Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) – 15 сағат Емтихан – IІІ -ші семестрде



жүктеу 1.72 Mb.
бет10/15
Дата17.06.2016
өлшемі1.72 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Анкета әдісі – вербалды коммуникация негізінде бірінші әлеуметтік- психологиялық ақпарат алу әдісі.

Әдіснама – теориялық және пратикалық қызметті ұйымдастыру мен құрудың ұстанымдары және тәсілдерінің жиынтығы.

Бақылау - психикалық құбылыстарды жүйелі, мақсатты қабылдаудан тұратын эмпирикалық зерттеу әдісі.

Болжам – қажетті нәтижені қалай, қандай жолмен, ненің көмегімен алуға болатындығы жайында негізделген ой.

Ғылыми-педагогикалық зерттеу – жаңа педагогикалық білімдерді қалыптастыру үрдісі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың объективті заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекеттің бір түрі.

Дедуктивті әдіс - жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы

Зерттеу объектісі - шешуді қажет ететін маңызды проблемалар жинақталған ақиқат шындықтың саласы.

Зерттеу объектісі – зерттеушінің назарын аудартатын, зерттеу субъектісінен тәуелсіз өмір сүретін белгілі бір үрдіс, құбылыс.

Зерттеу пәні – бұл ракурс, бір нәрсеге қараудың нақты жағы.

Зерттеудегі мақсат қою – бұл шынайы педагогикалық ақиқат тұрғысынан мүмкіншілктерін есепке ала отырып, оның қазіргі күйін жаңа, қажетті, болашақта тілейтін күйіне өзгерту тәсілдерін таңдау

Индуктивті әдіс - ой қозғалысының жекеден жалпы қорытындыға қарай жүруі

Инновация - педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, формаларын, әдістерін, құралдарын енгізу.

Мақала – бұл нақты сұрақтар немесе зерттеу нәтижелері бойынша автордың көзқарасы көрсетілген шағын көлемдегі арнайы публикациялар.

Міндет – мақсатқа жетудің бөлігі, қадамы, кезеңі.

Ой – құралмен жабдықталған идея, бұл өзін жүзеге асырушы құралдармен қамтамасыз етілген идея.

Педагогикалық зерттеулердің мақсаты - жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамытудың объективті зааңдылықтарын ашу, белгілі заңдарды саналы және мақсатты түрде оқу-тәрбие жұмысының практикасында қолдану.

Педагогикалық мақсат – педагогикалық идеал және педагогикалық ақиқаттың шынайы үрдістері мен құбылыстарын өзгертуде олардың әлеуетін салыстыру негізінде жасалған болжаудың нәтижесі.

Педагогикалық факт – орта жағдайлары және тұлғаны дамыту факторлары арасындағы кейбір, бірнеше мәрте және шынайы бекітілген байланыстар.

Проблема – ғылымда белгісіз, анықталмаған нәрсе

Психодиагностика – тұлғаның индивидуалдық- психологиялық ерекшеліктерін анықтаумен өлшеуге әдістерді өндейтін психологияның саласы.

Реферат (лат. тіл.- refero – хабарлаймын) – ғылыми жұмыстың мазмұнын баяндама ретінде немесе жазбаша түрде беру.

Теориялық зерттеу – бұл педагогикалық құбылыстардың ерекшеліктерін, белгілерін, қасиеттерін, бөлек жақтарын бөліп қарастыру.

Тест – белгілі мәндік шкаласы бар стандартталған сұрақтармен тапсырмаларды қолданатын диагностикалық әдісі.

Шарттар – бұл ізденіс жүретін ішкі және сыртқы жағдайлар.

Эксперимент - зерттелініп жатырған объектінің мінез-құлқындағы өзгерістерді тіркеу және манипуляцияны жүзеге асыратын зерттеушінің сол ситуацияға белсенді кірісуін білдіретін ғылыми тану әдісі.
5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ

Дәріс 1. Ғылыми ізденістің жалпы әдіснамасы

  1. Әдіснама білімді жинақтау және практикада қолдану тәсілдері жайындағы ғылым ретінде.

  2. Әдіснаманың объектісі және пәні.

  3. Диалектикалық теория ғылыми білімнің жалпы әдіснамасы ретінде.

  4. Педагог мәдениетінің әдіснамалық компоненті.


