Қожанова Нұрсая Ерсайынқызы, №4 бастауыш мектебінің 4 «Ә» сынып оқушысы



Дата14.06.2016
өлшемі122.67 Kb.
#135431
Қожанова Нұрсая Ерсайынқызы ,

№4 бастауыш мектебінің 4 «Ә» сынып оқушысы

ОҚО, Арыс қаласы

Тақырыбы: Адыраспан – дәрілік өсімдік

Жұмыстың жетекшісі: Идияева Нұрлықыз

Бағыты: Дүниетану


Жұмыстың мазмұны:

  1. Пікір

  2. Жоспар

  3. Кіріспе

  4. Негізгі бөлім

  5. Қорытынды

  6. Пайдаланған әдебиеттер

Жоспар:


І. Кіріспе

А) Адыраспан -дәрілік  өсімдіктер.


ІІ. Негізгі бөлім.

А) Адыраспанның  өсіп- өнуі,  табиғатта таралуы.

Ә) Дәрілік өсімдік – адыраспанның пайдасы.

Б) Адыраспаннан  жасалатын дәрілік тұнбалар қасиеті.


II. Қорытынды

А) Адыраспан халық ұғымында

Кіріспе
Адыраспан – біздің үйдің айнала шетінде көп өседі. Біздің Қазақстанда Оңтүстік өңірдегі көп кездесетін дәрілік өсімдіктің бір түрі, ол түйе табандар тұқымдасына жататын көпжылдық терек тамырлы өсімдік.

Мен оны кішкентай кезімнен білемін. Әжем адыраспанды кептіріп үйді түтіндететін (аластайтын). Есейе келе білгенім ол үйді тазалайды екен. Әжемнен адыраспан туралы көп естіп өстім. Адыраспан – киелі және қасиетті өсімдік деп айтатын.

Ол кішкентай балалар көп тұмаурататын ауруға ем екен. Біздің ішіміз ауырғанда қайнатып беретін. Асқазан ауырғанда дәнін қайнатып белгілі мөлшерде тұнбасын ішкізетін және тағы басқа көп ауруларға ем екенін естідім және журналдардан оқыдым.

Отбасымызбен өз өлкемізде өсетін өсімдіктерде көп ауруларға қолдандық.

Мектепке келгеннен кейін адыраспанды зерттей бастадым. Төменде адыраспанның шығу тарихын бердім.

Мен бұл жобамды алғаныма аса қуаныштымын, дүниетану пәніне деген құлшынысым артты.

Ғылыми зерттеу деген жан-жақты тақыпты қамтитын сала екеніне көзім жетті.

Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala) — түйетабандар тұқымдасынажататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік.

Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекшекүшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстандаоның үш түрі бар. Оңтүстік Еуропа, Батысжәне Орталық Азия,

Солтүстік Африка менМексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысуөзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі – кәдімгі А. (P. harmala) өседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары түсті және ол 1 – 3-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыр –шілдеде гүлдейді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады.






Дәрілік өсімдіктер


Қазақстан табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады.Соның 500 түрінен дәрілік заттар алынады. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің , оны танып білудің маңызы зор.Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Әбу Насыр-Әл Фараби,Әбу-Әли Ибн-Сина, Беруни,Әл-Джуржани қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40%-ы өсімдіктен дайындалады екен Қазіргі кезде шөппен емдеу фитотерапия, үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін "дәрісіз ем-домды" дәрілік өсімдіктен іздеуіміз керек. Бұған дәлел халық нақылы " Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады," "Сенің денеңнің қуаты-өсімдіктің шырынында" деп медицинасы ілгері дамыған Қытай елінің дәрігері Шин НонШындығында өзіміз табиғат берген байлыққа көңіл аудара бермейміз.

Емдік шөптер-үйіміздің жанында, бау-бақшамызда, жол бойларында кездесетін арам шөптер.Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің өмірдік маңызы зор. "Мың теңге тұратын дәрі дәл шарбағыңнын түбінде өсіп, тұр". "Дәріміз ем-домды дәрілік өсімдіктерден іздейік" "Жергілікті жердің өсімдіктеріне мән берсек…"Біздің тұрып жатқан жерімізде дәрілік өсімдіктердің түрлерінің 60% өседі. Оларға мынадай өсімдіктер жатады. Жабайы өсімдіктерден-жолжелкен, қалақай, жусан, жалбызтікен, сексеуіл, дәрілік түймедак, итбүлдірген, бақ-бақ, мия, адыраспан.
Негізгі бөлім

Адыраспанның өсіп- өнуі, табиғатта таралуы.

Адыраспан – түйетабандар тұқымдас тарамдалған бұтағы мол көп жылдық өсімдік. Бозғылт сары гүлдері жеке- жеке өседі, жемісі қоңыр түсті, иісі өте жағымсыз. Адыраспан көбінесе шөл-шөлейт жерлерде кездеседі. Шипалы өсімдіктің құрамында гармалин және гармин алкалойдтері, ал гүлі мен бұтағында пеганип алкалойдтері болады. Гүлінің 5 тостағаншасы, 5 күлте жапырақшасы, 15-16 аталығы, 1 аналығы, жемісі қоңыр түсті, ірі ұрығы бар, диаметрі 1см –дей шар тәрізді қауашақ .

Өсімдік аты

Биіктігі

Гүлдеу мерзімі

Кездесетін орны

Пайдаланатын бөлімі

Жинау мерзімі

Қандай ауруға пайдаланады

Адыраспан

30-60см

Маусым, шілде айлары

Сортаң топырақты далаларда

Шөбі, жапырағы, гүлі

Тамыз, қыркүйек

Бел ауруры, бас ауруы, асқазан

Дәрілік өсімдік- адыраспанның пайдасы

Халық емінде адыраспанды әр түрлі ауруларға ем ретінде қолданған. Қазақтар бұл шөптің қайнатпасымен тері ауруларын да емдеген. Мал дәрігерлік саласында адыраспан тұнбасымен ботаның қотырын емдейді. Бір ескеретін жайт мал артық мөлшерде емделсе немесе адыраспанды жеп қойса улануы ықтимал.Адыраспан ертіндісі ауылшаруашылық зиякестерімен күресу үшін қолданылады. Ежелгі бояғыш өсімдік. Тұқымынан қызыл түске бояйтын әсіресе жүннен тоқылған бұйымдарды бояйтын бояу алынады.Туркияда ерте заманнан – ақ адыраспаннан қызыл бояу алып онымен ұлттық бас киімі – фесканы бояған. Ши тоқымасында әлі күнге дейін адыраспаннан жасалған бояуды пайдаланады. Тұқымда 14 – 16 % май бар, оны сабын қайнатуда және лак бояуын дайындауға пайдаланады.Түйе табандар тұқымдасы ежелгі аты – грек тілінде редапоп- рута, араб тілінде өсімдік деген мағынаны береді. Қазақстанда адыраспанның бір – ақ түрі өседі.

Ол – кәдімгі адыраспа.
Өсімдікке сипаттама. Көп жылдық, шөптектес түйе табандар тұқымдасына жататын жабайы өсімдік. Сабағы бұтақшалы. Тамыры діңгекті 2-3 м – ге дейін жетеді, жердің су қабатына тік орналасқан.

1. Сабағы мен жапырағын қайнатып, мөлшерімен ішсе, талма, сал, ұмытшақтық, суықтан болған ми қабынуы және тарамыс ауруларына жақсы ем болады.2. Сабағы мен жапырағын 30 грамм алып, жаншып, 120 миллилитр суға қайнатып, шырынын сүзіп алып, 90 грамм бал, 60 грамм күнжұт майымен араластырып ішсе дереу құстырады.

3. 500 грамм шөбін 0,5 литр қызыл араққа қайнатып, күніне 30 грамнан бір ай ішсе, талма, бастың созылмалы ауруынан айықтырады. Белгілі себеппен бала көтеруден тоқтап қалған әйелдер үш күн ішсе жүкті болады.

4. Күніне 4-6 грамнан он бес күн ішсе, реуматизмауруын басады. Оған жаншылған зығыр тұқымын қосып, жалғастырып ішсе, демікпені жазады.

5. Тісті адыраспан шөбімен ыстаса, қақсап ауырғаны басылады.

6. Буының жел-құз қоздырған қабынуына қолданылады. Ол үшін жас сабағы мен жапырағын жаншып буынға таңады.

Пайдалану мөлшері: сабағы мен жапырағынан 4-8 грамм, тұқымынан 0,1-0,5 грамм. Адыраспанның құрамында адыраспан сілтісі, ұшпа май бар.

Ескерту: улы болғандықтан, абайлап қолданған жөн.





Адыраспаннан жасалатын дәрілік тұнбалар қасиеті.

Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол – улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді. Оның құрамында алкалоидтар бар. Халық медицинасында А-ды буын ауруын емдеуге пайдаланады, қайнатылған суын безгекпенауырған адамға ішкізеді. Сондай-ақ малдың қотырын да жазады. Адыраспаннан жүн мен жіптерді бояу үшін күрең қызыл бояу алынады. Тұқымы мен көк шөбінен алынған тұнбаны адыраспан шаруашылық зиянкестеріне қарсы күреске пайдаланады. Адыраспан – улы өсімдік (құрамында бірнеше алкалоидтар бар), дәмі ащы, мал жемейді. Жаз, күз мезгілінде тұтас денесін, күз мезгілінде жемісін жинап, кептіріп сақтайды.[1]

Тұмау тиіп ауырғанда, отбасы мүшелерін адыраспанға тұз қоса отырып аластаудың магиялық функциясымен қатар ем дарытатын қасиеті де бар. Сондай-ақ емшілікте адамның буынын сырқыраудан, аяқ-қолын қақсаудан емдеу үшін адыраспанды қайнатып, сол сумен ауырған мүшені үш мәрте булайды. Жел-құздан қозған буын ауруын емдеу үшін адыраспанның жас сабағын қиып алып, жаншып буынға тарту керек. Суықтан болған ауруға, терісі бөрткен кезде адамды адыраспан суына шомылдырған. Құяқмен ауырған адам адыраспанның сабақ, жапырақтарын қайнатып, күніне ұдайы екі жеті қатарынан ішуі керек. Tic қақсап ауырғанда, адыраспанның шөбімен ыстағаннан кейін басылады. Ұмытшақтық меңдетсе адыраспанды сабағы мен жапырағын бірге қайнатып ішеді.Көшпелілер кесіртке тәрізді жәндіктер жараланғанда адыраспанға аунап жазылатынын байқаған. Малдың қотырын адыраспанды қайнатып жуған. Жүн мен қолөнерде қолдананылатын түрлі жіптерді бояу үшін адыраспанды көп мәрте қайнатып, қызылкүрең түсті бояу алады.

Адыраспан халық ұғымында...

Адыраспан қазақ үшін қасиетті шөп болғандықтан бәле-жаладан сақтайды деп үйдің ішіндегі көрнекілеу жерге - кереге басына іліп қояды. Жаңа үйге кірерде босағаға жын-шайтан мүлдем жоламасын деп, адыраспанмен аластаған. Сонымен қатар, бұл өсімдікті иесіз үйді иесі жоқ кезде жайлап алған беймәлім жын-шайтандардан тазарту үшін адыраспанның бір бұтағын отқа салып тұтатып, аластайтын болған.Сондай- ақ, ауыл әйелдері бірігіп текемет басқанда, әзірленіп жатқан текемет, киіздің қасына көз тимесін деп адыраспан және қызыл түсті мата төсейді. Өйткені, ондайда текеметке немесе киізге көз тисе, салынған өрнектер қиғаш немесе қисық түседі-мыс.«Адыраспан, адыраспан шыққан жерді, сірә, баспан» деп келетін магиялық формула-тіркес адыраспанның дәстүрлі түсінікке сәйкес айырықша қасиетіне байланысты қалыптасса керек.Адыраспанның магиялық киелі қасиетімен бірге, емдік шипалығы да бар. Алайда, адыраспан - улы өсімдік. Қаратау сілемдерінде өсетін адыраспанды ашыққан кезде сиыр мен жылқы жеп, тыныстары тарылып, уланады.



Қорытынды

Қазақстанның дәрілік өсімдіктері – Республикамыздың ұлттық байлығы. Академик Н.И.Вавилов « Өсімдіктер әлемі неткен бай еді, бірақ біз оны тым аз пайдаланымыз –ау!» деген екен. Оны тиімді пайдалануға өсіп –өндіру мен қорғауға ғалымдар ған емес, бүкіл халық атсалысуы керек.

Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.


Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.



Қорытынды

Біз жалындаған жас қазақ ұландары білікті де білімді қазақ елінің ұландарымыз. Алдымызға қойған ең басты міндетіміз табиғатты зерттеп, ізденіп оқу ғылымды меңгеру, талаптанып шыңға жету.

Дәрілік өсімдік адыраспанды зерттей келе оның пайдасын білдім. Әр өсімдіктің өзіндік ерекшелігі бар. Арыс өңірінде көп өсетін адыраспан дәрілік емдік шөп ретінде ерекше орын алады.

Менің үлкендерден естігенім адыраспанды аларда

«-Ассаламағалейкум-Адыраспан мені жіберді саған Омар, Оспан» деп айту керек екен.Қазақ тарихында орны бар өсімдік – осы адыраспан екенін аңғардым.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы»
(Ә.Ә. Әметов, П.М. Мырзақұлов)

2. «Қазақ университеті »Алматы 2000 ж

3.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990

4. Сыр бойы. Қызылорда обл. газеті.

2012 05.06. № 6 басылым.

Зерттеу күнделігі






Мерзімі

Мазмұны


1

22.08.2014

Жұмыс жоспарын құрастырдым


2

17.09.2014

Ғылыми жетекшіммен ңеңес жүргіздім


3

15.10.2014

Адыраспанның шығу тарихымен таныстым


4

12.11.2014

Ғылыми жетекшіммен адыраспанды зерттедім


5

24.12.2014

Өсімдіктер туралы деректер жинақтадым


6

14.01.2015

Ауладағы адырспанды зерттедім


7

11.02.2015

Дүниетану пәнінен мектепішілік олимпиадағы қатыстым


8

18.02.2015

Ғылыми жетекшіммен бірге кітапханаға бардым


9

4.04.2015

Ғылыми жетекшіммен бірге суретке түстім

Қожанова Нұрсаяның «Адыраспан-дәрілік өсімдік» тақырыбында жазған ғылыми зерттеу жұмысына
Пікір

Қожанова Нұрсая 4 «Ә» сынып оқушысы. Ол қазақ тілі, әдебиеттік оқу, дүниетану пәндерін қызығып оқиды. Қазақ тілі пәнінен сауатты жазады, әдебиеттік оқу пәнінде көркем шығармаларды шебер баяндайды, өлеңді мәнерлеп оқиды. Дүниетану пәнінен әрбір өткен тақырыптарда әсіресе өсімдіктер жөнінде берілген тапсырмаларды мұқият ұқыптылықпен орындайды. Дәрілік өсімдіктер туралы оқулықтардан, журналдардан оқып деректер жинады.

Ғылыми жұмыста жас зерттеуші адыраспан өсімдігін зерттей отырып, дәрілік өсімдіктің пайдасын білу мақсатында қызығушылығы оянған.

Қожанова Нұрсая осы ғылыми жобамен айналысу барысында адыраспан өсімдігін тереңірек білуге оны жан-жақты зерттеп, пайдасының көп екеніне көз жеткізді.

Нұрсая болашақта жақсы зерттеуші және өз туған жерінің табиғатына үлесін қосады деп сенеміз.

Мектеп директоры: Д. Супаева


Директордың оқу-ісі

жөніндегі орынбасары: Р. Көлбаева


Ғылыми жетекшісі: Н. Идияева
Сынып жетекшісі: Н. Идияева


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет