Қой шаруашылығы, қой етін, жүнін, елітірісін Өндіру технологиясы


Қой жүнінің дайындау стандарттары. Жүнді классқа бөлу



бет6/12
Дата09.06.2016
өлшемі1.34 Mb.
#124742
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

11 Қой жүнінің дайындау стандарттары. Жүнді классқа бөлу
Тұқымы әр түрлі қойдан қырқып алынған жүннің сапасы мен технологиясының қасиеті бірдей болмайды. Сондықтан тоқыма өнеркәсібінде қажетті шикізат ретінде әр түрлі бағаланады. Алынған жүнді дұрыс бағалап, өнеркәсіпте тиімді пайдалану үшін жуылмаған жүн сапасына қарай топқа, түрге және олардың қалпына қарай класқа, класс тармағына және сортқа бөлінеді. Жүннің технологиялық қасиеті мен сапасына қарай бөлуді классификация (жіктеу) деп атайды. Жүн көптеген белгілері бойынша: табиғи жүн, өлген қойдан және теріден қырқылған жүн, заводтық жүн деп жіктейді.

Дайындау стандарттары деп, оларды бөлікке бөлместен классқа бөліп тарататын ресми жіктеуді атайды. Жүннің әрбір түрі үшін жекелеген дайындау стандарты бекітілген. Жүнді дайындау стандарты бойынша бастапқы жіктеу, жүнді фабрикада жіктеп бөлшектеу жүргізуге қарағанда салыстырғанда жіктеу деп атайды.

Жүн егер оның аумағы сараптамалық бағалау бойынша, стандартта көрсетілген осы классқа тиісті көрсеткіштерге сәйкес келетін болса, белгілі бір класс талаптарына сәйкес болып есептелінеді. Ол үшін, жүннің негізгі бөлігін құрайтын бүйірінен, жауырынан, кеуде және арқа тұсынан алынған жүн бөліктеріне баға берсе, сол жеткілікті болады.

1 - тапсырма. Биязы, жартылай биязы, қылшық және жартылай қылшық жүндердің дайындау стандарттарымен танысу. Жүнді жіктеудің техникасын және принциптерін меңгеру.
І. ЖҮННІҢ СИПАТТАМАСЫ


  1. Биязы (МЕМСТ 7763-71)

а) меринос

б) меринос емес



  1. Биязылау жүнді

а) будандық биязылау (МЕМСТ 7937-74)

б) кроссбредті (ТУ 61-5-3-74)

в) кроссбредті типті (ТУ 61-5-3-74)

г) цығай (МЕМСТ 9764-4)

д) біртектес цығай-қылшық жүнді (МЕМСТ 9764-74)


  1. Биязылау жүнді (МЕМСТ 1977974)

а) көктемгі –

б) күздік –

в) қозы жүні –


  1. Қылшық жүнді (МЕМСТ 7939-79)

а) көктемгі –

б) күздік –

в) қозы жүні –

Жуылмаған қой жүнінің біріңғай стандартының түрлері

мен аталымдарға бөлінуі

Биязы жүн



Биязы жүн мемлекеттік стандартқа байланысты (МемСТ 7763-71) табиғи ұзындығы 71 мм-ден астам болса таңдаулы класқа; 65-70 мм болса 1 класқа; 55-70мм болса ІІ класқа; 40-55 мм болса ІІІ класқа; ал ұзындығы 40 мм-ден кем болса оны қысқа жүнге жатқызады.

Таңдаулы және ІІІ топтан басқа кластағы жүндер талшықтарының сапасына (жіңішкелігіне) қарай бірінші және екінші тармақтарға бөлінеді. Бірінші тармаққа 64 сапада және одан жоғары, ал екінші тармаққа 60/64 сападағы жүндер жатады. Таңдаулы кластың талшықтарының сапасы 64 және одан жоғары, ал ІІІ кластікі 60 және одан жоғары болуы керек.

Ақ түсті биязы жүн өзінің қасиеттеріне байланысты меринос және меринос емес болып екіге бөлінеді.

Меринос жүн



Ақ түсті, штапельденіп келген, біркелкі түбіт талшықтардан тұрады. Өзі жұмсақ, шайырының мөлшері орташа, талшықтары жіңішке, шиыршықталуы және ұзындығы біркелкі, жылтырлығы күмістей. Арасында өлі, құрғақ және түрлі түсті талшықтар болмайды.

Алғашқы қырқылған тоқты жүнінің ұштары жіңішке, құрғақ келеді, ал басқа қасиеттері жоғарыда аталғандай.