Әдіснама білімді жинақтау және практикада қолдану тәсілдері жайындағы ғылым ретінде.

Әдіснама ең алдымен ғылыми танымның әдіснамасы, яғни ғылыми танымдық іс-әрекеттің формалары мен тәсілдері, құрылымы жайындағы ілім. Ғылымның әдіснамасы ғылыми зерттеудің компоненттеріне (объектісі, талдау пәні, міндеті, құралдар жиынтығы) сипаттама береді. Осылайша, ғылымның әдіснамасы – таным және ондағы өзгерістердің теориялық жиынтығы.

Кез-келген әдіснама реттеуші және нормалау қызметтерін атқарады. Әдіснамалық білім дескриптивті (суреттеуші, бейнелеуші) және прескрептивті (нормалау) формаларында көрінеді. Дескриптивті әдіснама – бұл ғылыми білімнің құрылымы мен ғылыми танымның заңдылықтары жайындағы ілім. Ол зерттеу үрдісінде бағыт береді. Прескрептивті әдіснама – іс-әрекетті реттеуші қызметін атқарады.

Әдіснамалық білімнің 4 құрылымдық деңгейі бар. Олар:



  • философиялық деңгейде танымның жалпы ұстанымдары мен ғылымның категориялары қарастырылады;

  • жалпығылыми деңгейде теориялық тұжырымдамалар жинақталады;

  • нақтығылыми деңгейде арнайы ғылыми зерттеуде қолданылатын зерттеудің әдістері мен ұстанымдарының жиынтығы белгіленген;

  • технологиялық деңгейде зерттеудің әдістемесі мен техникасы сипатталады. Ол басқа деңгейлер арқылы анықталады: педагогикалық зерттеу және оның ұйымдастырылуы сол деңгейлерге бағынышты.

Осылайша, әдіснама – теориялық және пратикалық қызметті ұйымдастыру мен құрудың ұстанымдары және тәсілдерінің жиынтығы. Сонымен қатар, ғылымның әдіснамалық негізі – табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші философиялық идеялардың жиынтығы. Бұл идеялар белгілі бір құбылыстың теориясын құруға мүмкіндік береді.

Әдіснаманың объектісі және пәні.

Қандай да болмасын ғылымның әдіснамалық объектісі - ғылыми зерттеу үрдісі, яғни құрылымдық бөліктері біртұтас ғылыми-танымдық іс-әрекет. Ғылымның әдіснамасының пәні – білім, оның генезисі және оны алу тәсілдері, практикалық қолданыс табуы.

Әдіснаманы ғылыми танымның ерекше аймағы ретінде бөліп қарау объективті дүниенің күрделі құбылыстарының мәніне адам ойының терең еніп, оны түсіне білу қажеттілігінен туындайды. Ғылымның әдіснамасы қандай да бір шындық дүние саласының ғылыми таным объектісін, таным объектісінің пәнінің белгілі бір жақтарын қарастырады. Оған мыналар кіреді: ғылыми таным объектісі мен пәнін зерттеудің ерекшеліктерін көрсететін қажетті зерттеу іс-шараларының жүйесі, таным нәтижелерінің адамдардың практикалық әрекетіне тигізетін ықпалы үрдісінің ерекшеліктері.

Диалектикалық теория ғылыми білімнің жалпы әдіснамасы ретінде.

Философияда ұзақ уақыт бойы екі негізгі философиялық әдіснама қалыптасқан: идеалистік жәнематериалистік. Қазіргі кезеңде нақты мәселе бойынша белгілі бір қауымдастықтың мүддесін жақтаған идеалистік ойшылдар бар. Көп әдіснамалық алғышарттардың ішінде белгілі бір құбылыс, объект барша табиғи және қоғамдық құбылыстар сияқты себеп-салдарлы байланыста екендігі маңызды орын алады. Осыдан материалистік бағытқа негізделген ғылым өз зерттеулеріне ықпал жасайтын өндірістік-экономикалық және әлеуметтік-саяси факторларға байланыстыра жүргізеді. Материалистік ғылым өткен дәуірдегі қоғамда көрініс берген теориялық тұжырымдарға, бүгінгі күні өзгерген саяси-әлеуметтік талаптарға орай қалыптасып жатқан ой-пікір ауқымын дәл осы тұрғыдан зерттейді, әрі өрбітеді. Диалектикалық және тарихи материализм тәрбиенің әлеуметтік мәні, адам дамуындағы әлеуметтік пен биологиялықтың өзара әрекеті, жеке тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуының мәні, адамның қалыптасуына әсер ететін объективті және субъективті факторлар сияқты маңызды педагогикалық әдіснамалық мәселелерді шешуге ғылыми негіз болады

