Ойдамын. Жылдам оқу дегеніміз не?



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата27.10.2022
өлшемі449.47 Kb.
#463478
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Жылдам оқу кітабы

 
 
Жылдам оқыған тұлғалар 
• Наполеон Бонопарт өзінің қолбасшылығымен 
ғана емес, сонымен қатар оқу жылдамдығымен 
де ерекшеленген. Деректерге сүйенсек, ол 1 минутта 2000 сөз оқыған; 
• Француз жазушысы Оноре де Бальзак ек жүз 
беттен тұратын романды жарты сағатта оқып 
бітірген; 
• Максим Горький минутына 4 мың сөз оқи 
алған.
Ол жайлы дерек классиктің шәкірті жазушы Алексей Новиковтың 
естелігінде айтылады. Горькийдің ерекше қасиетін тексеріп көрмек болған 
Новиков басылымға жаңа шыққан бір романды оқып болысымен, журналды 
Горькийге ұсынады. Көп ұзамай журналдың әрбір бетіне аз ғана аялдап, оқып 
отырған жазушыға туынды туралы өз ойын айтады. Соның арасында 
романды оқып үлгерген Горький туындыға қатысты өз ойын айтып, пікірін 
бөліседі. Новиков әдебиеттегі ұстазының қырағылығына осылайша көз 
жеткізген екен.
• Америка президенті болған Рузвельт жылдам оқу әдісін арнайы оқып
жақсы меңгерген. Соның нәтижесінде ол қалың кітаптарды 1-2 сағатта 
аяқтайтын болған. 
• Қазақстандық Адина Манатбеков 35 секундта 
18 бет оқып, әлемдік рекордты жаңартты. Оқыған 35 беттің барлығын 
толықтай түсіне алған. 
• 
Ленин 1 минутта бір беттен оқыпты. Ленин кітаптағы дәйек сөздердің 
астын сызып, кей сөйлемге пікірін қарандашпен жазған екен. Ерекше 
әсер еткен сөйлемдерді қойын дәптеріне көшіріп, оқығаны жайында 
конспект жазып отырыпты. Дерек бойынша Лениннің 20 мыңнан астам 
кітабы болған.
 
• Қазіргі телефон байланысын жақсартуға жол ашқан, электр жүйесін 
оңтайландырған өнертабыс иегері Томас Эдисон болса, бір көз 
тастағанда 2-3 жолды бірақ қамтитын болған. Сондай-ақ, ол оқыған 
кітаптарының әрбір жолын есінде мықтап сақтай алатын қасиетімен де 
ерекшеленген. 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет