5 Тәлімі арпа егістігінің фотосинтетикалық қызметі және оның өнімділігі
5.1 Жапырақ алаңы және құрғақ заттардың түзілуі
Арпа өсімдіктерінің фотосинтетикалық қызметін сипаттайтын басты көрсеткіштердің бірі – жапырақ алаңы және оның өсу кезеңіндегі бірыңғай үйлесімді қалыптасуы. Соңғы жылдары аудандастырылған интенсивті сорттардың үлкен жапырақ бетін қалыптастырып, топырақтағы ылғал мен қоректік заттарға ерекше жоғары талап қоятын қасиеттері бар.
Жергілікті басылымдарда жарияланған ғылыми еңбектерде арпа егістігінің фотосинтетикалық қызметі жөнінде мәліметтер өте сирек кездеседі, ал республикамыздың оңтүстік-шығысындағы тәлімі жерлерде аталмыш тақырыптағы зерттеулер бұрын-соңды жүргізілмеген.
Қазақстанда жаздық арпаның егіс көлемінің басым көпшілігі сусыз және тәлімі аймақтарда орналасқандықтан агротехникалық тәсілдерге қарай ауыспалы егістегі бұл дақылдың, әсіресе аудандастырылған Днепровский 435 сортының өнім түзудегі физиологиялық ерекшеліктерін айқындау осы жұмыстың негізгі міндеттерінің бірінен саналады.
Тәжірибе нәтижелері көрсеткендей, өсу кезеңінің басында егістіктің ылғалмен жақсы жабдықталуына байланысты себілген уақыттан толық түптенгенге дейін арпа жапырақтарының қарқынды өсетіндігі байқалады. Көп жылдық деректерге қарағанда, Алматы облысының ылғалы жеткіліксіз тәлімі аймағында өсірілген жаздық арпа түптену мерзімі ішінде гектарына 6-9 мың шаршы метр жапырақ бетін түзіп, онан кейінгі кезеңдердегі өсіп-дамуы топырақтағы су, қорек және жылу режимдерімен толық сәйкестеніп өтеді.
Зерттелген жылдар ішінде арпа жапырақтарының ең жоғары мәні масақтану кезеңінде тіркеліп, дәннің сүттенген шағында пластикалық заттардың жетімсіздігінен сүрі жерге себілген егістікте 12,3-13,8, арпаның екінші дақылында 8,6-10,3, үшінші дақылында 6,5-9,0, ал ауыспайтын егістікте тіптен 5,8 мың шаршы метрге дейін төмендейді.
Ауыспалы егістегі алғы дақылдың рөлін бағалай келіп, мынадай заңдылықты атап өткеніміз орынды: үздіксіз бір танапқа себілген арпа егістігіндегі ылғал мен қоректік элементтердің жетіспеу салдарынан өсімдіктердің өсіп-дамуы баяулап, масақтану кезеңіндегі жапырақ көлемі сүрі жердегі арпадан 12,6, арпаның екінші және үшінші дақылынан тиісінше 8,4 және 5,9 мың шаршы метр кем қалыптасқан.
Барлық алғы дақылдар бойынша тұқым себу мөлшерін көбейткен сайын жапырақ қызметінің ұзақтығына кері әсер еткенімен, оның бір гектардағы мәні арта түседі. Масақтану кезеңінен бастап аңыздық танаптардан соң орналасқан арпаның жиі егістіктері өнімді ылғалдың қорын тез шығындап, толық піскенге дейін жапырақ алаңын күрт азайтады. Мұндай егістіктің төменгі қабатындағы жапырақтар ерте сарғайса, ал сирек егістікте, керісінше олардың тіршілігі ұзаққа созылып, өнім түзудегі ықпалы басым келеді. Бұл құбылысты осы қырынан ұғынсақ, тұқым себу мөлшерін гектарына 5 млн. дәнге көбейту арпа жапырақтарының көлемін дәннің сүттенген шағында 1,4-2,0 мың шаршы метрге төмендететінін түсіндірудің қажеті болмас.
Зерттеу жүргізілген жылдардағы деректерді жинақтай келсек, бір өсімдіктегі ең көп жапырақ алаңы (142,6-152,6 см2) сирек егістікте тіркелген, себебі мұндай жағдайда жеке өсімдіктің даму артықшылығы түптену кезеңінен бастап толық піскенге дейін үдей түседі.
Жекелеген өсімдіктің жапырақ алаңы мен өнімділігін өзара салыстыру масақтану кезеңінен (r=0,88 + 0,11) дәннің сүттену (r=0,70 + 0,21) мезгіліне қарай әлсірей түсетін тікелей байланыстың барлығын көрсетеді, яғни масақты қоректік заттармен жабдықтаудағы жапырақтардың үлесі масақтанудан піскенге дейін кеми беретіндігін дәлелдейді.
Көп жылдық мәліметтерді дисперсиялық талдау арқылы арпа жапырақтарының алаңын қалыптастыруда алғы дақыл 28,6-44,3%, тұқым себу мөлшері 25,1-38,9% аралығында әсер ететіндігі анықталды.
Сүрі танапқа себілген арпа егістігінің жапырақ алаңын қалыптастыруын енгізілген минералды тыңайтқыштар мен тұқым себу мөлшеріне қарай талдасақ, орта есеппен 1993-2000 жылдары түптену кезеңінде өсімдіктер бақылауда гектарына 6,8-10,6 мың м2, фосфордың 15 килограмын тұқыммен бірге қатарлап енгізгенде 7,7-11,8 мың жапырақ бетін түзсе, ал Р30 және N30Р30 аяларында бұл көрсеткіш тиісінше 8,5-12,5 және 9,6-13,1 мың текше метрге теңелді.
Әдеттегідей сүрі танап топырағында жиналатын ылғал мен қоректік заттардың табиғи қоры арпа өсімдіктерінің бірқалыпты өсіп-жетілуіне жеткілікті мөлшерде болады, дегенмен егістікте қосымша минералды тыңайтқыштар пайдалану олардың қоректену жағдайларын оңтайландырып, даму қарқындылығын еселей түседі.
Сөзіміз дәлелді болу үшін зерттеулерден алынған тәжірибе деректеріне жүгінейік. Жапырақ алаңының ең жоғары мәні түзілетін масақтану кезеніңдегі тыңайтылмаған егістікте аталған шама 29,3 мың м2/га құраса, Р15 нұсқасында 31,7 мың м2/га немесе 8,2%, 30 кг фосфорды топырақтың негізгі өңдеуінде енгізгенде 32,7 мың немесе 11,6%, ал N30Р30 аясында 33,8 мың текше метрге немесе 15,4 пайызға дейін ұлғайып, дәннің сүттенген мезгіліндегі жапырақ көлемінің өсімі тыңайтқыштар есебінен біршама төмендеп, орта есеппен 10,2-10,7 пайыз деңгейіне кеміген.
Демек, тыңайтылған нұсқалардағы арпа егістігінің даму қарқыны өсу кезеңінің басынан жеделдеп, бақылаумен салыстырғанда жапырақ көлемі гектарына 0,9-3,1 мың текше метрге артатындығы байқалады.
Жоғарыдағы тәжірибеде қалыптасқан арпа жапырақтары алаңының мәнін жеке факторларға жіктейтін болсақ, көрсетілген шамалардың 36,4-58,5% минералды тыңайтқыштардың, қалған 25,2-40,1% тұқым себу мөлшерінің үлесіне тиеді.
Тәлімі аймақта өсірілген жаздық арпаның өнім деңгейі айтарлықтай дәрежеде өсу мерзімі ішіндегі өсімдіктерде түзілетін құрғақ заттардың қарқындылығымен анықталады. Әдетте ауыспалы егістегі танаптарда топырақтың ылғал қоры мен қоректік элементтердің мөлшері әр түрлі болатындықтан, алғы дақылдың арпа өсімдіктерінің дамуына әсері олардың өсу кезеңі бойына жалғаса түседі.
Біздің 1979-1992 жылдары жүргізген егістік тәжірибелеріміздің мәліметтері бойынша, арпаның барлық даму кезеңдеріндегі құрғақ заттардың ең жоғары өсімі сүрі танапқа себілген егістікте тіркелсе, сонан соң екінші және үшінші дақылында, ал ең азы түсіндіруді қажет етпейтін, танабы ауыспайтын арпа егістігінде алынған.
Мысалы, түптену кезеңіндегі 100 өсімдіктің ауалы құрғақ массасы сүрі жерге орналастырылған егістікте 46,4 г, арпаның екінші дақылында 34,5 г, үшінші дақылында 31,4 г, алғы дақылсыз ұдайы бір танапта өсірілетін егістікте бар болғаны 20,2 грамға теңелді. Өсімдіктердің даму барысында зерттелген егістіктердегі алғы дақылдардың ықпалынан түзілетін құрғақ заттардың айырмашылығы ұлғайып, масақтану кезеңінде тиісінше 281,2; 236,0; 215,8 және 150,3 г құраса, дәннің сүттенген шағында 364,9; 310,6; 285,0 және 198,7 грамға жетті.
Демек, өсімдіктердің ерте көктемгі үдемелі өсу қарқыны мен түзілетін құрғақ заттардың массасын есептей келіп, ылғалы жеткіліксіз тәлімі аймақтағы арпа өніміне алдын ала сенімді болжам жасау бірталай сәйкессіздіктер туғызуы мүмкін. Оның үстіне тәлімі аймақтың климатына тән ауа райының қолайсыз құбылыстары көбінесе дәнді дақылдардың өсу кезеңінің екінші жартысында байқалып, ауа температурасы шектен тыс көтеріледі де топырақтағы ылғал тапшылығын айқын аңғартады.
Арпа өсімдіктерінің қоректену аумағын өзгерту өз кезегінде себілгеннен бастап егін жиналғанға дейін түзілетін құрғақ заттардың қарқынына әсер етпей қоймайды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қоректену аумағы кішірейген сайын өсімдіктердің жер бетіндегі массасы төмендей түседі, өйткені топырақтағы ылғал қорының аздығынан арпаның еріксіз баяу өсуі – егіншілікте жиі кездесетін заңды құбылыс.
Атап айтсақ, тұқым себу мөлшерін гектарына 2-ден 5 млн. дәнге көбейту сыналған алғы дақылдар бойынша егістіктегі 100 өсімдіктің құрғақ массасын түптену кезеңінде 14,3-14,6 г, түтіктенуде 54,6-63,2 г, масақтануда 51,1 - 69,8 г, сүттенуде 56,9 - 71,9 грамға дейін кеміткен. Ылғалы мол және орташа жылдармен салыстырғанда жекелеген қуаңшылық жылдары бұл айырмашылықтардың арта түсетіндігін айтқанымыз артық болмас, яғни қоректену аумағының кішілігі өсімдіктердің тіршілік үшін бәсекелестігін күшейтіп, нәтижесінде өсу кезеңінің соңына қарай ылғалдың мүлдем жетіспеушілігін тудырады.
Математикалық өңдеудің дисперсиялық тәсілі арпа өсімдіктеріндегі құрғақ заттардың түзілуіне алғы дақылдың ықпалы 41,2-56,8%, тұқым себу мөлшерінің 25,3-35,8% аралығында ауытқып, барлық анықтау мерзімінде тәжірибе нұсқаларының арасындағы елеулі айырмашылықты айқындай түседі.
Арпа өсімдіктеріндегі құрғақ заттардың түзілуі сүрі танаптағы қоректену аясы мен тұқым себу мөлшеріне қарай жүргізілген егістік тәжірибеде жалғасын тапқан.
Даму кезеңдерінде жүргізілген анықтаулар тәлімі сұр топыраққа енгізілген минералды тыңайтқыштардың арпа өсімдіктеріндегі құрғақ заттардың түзілу қарқындылығына әсері өсу мерзімінің алғашқы сатысынан-ақ байқалатынын дәлелдейді. Мұндай заңдылықтың сырын былайша түсіндіргеніміз жөн: ауыспалы егістің басқа танаптарына қарағанда сүрі жердегі ылғалдың жеткілікті қоры қолданылатын тыңайтқыштардың тиімділігін арттырып, егістіктің үдемелі өсу қарқынын тек көзбен шолып байқаудың өзі аса қиындық келтірмейді.
Мәселен, сүрі танап топырағына енгізілетін минералды тыңайтқыштардың күші арпаның түптену кезеңінен бастап біліне бастайды. Түйіршіктелген суперфосфаттың 15 килограмын тұқыммен бірге қатарлап енгізу 100 өсімдіктің құрғақ массасын осы кезеңде бақылаудағы 48,4 г орнына 59,1 грамға, топырақты негізгі өңдеу кезінде берілген 30 кг фосфор тыңайтқышы 65,1 грамға, ал N30P30 мөлшері 70,4 грамға дейін өсірген. Кейінгі даму кезеңдерінде арпа өсімдіктеріндегі түзілетін құрғақ заттар еселеп артып, масақтану кезінде жоғарыдағы көрсеткіштер тиісінше 298,8; 354,2; 366,9 және 385,0 грамға теңелді.
Бір ескертетін жағдай, енгізілген минералды тыңайтқыштардың өсімдіктердегі құрғақ заттардың массасына әсері түптенуде қоректену аясына қарай сондай-ақ 22,1; 34,5 және 45,5% құраса, осы шамалас ықпал ету заңдылығы кейінгі кезеңдерде де, тіптен дәннің толық піскен уақытына дейін сақталады.
Сүрі танапта жүргізілген екі факторлы тәжірибе деректерін саралай келіп, арпа өсімдіктерінің жер бетіндегі ауалы құрғақ массасының түзілуіне қоректену аясының 40,2-61,3%, тұқым себу мөлшерінің 18,4-28,9% үлесі бар екіндігін айта кеткеніміз орынды болар.
Тәлімі аймақтағы ауыспалы егісте өсірілген жаздық арпаның құрғақ заттарды түзу ерекшеліктеріне жүргізген бақылаулардың нәтижелерін жинақтай келе, аталған көрсеткіштің айтарлықтай өсімі егістік танаптарындағы ылғал мен қоректік элементтердің мөлшеріне, сонымен бірге нақты жылдың жауын-шашынмен қамтамасыз етілу дәрежесіне қарай өзгеретінін айтумыз керек. Жиі егістікте құрғақ заттардың түзілуі бәсеңдеп, өсімдіктердің өсу қарқынында бірталай артта қалушылық байқалса, мұндай көрініс көбінесе қуаңшылық жылдары сүрі жер емес алғы дақылдардан кейін орналасқан арпа егістіктерінде кеңінен орын алады.
5.2 Фотосинтездің таза өнімділігі
Егістік танаптағы фотосинтездің таза өнімділігі – арпаның фотосинтетикалық қызметінің белсенділігін тұтас өсімдік не болмаса оның жеке мүшелерінің деңгейінде сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі және түпкі нәтижемен сәйкестеніп, белгілі уақыт аралығындағы жапырақтың алаң бірлігінде түзілетін органикалық заттардың көлеміне қарай өзгеріп отырады.
Астық түсімінің мөлшері тек жапырақ алаңына емес, сонымен қатар өсімдіктердің өсіп-жетілу кезеңіндегі өнімді қызметіне де тәуелді. Жапырақ беті мен фотосинтез мүмкіндігінің бірдей мәнінде өсімдіктердің органикалық заттарды түзу қабілеті әр түрлі шамаға сай келуі мүмкін. Сондықтан да нақтылаған топырақ - климат жағдайларында аталған көрсеткіштердің өзара бірыңғай үйлесімділігін табу жоғары және тұрақты өнімді қамтамасыз ететін басты шарттардың қатарына жатады.
Біздің мәліметтеріміз бойынша, фотосинтездің таза өнімділігі (Фт.ө.) арпа өскендерінен бастап масақтану кезеңіне дейін көтеріліп, дәннің сүттенген шағында биологиялық массаның өсуі тоқталатындықтан әжептеуір төмендейді. Мысалы, сүрі танапқа себілген арпа егістігіндегі Фт.ө. даму кезеңдеріне қарай тәулігіне былайша қалыптасқан: түптенуде 3,2-4,0, түтіктенуде 6,1-7,2, масақтануда 11,8-13,7, сүттенуде 7,8-10,3 г/м2. Арпаның сүрі жерден кейінгі екінші және үшінші дақылында Фт.ө. ағымы тиісінше 2,8-3,2; 2,6-3,0; 4,8-5,9; 4,5-5,3; және 10,2-11,8; 8,3-11,2; 6,7-8,6; 6,4-8,0 грамға теңелді. Ауыспалы егістегі егістіктермен салыстырғанда ұдайы бір жерге себілетін ылғалы тапшы арпа егістігіндегі аталған көрсеткіштің қалыптасу ағымы мүлдем өзгеше: жапырақ алаңының бірлігінде түзілген құрғақ заттардың мөлшері өсімдіктер масақтанғанда 8,0 г болса, дәннің сүттенген мерзіміне қарай небары 6,3 г құраған.
Көпшілік әдебиеттерге жүгінсек, екпе дақылдардың өсу кезеңіндегі фотосинтездің таза өнімділігінің 10 г/м2 шамасы оңтайлы деңгейге жақын, ал 6-7 г/м2 мәні орташа деп есептелінеді. Біздің тәжірибеде сүрі жерге себілген арпа егістігіндегі оның орташа мөлшері тәулігіне 8,1 г/м2, ал арпаның екінші және үшінші дақылы мен ауыспайтын арпа егістігінде тиісінше 7,0; 6,5 және 5,3 г/м2 құрады.
Сапалы әрі жоғары дән өніміне сәйкестенетін Фт.ө. ағымының оңтайлы ырғағын анықтау үшін өсу кезеңіндегі орта мәнінен гөрі оны қысқа мерзім бойынша зерттеудің маңызы басым. Әйтсе де жапырақ алаңына қарағанда өзінің табиғи сипаты жағынан фотосинтездің таза өнімділігі тұрақты физиологиялық шамалардың қатарына жатады.
Арпаның жапырақтарды қалыптастыру ерекшеліктерінде баяндалғандай, ылғалы мол қолайлы жылдары жапырақтың алаң бірлігінде түзілген құрғақ заттардың жиналу қарқыны айрықша ұтымды өтті. Ауыспалы егістегі арпа егістіктерінде Фт.ө. түптену кезеңінде 3,4-4,3 г/м2, түтіктенуде 6,1-7,3, масақтанғанда 12,1-14,6, сүттенгенде 8,8-11,1 г/м2 құраса, осындай ағымға сәйкес сүрі танаптағы арпа өнімі гектарына 29,1 ц, екінші дақыл – 23,8 ц, үшінші дақылында 21,9 центнерге дейін көтерілді.
Ылғалдылығы орташа жылдары өсу кезеңінің бірінші жартысында фотосинтездің таза өнімділігі жөнінен қомақты айырмашылықтарды байқамағанымызбен, арпа өсімдіктері масақтанғаннан бастап ылғалдың жетіспеушілігі айқын аңғарылады. Нәтижесінде дәннің сүттенген мезгіліне қарай Фт.ө. кенеттен төмендеп (6,2-7,0 г/м2), топырақ ылғалы мен ауа температурасының арасындағы сәйкессіздіктің салдарынан арпаның сүрі жерден кейінгі екінші және үшінші дақылынан гектарына тиісінше 14,7 және 12,5 ц өнім алынды.
Жеке өсімдіктердің даму барысында егістік жиілігінің Фт.ө мәніне әсері түрліше қалыптасады. Арпа өскіндері пайда болғаннан өсімдіктер толық түптенгенге дейін фотосинтездің таза өнімділігінде айтарлықтай өзгерістер білінбейді. Түтіктенуден бастап, әсіресе масақтану кезеңінде жиі егістіктегі Фт.ө. шамасының анық төмендігі байқалады. Мысалы, тұқым себу мөлшерінің шеткі нұсқаларындағы айырмашылық масақтануда тәулігіне 1,5-2,9 г, ал сүттену кезеңінде 1,6-2,5 грамға теңелген, себебі жиі егістіктегі өсімдіктер бір-бірін өзара көлеңкелеп, өсу кезеңінің екінші жартысындағы ылғалдың тапшылығынан өз мүмкіндіктерін толық пайдалана алмайды.
Жоғарыдағы екі факторлы тәжірибе деректерін дисперсиялық талдау арпа фотосинтезінің таза өнімділігі бірінші кезекте алғы дақылға (39,8-50,7%), сонан соң тұқым себу мөлшеріне (30,1-40,3%) тәуелді екендігін көрсетеді.
Сүрі танапта қолданылған минералды тыңайтқыштардың арпа егістігіндегі фотосинтездің таза өнімділігіне әсерін былайша түсіндіргеніміз жөн. Арпаның түптену кезеңінде сыналған нұсқалардың арасында елеулі айырмашылықтар байқалмағанымен, тыңайтқыштар енгізілген егістікте бақылаумен салыстырғанда Фт.ө. түтіктенуде 0,4-0,8 г, масақтануда 0,5-0,9 г, дәннің сүттенген шағында 0,6-1,1 грамға артып, өнім көтерудегі өзінің оң ықпалын дәлелдей түседі.
Дәлірек айтсақ, бақылауда барлық тұқым себу мөлшері бойынша Фт.ө. тәуліктегі орта мәні түптенуде 3,9 г, түтіктенуде 6,7 г, масақтануда 13,4 г, сүттенуде 9,9 г құраса, анықтау жүргізілген осы мерзімдер ішінде тыңайтылған нұсқаларда аталған көрсеткіштер тиісінше 4,2; 7,2; 13,9; 10,3 және 4,3; 7,4; 14,2; 10,6 және 4,4; 7,5; 14,2; 10,7 грамға дейін көтерілген.
Сүрі танапта жүргізілген екінші тәжірибенің мәліметтерін дисперсиялық жолмен талдай отырып, егістіктегі фотосинтездің таза өнімділігіне минералды тыңайтқыштардың 25,1-35,8%, тұқым себу мөлшерінің 36,4-52,6% аралығында әсер ететіндігін анықтадық.
Тәлімі аймақтағы арпа егістігінің фотосинтетикалық қызметі жөніндегі негізгі деректерді жинақтай келіп, сүрі танапқа егілген бұл дақылдан гектарына 20-25 центнер өнім алу үшін жапырақ алаңының төмендегідей ағымын оңтайлы деп есептеуге болады : түптенуде 8-9, түтіктенуде 22-29, масақтануда 30-36 мың м²/га шамасына көтеріліп, сүттенуде 13-14 мың шаршы метрге дейін төмендейді және фотосинтездің таза өнімділігінің ырғағы тәулігіне тиісінше 3,5-4,5; 7-8; 12-14 және 9-11 г/м².
Арпаны сүрі жерден кейін екінші және үшінші дақыл ретінде өсіргенде бұл көрсеткіштер даму кезеңдеріне сәйкес сондай-ақ 5-6; 13-15; 19-22; 9-10 мың м2 және 3-3,5; 5-6; 10-11; 7-8 г/м² аралығында ауытқып, 12-15 ц/га дән өнімін қамтамасыз етеді. Жаздық арпа өсімдіктердің фотосинтетикалық қызметінің мұндай шамалары топырақтағы көктемгі ылғал қоры жеткілікті жиналып,өсу кезеңі бойына құрғақшылық болмаған жағдайда қалыптасады.
6 Арпа дақылының өнімі және оның сапасы
6.1 Өнімнің мөлшері мен құрылымы
Арпаның өсу кезеңінің қай сатысында болмасын, ауыспалы егістегі алғы дақылға сәйкес топырақта жиналған ылғал көлемі мен өсімдіктерге қажетті басқа да тіршілік көздеріндегі айырмашылық түзілетін өнім деңгейі мен оның құрылымына әсер етпей қоймайды. Бұл турасында тәжірибедегі жүргізілген бақылаулар мен есептеулерге бұған дейін жұмыстың алдыңғы тарауларында талдау өткізіп, тиісті тұжырымдар жасағанбыз.
Егін жинар алдында мөлдектерден алынған бау үлгілерінің мәліметтері сүрі жерге егілген арпаның өнім құрылымының көрсеткіштері басқа алғы дақылдармен салыстырғанда анағұрлым жоғары екендігін растайды. Мысалы, гектарына 3 млн. дәнмен себілген егістіктегі арпа өсімдіктерінің биіктігі сүрі жерде 73,5 см құраса, екінші дақылында – 69,2 см, үшінші дақылында – 66,0 см, ал танабы ауыспайтын егістікте – 56,3 сантиметрге теңелген. Осындай тұрақты заңдылық алғы дақылдар бойынша арпаның өнім құрылымының қалған бөліктерінде де сақталады.
Алғы дақылдарға сәйкес танаптағы егістік жиілігі мен бір шаршы метрдегі өнімді сабақтар арасында төмендегідей байланыс орныққан: таза сүрі жердегі гектарына 2 млн.дән себілген егістікте олардың саны 263 дана болса, 5 млн. себілген нұсқада 404 данаға жеткен, ал арпаның сүрі жерден кейінгі екінші және үшінші дақылында аталған көрсеткіштер тиісінше 235-319 және 212-295 дананы құрады. Дегенмен мұндай жағдайда өнім құрылымының негізгі шамаларының бірі 1000 дәннің массасын естен шығармауымыз тиіс, сол себепті де түзілетін ең жоғары өнім деңгейі әрдайым өнімді сабақтардың санына тікелей сәйкестене бермейді.
Атап айтсақ, тұқым себу мөлшерін гектарына 2-ден 5 млн.данаға көбейту арпа өсімдіктерінің өнімді түптілігін сүрі жердегі егістікте 1,8-ден 1,3-ке, екінші дақылында 1,7- ден 1,1-ге, үшінші дақылында 1,6-дан 1,1-ге дейін кемітетіндігі анықталды. Біздің пікірімізше, бұл қоректену аумағының кішірею салдарынан туындайтын су және қоректік режимдердің жетімсіздігі мен басқа да өсу және даму факторларының сәйкессіздігінен болуы керек.
Арпа өнімін жинар алдындағы өсімдіктердің егістікте сақталу дәрежесіне алғы дақылдар мен тұқым себу мөлшерінің ықпалы да ерекше. Зерттеу жылдарындағы орташа жиілікпен себілген егістік деректерін салыстыра талдасақ, сүрі жердегі өсімдіктердің сақталуы 91,1%, екінші дақылында –88,1 %, үшінші дақылында – 86,9 %, ал танабы ауыспайтын егістікте – 78,5 пайызға дейін күрт төмендеген.
Арпа бауларын талдау нәтижесінде анықталғандай, ауыспалы егістегі сүрі танапқа минералды тыңайтқыштар енгізу өсімдіктердің қоректену жағдайларын жақсартумен бірге өнім құрылымының қалыпты деңгейде түзілуіне де едәуір оң ықпал етеді. Қоректену аясы мен тұқым себу мөлшеріне сәйкес жүргізілген есептеулерді тәжірибедегі бақылау егістігімен салыстырсақ, суперфосфаттың 15 килограмын арпа тұқымымен қатарлап енгізгенде арпа егістігінің алаң бірлігінде құралған өнімді сабақтар саны орта есеппен 22-59 дана, немесе 9,0-16,8%, Р30 – 27-70 дана, немесе 11,0-19,9 %, N30Р30 нұсқасында 39-95 дана, немесе 15,9-21,1 % көбейетіндігі белгілі болды.
Минералды тыңайтқыштардың өнім құрылымының басқа бөліктеріне, яғни өсімдіктер биіктігі, масақтың ұзындығы мен дән саны, түптілік және өміршеңдік қасиеттері тәрізді құнды белгілеріне әсері де өз алдына сөз етуге тұрарлық.
Мысалы, тыңайтылған мөлдектердегі өсімдіктер биіктігі егістік жиілігіне байланысты Р15 аясында 2,8-3,2 см, немесе 4,0-4,3 %, ал Р30 және N30Р30 нұсқаларында тиісінше 3,2-3,6 және 4,2-4,8 см, немесе 4,6-4,8 және 5,4-6,4 % шамасына артқан. Тыңайтқыштар енгізілген аялардағы масақ ұзындығының өсімі 0,2-0,6 см, немесе 3,8-9,4 %, масақтағы дән санының артықтығы 0,7-1,8 дана, немесе 4,6-9,5 % құраса, бұған қоса өсімдіктердің түптену қабілеті күшейіп, олардың егін жинар алдындағы сақталу дәрежесі 1,2-1,5 пайызға өсетіндігі дәлелденді.
Дисперсиялық әдістің қорытындыларына жүгінсек, арпа өнімінің құрылымын құраудағы минералды тыңайтқыштардың ықпалы 42,8-58,6 % аралығында сезілсе, қалған 19,2-30,2 пайызы тұқым себу мөлшерінің үлесінде.
Алғы дақылдар бойынша алынған өнім деректерін талдай отырып, орта есеппен 1979-1992 жылдары сүрі жерге себілген арпа түсімі оның екінші дақылынан гектарына 6,4 ц, үшінші дақылынан 8,4 ц, ал ауыспайтын егістікке қарағанда тіптен 14,2 центнер артық жиналғанын айта аламыз (4-кесте).
4-кесте – Алғы дақыл мен тұқым себу мөлшеріне байланысты арпа өнімі, ц/га
Тұқым себу мөлшері, млн.дән/га
|
Зерттелген жылдар
|
Орта есебі
|
1979
|
1980
|
1981
|
1982
|
1983
|
1984
|
1985
|
1986
|
1987
|
1988
|
1989
|
1990
|
1991
|
1992
|
Сүрі жерге егілген арпа
|
2
|
28,1
|
22,0
|
18,3
|
8,5
|
19,7
|
12,4
|
17,4
|
18,7
|
30,8
|
21,2
|
184
|
14,8
|
11,5
|
22,8
|
18,9
|
3
|
31,3
|
24,7
|
19,8
|
9,6
|
22,3
|
13,5
|
19,0
|
20,4
|
32,5
|
23,7
|
19,8
|
16,6
|
12,8
|
24,6
|
20,8
|
4
|
32,6
|
27,0
|
21,5
|
8,3
|
24,8
|
13,8
|
20,7
|
23,6
|
34,2
|
26,8
|
21,8
|
19,2
|
13,0
|
24,2
|
22,5
|
5
|
32,0
|
25,7
|
20,1
|
6,4
|
24,0
|
11,6
|
19,3
|
21,4
|
33,6
|
25,1
|
20,5
|
18,3
|
11,4
|
26,7
|
21,2
|
Арпаның сүрі жерден кейінгі екінші дақылы
|
2
|
25,8
|
18,5
|
13,7
|
3,1
|
16,3
|
7,4
|
9,9
|
13,3
|
27,2
|
19,4
|
12,2
|
10,9
|
6,6
|
19,8
|
4,6
|
3
|
27,8
|
20,4
|
15,1
|
3,7
|
18,8
|
7,7
|
11,4
|
14,8
|
28,5
|
21,3
|
14,0
|
12,7
|
6,9
|
22,4
|
16,1
|
4
|
27,2
|
18,5
|
13,4
|
2,2
|
19,0
|
6,0
|
11,1
|
15,0
|
28,8
|
21,0
|
13,4
|
12,7
|
6,0
|
22,6
|
15,5
|
5
|
26,7
|
17,9
|
12,0
|
2,0
|
18,1
|
6,1
|
10,5
|
14,2
|
27,8
|
20,4
|
12,5
|
11,2
|
4,5
|
21,3
|
14,7
|
Арпаның сүрі жерден кейінгі үшінші дақылы
|
2
|
24,5
|
16,4
|
10,4
|
2,8
|
15,4
|
5,0
|
9,1
|
11,2
|
24,5
|
16,0
|
10,4
|
8,7
|
5,0
|
18,7
|
12,7
|
3
|
25,8
|
18,3
|
11,6
|
2,8
|
17,5
|
5,2
|
10,0
|
12,3
|
26,6
|
18,
|
12,3
|
10,3
|
5,2
|
21,6
|
14,1
|
4
|
24,9
|
16,8
|
9,8
|
1,9
|
17,9
|
4,7
|
9,7
|
11,7
|
26,7
|
17,4
|
11,5
|
9,8
|
3,6
|
21,0
|
13,4
|
5
|
24,0
|
16,1
|
8,5
|
1,4
|
16,5
|
3,6
|
9,0
|
10,2
|
25,9
|
16,8
|
10,9
|
9,0
|
2,0
|
20,1
|
12,5
|
Ауыспайтын арпа егістігі
|
3
|
14,7
|
10,4
|
7,7
|
0,9
|
10,1
|
1,7
|
7,6
|
8,4
|
16,5
|
9,8
|
8,1
|
7,5
|
1,6
|
10,9
|
8,3
|
ЕКЕА0,5 А
|
1,8
|
1,6
|
2,1
|
1,0
|
1,6
|
1,4
|
1,5
|
2,0
|
1,9
|
1,0
|
1,7
|
1,5
|
0,9
|
1,8
|
|
ЕКЕА0,5 В
|
0,7
|
0,5
|
1,2
|
04
|
0,8
|
0,6
|
0,8
|
1,3
|
1,5
|
0,6
|
1,0
|
0,9
|
0,5
|
1,3
|
|
Мұндай заңдылық сүрі танаптағы фитосанитарлық жағдайлардың жақсаруына, сондай-ақ топырақтың су-физикалық және қоректік режимдердің қолайлы түзілуіне байланысты арпа өсімдіктерінің қалыпты қарқында дамитындығын аңғартса керек.
Жекелеген жылдары қалыптасқан арпа өнімінің мөлшері мен тәжірибенің қалған нұсқаларының арасындағы айырмашылықтар да мүлдем басқаша. Атап айтқанда, жиілігі бірдей төрт егістікті өзара салыстырсақ, сүрі жердегі арпа өнімі 9,6-32,5 ц/га аралығында ауытқып, кейінгі себілетін екінші, үшінші дақылы мен танабы ауыспайтын егістікте бұл көрсеткіштер гектарына тиісінше 3,7-28,5; 2,8-26,6 және 0,9-16,5 центнер құраған.
Есептеуден алынған орта мәніндегі мәліметтер алғы дақыл мен тұқым себу мөлшеріне, сонымен қатар нақты жылдың ылғалмен қамтылу дәрежесіне байланысты арпа өнімінің құралу ерекшеліктерін айқындай түседі. Демек, қуаңшылық жылдары сүрі жерге себілген арпа егістігінен гектарына 12,0 ц, екінші дақылынан 6,1 ц, үшінші дақылынан 4,4 ц, ал ауыспайтын егістіктен небары 1,4 ц өнім түзіліп, ылғалы орташа және мол түскен жылдары бұл шамалар тиісінше 20,1; 14,7; 12,5; 8,3 және 26,9; 23,8; 21,9; 12,4 центнер құраған. Егер қуаңшылық жылдары сүрі жердегі арпа өнімі оның екінші, үшінші дақылынан 5,9-7,6 ц/га артық жиналса, онда ылғалы орташа және ылғалды жылдары сүрі танаптың алғы дақыл ретінде ықпалы төмендеп, түзілетін өнім айырмасы 3,1-5,0 ц/га шамасына дейін бәсеңдейді.
Ауыспалы егістің маңызын түсіну мақсатында алынған шамаларға көз жүгіртсек, ылғалы орташа келген және көп жылдары үздіксіз бір танапқа себілетін арпа түсімі гектарына 8,3-12,4 центнерге теңеліп, тәлімі аймақ үшін қанағаттандырарлық өнім есебінде қарастырылады. Ал, керісінше, қуаңшылық жылдары ылғал қорының еріксіз шектелуінен өсімдіктер орасан зор зардап шегіп, нәтижесінде өнім деңгейі себілетін тұқым көлемінде қалып қойған.
Көп жылдық зерттеулердің нәтижесі бойынша сүрі жерге егілген арпаның ең жоғары өнімі гектарына 4 млн. дән себілген егістікте түзіледі. Мысалы, осы мөлшердегі түсім орта есеппен 22,5 ц/га құралып, бақылаумен (арпаның үшінші дақылындағы 4 млн./га) салыстырғанда 9,1 ц/га артық қалыптасқан. Себілетін тұқым мөлшерін 5 млн. дәнге көбейту өнім құрылымына кері әсер етіп, оның шамасын гектарына 1,3 центнерге төмендетеді. Яғни, гектарына 4 млн. дән себу алаң бірлігіндегі оңтайлы өсімдіктер жиілігін қамтамасыз етіп, сүрі танап топырағында жиналған өнімді ылғал қоры мен қоректік заттардың тиімді сіңірілуіне қолайлы жағдай туғызады.
Алғы дақылы дәндік егістерден кейін орналасқан арпа өнімінің шарықтау шегі себу мөлшерінің 3 млн./га нұсқаларына сәйкес келеді. Атап айтсақ, бақылаудағы 13,4 ц/га орнына арпаның сүрі жерден кейінгі екінші дақылынан 16,1, үшінші дақылынан 14,1 ц/га өнім түзілген. Бұл шамалар тәлімі арпа егістігінің жиілігі жөнінде соңғы уақытқа дейін өндірісте пайдаланылып келген ұсыныстардан гектарына 0,7-2,7 центнер артық екендігін ескермеске болмайды. Бірақ қуаңшылық жылдары барлық алғы дақыл бойынша алынған жоғары өнім көлемі елеулі айырмашылықтың жоқтығынан себу мөлшерінің ұтымды нұсқаларынан 1 млн. дәнге кем егістіктерде құралған, себебі мұндай жағдайда онсыз да жетімсіз ылғал қоры мен егістік жиілігінің арасындағы кері байланыстың ықпалы ерекше дами түсетіндігі анық.
Жауын-шашыны жеткіліксіз тәлімі аймақта жүргізілген тәжірибедегі арпа өніміне әсер етуші факторларды жіктеу оның түзілу деңгейі бірінші кезекте алғы дақылға (42,3-58,7 %), сонан кейін тұқым себу мөлшеріне (25,4-37,5%) қарай қалыптасатындығын айқындайды.
Төменде сүрі танаптағы қолданылған минералды тыңайтқыштар мен тұқым себу мөлшеріне байланысты арпа өнімінің деректерін келтіріп отырмыз.
Суретте көрсетілген мәліметтерге жүгінсек, қоректену аялары бойынша жиналған түсім бақылау егістігінде орта есеппен гектарына 17,5 ц, Р15 аясында 19,3, Р30 – 20,6, ал N30Р30 – 21,7 центнерге теңеліп, тыңайтылған нұсқалардан алынған қосымша өнім тиісінше 1,8, 3,1 және 4,2 ц/га құраған. Зерттелген жылдар ішінде арпа өнімінің ең жоғары деңгейі (26,7-31,0 ц/га), күтілгендей, ылғалды жылдары азот пен фосфор тыңайтқыштарын бірге енгізген егістіктерде қалыптасса, керісінше, қуаңшылық жылдары құрғақшылықтың салдарынан өсімдіктердің дамуы айтарлықтай тежеліп, өнім көлемі бақылауда гектарына 8,4-10,2 центнерден аса алмады.
Алғы дақылдарға сәйкес арпа өнімін талдау кезінде айтылғандай, қуаңшылық жылдары бұл тәжірибеде де қоректену аумағына қарай нұсқалар арасындағы сенімді айырмашылықтың азаятындығы болмаса, өнім түзілу ерекшеліктері негізінен сол қалпында сақталған. Барынша жоғары өнім құрайтын оңтайлы егістік жиілігі есебінде тұқым себу мөлшерінің 4 млн. дән/га нұсқасы танылып, астық түсімі зерттеудегі қоректену аяларында 19,0-23,4 ц/га аралығында ауытқыды. Демек, тәжірибе үлгісінде қарастырылған минералды тыңайтқыштар көлемі сүрі танапқа егілетін арпаның қалыпты тұқым себу мөлшеріне елеулі өзгеріс енгізбейді.
Зерттеу жылдарын қуаңшылық, ылғалы орташа және ылғалды жылдарға топтастырсақ, бірінші топтағы тыңайтылмаған егістікте арпа өнімі тұқым себу мөлшеріне қарай 8,4-10,2 ц/га, Р15 қатарлап енгізілгенде 9,5-11,7, Р30 – 11,4-13,2, N30Р30 – 11,6-12,6 ц/га құраса, бақылаумен салыстырғанда қосымша өнім гектарына тиісінше 1,1-1,8, 2,7-3,0 және 3,2-4,1 центнерге теңелген. Ылғалы орташа жылдарды былай қойғанда, жауын-шашыны мол жылдары тәжірибенің барлық нұсқаларындағы арпа өнімі 2,5 есеге жуық артық қалыптасып, тыңайтқыштардың әсерінен түзілген қосымша өнім де 2,6-5,3 ц/га шамасына көтерілді (3-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |