Оқытушының студенттерді сабаққа қатынасуын белгілеуі, олардың назар зейінін дәрістік мақсаты, міндеттеріне сабаққа аударуы, ұйымдастырылуы және бұл іс-шараларға уақытты үнемді пайдалануына назар аудару қажет


Ашық сабақты қорытындылау. Ұсыныстар мен пікірлер



бет3/6
Дата02.01.2022
өлшемі90 Kb.
#452961
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Ашык сабак тиркеу журналы08

Ашық сабақты қорытындылау. Ұсыныстар мен пікірлер: Сабақты ұйымдастырудың және өткізудің жоғары оқу орны талаптарына сәйкес келмеуі. Оқытушының тақырыптың мазмұны, мақсатын теориялық жағын ашып көрсете алуы және оны практикада қолдану деңгейін, үйрете алу дәрежесін бағалау қажет. Сабақта қолданылған инновациялық әдістердің түрлері, оның тиімділігіне назар аударды немесе аудармады.

Сіздің пікіріңізше қандай жағдайда сабақты бұдан да басқа жақсы өткізуге болар еді. Оқытушының кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қажетті ұсыныстар жасалды.

Ашық сабақ өткізіліп болғаннан кейін сабаққа қатысқан оқытушылар сабақ өткізген оқытушымен бірге сабақты талқылайды. Сабақты бағалауды объективті жүргізу және оны бағалауды жеңілдету мақсатында ашық сабақтың әр элементін бес балдық жүйе бойынша бағаланып, оны тиісті графаларға ендіріледі, соңынан әр элемент үшін қорытынды баға шығарылады. Ашық сабақты талдау нәтижесі бойынша хаттама толтырылып, оған қатынасқан оқытушылар қол қояды.

Сабақты өткізген оқытушы көрсетілген жетістіктер мен кемшіліктер келісімін немесе келіспеймін деп қол қояды.

Ашық сабақты тіркеу және талдау журналын толтыру тәртібі.

Ашық сабақ қатысқан әр оқытушы журналындағы хаттамада тіркелген рет нөмерлеріне сәйкес журналдың ашық сабақ бағалау бөліміндегі графасына ашық сабақтың әр элементтерін бес балдық жүйе бойынша бағаланады. Соңғы қорытынды баға шығарылады. Егер барлық бағалардың 91-100 пайызы «бес » балға (үштік балл болмаса) сәйкес келетін ашық сабақ «өте жақсы» деп саналады. 81-90 пайыз болса (үштік балл болмасы) ондай сабақ «жақсы» деп, ал 71-80 пайыз болса (үштік, екілік балл болмаса) ондай сабақ «жақсы» деп, ал 71-80 пайыз болса (үштік,еккілік балл болмаса) ондай сабақ «қанағаттандырарлық» сабақ деп айтуға болады.

Ескерту: Ұсынылып отырған сабақты әдістемелік тұрғыдан талдау үлгілері міндеттеу емес, бағыттау мақсатында берілген. Ашық сабаққа қатысқан оқытушылардың бұл ұсыныстардан басқа өз пікірі болса оны пайдалануға, қолдануға құқылы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет