркем сөз өнерінде сан ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан көркемдік дәстүр жалғастығы, ежелгі әдебиетіне тән мұралар, хандық дәуір әдебиетінің даму ерекшеліктеріжәне оны оқытудың оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдері, критериалды бағалау және т.б. мәселелерді меңгерту;
- оқу бағдарламасы аясында білім беру ресурстарын қолдануға үйрету;
«6В017 - Тіл мен әдебиет мұғалімін дайындау (қазақ тілі мен әдебиеті)» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыру болып табылады:
ОН - 2. Тәрбие мен білім берудің жаңа философиясын түсінеді, педагогикалық қызметінде басшылыққа алады, ғылыми зерттеуді ұйымдастырудың ұстанымдарын, ғылыми білімдерді құрастыру мен оған қол жеткізудің тәсілдерін түсінеді.
ОН - 6. Сандық технологияның дамуымен байланысты көпфункциональды ақпараттар легімен жұмыс істейді, өзгерістерге тез бейімделеді, тіл үйренуге бейім, ынтымақтастық жағдайында топта жұмыс істейді және сыни ойлай алады.
ОН - 10. Тіл мен әдебиет салаларын оқытуда педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерді меңгереді, кәсіби өсу жолында өзінің білім траекториясын құрастырады.
4. Курстың академиялық саясаты:
Академиялық тәртіп ережелері:
• Аудиториялық сабақтарда төменде келтірілген кестеге сәйкес алдын ала дайындалу керек. Тапсырманы дайындау тақырыбы талқыланатын аудиториялық сабаққа дейін аяқталуы тиіс.
• Тапсырмаларды (СӨЖ, СОӨЖ аралық, бақылау, жобалық жұмыстар мен тапсырмаларды және т.б.) орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау қажет. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет