18-19-тақырыптар. Есте сақтау үдерісі: есте сақтау, сақтау, шығару Білім, икемділіктер, дағдылар: есте сақтау үдерістерін дамытуды жетілдіру, оларды қызметте қолданудың икемділіктері мен дағдыларын жаттықтыру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: «Қане, тап», «Заттарды тізіп шық», «Мына қатарды қара да, барлығымызды қаз-қатар тіз», «Қимылды есте сақта және қайтала», «Жоғалған үй».
20-тақырып. Есте сақтау түрлері: моторлық-қимылды, бейнелік, эмоциялық және т.б. Білім, икемділіктер, дағдылар: есте сақтаудың әр түрлерін дамытуды жетілдіру, оларды қызметте пайдалану икемділіктері мен дағдыларын жаттықтыру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: «Менің артымнан қайтала», «Қимылды есте сақта», «Өз орныңды есте сақта», «Бұзылған телефон», «Ретін есіңде сақта», «Кім не істеді?», «Суретші», «Көлеңке» және т.б.
21-тақырып. Есте сақтаудың жеке айырмашылықтары Білім, икемділіктер, дағдылар: есте сақтаудың жеке ерекшеліктерін жетілдіру, оларды қызметте қолданудың икемділіктері мен дағдыларын жаттықтыру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: Тыныштық минуты.
«Мүсінші», «Жағадағы ұсақ тастар», «Ертегінің, жағдайдың суретін сал», «Айна», «Көлеңке», «Кім не істеді?», «Суретші», «Тұрысты қара», «Теңіз толқиды», «Ертегіні, әңгімені аяқта», «Ертегіні, жағдаятты бейнеле» (таңдау бойынша).
22-тақырып. Көрнекілік-бейнелік ойлау Білім, икемділіктер, дағдылар: көрнекілік-бейнелік ойлауды жетілдіру, оларды қызметте қолданудың икемділіктері мен дағдыларын жаттықтыру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: Тыныштық минуты.
«Оқиғаны ойлап тап», «Қане, тауып көр», «Суреттер-жұмбақтар», «Ойыншықты (затты) анықта», «Өзіңнің жақсы көретін табиғат бұрышының, ойыншықтың, ертегінің суретін сал» (суреттер вернисажы).