Нақты ғылым әдіснамасы сұрақтарын талқылау материалистік диалектика негізінде жүргізіледі. Бірде-бір ғылым әсіресе, ғылым мен техниканың қазіргі даму жағдайында ғылыми таным әдіснамасы мәселелеріне ерекше зейін бөлмесе нәтижелі жұмыс жасай алмайды.

Педагог мәдениетінің әдіснамалық компоненті.

Педагог-зерттеуші бірде-бір күрделі сұраққа нақты әдіснамалық негізсіз шешім таппайтынын үнемі есінде сақтағаны дұрыс. Педагогтың кәсіби дайындығының ең жоғарғы деңгейі – оның әдіснамалық мәдениетінің қалыптасуы. Оның негізгі белгілері мыналар:



  • педагогика және философия ғылымдарының негізгі ұғымдарының мәнін түсінуі;

  • білім берудің түрлі ұғымдарын нақты ойлаудан абстрактілі ойлауға көшу деңгейі ретінде ұғынуы;

  • педагогикалық теорияны таным әрекетінің әдісіне өзгерте білуі және т.б.



Дәріс 2. Педагогика ғылымының әдіснамалық негіздері

  1. Педагогика ғылымының әдіснамасы.

  2. Педагогикалық зерттеулер әдіснамасының негізгі мәселелері. Оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту үрдісін және нәтижелерін зерттеудің әдіснамалық мәселелері.


Педагогика ғылымының әдіснамасы

Педагогика ұзақ уақыт бойы философияның бір бөлігі ретінде дамытылып, екі негізгі философиялық тұжырымдамалар бағытында қалыптасқан. Бірінші тұжырымдамада Сократ пен Платонның идеялары жинақталған. Олардың айтуынша, адам дамуының негізгі факторлары – оның табиғи қабілеттері. Ал сыртқы жағдайлар адамның дамуына елеусіз әсер етеді. Екінші тұжырымдамада Гераклит, Демокрит, Эпикурдың идеялары біріктірілген: адамның дамып, тәрбиеленуін, ең алдымен, қоршаған орта және сыртқы жағдайлар белгілейді.

Тұжырымдамалардың нәтижесінде педагогикада осы күнге дейін педагогикалық теорияны жасауда әртүрлі пікірлер айтылуда. Материалистік тәрбие теориясының шешімі үшін ең маңызды идея – бұл адамның жекетұлға болып дамуының көзі тіршілік иесінен сыртта, әрі оның қалыптасуы «әлеуметтік бағдарламаға» сәйкес, қоғамдық ықпалдың, соның ішінде тәрбиенің нәтижесінде іске асады. Сонымен қатар, бұл әдіснама, адам дамуының көзі, одан тыс екенін айта отырып, оның қоғамдық тұлға болып қалыптасуында өзінің ішкі белсенділігінің де маңызды орын алатындығын алға тартады, әрі зерттеушілерге өзіндік белсенділіктің көтерудің жолдарын табудың қажеттігін түсіндіреді.

Материалистік философия мен педагогика қоғамда әлеуметтік және рухани қатынастардың жетілуімен адамның өзі де жетіліп, әрі дамып отырады, оның өзіндік қасиеттері мен сапаларын ұнамды бағытта өзгертіп және жақсартып отыруы үшін зор табиғи мүмкіндіктерге ие екендігін жария етеді. Сонымен қатар, бүгінгі педагогика қоғамдық дамудың объективті заңдылықтарына сүйене отырып, қоғамдыө ілгерілеуге қызмет ету қажеттігін, адамды қоғамның ең жоғарғы құндылығы деп тануды өз міндеті деп санайды.

Зерттеушілер Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. есептеуінше, адам тәрбиесінің күнделікті практикасында, теориялық тұжырым жасауда болсын жоғарыда айтылған бүгінгі педагогика тұжырымдамаларын негізге ала отырып, идеалисттік бағытты да, имандылық шарттарын да өз орнымен үйлесімді пайдаланған жөн.

Педагогика әдіснамасы оқыту, тәрбиелеу және даму заңдылықтарын тану мен қолданудың жалпы тұрғыларын анықтайды. Педагогика әдіснамасының объектісі - жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту құбылыстарын тану, ал пәні – жаңа адамды қалыптастыру үрдісінің заңдылықтары. Педагогикадағы әдіснамалық тұрғы оқыту-тәрбие әрекеті практикасын өзгертудің тиімді жолдарын іздеу және қалыптастыру үшін қажет. Педагогика әдіснамасының қызметі – оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімді жаңа жолдарын жасау.

Педагогиканың әдіснамасына мына қағидалар енеді.



  1. Педагогикалық білімнің құрылымы және қызметі жайындағы ілім.

  2. Жалпығылымилық мәнге ие бастапқы, негізгі, фундаментальды педагогикалық қағидалар (теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар).

  3. Педагогикалық зерттеудің логикасы және әдістері жайындағы ілім.

  4. Алынған білімді практиканы жетілдіру мақсатында қолдану тәсілдері жайындағы ілім.

Педагогикалық зерттеулер әдіснамасының негізгі мәселелері.

Тәрбие теориясы мен практикасын дамыту мақсатында қазіргі уақыттағы кейбір өзекті мәселелерді бөліп қарастырған жөн. Бұндай мәселелердің топтары: 1) педагогика ғылымының пәні мен педагогикалық құбылыстарды танудың логикасының анықтаудағы әдіснаманың фундаментальды мәселелері; 2) оқыту, тәрбиелеу және дамыту мәселесін, педагогикалық үрдісті жүзеге асыруда мұғалім өз қызметін орындауда оның дайындық деңгейі мәселелерін зерттеудегі әдіснамалық тұрғының ерекшеліктері.



Педагогикадағы жалпы әдіснамалық мәселелері:

  1. Педагогика ғылым ретінде, оның пәні;

  2. Педагогика ғылымдарының жүйесі, олардың бірлігі және өзара байланысы;

  3. Педагогиканың басқа адамтану ғылымдармен өзара байланысының мәні мен маңызы, қоғам, табиғат туралы ғылымдардың негіздерімен байланысы;

  4. Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру әдістері мен формаларын жетілдірудің әдіснамалық негіздері.

  5. Дидактика және жеке пәндер әдістемесі бойынша зерттеулерді жетілдірудің әдіснамалық шарттары;

  6. Тұтас үрдіс ретіндегі тәрбие аясындағы зерттеулердің әдіснамалық шарттары (дамудың жас кезеңдері және оның ерекшеліктері);

  7. Педагогикалық білім беру үрдісін құру және жетілдірудің жүйелерін ғылыми негіздеу және зерттеудің әдіснамалық шарттары;

  8. Мектепке дейінгі тәрбиенің әдіснамалық мәселелері;

  9. Білім беру жүйесінің дамуын болжау әдіснамасы;

Әдіснамалық мәселелер тек педагогиканың жалпы негіздерін талқылауға ғана емес, сонымен бірге тұтас педагогикалық үрдісті жетілдіру, оқыту, тәрбие және дамытудың нақты сұрақтарын зерттеу мақсатында жүргізіледі.

Бұл мәселелердің барлығы жаңа емес, олар түрлі деңгейде педагог-ғалымдар еңбектерінде қарастырылған.

Қазақстан Республикасындағы жалпы орта және кәсіби мектептердегі реформалар педагогика ғылымының алдына өзекті теориялық және практикалық мәселелерді қоюда: мектептердің әлеуметтік қызметін, статусын көтеру; жалпы және кәсіби білім беруді жетілдіру; оқу-тәрбие үрдісінің өндірістік еңбекке оқытудың, мамандыққа бағыттаудың сапасын көтеру; педагогикалық мамандардың біліктілігін арттыру; білім беру жүйелерінің оқу-материалдық базасын жетілдіру жіне т.б.
Дәріс 3. Педагогикалық зерттеулер.


  1. Педагогикалық зерттеулерге сипаттама.

  2. Педагогикалық зерттеулердегі әдіснамалық, теориялық және эмпирикалық деңгейлердің сәйкестігі.

  3. Педагогикалық зерттеу ұстанымдары.


Педагогикалық зерттеулерге сипаттама.

Педагогика ғылымының дамуының маңызды факторы – оның зерттеу әдістерінің көбеюі мен ұдайы жетіліп отыруы. Ең алғаш педагогикалық теорияға әдістерді енгізген Г.Песталоцци, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий және т.б.

19 ғасырдың аяғы–20 ғасырдың басында эксперименталдық педагогика кең етек алды. Оның көрнекті өкілдері: неміс педагогы В.Лай (1862-1926 ж.ж.), Э.Мейман (1862-1915 ж.ж.), американ педагогтары және психологтары С.Холл (1846-1924 ж.ж.), Э.Торндайк (1874-1949 ж.ж.).

Ғылыми-педагогикалық зерттеу – жаңа педагогикалық білімдерді қалыптастыру үрдісі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың объективті заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекеттің бір түрі.

Педагогикалық зерттеулердің негізгі мақсаты - жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамытудың объективті зааңдылықтарын ашу, белгілі заңдарды саналы және мақсатты түрде оқу-тәрбие жұмысының практикасында қолдану.

Педагогикалық зерттеулер, ең алдымен, әлеуметтік қалыптасу мен тәрбиелеудің негізгі көзі ретінде дамушы жеке тұлғаның іс-әрекеті пәнін зерттеуге бағытталады. Педагогикалық құбылыстар, эмпирикалық бақылаулардың сыртқы жақтарын ғана зерттеумен шектелмей, педагогикалық факті, құбылыс және үрдістерді терең және жан-жақты зерттеу, олардың мәнін, заңдылықтарын ашу, диалектикалық ойлау тәсілдері – индукция және дедукцияны, талдау, жинақтау, абстрактілі ойлаудан нақтылауға көшу т.б. қолдану керек.

Педагогикалық зерттеулердің негізгі компонеттері: зерттеу тақырыбын анықтау; зерттеу міндеттерін анықтау; танымдық міндеттері мен деңгейлерін анықтау әдістерін, шарттарын белгілеу және ақпаратты алдын-ала талдау; бастапқы болжамдарды қалыптастыру; оларды теориялық және экспериментальдық тексеру; алынған нәтижелерді талдау; оларды ғылыми интерпретациялау; оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруде теориялық қорытындылар мен ғылыми-әдістемелік кеңестер жасау, құрастыру.



Педагогикалық зерттеулердегі әдіснамалық, теориялық және эмпирикалық деңгейлердің сәйкестігі.

Педагогикадағы зерттеулердің 3 деңгейі белгіленген: эмпирикалық, теориялық және әдіснамалық. Бірінші деңгейде ғылымның жаңа фактілерін және олардың негізінде эмпирикалық заңдылықтар қалыптастырады. Екінші деңгейде – бұрын ашылған фактілерді түсіндіруге мүмкіндік беретін негізгі педагогикалық заңдылықтар құрастырылады, болашақтағы жағдайлар мен фактілерге болжам жасауға мүмкіндік жасалады. Үшінші, әдіснамалық деңгейде эмпирикалық және теориялық зерттеулер негізінде педагогикалық құбылыстарды, теорияларды құрастыру, зерттеу әдістері мен жалпы ұстанымдар жасалады.

Педагогикада эмпирикалық және теориялық әдістер кең тараған. Эмпирикалық әдістер зерттелетін педагогикалық объектіге тікелей бағытталған және бақылау мен эксперименттің жинақталған тәжірибесіне сүйенеді. Теориялық әдістер педагогиканың түсіндірмелі аппаратының жетілуі мен дамуына байланысты және ақиқат шындықты оның маңызды байланыстары мен заңдылықтарын жан-жақты тануға бағытталған.

Зерттеудің эмпирикалық деңгейінің әдістеріне мыналар жатады: бақылау, анкета, әңгімелесу, оқушылардың іс-әрекет нәтижелерін, педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, педагогикалық эксперимент. Бұл әдістер зерттелетін мәселелер бойынша фактілік материалдарды жинақтау үшін қолданылады.

Теориялық зерттеу әдістеріне талдау және жинақтау, индукция және дедукция, ұқсастық, айырмашылық логикалық әдістері жатады.

Педагогикалық зерттеу ұстанымдары.

Әрбір ғылымның нақты ғылыми әдіснамасы және оның практикасы салыстырмалы түрде өзара ерекшеленетін ұстанымдарда және зерттеу әрекетіне қойылатын талаптарда көрініс табады. Олар теорияны мен практиканы біріктіреді, практикада қажетті ғылыми негізделген бағыттар ұсынады.



Ұстаным және талаптың айырмашылығы мынада: ұстаным терең және жан-жақты ғылыми негізделген (объективті заңдылықтарды есепке алу негізінде әлеуметтік мәнді мақсаттарға жету тәсілдерін белгілейді) және жалпылама сипатқа ие (осы салада кездесетін барлық ситуациялардағы зерттеулерде қолданылады). Ұстанымды міндетті түрде орындау қажет. Талап теориялық жағынан терең және жан-жақты зерттелмеуі мүмкін, педагогикалық ситуацияның тек бір бөлігіне қатысты қолданылады. Нақты талаптар белгілі бір ұстанымнан туындайды, бірақ оларды қолдану ситуация ерекшелігінен шығады.

Педагогикалық зерттеулерде қолданылатын жалпығылымилық ұстанымдары:



  1. объективтілік ұстанымы – құбылысты тудыратын факторларды, жағдайларды есепке алу, объект жайында шынайы ақпарат алуға мүмкіндік беретін зерттеу тұрғылары мен әдістерінің сәйкестігі, фактілерді жинақтау және бағалауда субъективтіліктің болмауы. Бұл ұстаным мына талаптарды белгілейді: дәлелдеу (зерттеудің негізділігі) және ғылыми ізденістің альтернативты сипаты.

  2. мәндік талдау ұстанымы – зерттелетін құбылыстың жалпы, ерекше және жеке сипаттарын сәйкестендіру, олардың даму факторлары мен жағдайларын, оларды мақсатты түрде өзгерту мүмкіндіктерін, олардың өмір сүру және қызмет ету заңдарын ашумен байланысты. Бұл ұстаным бойынша педагогикалық құбылыстарды сипаттаудан түсіндіруге, түсіндіруден болжауға көшу белгіленеді. Талаптары: зерттелетін педагогикалық құбылыстың үздіксіз өзгерісте, дамуда болатынын есепке алу қажеттілігі, зерттелетін үрдіс нәтижесін анықтайтын негізгі факторларды белгілеу, зерттелетін пәннің қарама-қайшылығын, оның сандық және сапалық анықталуын ашу.

  3. логикалық және тарихи бірлік ұстанымы – объектінің тарихын (генетикалық жағы), теориясын (объектінің қазіргі жағдайдағы құрылымы, қызметі, байланыстары) және оның даму бағыттарын зерттеуді ұштастыру. Талаптары: сабақтастық, өткен өмірден жинақталған тәжірибені, дәстүрді, ғылыми жетістіктерді есепке алу.

  4. тұжырымдамалық ұстаным – зерттеуде белгілі бір тұжырымдамаға сүйену, оны дамыту және жақтау.

  5. жүйелілік ұстанымы - жалпы жүйенің ішіндегі жеке бөліктердің бір-бірімен байланысын анықтайды. Бұл ұстанымның мәні мына қағидаларда көрініс тапқан: қоршаған ортамен салыстырғанда жүйенің бітұтастығы, оны ортамен тұтастықта зерттеу (білім беруді әлеуметтік және экономикалық дамуды қарастыру); тұтастықты элементтерге ажырату; жүйенің барлық элементтері өзара күрделі байланыстарда және әрекеттесуде болады, оның ішінен жүйеқұраушы байланысты табу қажет және т.б. Талаптары: тұтастық.

  6. тұлғалық ұстаным – адамның даоалық ретінде және адамгершілік дамуы мен құрметке деген құқығын, тұлғаның ерекшелігін мойындауды талап етеді.

  7. іс-әрекеттік ұстаным – жеке адам дамуындағы негізгі құрал және шешуші жағдай: фактілер педагогикалық зерттеу және практикада тұлғаның іс-әрекеті нәтижесінде дамып отырады. Оның мағынасын А.Н.Леонтьев өз еңбектерінде былай деп жазды: „Адамға мәдениеттің жетістіктерін меңгерту үшін әрбір жаңа ұрпақ өз қызметтерін көрсетулері, ұсынулары тиіс. Сондықтан , әрбір тәрбиеленуші өз бетімен өмір сүруге даярлануда және әрқилы әрекеттерге даярлануда маңызды деген әлеуметтік, рухани қарым-қатынас жасай білуге үйренуі өте маңызды”.

  8. мәдениетке сәйкестік ұстаным - адамның мінез-құлқы, қызметі, шығармашылық қызметі өседі. Бала өмір сүреді, оқиды, белгілі бір ортада өседі. Мәдени ұстаным этнопедагогикалық ұстанымға ауысады.

  9. Этнопедагогикалық ұстанымда ұлттық, тарихи құндылықтарда оқыту әдістері білінеді. Соңғы кезде ұлттық педагогика негізінде оқыту-тәрбиелеу әдісі дамытылуда.

  10. Антропологиялық ұстаным - барлық ғылымдардың адамды тәрбие құралы ретінде пайдалану және педагогикалық үрдісте қолдану арқылы жүзеге асады.


Дәріс 4. Зерттеу ізденісінің көздері мен жағдайлары

  1. Зерттеу ізденісінің көздері

  2. Философия, дін, өнер, халық дәстүріндегі жалпыадамзаттық ізгіліктік идеялар мен мүдделер.

  3. Адам жайындағы ғылым жетістіктері, соның ішінде психология және педагогика ғылымдары

  4. Озат тәжірибе.

  5. Ұжымның және социумның педагогикалық әлеуеті.

  6. Педагог тұлғасының шығармашылық әлеуеті.

Педагогикалық зерттеуді өткізу үшін өзі ізденіске негіз болып табылатын көздерді қолданған жөн. Олардан шығармашылық өңдеуде қажет болатын тұрғыларды, үлгілерді, идеяларды, әдістер мен технологияларды алуға болады.

Негізгі бес көздерді ажыратуға болады:


  1. Әлеуметтік тапсырыста өз орынын тапқан жалпыадамзаттық ізгіліктік құндылықтар, мүдделер.

  2. Адам жайындағы ғылымдар кешенінің жетістіктері, сонымен қатар қазіргі ғылыми тқрғылардан, әсіресе медицина, валеология, психология, педагогика, әлеуметтік педагогика, әлеуметтік, педагогикалық және даму психологиясы ғылымдарының ұсыныстары.

  3. Өткен және қазіргі өмірдің озат тәжірибесі, соның ішінде новаторлық тәжірибесі.

  4. Педагогтар мен оқушылардың, қоршаған әлеуметтік ортаның, өндірістік, мәдениет және медицина, құқық қорғау органдарының орындарының, ата-аналардың, түрлі мамандық иелерінің педагогикалық әлеуеті.

  5. Кәсіби педагог қызметкерінің шығармашылық әлеуеті.

Әр қайсысына жеке тоқталып өтсек.

Философия, дін, өнер, халық дәстүріндегі жалпыадамзаттық ізгіліктік идеялар мен мүдделер. Тұлғаны тәрбиелеу, белсенділікке ынталандыру және дамуын қолдау адамгершілік идеалын қалыптастырмай мүмкін емес. Қоғамда коммунистік идеология мен идеалдардың құлдырауына орай педагогтар мен қоғам қызметінде педагогикалық вакуум, идеалдардың күрт жойылуы пайда болды. Ол белгілі бір мөлшерде діни идеология және діни санамен толтырылған. Бірақ бұл жол барлық адам үшін таңдау емес.

Педагогикалық идеалдар жойылмайтын ізгіліктік құндылықтармен, адамды сүю идеалымен, тұлғаны дәріптеумен (тек бір тұлғаны емес, әрбір тұлғаны) байланысты болуы тиіс. Бұл құндылықтар классикалық әдебиетте, өнер туындыларында жан-жақты көрініс тапқан. Адамға сену, оның өзін жүзеге асыруына барынша жағдай жасау, бала тұлғасын, оның ерекшелігі мен даралығын, еркін дамуы мен бақытты болу құқығын құрметтеу – бұл кез-келген педагогикалық тұжырымдаманың негізі болып табылады.

Жалпыадамзаттық ізгіліктік идеялар мен идеалдар әдетте біржақты және бұзылған түрде, бірақ нақты формада білім беруге леуметтік тапсырыстан көрінеді, яғни оқуорындарын бітірушілерге қойылатын талаптардан көрінеді. Талаптар білім берудің мазмұны мен мәнін, қарым-қатынастар жүйесін, іс-әрекет тәсілдерін белгілейді.

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет