6-тақырып. Қабылдау түрлері Білім, икемділіктер, дағдылар: қабылдау операцияларының икемділіктері мен дағдыларын дамыта отырып, перцептивтік іс-әрекеттер жүйесі ретінде ерікті, қасақана қабылдауды жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: Ойындар: «Иісіне қарай таны», «Дәміне қарай таны», «Тамаша дорба», «Әуенді таны», «Айналамыздағы әлемді зерттейміз», «Суретті құра».
Тапсырмалар: «Әңгіме (ертегі) құра», «Достық кілемшесінің суретін сал», «Өрнектердің суреттерін аяқта».
Жаттығулар: «Сезімді беру», «Мен қандаймын, қандай болғым келеді».
Этюдтар: «Тәтті кәмпиттер», «Тұзды шәй».
7-тақырып. Қабылдау қаситеттері Білім, икемділіктер, дағдылар: қабыладудың түсіну, жинақтау, бүтіндік,белгілеу, таңдау қасиеттерінің қызметте байқалу икемділіктері мен дағдыларын бекіте отырып, оларды жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: Тапсырма ойындар: «Аяқталмаған суреттер», «Тығылып қалған аңдарды тап», «Суретте неше құс пен аңдар бар», «Ең байқампаз», «Қателерді тап».
8-тақырып. Түсті қабылдау Білім, икемділіктер, дағдылар: түстерді қызметте қолдану икемділіктері мен дағдыларын бекіте отырып, түсті қабылдауды жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: Ойындар: «Түстер туралы әңгімеле», «Сыйлықтары бар дорба», «Неге ұқсас?», «Түсіне қарай таны».
Жаттығу тапсырма: «Өз көңіл-күйіңнің суретін сал».
Әңгіме құра: «Менің жақсы көретін түстерім», «Түстердің сиқырылы әлемі» жағдаятты ойнау.
9-тақырып. Пішінді қабылдау Білім, икемділіктер, дағдылар: пішінді іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын бекіте отырып, пішінді қабылдауды жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: Ойындар: «Геометриялық лото», «Пішініне қарай таны», «Пішіні бірдей затты тап».
Тапсырма жаттығулары: «Дөңгелектің бөл», «Айырмашылықтары қандай?», «Суретшінің жіберген бес қатесін тап».
Шапшаң қимылды ойындар: «Көпіршік үрлен», «Көңілді старттар (әр түрлі пішіндер басты белгілер болатын «Маған қарай жүгіріңдер» ойыны)».