ІІ ТАРАУ. ЕСТЕ САҚТАУ ЖӘНЕ ЗЕЙІН 15-тақырып. Еріксіз зейін Білім, икемділіктер, дағдылар:еріксіз зейінді жетілдіру, талғампаздығын оята, қоршаған әлемге қызығушылық таныту.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі: Әдет-ғұрып ойындары: «Амандасу – қоштасу».
Дидактикалық ойындар: «Ең зейінді кім?», «Не болмады?», «Саған кім қолын тигізді?», «Кімнің дауысы екенін таны».
Шапшаң қимылды ойындар: «Аузыңды ашып тұрма», «Жұбыңды тап».
16-тақырып. Ерікті зейін Білім, икемділіктер, дағдылар:ерікті зейінді жетілдіру, ерік-күшін ең бастысына шоғырландыра білу.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі: Ойындар: «Құлақ – мұрын», «Ең зейінді кім?», «Не өзгерді?», «Ұшады - ұшпайды», «Күн мен түн», «Жапалақ».
Конкурстар: «Өз зейініңді тексер және тәрбиеле» (тапсырма таңдау бойынша).
17-тақырып. Зейіннің қасиеттері Білім, икемділіктер, дағдылар: зейін қасиеттерін жетілдіруді жалғастыру, оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын бекіту.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі: Тапсырмалар: «Суретті аяқта», «Фигураларды сыз: дөңгелектер, шаршылар, үшбұрыштар, сопақшалар (дәйектілікпен)», қойылатын сұрақтар: Сенің ата-анаң кімдер? Олар қайда жұмыс істейді? Ата-анаңның есімдері қалай? Және т.б. (зейінді бөлуге); «Есіңе сақтап үлгерген заттарды ата» (зейін көлеміне).
Ойындар: «Фигураны таны», «Теңіздегі фигура» және т.б.
18-тақырып. Есте сақтау үдерісі: есте сақтау, сақтау, шығару. Білім, икемділіктер, дағдылар: есте сақтау үдерісін, оларды қызметте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі: Дидактикалық ойындар: «Кімнің дауысы екенін таны», «Не өзгерді?», «Жапырақтың қай ағаштан екенін тап» және т.б.
Тапсырма-жаттығу: «Аяқталмаған суреттер» (Бөлігінің суреті аяқталмаған суретті көрсету, суретшінің нені ұмытып кеткенін табу).
Шығармашылық ойындар: «Ойдан шығарылған ғажайыптар» (балалар «Осылай бола ма немесе болмай ма?» қызықты оқиғаларды еске түсіреді).