6.2 Дәннің технологиялық сапасы
Егістіктегі дәннің қалыптасуы – қоршаған ортаның көптеген факторларының жиынтығынан түзілетін өте күрделі физиологиялық құбылыс. Сондықтан да жиналатын астық сапасы жергілікті жердің топырақ-климат жағдайларына, сорттың генетикалық ерекшеліктері мен қолданылатын агротехникалық шаралар және дән толысу кезеңіндегі ауа райына бағынышты келеді.
Ылғалы орташа жылдары
Ылғалды жылдары
Қуаңшылық жылдары
3-сурет – Қоректену аясы және жылдың ылғалмен қамтамасыз етілуіне қарай сүрі танаптағы арпа өнімі,
ц/га (1993-2000 жж.)
Зерттеудің нәтижелері арпаның ауыспалы егістегі орны сүрі танаптан алыстаған сайын дәннің көлемдік салмағының азая беретіндігін растайды. Мысалы, сүрі жерге егілген арпа дәнінің көлемдік салмағының орташа мәні 659,6 г, екінші дақылында 656,7 г, үшінші дақылында 650,5 г болса, ал ауыспайтын егістікпен қоса салыстырсақ, онда барлық алғы дақылдарға ортақ жиілікпен(3 млн./га) себілген егістіктердегі шамалар тиісінше 673,3, 660,3, 654,5 және 637,1 г есебінде түзіледі.
Дәннің технологиялық сапасының басты шамаларының бірі 1000 дәннің массасы болып табылады. Жауын-шашынмен қамтамасыз етілмеген тәлімі аймақта масақты дақылдар дәнінің толысу және пісу кезеңі көпшілік жылдарда ауа райының қолайсыз жағдайларына сәйкес келіп, соның салдарынан 1000 дәннің массасы әрдайым төмен түзіледі.
Біздің деректеріміз бойынша, бұл көрсеткіш сүрі жердегі арпада 38,6 г, оның екінші дақылында 37,6 г, үшінші дақылында 37,0 г және ауыспайтын арпа егістігінде 35,0 г құраған. Сүрі танап егістігіндегі ылғал қорының азырақ ауытқитындығынан тұқым себу мөлшерінің шеткі нұсқаларындағы айырмашылық 2,9 г болса, қалған дақылдарда 3,3-3,6 грамға дейін көтерілетіні байқалады.
Тәжірибедегі барлық егістіктерде тұқым себу мөлшері кеміген сайын дән белогының артатындығы белгілі болып отыр. Мұндай құбылыс қоректену аумағы ұлғайған кезде өсімдіктер үшін күн сәулесі мен көмір қышқыл газын, сондай-ақ қажетті ылғал және қоректік заттарды сіңіруіне қолайлы жағдайлардың туындауымен түсіндірілетін сияқты. Алайда себілетін тұқымның шеткі нұсқаларындағы (2 және 5 млн./га) белоктың айырмасы сүрі жердегі арпада орта есеппен 0,8 %, екінші дақылында 1,2 %, үшінші дақылында 1,5 пайызға жеткен. Осы және жоғарыда талқыланған өзге де мәліметтерден ұғынарымыз, сүрі танапқа қарағанда арпаның соңғы егістіктеріндегі топырақ ылғалы мен қоректің үлкен тапшылығы олардың тұқым себу мөлшерін азайтуға талабын анық байқатқандай.
Зерттелген жылдар ішінде арпа дәніндегі белок пен крахмалдың сандық мөлшерінің арасында кері тығыз байланыс (r=0,85) туындайтынын айтуымыз керек. Барлық алғы дақылдарға ортақ жиіліктегі мөлдектерден алынған дән сапасына назар аударсақ, сүрі жерден орылған арпа дәніндегі крахмал 53,6 % құраса, бұл шама екінші және үшінші дақылдарда бірқатар төмендеп, ауыспайтын егістікте 52,2 % мағынасына теңелген.
Сүрі танапқа орналасқан егістіктегі арпа дәнінің технологиялық сапасы да қоректену аясы мен аумағына қарай біршама бағытта өзгеріске ұшырайды. Қысқартып айтқанда, соңғы факторға байланысты дән сапасының барлық шамаларының қалыптасу ерекшеліктері алғашқы тәжірибедегідей мұнда да толығымен дерлік сақталады, сол себепті бұл жерде тек минералды қоректің жағымды ықпалын атап өту жеткілікті тәрізді.
Жиналған мәліметтердің нұсқалар бойынша орташа мәнін салыстыра талдасақ, бақылауға қарағанда тыңайтылған егістіктердегі арпа дәнінің көлемдік салмағы 5,8-10,5 г/л, 1000 дәннің массасы 0,5-1,2 г, белок 0,6-1,5 %, крахмал 1,8-2,6 % көбейіп, ал қауыздылығы өнім деңгейінің ұлғаюынан болса керек, 0,1-0,3 пайызға дейін азаяды.
Дән сапасына жүргізілген дисперсиялық талдаулар оның егістіктегі қалыптасу шамасына алғы дақыл (25,3-46,8 %) мен тұқым себу мөлшерінің (27,8-40,3 %) әсерін айқындаса, ал екінші тәжірибеде қоректену аясы (41,4-55,1%) және аумағына (30,1-37,0 %) тәуелділігін білуімізге мүмкіндік береді.
Сонымен, ылғалы жеткіліксіз тәлімі аймақта өсірілген жаздық арпа өнімінің сапалық көрсеткіштері зерттелген агротехникалық әдістерге қарай айтарлықтай дәрежеде өзгеруі ықтимал. Бірақ та, олардың сандық мөлшерінің қалыптасуына елеулі септігі бар дән толысу кезеңіндегі ауа райы жағдайларының маңызын бірінші кезекте есепке алуымыз қажет.
6.3 Тұқымның егістік сапасы
Ауыл шаруашылығының тұқым өндірісі жағдайында танаптарда түзілетін өнім мөлшерімен қатар егістікте қолданылатын агротехникалық шараларға байланысты қалыптасатын тұқым шығымының маңызы өте зор. Түпкі өнімді есепке алып, өңдеу барысында жиналған мәліметтер сүрі танапқа орналасқан арпа тұқымының шығымы тәжірибедегі қоректену аясы мен аумағына және сонымен бірге жылдың жауын-шашынмен қамтамасыз етілу дәрежесіне айтарлықтай тәуелді келетіндігін айқындайды.
Мәселен, қоректену аяларына қарай алынған деректерге жүгінсек, орта есеппен 1993-2000 жылдар ішінде тыңайтылмаған мөлдектердегі сапалы тұқымның шығымы 78,8-80,7 пайызға теңеліп, Р15 нұсқасында 79,8-82,1 %, Р30 – 80,5-82,5%, N30P30 – 81,3-83,3 % аралығында ауытқыған.
Демек, алаң бірлігіндегі арпа өнімінің өсіміне қосымша, өсімдіктердің өнімділігін көтерудегі ықпалды фактордың, яғни сүрі танапқа енгізілген минералды тыңайтқыштардың әсерінен арпа тұқымының шығымы 1,4-2,6 пайызға артатындығын байқаймыз.
Талдауға алынған көрсеткіштің тұқым себу мөлшері арасындағы ең жоғары шамасы 4 млн./га жиіліктегі егістікке сәйкес келетіндігін айта келіп, зерттеудегі жылдарды топтастыру арқылы ылғалдылық болмысына басты назар аударсақ. Атап айтқанда, бақылау егістігіндегі арпа тұқымының шығымы қуаңшылық жылдары 71,7-73,6 % құраса, ылғалы орташа деңгейде 79,8-81,7 %, ал ылғалды жылдары 83,3-85,9 пайызға дейін көтеріледі. Осындай бағыттағы өзгерістер минералды тыңайтқыштар енгізілген аяларда да бірыңғай көрініс тапқан.
Тұқымның өну қуаты оның егістік сапасы мен өнімділік қасиеттерін айқын сипаттайтын негізгі шамалардың қатарына жатады. Екпе дақылдардың өскіндерінің жер бетіне біркелкі әрі толық көктеп шығуына бұл көрсеткіштің тигізетін әсері ерекше.
Зерттеу жылдары сүрі танапқа енгізілген минералды тыңайтқыштар мен тұқым себу мөлшеріне қарай арпаның өну қуаты орта есеппен 92,4-95,2 % аралығында болса, бақылаумен салыстырғанда аталған мағына 1,3-2,1 % артық түзілген.
Ауа райының қолайсыздығы салдарынан қуаңшылық жылдары өндірілген арпа тұқымының өну қуаты тыңайтылмаған егістіктерде 87,6-89,8 пайызға дейін төмендеп, керісінше, жауын-шашыны мол жылдары N30P30 аясында жиналған егістіктегі тұқымның өну қуаты 95,7-97,3 % көлемінде жоғары қалыптасқан. Қысқасы, танаптағы өсімдіктердің ылғал және қоректену жағдайларын оңтайландыру арпа түсімін көтерумен қатар тұқымның егістік сапасын әлдеқайда жақсартуға мүмкіндік береді.
Танаптағы егістіктің шығымдылығы мен алаң бірлігінде түзілетін өсімдіктер жиілігі бірінші кезекте тұқымның зертханалық өнгіштігіне бағынышты, өйткені қосымша себептерді есептемегенде зертханалық және егістік өнгіштіктің арасында әрдайым тікелей тәуелділік сезіледі.
Мысалы, тыңайтылмаған егістік нұсқаларынан жиналған дән үлгілерінің зертханалық өнгіштігі 93,4-95,3 пайызға теңелген, ал бұл шамалар тыңайтқыштар енгізілген аялардан орта есеппен 0,8-2,5 % кем құраса, ылғалдылығына қарай топтастырылған жылдар ішіндегі айырмашылық бұдан да жоғары қалыптасып, айырмасы 3,3-3,8 пайызға дейін көтеріледі.
Зертханалық бақылауға алынған арпа тұқымының өсу күшін бағалау үшін тәжірибе үлгісіне сәйкес он күндік өскіндердің ұзындығы өлшеніп, көп жылдық мәліметтердің орта мәні мен жылдың ылғалдылығына қарай қалыптасқан дәннің өсу қарқындылығына талдау жасалынды.
Тәжірибе нәтижелері көрсеткендей, бақылау егістігінде өндірілген тұқымның он күндік биіктеп өсуі нұсқалар бойынша орта есеппен 14,1-14,9 сантиметрге жетіп, аталған көрсеткіш тыңайтқыштардың аяларында тиісінше 15,0-15,9; 15,3-16,2 және 15,4-16,3 см аралығында біршама жоғары өсімін тапқан.
Жалпы, егістік танаптарда өсірілетін мәдени дақылдардың тұқым себу мөлшері мен көбею коэффициентінің арасында бұлжымас кері тәуелділік орнығады, сондықтан мұндай ерекшелікті тұқым көлемі жеткіліксіз жаңа сорттарды тездетіп көбейту үшін бірінші кезекте басшылыққа алған жөн.
6.4 Тәлімі аймақтарға бейімделген жаңа сорттардың өнімділігі
Кейінгі жылдары біздің басшылығымызбен жүргізілген арпаның жаңа сорттарының өнімділік қасиетін анықтау жұмыстарымыздың нәтижелері төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіншіліктер берді. Бұл жұмыстар 2000-2007 жылдар аралығында тәлімі жерлерге қалыптасқан құрғақшылықтың әр деңгейіндегі аймақтарда жүргізілген.
Өте қуаңшылық аймақта арпаның 12 сорты сұрыпталып, олардың жоғары өнім қалыптастыратын алтауы гектарынан 9,5 центнерден (Арна) 13,5 центнерге дейін (Бәйшешек) дән құрады. Бұл көрсетілген өнімнің мөлшері өте жоғары болмағанымен де, басқа дәнді масақты дақылдардан алынған өніммен салыстырғанда толық қанағаттандырарлық деңгейде қалыптасты.
Жартылай қуаңшылық аймақта егілген 13 сорттың жетеуі гектарынан 16,1 центнерден (Жан) 23,6 центнерге дейін (Сусын) дән құраған болса, ал қуаңшылық аймақта енгізілген 15 сорттың алтауы гектарынан 19,4 центнерден (Ақжол) 25,0 центнерге дейін (Сәуле) өнімді қамтамасыз етті.
Біздің пайымдауымызға қарағанда, осы келтірілген арпа дақылының тәлімі жердегі түсімі басқа дақылдарға қарағанда біршама жоғары, солай болғандықтан оның тиімділігі де жоғары деген қорытынды жасауға болады.
Тәлімі аймақтарға бейімделген арпаның жаңа сорттарының салыстырмалы өнімділігін талдай келсек, республикамыздың оңтүстік-шығысындағы сұр топырақта ең жоғары өнімін түзетін Бәйшешек, Ақжол, Арна, Северный 1, Тұран 2, Сусын, Жан, Одесский 100, Скарлет сорттарын өндіріске ұсынуға толық негіз бар.
7 Тәлімі арпа дақылын өсірудің экономикалық және энергетикалық тиімділігі
Тәжірибе жүргізу барысында ауыспалы егістегі зерттелген алғы дақылдар мен тұқым себу мөлшерінің экономикалық тиімділігін анықтауда арпа егістігінің 1 гектары мен 1 центнер дәніне жұмсалған тікелей шығындар талдауға алынды, сондықтан есептеу соңындағы алынатын таза табыстың ақшалай мөлшері әдетте шартты сипатқа ие болмақ.
Барлық алғы дақылдарға ортақ жиіліктегі егістіктерден алынған шартты таза табыс көлеміне тоқталсақ, танабы мүлдем ауыспайтын арпа егістігімен салыстырғанда бұл мағына сүрі жерге себілген арпада 23759 теңгеге, екінші дақылында 16141 теңгеге, үшінші дақылында 11704 теңгеге артық құралған. Ауыспалы егістегі жекелеген алғы дақылдарға қатысты тұқым себу мөлшеріне талдау жасай отырып, 1 гектарға шаққандағы шартты таза пайданың ең жоғары мәні (28819 тг) сүрі жерге себілген арпаның 4 млн. жиіліктегі егістігіне сәйкес келсе, екінші және үшінші дақылында – 3 млн./га нұсқасында түзіліп, тиісінше 19139 және 14702 теңгеге теңелгенін айтуымыз тиіс.
Орта есеппен 1993-2000 жылдар ішінде сүрі танапқа орналасқан арпа егістігіндегі ең жоғары қосымша өнім мөлшері (4,0-4,4 ц/га) тәжірибедегі азот пен фосфор тыңайтқыштарын қосып енгізген мөлдектерде түзілген. Алайда, пайдаланылған тыңайтқыштардың 1 кг әсерлі затының дән бірлігіне шаққандағы барынша мол қайтарымы 15 кг түйіршіктелген суперфосфатты арпа тұқымымен бірге қатарлап енгізгенде көрінеді.
Мысалы, N30P30 нұсқасында 1 кг минералды тыңайтқыштардың қайтарымы 6,7-7,3 кг дәнге теңелсе, ал 15 кг фосфорды арпа өсімдіктерінің қатарына сіңіру әдісі гектарына 1,6-1,8 центнер қосымша өнімді қамтамасыз еткенімен, бірақ негізгі көрсеткішке келгенде, яғни дәнмен қайтарымы ұлғайып, 10,7-12,0 кг аралығында айқын өсімін тапқан.
Тыңайтқыштардың әсерінен түзілген қосымша өнім (1,6-1,8 ц/га) деңгейіне қарай 15 кг фосфорды тұқыммен бірге қатарлап енгізген жағдайда энергия көлемі 2846,4-3202,2 МДж құраса, ал Р30 және N30P30 аяларында қосымша өнім гектарына 2,9-3,2; 4,0-4,4 центнерге көтеріліп, түпкі энергия жиынтығы 5159,1-5692,8 және 7116,0-7827,6 МДж өлшеміне дейін еселей артқан.
Нақтырақ айтсақ, қосымша өнімдегі энергия мөлшерінің тыңайтқыштар мен қосымша өнімге байланысты шығындалған энергия жиынтығына қатынасы соңғы маңызды көрсеткішті, яғни энергетикалық тиімділік коэффициентін сипаттайды. Осындай есептеулер үшін арнайы бекітілген әдістеменің негізгі шарты бойынша, егер энергетикалық тиімділік коэффициенті 1-ден жоғары мағынаға ие болса, онда тәжірибеде сыналған агротехникалық тәсілдің кез келгені энергетикалық тұрғыдан тиімді болып есептелінеді.
Қорыта айтқанда, тәжірибе үлгісіне сәйкес дәнді-сүрі жерлі ауыспалы егісіндегі сүрі танапқа енгізілген минералды тыңайтқыштардың Р15, P30, N30P30 нұсқалары тиісінше 1,24-1,27; 1,40-1,50 және 1,66-1,82 бірлігін қалыптастырып, тәлімі аймақта өсірілген арпа егістігіндегі тыңайтқыштар қолданудың тиімділігін толық айқындайды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Көп жылдық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдай келе, еліміздің оңтүстік-шығысындағы сұр топырақты тәлімі аймағында арпа дақылының өнімін көтеруге және оның шикізат ретінде халық шаруашылығының әрбір саласында қолданылатын ерекшеліктерін ескере отырып, дән сапасын арттыруға бағытталған төмендегідей қорытындылар жасадық:
1. Тәлімі жерлерге егілетін дақылдардың маңыздысы болып есептелетін арпа дақылынан мол және сапалы өнім алудың негізгі кепілі күз-көктем мезгілдерінде топырақта жиналған ылғал қорын ұтымды сақтап, егістіктің өсу кезеңіндегі тиімді пайдалануы болып саналады.
2. Бұл тұрғыда біз ұсынып отырған мамандандырылған ауыспалы егіс жүйесін кеңінен қолданудың маңызы өте зор. Сол арқылы топырақтың құнарлылығын сақтап, арамшөптер, зиянды жәндіктер және тамыр шірігі ауруымен күресудің мүмкіншіліктері толық іске асырылады. Аталған ауыспалы егіс жүйесі сүрі жер-арпа-арпа үлгісі бойынша игеріліп, ауыл шаруашылығы өндірісіне енгізілуі тиіс.
3. Сүрі өңделген танапқа арпаны тікелей орналастыру оның биологиялық өсу және даму ерекшеліктеріне байланысты. Арпа – қуаңшылыққа төзімді дақыл, қуаңшылықтың қандай түрі болса да белгілі бір деңгейде өнім түзіп, өзін-өзі толық ақтай алады. Ол өндірісте кеңінен қолданылатын негізгі шикізат ретінде пайдаланылса, сонымен қатар мал азығы үшін де, сапалы жемшөп қорын жасау барысында да маңыздылығын жоғалтпайтын дақылдардың қатарына жатады.
4. Тәлімі егіншіліктегі шектеулі фактор топырақ ылғалы болғандықтан, оның мөлшері мен өсу кезеңіндегі шығыны арпаның алғы дақылына тәуелді . Атап айтқанда, 1 центнер арпаның дәнін түзу үшін жұмсалатын жалпы ылғал шығыны ауыспалы егіс жүйесінде 9,1-12,4 мм аралығында құралып, ал ауыспайтын арпа егістігінде 18,1 мм болды. Ылғалы орташа жылдары аталған көрсеткіштер тиісінше 9,5-13,9 және 17,6 миллиметрге сәйкес келеді.Зерттеу жұмыстарының нәтижелерін тереңірек талдасақ, өнім бірлігін қалыптастыру үшін тәлімі күздік бидай 14,4 мм, ал арпа 13,2 мм ылғал пайдаланатындығы анықталды.
5. Арпа тұқымының егістік өнгіштігі алғы дақылмен, тұқым сіңіру тереңдігіндегі топырақ ылғалы және ауа температурасымен тығыз үйлесім тапқан. Сүрі жерге орналасқан арпаның өнгіштігі орташа есеппен 74,3 пайызға теңеліп, екінші, үшінші және де егістігі үздіксіз ауыспайтын танаптарда сондай-ақ 72,0; 70,5 және 61,2 % немесе 2,3 ; 3,8 және 6,1 пайызға төмендейді. Осындай заңдылыққа қарай арпаның ең жоғарғы өнімі себу мөлшерін гектарына 3-4 млн. дән аралығында қалыптастырған жағдайда алынады.
6. Тамыр жүйесінің қуаттылығы – егілген дақылдардың өнімділігін қамтамасыз ететін шешуші факторлардың бірі. Сол себепті оның даму қарқыны топырақтағы ылғал қорына, енгізілген минералды тыңайтқыштар және де тұқым себу мөлшеріне байланысты ауытқып отырады. Бір өсімдікке шаққандағы буын тамырлардың саны орта есеппен тыңайтқышсыз танапта 1,1-1,3 данаға теңелсе, 15 кг түйіршіктелген суперфосфатты тұқыммен бірге қатарлап енгізгенде 1,2- 1,4 дана, ал Р 30 нұсқасында 2,1-2,2 данаға көбейді .
7. Арпа дақылын қуаңшылыққа қаншама төзімді десек те, егістіктің ылғалмен қамтылуы жетімсіз жағдайда өсімдіктердегі жасуша шырынының концентрациясы жоғарылап, жеткілікті болған кезеңде керісінше төмендейді. Жалпы оның төменгі концентрациясы (9,1-19,3%) сүрі жерге орналастырған арпа егістігінде байқалып, сүрі жерден кейінгі екінші танабында – 11,7-20,6%, үшінші танабында – 13,2-21,8 %, ал ауыспайтын егістікте ең жоғары (13,9-23,0 % ) көрсеткішке ие болды. Мұндай ауытқушылық ауыспалы егістегі арпаның орны сүрі танаптан қашықтаған сайын, топырақтағы ылғал қорының азаю салдарынан жасуша шырынының концентрациясы да арта түсетін ерекшеліктерін есепке алып, оны орналастырудың дұрыс тәртібін анықтауды талап етеді.
8. Тәлімі жерлерге арпа дақылын орналастырғанда егістіктегі арамшөптердің құрамына сәйкес агротехникалық шараларды ғылыми негізде қолдану олармен күресудің негізгі жолы болып табылады. Бұлардың ішіндегі ең негізгісі егістік жерді сүрі жырту әрі топырақты негізгі және себер алдындағы атқарылатын тиісті шараларды дер кезінде өткізіп, тұқым себу мерзімі мен оның оңтайлы мөлшерін қатаң сақтау болып саналады. Аталған шараларды өз уақытында сапалы жүргізудің нәтижелеріне қарай, тәлімі жерлерде көп тараған бір жылдық арамшөптердің егістікке зияндылығын біршама төмендетуге үлкен мүмкіншілік туады. Жиі кездесетін тамыр шірігі ауруы да осы көрсетілген агротехникалық шаралардың жоғары деңгейде өткізілуімен тығыз байланысты. Тек қана минералды тыңайтқыштарды тиімді қолданудың өзі арпаның ойдағыдай өсіп -даму жағдайларын оңтайландырып, тамыр шірігініне шалдыққан өсімдіктер катарын азайтады.
9. Ауыспалы егіс жүйесінде орналасқан арпаның жалпы жапырақ алаңы алғы дақылдарға қарай топырақ құнарлылығы мен ылғалдылығына, қоректену аясы және тұқым себу мөлшеріне сәйкес әртүрлі деңгейде қалыптасады. Ылғалдылығы орташа жылдары сүрі жердегі гектарына 4 млн. дән себілген егістікте арпаның жалпы жапырақ алаңы түптену кезеңінде 8,1, түтіктенуде – 21,5, масақтануда – 29,3, сүттенуде – 13,8 мың шаршы метр, ал фотоситездің таза өнімділігі тәулігіне тиісінше 3,7; 6,9; 12,6 және 9,3 г/м² болды. Ал, минералды тыңайтқыштар енгізілген егістікте олар есеп жүргізілген жоғарыдағы даму кезеңдерінде 10,6 – 12,3; 24,7- 29,6; 31,6 – 36,4 және 14,0 – 14,2 мың м²/га құрап, Фт.ө. 3,9 – 4,4; 6,6 -7,3; 13,3 – 14,1 және 9,8-10,7 г/м² сәйкес келеді де, ең мол өнімді қалыптастырады. Арпаны сүрі жерден кейін екінші және үшінші дақыл ретінде өсіргенде аталған көрсеткіштер өз кезегінде гектарына 5- 6; 13-15; 19-22 және 9-10 мың шаршы метр, Фт.ө. 3-3,5; 5- 6; 10-11 және 7-8 г/м ² аралығында ауытқып, дән түсімін біраз мөлшерге кемітеді.
10. Тәлімі жердегі арпаның өнімділігі, оның даму кезеңдерінде анықталған көрсеткіштер және ауа райының жағдайларымен сабақтас түзілген.Өнімнің ең жоғарғы деңгейі ылғалы мол жылдары гектарынан 31,0 центнерге дейін, орташа жылдары 23,4 ц , ал қуаңшылық жылдары 14,3 ц гектарына 4 млн. дән себіліп, Ν30 Р30 тыңайтқышы енгізілген сүрі танаптан алынды. Ал біздер жүргізген көп жылдық (1979-2000 жж.) зерттеулердің орташа нәтижесіне сүйенсек, гектарына 4 млн.дән себіліп Ν30 Р30 енгізілген сүрі танаптан 22,5 ц астық жиналды. Сүрі жерден кейін екінші және үшінші дақыл есебінде орналасқан арпа өнімі 16,1 ц, тыңайтқыш берілген жағдайда 19,0 центнер дән құрады.
11. Егістіктегі арпа дәнінің сапалық қалыптасуы – өте күрделі құбылыс.Дән сапасының көрсеткіштері сорттың генетикалық ерекшеліктері мен агротехникалық шараларға қатысты десек те, оның дән толысу кезеңіндегі ауа райы өзгерістеріне тәуелді екенін ескерту қажет. Ауа райының соңғы уақытта жиі байқалып жүрген өзгермелі тұрақсыз құбылыстарын ескерсек, бұл мәселе жөнінде кең көлемде нақты ұсыныстар жасау жекелеген жылдары әрдайым өзін өзі ақтамайды. Дегенмен, біздің көп жылдық ғылыми жұмыстарымыздың нәтижесін салыстырып талдасақ, сүрі жерде өсірілген арпа дәнінің көлемдік салмағы ауыспалы егістегі кейінгі орналастырылған арпамен салыстырғанда 5,8 – 10,5г/л, 1000 дәннің массасы 0,5-1,2 г, белок 0,6-1,5 %, крахмал 1,8 – 2,6 % көбейіп, қауыздылығы өнім деңгейінің ұлғаюына байланысты 0,1- 0,3 % кемиді.
12. Алғы дақылға байланысты арпа өсірудің экономикалық тиімділігін бағалау сүрі жерге себілген егістіктегі ( 3 млн/га) шартты таза пайданың көлемі гектарына 26757 тенге, екінші дақылында 19139, үшінші дақылында 14702 теңге құраса, ал ауыспайтын арпа егістігінде небары 2998 тенгеден аспайтынын дәлелдейді.Тұқым себу мөлшеріне қарай таза пайданың ең жоғары шамасы сүрі жердегі арпаның 4 млн./га жиілігінде байқалса, екінші және үшінші дақылында 3 млн./га нұсқасымен сәйкестенеді.
Сүрі танапқа енгізілген минералды тыңайтқыштардың 1 кг әсерлі заты 6,7-12,0 кг дән түзіп, арпанын қосымша өнімінде жиналатын энергия мөлшері 2846,4-7827,6 МДж аралығында ауытқиды және тыңайтқыштар қолданудың барынша жоғары энергетикалық тиімділік коэффициенті Ν30Р30 аясында анықталған.
Өндіріске ұсыныс
1. Тәлімі егіншіліктің мәдениетін көтеру барысында осы аймаққа бейімделген арпа дақылының өнімділігін арттырудың бірден-бір қайнар көзі- мамандандырылған ауыспалы егіс жүйесін қолданып, оны өндіріске кеңінен енгізу. Арпаны сүрі танапқа орналастыру – кез келген шаруашылық үшін өте тиімді шаралардың бірі, ал тұқым өндіретін құрылымдарда бұл тәсіл аталған саланы өркендетудің басты шарты болып табылады.
2. Арпаны сүрі танаптан кейін екінші және үшінші дақыл ретінде өсірудің оң нәтиже беретіні ғылыми тұрғыда дәлелденді, ол үшін сүрі жерден бастау алып жүргізілетін агротехникалық шаралар дер кезінде, сапалы жүргізілуі тиіс. Осыған орай ылғалмен орташа қамтамасыз етілген жылдары арпаның ауыспалы егістегі орнына қарай гектарына 16,1 центнерден 22,5 центнерге дейін өнім жиналады.
3. Күз-көктем мезгілдері ылғалды болған жылдары сүрі танаптағы арпаның оңтайлы тұқым себу мөлшері гектарына 4 млн. дән шамасында қалыптасып, минералды тыңайтқышты Ν30Р30 мөлшерінде енгізу оның түсімін 5,3 центнерге, ал екінші және үшінші дақылы көрсетілген мөлшердегі тыңайтылған аяда 3 млн. дәннен себілгенде 4,0 центнерге дейін қосымша өнім құрайды.
4. Республиканың оңтүстік-шығыс аймағында арпаның ең жоғары өнімін түзетін Бәйшешек, Ақжол, Арна, Северный 1, Тұран 2, Сусын, Жан, Одесский 100, Скарлет сорттарын өндіріске кеңінен енгізуді ұсынамыз.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған негізгі жұмыстардың тізімі
I. Кітаптар
1 Кожабаев Ж.И. Ячмень на богаре. – Алматы: Кайнар, 1986. – 112 с.
2 Қожабаев Ж.І. Арпа түсімін арттырудың агротехникалық негіздері. – Алматы: Бастау, 2002. – 64 бет.
ІІ. Кітапшалар
3 Қожабаев Ж.І. Тәлімі жерлерде арпа өсіру. – Алматы: Қайнар, 1981. – 8 бет.
4 Кожабаев Ж.И. Эффективность возделывания ячменя в севообороте. – Алматы: Бастау, 1992. – 16 с.
5 Кожабаев Ж.И. Ячмень в условиях богары. – Алматы: Бастау, 1994. – 32 с.
6 Кожабаев Ж.И. Фотосинтез и вопросы продуктивности растений // Аналитический обзор. - Алматы: Баспагер, 1998. – 46 с.
7 Кудайбергенов М.С., Кожабаев Ж.И. Влияние экологических факторов на изменчивость и адаптивный потенциал генотипов ячменя. – Алматы: Бастау, 2000. – 25 с.
8 Қожабаев Ж.І. Сұр топырақты аймақтағы дәнді дақылдар өнімділігі. –Алматы: Бастау, 2000. – 40 бет.
9 Қожабаев Ж.І. Алғы дақыл мен тұқым себу мөлшерінің арпа егістігіндегі фитосанитарлық рөлі. – Алматы: Бастау, 2002. – 20 бет.
10 Қожабаев Ж.І. Ауыспалы егістегі тәлімі арпа өсіру тәсілдері. – Алматы: Бастау, 2003. – 16 бет.
11 Қожабаев Ж.І. Тәлімі арпа егістігінің фотосинтетикалық қызметі. – Алматы: Бастау, 2003. – 24 бет.
ІІІ. Мерзімді басылымдар мен ғылыми жинақтарға енген мақалалар
12 Қожабаев Ж.І. Арпа – бағалы мал азықтық дақыл // Қазақстан ауыл шаруашылығы, 1981. – №9. – 10-11 б.
13 Исмуратов С.Б., Варава А.Н., Кожабаев Ж.И. Агротехника ярового ячменя на богаре // Научные основы богарного земледелия. – Алматы: ВО ВАСХНИЛ, 1981. – С.89-104.
14 Қожабаев Ж.І. Тәлімі жердегі арпа өнімділігі // Қазақстан ауыл шаруашылығы, 1982. - №3. – 20-21 б.
15 Кожабаев Ж.И. Богарный ячмень // Сельское хозяйство Казахстана, 1984. – №11. – С.18-19.
16 Қожабаев Ж.І. Тәлімі жердегі арпа // Қазақстан ауыл шаруашылығы, 1984. – №11. – 18 б.
17 Кожабаев Ж.И. Продуктивность ячменя сорта Нутанс 970 в зависимости от комплекса агротехнических приемов // Селекция и урожай. – Алматы: ВО ВАСХНИЛ, 1988.- С.96-103.
18 Кожабаев Ж.И., Хлопов В.М. Предшественники и нормы высева ячменя на богарных сероземах, Алматы: Казинформагропром, 1992. – №8. – 6 с.
19 Қожабаев Ж.І. Сұр топырақты тәлімі аймақта арпа өсірудің тиімділігі // Жаршы, 1996. – №1. – 32-37 б.
20 Кожабаев Ж.И. Эффективность экологически безопасных технологий возделывания ярового ячменя на богарных сероземах //Проблема биологизации земледелия в Казахстане. – Алматы: Бастау, 1997. – С.124-132.
21 Кожабаев Ж.И. Эколого-физиологические аспекты формирования урожайности зерновых культур // Проблемы экологии АПК и охрана окружающей среды. – Алматы: Бастау, 1998. – С. 93-94.
22 Кожабаев Ж.И., Егизбаев К.Е. Эколого-физиологические особенности возделывания зерновых культур на сероземных почвах // Проблемы агроэкологии на пороге ХХІ века. – Алматы: Бастау, 1998. – С.137-139.
23 Қожабаев Ж.І. Сұр топырақты аймақта өсірілген дәнді дақылдардың фотосинтетикалық қызметі // Жаршы. – 1999. – №1. – 57-62 б.
24 Қожабаев Ж.І. Сапалы тұқым – мол өнім кепілі // Жаршы, 1999. – №3 – 45-51 б.
25 Қожабаев Ж.І Дән сапасының қалыптасуына экологиялық жағдайлардың әсері // Жаршы, 1999. – №6. – 70-75 б.
26 Үмбетов А.Қ., Қожабаев Ж.І.,Үмбетова Л.А. Тәлімі аймақтағы жаз-дық арпа егістігінің минералды қорегі //Жаршы, 2000. – №1. – 36-38 б.
27 Қожабаев Ж.І., Ожанов Ғ.С. Құрғақ далалы аймақта аудандастырылған арпа сорттарының өсіп-өну ерекшеліктері // Жаршы, 2000. – №5. – 35-40 б.
28 Қожабаев Ж.І. Сорттық саясатты саналы пайдаланайық // Жаршы, 2000. –№8, 38-42 б.
29 Қожабаев Ж.І. Сыртқы ортаның өнім мөлшері мен дән сапасына әсері // Проблемы экологии АПК и охрана окружающей среды. – Усть-Каменогорск, 2000. – С.46-48.
30 Қожабаев Ж.І., Кереев А.Қ. Тәлімі аймақта арпа өсірудің агротехникалық тәсілдерін жетілдіру жолдары // Жаршы, 2000. – №12. – 46-50 б.
31 Уразалиев Р.А., Умбетов А.К., Кожабаев Ж.И. Минеральное питание ярового ячменя в севообороте // Наука и новые технологии. – Бишкек, 2001. – №2. – С.170- 171.
32 Умбетова Л.А., Кожабаев Ж.И. Удобрение ярового ячменя на богарных
сероземах Казахстана // Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана, 2001. – №3. – 34-35.
33 Киреев А.К., Кожабаев Ж.И. Эффективность применения удобрений на богаре можно повысить // Земледелие, 2001. – №3. – С.25
34 Қожабаев Ж.І. Сыртқы орта және масақты дақылдар сорттарының өнімі мен дән сапасы // Жаршы, 2001. – № 4. – 21-24 б.
35 Қожабаев Ж.І. Тәлімі белдемде жаздық арпа өсіру технологиясы // Жаршы, 2001. – №5. – 40-43 б.
36 Қожабаев Ж.І. Экологиялық жағдайларға байланысты дәнді дақылдардың өнімі мен сапасы // Проблемы экологии АПК и охрана окружающей среды. – Алматы: Алейрон, 2001. – С.136-139.
37 Киреев А.К., Кожабаев Ж.И. Возделывание ярового ячменя на богарных землях Казахстана // Земледелие, 2001. – №6. – С.21.
38 Қожабаев Ж.І. Тәлімі жердегі мал азықтық дақылдардың салыстырмалы
өнімділігі // Жаршы, 2002. – №3. – 43-44 б.
39 Қожабаев Ж.І., Қойшыбаев М. Қ. Тәлімі аймақтағы арпа егістігінің тамыр шірігімен зақымдануы // Жаршы, 2002. – №5. – 46-47 .
40 Жүндібаев Қ.Қ., Қожабаев Ж.І., Цыганков В.И. Жаздық арпа сорттарын
экологиялық сынаудың нәтижелері // Жаршы, 2002. – №6. – 33-34 б.
41 Қожабаев Ж.І., Ожанов Ғ.С. Жаздық арпа сорттарының аймақтық өсу ерекшеліктері // Проблемы экологии АПК и охрана окружающей среды. – Щучинск, 2002. – С.74-76.
42 Қожабаев Ж.І. Арамшөпке амал бар // Жаршы, 2003. – № 3. – 50-52 б.
43 Құдайбергенов М.С., Қожабаев Ж.І. Сыртқы орта жағдайларына қарай арпа сорттарының үйлесушілік құндылығы // Жаршы, 2003. – №6. – 23-26 б.
44 Қожабаев Ж.І. Ауыспалы егістегі тәлімі арпаның фитосанитарлық ахуалы // Жаршы, 2003. – №7. – 17-20 б.
45 Қожабаев Ж.І. Ауыспалы егістегі тәлімі арпаның құрғақшылыққа төзімділігі // Жаршы, 2004. – №1 – 32-34 б.
46 Балғабеков Қ.Б., Қожабаев Ж.І. Тәлімі аймақтағы жаздық арпаның тамыр жүйесінің дамуы // Жаршы, 2004. – №2. – 37-40 б.
47 Қожабаев Ж.І. Тәлімі арпа егістігінің фотосинтетикалық өнімділігі // Жаршы, 2004. – №3. – 38-41 б.
48 Қожабаев Ж.І. Арпа өсімдіктеріндегі құрғақ заттардың түзілу ерекшеліктері // Жаршы, 2004. – №3. – 33-35 б.
49 Қожабаев Ж.І., Құдайбергенов М.С. Қазақстандағы арпа селекциясы және жергілікті сорттардың өнімділік көрсеткіштері // Ізденіс –Поиск, 2004. –№4. – 112 -115 б.
50 Кудайбергенов М.С., Кожабаев Ж.И. Параметры экологической пластичности и стабильности сортообразцов ярового ячменя для селекции на продуктивность // Новости науки Казахстана, 2004. – № 4. – С.110-113.
51 Қожабаев Ж.І., Сариев Б.С. Тәлімі арпаның құрғақшылыққа төзімділігін бағалау нәтижелері // Жаршы, 2004. – №6. – 40-42 б .
52 Қожабаев Ж.І. Тәлімі арпаның өсу жағдайын оңтайландыру // Жаршы, 2004. – №6. – 42-44 б.
53 Сариев Б.С., Қожабаев Ж.І. Жемдік дақылдар селекциясының бағыттары мен нәтижелері // Жаршы, 2004. – №8. – 38-40 б.
54 Қожабаев Ж.І. Ауыспалы егістіктегі тәлімі арпаның сумен қамтылу дәрежесі // Жаршы, 2004. – №10. – 32-34 б.
55 Қожабаев Ж.І. Тәлімі арпа егістігінің ылғал тұтыну ерекшеліктері // Жаршы, 2004. – №11. – 25-27 б.
56 Қожабаев Ж.І. Төліми аймақтағы жаздық арпаның егістік өнгіштігі // Жаршы, 2005. – №1. – 31-32 б.
57 Сарбаев А.Т., Кудайбергенов М.С., Кожабаев Ж.И. Модели сортов ярового ячменя по признакам устойчивости к грибным болезням // Защита и карантин растений в Казахстане, 2005. – №3. – С.10-12.
58 Қожабаев Ж.І Арпа өнімділігінің алғы дақылға тәуелділігі // Жаршы, 2005. – №3. – 29-33 б.
59 Қожабаев Ж.І. Тәлімі арпаның өнім құрылымы және қалыптасу ерекшеліктері // Жаршы, 2005. – №4 – 30-31 б.
60 Үмбетов А.Қ., Қожабаев Ж.І. Арпа егістігіндегі тыңайтқыштар қолданудың тиімділігі // АгроИнформ, 2005. – №4. – 1-2 б.
61 Қожабаев Ж.І. Ауыспалы егістегі жаздық арпаның армшөппен ластануы // АгроИнформ, 2005. – №4. – 2-3 б.
62 Қожабаев Ж.І. Тәлімі аймақтағы арпа өнімінің қалыптасуы // Жаршы, 2005. – №6. – 30-31 б.
63 Қожабаев Ж.І. Тәлімі жердегі арапа дәнінің сапалық көрсеткіштері // Жаршы, 2005. – №7. – 27-29 б.
64 Қожабаев Ж.І. Агротехникалық тәсілдердің арпа дәнінің сапасына әсері // Биологические основы селекции и генофонда растений. – Алматы, 2005. – С.115-117.
65 Қожабаев Ж.І. Сұр топырақты тәлімі жердегі арпа егістігінің ылғалмен қамтылуы // Вестник науки Казахского государственного агротехнического университета имени С.Сейфуллина, 2006. – Том 5. – № 1. – 47-52 б.
ІV. Ұсыныстар
66 Кереев А.Қ., Қожабаев Ж.І., Үмбетов А.Қ. Тәлімі аймақтағы жаздық арпа агротехникасы // Ұсыныстар. – Алматы: Бастау, 2000. – 20 бет.
V. Өнертабыстар
67 Кожабаев Ж.И. Рядковый способ внесения минеральных удобрений с селекционной сеялкой ССФК–7 при различных нормах высева семян // Удостоверение на рац. предложение, №23, 10.06.1982.
68 Қожабаев Ж.І. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тәлімі аймақта жаздық арпаның Днепровский 435 сортын күтіп-баптау технологиясы // Авторлық куәлік, №060, 11.04.2001.
69 Қожабаев Ж.І. Қазақстанның сұр топырақты белдемінде дәнді дақылдардың фотосинтетикалық қызметін анықтау // Авторлық куәлік, №061, 11.04.2001.
70 Қожабаев Ж.І. Тәлімі арпа егістігінде фосфор тыңайтқыштарын тұқыммен бірге қатарға енгізу әдісінің тиімділігі // Авторлық куәлік, №148, 20.09.2001.
РЕЗЮМЕ
Кожабаев Жумадулла Илиясович
Научные основы возделывания богарного ячменя на юго-востоке Казахстана
06.01.01 – Общее земледелие
Земледельческие районы, расположенные на богарных землях юго-востока Казахстана, обладают значительными потенциальными возможностями в производстве зерна. Однако, из-за недостаточной разработки агротехнических приемов, урожайность ячменя по хозяйствам зоны не стабильна и не отвечает современным требованиям сельскохозяйственного производства. Нет данных о влиянии комплекса агротехнических условий на составляющие элементы продуктивности ячменя, не говоря о структуре урожайности данной культуры.
В связи с этим возникла настоятельная необходимость в научной разработке основных вопросов технологии возделывания ячменя с учетом почвенно-климатических условий и биологических особенностей районированных сортов.
В качестве объектов исследования взяты многофакторные полевые опыты с яровым ячменем при посеве его в севообороте по чистому пару, а также второй и третьей культурой после пара в сравнении с бессменными посевами. Все сопутствующие наблюдения дополнялись на фоне различных доз минеральных удобрений и площадей питания.
Цель исследования – разработать научные основы возделывания ярового ячменя в зоне необеспеченной богары юго-востока Казахстана и выдача рекомендаций в сельскохозяйственное производство.
Новизна и результаты исследований. В условиях богарных сероземов впервые в многофакторных полевых опытах научно обоснованы особенности накопления и потребления влаги, формирования густоты посевов, развития корневой системы ячменя, устойчивости растений к засухе в зависимости от предшественников, фонов и площадей питания.
Соблюдение оптимальной густоты стояния растений по предшественникам на фоне минеральных удобрений в значительной степени способствует улучшению фитосанитарного состояния посевов.
Методами статистического анализа установлена тесная корреляционная зависимость между урожаем зерна и основными условиями жизнедеятельности растений, а также определена степень влияния изучаемых факторов и их взаимодействие в формировании урожая ячменя.
Впервые научно обоснованы оптимальные графики формирования площади листьев и чистой продуктивности фотосинтеза для ячменя в данной природно-климатической зоне.
В соответствии с требованиями семеноводства при размещении ячменя по чистому пару определена товарная и семенная продуктивность зерна в зависимости от минеральных удобрений и нормы высева семян.
Разработан комплекс агротехнических приемов, обеспечивающих в богарной зоне высокий урожай ячменя с хорошими технологическими и посевными качествами зерна.
Результаты исследований после производственной проверки нашли широкое применение в сельскохозяйственных формированиях, расположенных на богарных землях юго-востока Казахстана.
SUMMARY
Kozhabaev Zhumadulla Iliyasovich
Scientific bases of barley cultivation under rainfed condition in South-East of Kazakhstan
06.01.01 – Common agriculture
Agricultural regions located in the rainfed lands in the South-East of Kazakhstan have significant potential possibilities in the seed production. But barley yield in farms of these regions is not stability and don’t qualify of modern agricultural production. One of the reasons is insufficient elaborations of agrotechnical methods of barley cultivation under rainfed condition. There are not dates about influence of the complex of agrotechnical methods on the elements of barley productivity and structure of production of this culture.
In this connection there is a need in the scientific development of barley cultivation technology with a glance of the soil-climatic conditions and biological characteristics realized varieties.
Objective of investigation were multiple-factor field experiments with spring barley under seeding it in crop rotation on clean fallow, and also second, third culture after fallow in comparison with permanenth seeding. Main observations were done against the background different doses mineral fertilizers and growing space of plants.
Purpose of investigation is to develop scientific bases of spring barley cultivation in rainfed zones of South-East of Kazakhstan and give recommendation to agricultural production.
Originality and results of investigation: In rainfed conditions and sierozem soil of Kazakhstan the first using multiple-factor field experiments trends of nutrition and water use, plant density, development of barley root system, resistance of plants to drought against forbears, backgrounds and area of supply are science-based.
Adherence of optimal plant density on forbears and background of mineral fertilizers improve phytosanitary state of seeding substantially.
Using statistic methods close correlation between grain yield and main condition of plant vital functions is established, and also degree of influence studied factors and their interaction in formation of yield is determined.
First optimal diagrams formation of leaf area and pure productivity of photosynthesis for barley in the natural and climate zone is science-based.
In compliance with requirements of seed growing during barley cultivation after clean fallow the commercial and seed production of grain against mineral fertilizers and seeding rate are determined.
Complex of agrotechnical methods given in rainfed conditions high yield of barley with good technological and seeding quality of grain are developed.
Results of investigation find wide application in agricultural farms located in the raimfed lands of South-East of our Republic after business activities.
Достарыңызбен бөлісу: |