Қожа Ахмет Иассауи және оның сопылық ілімі



Дата23.02.2016
өлшемі37.5 Kb.
#5047
Қожа Ахмет Иассауи және оның сопылық ілімі.
Сопылық дегеніміздің өзі рухани жетілудің, жан тазалығының белгісі болса Қожа Ахмет Йассауи бабамыз өмір сүрген заманда сопылықты мүсылман қауымы даналықтың шыңы, исламның баламасы ретінде қабылдаған болса, ал сопылықтағы ең маңызды орынды жүрекке берген екен. Сопылар түсінігінде жүрек қүдайдың сэулесі түсетін айна. Ондағы қүдай бейнесін көру үшін ақиқатты тануға ұмтылған. Әрбір сопы өзінің күш жігерін морльдық жетілуге ақиқатты тануға бағыттаған. Түркі халықтарының отрақ мүрасы болып табылатын "Диуани Хикметте"Иассауи адам баласын рухани тазалыққа, ақиқатқа берілгендікке , хақ жолына, адалдыққа, өмір бойы рухани жетілуге, дін ережелерін қапысыз меңгеруге, дүние қызығына алданып, эділдік жолынан таймауға шақырады.

"Диуани Хикметте"Алланың ақ жолын, ақиқат жолын табу мен тану үшін не істеу керектігін өлеңдік өрнекпен, ғүламалық тереңдікпен, шын мүсылмандықпен айтып отырған. Ол 1157 жылдар шамасында 63 жасқа толғанннан кейін "пайғамбар жасына жеттім, бүдан әрі өмір сүруім күпірлік" деген оймен осы күнгі өзінің мүрдесінің үстіне түрғызылған ғимараттан оңтүстік-батысқа қарай 100 метрдей жерде Аллаға қүлшылық ететін "Қылует" салдырған екен.Қылует араб тілінен аударғанда "оңаша орын" мағынасын береді. Бір ғалымдар айтады: "Қажы Ахмет өмір сүруден қашқан жоқ, ол Мүхаммед пайғамбарды өзіне ұстаз санаған, соның жасынан ұзақ жасамауды көп көрмеген, сосын да жер астына түскен, жорыққа шықпауды үйымдастырған, бірақ жер астында да өз жүмысын, әсіресе, ілім-білім жайын жалғастырған. Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. мүсылман мемлекетінің көркеюінің жолдары - ғылымды, философияны, өнерді дамыту керек "-деп білген екен. Ал "Хала"- бүл дүниенің қызығынан безу тудыратын бір сәттік нұрлану. Хала жағдайында өлең тыңдаған сәтте сопылар тамаша экстаздық күйге түскен. Міне, осылайша сопылық сүхбаттың негізгі қүрамдас бөлігіне айналған сопылық поэзия қалыптасып, ол түркі шайырларының, сонымен қатар қазақ ақындарының шығармаларына да өз әсерін тигізген. Бір ғана мысал Абай атамыздың

Жүректің көзі ашылса,

Хақтың түсер сэулесі.

Іштегі кірді қашырса,

Адамның хикмет кеудесі-

деген өлең жолдарынан сопылық поэзияның әсерін байқай аламыз.Ізгілікті, адалдықты жақтаған Ахмет Йассауи қылуетте жатып "Диуани Хикметті" жазуды қолға алады. Исламды қазақ арасына бейімдеп, түсінбесті түсінікті етуге күш салған ғүлама "Даналық кітабында"суффизмдегі төрт баспалдықты мадақтайды. Олар:

1. Шариғат.

2. Тарихат.

3. Мағрифат.

4. Ақиқат.

1) Шариғат - исламның заңдарын мүлтіксіз орындау болса, қалған үш баспалдақ сопылар үшін бастылары болып табылады. Оны бабамыздың "Шариғат-діннің қабығы, нағыз дәні тарихат " деуі дэлелдей түседі.

2) Тарихат - сопылардың діни адамгершілік жағынан өзін дамыту жолы. Бүл баспалдаққа көкірек көзі ашық, болмысы таза адамдар ғана жете алады.

3) Мағрифат - Қүдайды ақылмен емес, жүрекпен тану. Мұнда сопы өзі қалаған рухтармен байланыс жасау арқылы, тылсым күшті таниды.

4) Ақиқат - өз танымы арқылы құдайға жақындау. Мүнда ұстаз санамыздан тыс ғажайып қүбылыстарға қол жеткізе алады.

Осы айтылған баспалдақтардың шарттарын орындаған адам ғана Алла дидарын көре алады. Сопылар үшін бүкіл өмірінің мәні де - қүдайды тану, табысу, бейнесін көру. Сопылық ілімін меңгерген Ахмет Йассауи бабамыз өз еңбегінде:

"Өтті өмірім шариғатқа жете алмадым,

Шариғатсыз тарихатқа өте алмадым.

Ақиқатсыз мағрифатқа бат алмадым,

Жолы қатты пірсіз қалай өтер, достар"- дейді.

Иассуи моралі қүдайға жүзін бүрған сопылық жолының негізгі талаптарына сәйкес. Ұлы ойшыл адамдардың бойындағы күншілдік, екіжүзділік, өтірік айту сияқты кемшіліктерді тәрбиемен, іс-қимылмен емес, сопылық жолына түсу арқылы ғана түзетуге болады деп есептеген.

X ғасырдан басталған бүкіл ислам әлеміндегі тоқыраушылық Түркістан жеріне де жетіп, Қарахандықтар мемлекеті майда иеліктерге бөлініп, халық арсында түрлі діни ағымдарға деген көзқарас белең алып, билеуші топтың езгісіне қарсы халық қозғалыстары мемлекетті әлсірете бастады. Түркі халықтарының осындай рухани, саяси дағдарысқа үшырау себептерін түсінген ақын билік иелеріне - билеушілер мен дін басыларға бағышталған батыл сындар айтады:

"Молда, муфти шығарады өз атын,

Қараны ақ деп, сол-тозақта жанатын.

Қази менен имам да, дінбасы ғой демесек

Үстеріне боқ артқан, түк миы жоқ көк есек.

Асыл киіп, ақ май жеп, сопысынған танысер-

Алтын тақта отырған адам жегіш қанішер"-

дей отырып өзінің саяси идеалындағы әділ билеушінің дана, қайырымды, әділ болғандығын аңсайды. Бабамыз "Қолыңнан келсе халқыңа әділ бол, қызмет ет, керек болса, жаныңды оған қүрбан қыл,"- деп өзін биік гуманистік деңгейде көрсете білген.

Қожа Ахмет Йассауи бабамыздың Қүран сөзінің өлеңге айналған нүсқасы болып саналатын хикметтерінің бізге берер пайдасы мол.

Сондықтан да Йассауи тарихатының жастар тәрбиесіндегі, тіпті қоғам алдындағы мәселелелердің алдын алуда мәні зор екенін естен шығармағанымыз жөн.

Рухани жетілудің шегі жоқ. Егер әр бір пенде сопылық жолмен жүрсе, Абай айтқандай "кемел адам"деңгейіне де жетеді. Әрбір мүсылман өз деңгейінде суффизмді ұстану керек, яғни әр кім кішігірім сопы болуы керек.Сонда ғана еліміздің болашағы жастардың мінез - қүлқын түзеп, ар-ұжданын оятуға септігі тиеріне күмәніміз жоқ. Қорыта айтқанда, Қожа Ахмет Йассауи тарихатының мәні кең, маңызын әлі де жоймай келе жатқандығын, өзімізді тәрбиелеудегі мәні зор екеніне көз жеткіздік.


Пайдаланылған эдебиеттер:

1.К.Кішібеков, ¥.Сыдықов "Философия" Алматы, 2002 ж.

2. М.Ж. Бүлұтай "Ата-баба діні: Түркілер неге мүсылман болды?" Алматы, "Білім" 2000ж.

3.Н.Келімбетов "Ежелгі дэуір әдебиеті" Алматы, "Ана тілі" , 1991ж.

4.Б. Садықов "Қазақ жеріндегі философиялық және әлеуметтік-саяси ойлардың қапыптасуы мен дамуы (ІХ-ХІХғ.ғ.)" Шымкент, 1995 ж.

5. "Ізденіс" Поиск №3 2004 ж.

6. "Парасат" №6 2003 ж.

Халықаралық ғылыми-теориялық конференция

'Түрік халықтары әдебиеті тарихының өзекті проблемалары:

өткені, бүгіні жэне ертеңі"

Аты жөні Қуандықова Эльмира Жамбылқызы

Мекеме Тараз Мемлекеттік Педагогикалық институты

Қызметі аға оқытушы

Ғылыми дэрежесі -

Баяндама тақырыбы Қожа Ахмет Йассауи жэне оның сопылық ілімінің қазақ әдебиетіндегі ролі

Қызметтік мекен- жай Тараз Мемлекеттік Педагогикалық институты

Телефон 6-33-01



Қолы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет