Ойын терапиясы



бет44/93
Дата24.01.2024
өлшемі0.74 Mb.
#489632
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   93
САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ НА ДОМУ(1)

Нәтижелерді бағалау:
Тапсырманың үшеуінің орындалуы, жоғары деңгей ретінде «+» белгісімен бағаланады.
Тапсырманың екеуінің орындалуы, орташа деңгей ретінде «+» белгісімен бағаланады.
Тапсырманың біреуінің орындалуы, төменгі деңгей ретінде «–» белгісімен бағаланады.
«Кім немен шұғылданады?» әдістемесі.
Балаға суреттегі жеті ұл баланың әрқайсысының әр түрлі іспен айналысып жатқанын қарауды ұсынады.
Бала ұл балалардың қол, аяқ қимылдарына, дене тұрысына қарап, олардың немен шұғылданып жатқанын табуы керек. Суреттің ортасында орналасқан құралдар, балаға осы тапсырманы орындауға көмектеседі. Ересек адам балаға келесі сұрақтарды қоя алады:

    1. Бірінші бала не істеп жатыр? Сен неге олай ойлайсың?

    2. Екінші бала не істеп жатыр? Сен неге олай ойлайсың? Түсіндір.

    3. Үшінші бала не істеп жатыр? Суреттегі қандай құрал саған жауап беруге көмектесті?

    4. Төртінші бала не істеп жатыр? Ол қандай құралды пайдаланады?

    5. Бесінші бала не істеп жатыр? Сен неге олай ойлайсың?

    6. Алтыншы бала не істеп жатыр? Саған жауап беруге қандай құрал көмектесті?

    7. Жетінші бала не істеп жатыр? Ол оны қандай құрал көмегімен жасайды?

Нәтижелерді бағалау:
Егер бала тапсырманы дұрыс орындаса немесе 1-2 қате жіберсе, онда тапсырма орындалды деп есептеліп, «+» белгісімен бағаланады – 1 деңгей (жоғары).
Егер бала тапсырманы дұрыс орындаса немесе 3-4 қате жіберсе, онда тапсырма орындалды деп есептеліп, «+» белгісімен бағаланады – 2 деңгей (орташа).
Егер бала 5 немесе одан да көп қате жіберсе, онда тапсырма орындалмады деп есептеліп, «–» белгісімен бағаланады – 3 деңгей (төмен).


Балалардың елестету қабілетін диагностикалау


«Әңгіме ойлап тап» әдістемесі (Р.С. Немова әдістемесі).
Балаға 1 минут ішінде біреу немесе бір нәрсе туралы әңгіме құрауға, ал 2 минут ішінде оны айтып беру ұсынылады. Бұл қандай да бір оқиға немесе ертегі болуы мүмкін.
Баланың елестете ойлау қабілеті келесі белгілер бойынша бағаланады:

  1. әңгімені ойлап табу жылдамдығы;

  2. оқиғаның еркшелігі, өзгешелігі;

  3. әңгімеде пайдаланатын бейнелердің сан алуандығы;

  4. осы бейнелердің жетілдірілгені және нақтыланғаны;

  5. бейнелердің эмоциялық жағдайы.

Жоғарыда көрсетілген қандайда болсын бір белгінің қаншалықты айқын берілгеніне қарай, аталған белгілердің әрқайсысы бойынша әңгіме 0 балдан 2 балға дейін ала алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет