ІІІ ТАРАУ. ЕСТЕ САҚТАУ ЖӘНЕ ЗЕЙІН 14-тақырып. Ерікті зейін Білім, икемділіктер, дағдылар: ерікті зейіндііс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: Ойындар: «Санды тастап кет», «Шытырман» және т.б.
Ойындар: «Иә және жоқ деп айтпа» (Л.Ф. Тихомирова әдістем есі).
І нұсқа. Ойын барысы: балаға жүргізушінің сұрағына жауап беруді ұсыныңыз. «Иә» және «Жоқ» сөздерін айтуға болмайды.
Сұрақтар: Сен жазды жақсы көресің бе?
Саған саябақтағы көк ұнай ма?
Сен күнді жақсы көресің бе?
Саған теңізде немесе өзенде шомылу ұнай ма?
Сен балық аулағанды жақсы көресің бе?
Сен қысты жақсы көресің бе?
Сен шана тепкенді жақсы көресің бе?
Сен қар лақтырысып ойнағанды ұнатасың ба?
Суық болған саған ұнай ма?
Саған аққала соққан ұнай ма?
ІІ нұсқа. Ойын барысы: балаға жүргізушінің сұрағына жауап беруді ұсыныңыз. «Иә» және «Жоқ» сөздерін айтуға, сондай-ақ қызыл, көгілдір, жасыл түстерді айтуға болмайды.