Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулық Тақырыбы



жүктеу 65.27 Kb.
Дата04.03.2016
өлшемі65.27 Kb.
ҚММУ Ф 4/3-06/03

ҚММУ БЕ 4/03

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Қазақ тілі кафедрасы

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын

жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулық

Тақырыбы: Университет – білім ордасы.

Пәні: Қазақ тілі

Мамандығы: 5В110300 - «Фармация»

Курс: I

Құрастырушы: оқытушы Конурова Н.А.

Қарағанды 2014ж.

Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді

№1 хаттама 29.08.2014ж .

Кафедра меңгерушісі., п.ғ.к ____________ Насырова А.Б.



Тақырыбы: Университет – білім ордасы.
Мақсаты: Берілген мәтін негізінде студенттердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру. Орфоэпиялық, орфографиялық заңдылықтар мен заңдарды меңгеру. Мәтінді баяндау, алған мәліметтерге өз қабылдауы бойынша баға беру, әңгімені талқылау, өз көзқарасын білдіру.

Оқыту мақсаты: Қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейіндегі негізгі міндеттерді сөйлеу түрлеріндегі модельдер мен қатысым түрлері арқылы жүзеге асыру. Қазақ тілінің орфоэпиялық және орфографиялық заңдылықтары мен заңдарын және фонетикалық, лексикалық, грамматикалық нормаларын толық меңгерту.

Өткізу нысаны:

- шағын топтар;

- оқулықтармен жұмыс істеу;

- сұрақ-жауап жаттығулары;

- қысқаша әңгімелеу;

- барлық туындаған сұрақтар бойынша оқытушымен кеңесу;

- тестілеу;
Тақырып бойынша тапсырмалар:

1-тапсырма. Рөлдік ойын.

Сіз бір мамандықты таңдаңыз.

Сіздің міндетіңіз: Өзіңізді таныстыру.

Көршіңіздің міндеті: Сізді таныстыру.



Мысалы: Менің атым Әсел. Ұлтым қазақ. Мен дәрігермін. Мен облыстық медицина орталығында жұмыс істеймін. Мен Қарағанды қаласында тұрамын. Жасым жиырма бесте. Оның аты Әсел. Ол – қазақ. Оның мамандығы дәрігер. Ол облыстық медицина орталығында жұмыс істейді. Оның жасы жиырма бесте.

2-тапсырма. Сұхбатты толықтырып, жалғастырыңыз.

Сіз қай университетте оқисыз

Дәрігердің адамдық борышы қандай

Өз ісінің шебері болу үшін не істеу керек



3-тапсырма. Берілген мәтінді аударыңыз.

ҚММУ алыс және таяу шет мемлекеттерінің оқу орындары және ғылыми орталықтарымен тығыз халықаралық байланысты үзбейді, сонымен қатар ҒЗО (НИЦ) құрамына енетін қуатты ғылыми базасы бар, онда медицина ғылымындағы қолданбалы және фундаментальды бағыттарында қазіргі заманға сай зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Университет медициналық білім берудегі сапа жүйесін жақсарту мақсатында Ұлыбританияның Еуропадағы медициналық білім беру ассоциациясымен (ЕМББА (АМЕЕ)), медициналық білім беру Дүниежүзілік Федерациясымен ынтымақтастық жасауда. Біздің оқу орнымыздың базасында жүйелі түрде Халықаралық және Республикалық семинарлар мен конференциялар өткізіледі.


Таратылатын материал (қажеттілік кезінде немесе сілтеме) карточкалар

Әдебиеттер:

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. А.С.Ержанова, С.М.Тажибаева, А.К. Алпысбаева. Медициналық тақырыптар бойынша мәтіндер топтамасы: оқу-әдістемелік құрал. Қарағанды, 2009.



Қосымша әдебиеттер:

2. Г.М.Талиева. Тағам гигиенасы бойынша орысша-қазақша сөздігі: Қарағанды, 2005.

3. Р.Г.Сыздықова, К.Ш.Хұсайын. Қазақша - орысша сөздік: 50 мыңға жуық сөз Алматы, 2008.

4.Л.Ө.Жандарбекова, Г.К.Масабаева, Б.Е.Мукеева, Г.Е.Оспанова.

Лексикалық-грамматикалық тапсырмалар жинағы: оқу-әдістемелік құрал. Қарағанды, 2012.
Бақылау:

Тестер:

1. Қарағанды мемлекеттік медициналық институты қай жылы ашылды



  1. 1953

  2. 1956

  3. 1950

  4. 1955

  5. 1988

2. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

  1. Үлкен өмір

  2. Аңқау бала

  3. Жалғыз үй

  4. Ана сүтін ақтау

  5. Ұят болады

3. Қай жылдан бастап академия университет дәрежесін алды

  1. 1999

  2. 2005

  3. 2009

  4. 2004

  5. 2000

  1. Сөйлемді толықтырыңыз.Университет ректоры болып Телеуов М.К......

  1. тағайындалды

  2. болды

  3. біріккен

  4. дамыған

  5. орналасқан

5.Синонимді белгілеңіз

  1. ата-ана, жер ана

  2. адамгершілік, жауапкершілік

  3. табиғат, адам, өмір,

  4. жанұя, отбасы

  5. тәрбие, қасиет

6. Омонимнің анықтамасын белгілеңіз

  1. Мағыналары әр түрлі

  2. Жазылуы, дыбысталуы бір, мағынасы әр түрлі сөздер

  3. Сөз бен сөзді байланыстыратын сөздер

  4. Жазылуы әр түрлі, мағыналары бір-біріне жақын сөздер

  5. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер

7. Сөйлемдерден антонимдік жұпты сөздерді табыңыз

  1. Барлық алыс-жақын туыстық – осы отбасынан басталады.

  2. Ғұрыптық заң-салттарымен бекітілген.

  3. Бел ортасы - отбасы саналады.

  4. Ол – ата, әке, бала.

  5. Отбасы – адам ғұмырының тірегі.

8. Сөздің аудармасын табыңыз үдеріс -

  1. кидать

  2. политика

  3. процесс

  4. активность

е) специалист

9. Тұрақты сөз тіркесі қатысқан сөйлемді табыңыз.



  1. Ол көптен ат ізін салмады.

  2. Үйдегі кісілерді бастап, тысқа шықты.

  3. Сол уақытта Ақбала кірді.

  4. Өз сөзіңдей қып жеткізейін!

  5. Құдайменде үн-түнсіз түрегелді.

10. Сұраққа жауап беріңіз: Стоматология факультеті қашан ашылды

  1. 1978

  2. 1975

  3. 1979

  4. 1973

  5. 1975

11. Сұраққа жауап беріңіз: 1950 жылы Емдеу факультетінің қанша кафедрасы ашылды

  1. 12

  2. 19

  3. 18

  4. 11

  5. 10

12. Аудармасын табыңыз. Қағида–

  1. принцип

  2. закон

  3. правило

  4. качество

  5. программа

13. Сұраққа жауап беріңіз: 1984- 1989 жылы институт ректоры кім болды

  1. Аминеев Ф.С.

  2. Хлопов А.П.

  3. Беляев Ю.Д.

  4. Зорина А.А.

  5. Құлмағанбетов И.Р.

14. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз.

  1. Бері жібер.

  2. Қара торы.

  3. Ақ шұбар.

  4. Қою қара сақалды.

  5. Қас пен көздің арасында.

15. Сөйлемді толықтырыңыз.1989- 2001 жылдары институт ректоры профессор М.ТАлиакпаров….

  1. сайланды

  2. болды

  3. басқарды

  4. тағайындады

  5. орналасты

16. Тура мағынада қолданылған сөз тіркесін табыңыз.

  1. Биік сезім.

  2. Биік тау.

  3. Биік ой.

  4. Жылы лебіз.

  5. Жылы ниет

17. Дұрыс жазылған сөз тіркесін табыңыз.



  1. болады пайда

  2. сүретін орта өмір

  3. ұлттық дәстүр

  4. асырылады жүзеге

  5. мәселесі отбасы

18. Омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз.

    1. текемет

    2. қайшы

    3. аш

    4. батыр

    5. аула

19. Жайылма жасап тұрған сөйлем мүшесін анықтаңыз.

  1. бастауыш

  2. пысықтауыш

  3. анықтауыш

  4. толықтауыш

  5. баяндауыш

20. Сұраққа жауап беріңіз: «Синоним» дегеніміз не

a) мағыналары бір-біріне қарама қарсы сөздер.

b) айтылуы, жазылуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздер.

c) ауыспалы мағынада қолданылатын сқздер

d) айтылуы бірдей, жазылуы бірдей сөздер.

e) жазылуы әртүрлі, мағыналары бір-біріне жақын сөздер.


Мәтін бойынша келесі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. ҚММУ қай жылы ашылды

  2. Аспирантура және клиникалық ординатура қай жылы ұйымдастырылды

  3. Алғаш институтта қандай ғалым-педагогтар жұмыс істеді

  4. Қай жылы университет дәрежесін алды

  5. Фармацевтік, шығыс медицинасы факультеттері және медициналық колледжі қай жылы ашылды

  6. Университеттің басты жетістігі


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет