Білім, икемділіктер, дағдылар: өзінің қадір-қасиеті сезімі туралы түсінікті, өз іс-әрекетін, қылықтарын бағалай білуді, өзінің жеке ерекшелектерінді ажыратуда өзіндік дербестік дағдылары.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың түрлері: «Амандасу-қоштасу», А.О. Прохоров және Г.Н. Геттинг методикасы бойынша «Менің көңіл күйім» түсті суретті тест, әңгімелесу.
Дидактикалық ойындар: «Пиктограмма», «Менің портретім».
Шығармашылық ойындар: «Ертегіні бейнеле», «Кім екенін таны».
Жағдайлар: «Сені үзіліс кезінде абайсыз итеріп кетті және сен оқулықта түсіріп алдын...», «Сен сабақты оқымай келдің, ал сенен бүгін сабақ сұрау керек...» және т.б. Талдау, талқылау.
2 тақырып. Мен қандаймын? Білім, икемділіктер, дағдылар: өзін туралы елестетуді жетілдіруді жалғасытру, ынта көрсете отырып, әр түрлі жағдайлардан аброймен шығу, шығармашылық, дербестік.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: «Өзіңнің жұбыңды тап», «Айдаһар өзіңнің құйрығын тістеп жатыр».
Ойын: «Мақтаншақтар сайысы».
Жаттығу: «Мен өте жақсымын», «Сен өте жақсысын».
Жағдайлар: «Қарт әже», «Соқыр атаны жолдан өткізу» және т.б.
3-тақырып. Мен және табиғат. Білім, икемділіктер, дағдылар: табиғат және адам бір тұтас ретінде елестетулерді жетілдіру, табиғатпен араласуға және оны жақсы көруге үйрену, сонымен қатар табиғатқа қамқорлықпен қарау дағдыларын тәрбиелеу.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: Ойын саяхат: «Мен және табиғат».
Конкурс: «Сен табиғатты білесің бе?».
Дидактикалық ойындар: «Тауып көр».
Жаттығулар: «Орман дыбыстарын тыңдаймыз».
Тапсырмалар: «Өзіңнің жақсы көретінт абиғат бөлігінің, жануардың суретін сал» (суреттер вернисажы).