Меринос емес жүн

Мериносқа жатпайтын жүн штапельді біртекті талшықтардан құралғанмен олардың айырмашылықтары болады. Егерде бүйірі мен жамбас жүндерінің айырмашылықтары екі сападан асып кетсе, онда мұндай жүнді меринос емес жүнге жатқызады. Бұл жүннің шайыры аздау, талшықтарының ұзындығы әртүрлі, шиыршықталуы нашарлау, штапельдерінде өлі және құрғақ талшықтар бар және жіңішкелігі 60 сападан кем емес. Түсі ақшылдау немесе түрлі-түсті де болады.

Биязылау жүн

Биязылау жүннің жіңішкелігі 58-56 сападағы біртекті аралық талшықтардан (25,1-31 мкм) тұрады. Тұлымдарының талшық шиыршықталуы біркелкі емес. Түсі көбінесе ақ, басқа түстілері де кездеседі.

Биязылау жүн мемлекеттік стандартқа сәйкес (7937-74) талшықтарының ұзындығы мен жіңішкелігіне қарай үш класқа бөлінеді. І класқа ұзындығы 70 мм кем емес, жіңішкелігі 58-56 сападағы жүн жатады. ІІ класқа ұзындығы 70-40 мм аралығында жіңішкелігі 58-56 сападағы, ІІІ класқа 40 мм қысқа, жіңішкелігі 50 сападағы жүндер жатады.


Кросбредті жүн



Кросбредті жүн біртекті талшықтардан құралып, штапельді және штапельді-тұлымды болып келеді. Өзіндік ерекшелігі мен технологиялық құндылығы бар, өте мықты, біркелкі жібектей жылтыр, серпімді болады. Кейде өлі, құрғақ және түрлі-түсті талшықтар кездесуі мүмкін. Талшығының жіңішкелігі 25,1-40,0 мкм аралығында, ұзындығы 10-20 см-ден жоғары болады.

Кросбред тектес жүн



Кросбредті жүнге ұқсас, бірақ, ұзындығы 50-90 мм және ішінде түрлі-түсті талшықтар болса мұндай жүн кросбред тектес деп аталады. Штапельді талшықтардың шиыршықтануы ірі біркелкі болмайды. Талшығының жіңішкелігі 40,0 мкм немесе одан төмен. Түсі ақ, немесе әр түсті.

Цигай жүні



Цигай жүні біртекті талшықтардан құралып, штапельді және штапельді тұлымды болып келеді. Серпімділігі күшті, қалпына тез келеді. Талшығының жіңішкелігі 25,1-40,0 мкм аралығында, шиыршықтары ірі, жүннің түсі ақ болады.

3.Әртекті көктемгі жүндер 1 топ (сараджа, дегерес, қазақтың ұяң жүнді қойлары)

Жүннің құрылымы тұлымды ұзын, негізі түбіт аздап аралық талшықтан және қылшық талшықтан құралады. Анда-санда құрғақ, өлі және ірі қылшықтар, түрлі-түсті талшықтар кездесуі мүмкін. Түсі ақ, ақшыл сары.

ІІтоп (қазақтың қылшық жүнді қойлары, еділбай және қаракөл, сарыарқа қойлары)

Жүннің құрылымы тұлымды, ұзындықтары орташа, түбіт, аралық талшық қылшықтан тұрады. Жүннің түсі күнгірттеу, қатты болып келеді. Арасында өлі, құрғақ талшықтар көп кездеседі.

Түсі ақ, ақ сары, әр түрлі түсті болады.



ІІІтоптың күзгі және қозы жүні

Жүннің құрылымы тұлымды, тұлымдары қысқа, бір-бірімен байланыспаған, түстері әртүрлі құрылымы әртекті келеді.

ІІ ЖҮНДІ ЖІКТЕУ

Дайындау стандарттары бойынша биязы, биязылау (барлық түрінің), аралас және көктемгі қылшық жүндер ең алдымен былайша бөлінеді:

руннолық –

кесектік –

төменгі сұрыптар

а) жұлма жүн –

б) балақ жүн –

в) шүйке –

г) қиланған жүн –

Биязы, биязылау, аралас және қылшық жүнді қойларды жіктеуде мынадай келесі төменгі сұрыптары бөлінеді (11.32 - кесте).
11.32 - кесте – Жүннің әр түрлі топтарының төменгі сұрыптары

Топ

Төменгі сұрыптар

Мериностық және мериностық емес биязы жүн




Поместі биязылау жүнді




Кроссбредті, кроссбредті типтес, цигайлық, цигайлық бір тектес қылшық жүнді




Аралас және қылшық жүнді



Жүнді түсі бойынша бөлу

Рунолық және кесектік мериностық, кроссбредті, кроссбредті типтес, цигайлық биязы жүн – тек ақ түсті болады. Кроссбредті типтес жүндерде түсті талшықтар кездеседі.

Мериностық емес, биязылау жүнді будандық, бір тектес цигай-қылшық жүнді, аралас және қылшық жүндер түстері бойынша былайша бөлінеді:

а) ақ –

б) ақшыл- сұр –

в) түрлі түсті –

Қаракөлдік қылшық жүнді және құйрықтылар түстері бойынша тек қана ақшыл-сұр және түрлі түсті болып қана, ал карабахтық және гиссарлық – түрлі түсті болып бөлінеді.


Жүннің дайындау класстары

Рунолық биязы және биязылау жүндер, жүннің негізгі массасының (мериностық биязы жүн үшін 65%-тен кем емес және жүннің басқа топтарының рунолары үшін, руноның салмағы немесе ауданының 55% кем болмауы қажет) талшықтарының ұзындығына және қалыңдығына байланысты мынадай келесі класстарға және класстармақтарына бөлінеді.


11.33 - кесте Бір тектес жүндердің класстары және класстармақтары

Жүн тобы

Класс

Класстармағы

Жүннің негізгі салмағы

Ұзындығы, см

Жіңішклігі, сапасы

Биязы (мериностық және мериностық емес)

Жоғары (тек мериностық)

І

І



ІІ

ІІ

ІІІ



Қысқартылған

-
І

ІІ

І



ІІ

-








Будандық биязылау

І

ІІ

ІІІ



Қысқартылған

-

-

-









Кроссбредті

І

І

ІІ



ІІ

І

ІІ

І



ІІ







Кроссбредті типтес

І

ІІ

Қысқартылған



-

-








Цигайлық және цигайлық бір

тектес қылшық

жүнді


І

ІІ

Қысқартылған



-

-







Көктемгі қырықтықтың рунолық биязылау және қылшық жүндері, талшықтарының жіңішкеліктеріне, әр түрдің талшықтарының – түбіттік, аралас және қылшық қатынасына, олардың ұзындықтарына, жүннің негізгі салмағында өлі және құрғақ талшықтардың (руноның салмағының немесе ауданының 55% кем болмауы қажет) байланысты, жүннің әрбір аталуының көлемінде І және ІІ класстарға бөлінеді (биязылау – будандық, балбасстық, сараджылық, тәжіктік, алайлық; қылшық жүнді – таулық, лезгиндік, тушиндік, қаракөлдік); І,ІІ,ІІІ класстарға (қылшық жүнді – орыс, құйрықты); немесе класстарға бөлінбейді (қылшық жүнді – орыстың солтүстіктік, карабахтық, гиссарлық).

Күздік биязылау және қылшық жүнділер, төлдердің биязылау және қылшық жүндері класстарға бөлінбейді.

Жүнді күйіне қарай бөлу

Көктемгі мериностық және мериностық, будандық биязылау, кроссбредті, кроссбредті типтес, цигайлық, цигайлық бір тектес – қылшық жүнділер, биязылау жүндер әрбір түстің, класстың, класстармақтарының көлеміне қарай жағдайына байланысты (қоқыстану сипатына және деңгейіне, беріктігін және табиғи түсін жоғалтуына байланысты) мынадай келесі топтарға бөлінеді:

а) қалыпты –

б) І топтың ошаған шөпті –

в) ІІ топтың ошаған шөпті –

г) І топтық ақаулық –

д) ІІ топтық ақаулық –

е) ошаған шөпті - ақаулық –

Кроссбредті типтестің қысқартылған жүні жағдайына (күйіне) байланысты мынаған бөлінеді:

а) қалыпты –

б) ошаған шөпті -

Көктемгі қылшық жүндер жағдайына (күйіне) байланысты былайша бөлінеді: қалыпты, қайызғақтың қатпарланып қалған ірі қабыршақтары руноның 50% жауып жатқан, І және ІІ топтардың ошаған шөпті және ақаулық жүндері.

Жүннің әрбір аталуының және түсінің көлемінде күзгі биязылау және қозы жүні, күзгі қылшық және қозы жүндері жүндері жағдайына қалай бөлінеді:

қалыпты, І және ІІ топтың ошағанды шөпті жүн.

Қысқа және кесектік жүндер түстері ғана бойынша бөлінеді.

Жүннің барлық топтарының төменгі сұрыптары түсі, класстары, класстармақтары және жағдайы (күйі) бойынша бөлінбейді.
ІІІ. ЖИНАУ, ОРАМДАУ және ТАҢБАЛАУ

МЕМСТ және ТУ талаптарына сәйкес, жіктеу және жинау кезіңде руноны торкөзді үстелге штапель ұшымен жоғарыға қарай төсейді және одан төменгі сұрып жүндерін бөліп тастайды. Содан кейін руноның бүйрілік жақтарының біріне, шамамен шетінен 1/3 қашықтықта, шетін қайырады және руноның ортасына екінші қарама-қарсы жағын салады, осылайша біріншісіне салады, содан кейін руноны валикпен бас жағынан және құйрығынан ортасына қарай орайды.

Рунолық жүнді орамдауды жүннің аталуы, түсі, класстары, класстармақтары және топтарының жағдайы бойынша жеке-жеке жүргізеді.

Жүн үйіндісін таңбалаудың мысалы:

Ставр.өлкесі. Ипатов ауданы

Ленин атындағы к-з

№ 30. ерес.мерин. І-І норм.

бр.105 кг, н-то 103кг

шығ. 40%. МЕМСТ 7763-71

Жүнді орамдау, таңбалау, тасымалдау және сақтау МЕМСТ 6070-78 бойынша жүргізіледі.



2 - тапсырма. Жүннің қолда бар үлгісі бойынша түсін, дайындық классын (класстармағы), жүннің жағдайын анықтау және жіктеудің нәтижелерін 11.34 кестеге жазу.
11.34 -кесте – Жүнді жіктеудің нәтижелері

Үлгінің



Жүннің тобы

Түсі

Белгілері

Класс

Клас тармағы

Жағдайы

Ұзындығы, см

Жіңішкелік, сапасы

Бір текті емес жүннің бұрым сипаттамасы
























































3 - тапсырма. Жүннің руносына немесе үлгісіне (11.35 - кесте) сипаттама беру.
11.35 - кесте – Рунолық жүннің сипаттамасы

Руноның құрылысы (штапельді, бұрымдық, штапельді-бұрымды)













Сыртқы штапельдің пішіні (төртбұрыш, жайпақ, үшкірленген және т.с.с.)













Ішкі штапельдің пішіні (шошақ басты, ұшты, керібұрымды)













Бұйралылығы (қалыпты, әлсіз, күшті)












1см ұзындықтағы бұйралық саны











Жұмыс үшін қажеттілер: Жүннің барлық топтарына МЕМСТ және ТУ; 2)жүннің әр түрлі топтарының руносы және үлгілері; 3) дайындау стандарттары бойынша класстарды бейнелейтін жүн эталондары (баламалары).




12 Қой еті және оны өндіру технологиясы
Қой шаруашылығы беретін өнімдердің ең негізгі түрі ет болып есептеледі. Қазақстанда өндірілетін барлық ет түрлерінің ішінде қой етінің ара салмағы 30% шамасында. Қой етінің қоректілік құндылығы жоғары және халқымыздың дәстүрлі, әрі кеңінен пайдаланылып келе жатқан мал еті.

Қой еті — қойдан алынатын ең негізгі өнім. Қой етінің қоректілік құндылығы да айтарлықтай. Оның бұлшық ет тканьдарында құнды белоктар жиынтығы болады. Еділбай, сараджа, дегерес және басқа тез өсіп-жетілетін етті-майлы қой тұкымдары етінің сапасы жоғары.


1 - тапсырма.Қойдың қоңдылық катигорияларын атап сипеттама бер:

2 - тапсырма. Қойдың еттілігінің көрсеткіштерін ата:

3 - тапсырма. Берілген суреттегі құрылысқа толық сипаттама бер, бөліктерін ата:


12.9 - Сурет Қой ұшасын кесінділерге бөлу
4 - тапсырма. Қойдың ұшасына қоңдылық сапасына қарай бағалап, төмендегі кестені толтыр

12.36 - кесте – Бақылау ретінде сойылған малдың ұшасының сапасына баға беру– 55 мемлекеттік стандартынан көшірме)




Категория

Сипаттама


Жоғары
Орташа

Ортадан


Жоғары




13 Биязы, жартылай биязылау, жартылай қылшық және

қылшық жүнді қойлардың жоспарлық тұқымдары
Жер бетінде әртүрлі өнімділік бағытытындағы 600 ден астам қой тұқымдар өсіріледі.

Барлық қой тұқымдары өніміне қарай жіктеуге сәйкес 8-бағыттағы топтарға бөлінеді.

І-биязы жүнді қой тұқымдары. Бұл қойлар өз арасында жүн өнімділігіне қарай жүнді, жүнді-етті, етті-жүнді болып үш топқа бөлінеді.

ІІ-биязылау жүнді бағыттағы қой тұқымдары өзара екіге бөлінеді. Бірінші жүнді-етті бағыт. Бұл бағытқа Цигай қойы мен биязылау жүнді Грузин қойы жатады. Екінші етті-жүнді бағыт. Оның өзі үшке бөлінеді:

а) ұзын жүнді: бұл топқа линкольн, ромни-марш, корридел типтес биязы жүнді-қойлар жатады;

б) қысқа жүнді: бұл топқа гемпшир, шропшир, суффольк, горький тұқымдары және солардың будандары жатады;

в) биязылау жүнді бағытқа осы жоғарыда келтірілген қой тұқымдары негізінде шығарылған биязы жүн беретін көптеген кроссбред және кросбредтиптес жүн беретін қой тұқымдары да жатады. Олардың саны жылдан жылға көбеюде. Корридель қойлары да осы топқа жатады.

ІІІ - ұяң жүнді қойлар тобына ұяң жүн беретін сараджа, тәжік, алай, қазақтың ұяң жүнді қойлары жатады.

ІҮ - тондық тері беретін қой тұқымдары тобына Романов, солтүстіктің қысқа құйрықты қойлары, құлынды қойы жатады.

Ү - елтірілік бағытқа-қаракөл, сокол, решетиловка, чушке, малич қой тұқымдары жатады.

ҮІ - етті-майлы бағытқа –гиссар, еділбай, қазақтың, қырғыздың қылшық жүнді қойлары, жайдары т.б. азия елдерінің құйрықты қойлары жатады.

ҮІІ - етті- жүнді қылшық жүнді бағытқа – волын, кучугур, михновка, черкес, баку қой тұқымдары жатады.

YIII – етті-жүнді – сүтті (әмбебап) бағытқа тауда өсетін Балбас, Мазех, Қарашай, Лезгин, Дағыстан, Бурят қой тұқымдары жатады.

Қазақстанда қой шаруашылығы негізінен төрт бағытта өркендеп келеді Олар биязы жүнді, жартылай биязы жүнді, қылшық жүнді және ұян жүнді қой шаруашылықтары.


Тапсырма. Осы жоғардағы жүйені пайдаланып биязы, биязылау, аралас, қылшық жүнді қойлардың жоспарлы тұқымдарына қысқаша сипаттама беріп ол сипаттаманы мынадай келесі үлгіде жазу (13.37 - кесте).
13.37 - кесте – Тұқымдарға сипатттама

Тұқымның аталуы


Қалай және қайда тұқым шыққан. Авторы

Зоологиялық жіктелу

Өнеркәсіптік жіктелу

Жүн тобы

Жүн ұзындығы

Жүн шығымы

Жүн жіңішкелігі

Рекордшылырының таза жүн шығымы,%

Орташа тірі салмақ,кг

Рекордшылырдың тірі салмағы.кг

Өнімділігі,%

Тұқымды аудандастыру дағы өсіру аймағы

Тұқымды жетілдіру жұмыстары












































14 Ұрпағының сапасы бойынша қойларды тексеру
Ұрпағының сапасы бойынша қойларды тексеру, шығу тегі, меншікті өнімділігі бойынша сұрыптаудан кейін, қойдың тұқымдық сапасын анықтау кезіңде қорытынды кезең болады және олардың тұқым қуалаушылық сапаларын анықтауға мүмкіндік береді.

Жасанды жолмен ұрықтандыруды кеңінен қолдануға байланысты өндірушінің табын сапасына әсер етуі күрт өсті, және сондықтанда қойларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру зор маңызға ие.

Тексеріліп отырылған қойлардың ұрпақтарын бағалау үшін, мынадай келесі әдістер қолданылады:

-қойлардың қыздарының өнімділігін, анасының өнімділігімен салыстыру: «анасы – қызы» деп аталатын әдіс.

-қойлардың қыздарының өнімділігін құрдастарының өнімділігімен салыстыру.

-өндірушінің ұрпақтарының өнімділігін табын бойынша орташа көрсеткішпен салыстыру.

Аса маңызды сұрыптамалық көрсеткіштер мен қасиеттерді тұқым қуалау дәрежесі бойынша, яғни асыл тұқымдық артықшылығы бойынша, ұрпағының сапасы тексерілетін қойлар келесі категорияларға бөлінуі мүмкін: нақты жақсартушы, мұнда айырымдық нақтылық көрсеткіші +2ге тең және одан жоғары; орташа (бейтарап) - +1,9-дан –1,9 дейін; нашарлатушылар, мұнда айырымдылық нақтылығы –2ге тең және төмен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет