21-тақырып. Есте сақтау түрлері: сөздік-логикалық, ерікті және т.б. Білім, икемділіктер, дағдылар: есте сақтаудың бейнелік, сөздік-логикалық, еркін түрлерін, сондай-ақ оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын дамытуды жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: Ойындар: «Қимылды есте сақта», «Қалыпты есте сақтау», «Сөзді қос», «Есте сақтау арқылы сурет сал», «Қимылды орында».
Тапсырма ойын: «Бір мезгілде сөздерді есте сақтау және креш пен нөлдердің суретін салу», «Әңгімені ойлап шығар», «Бір оқиға туралы ойлан және оны бейнеле».
22-тақырып. Мен және менің жадым. Білім, икемділіктер, дағдылар: есте сақтаудың жеке ерекшеліктерін, сондай-ақ оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын дамытуды жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: Конкурс ойыны: «менің жадым»: 1. Бұлшық етті босаңсытуға арналған жаттығулар. 2. «Бәрін байқа». 3. «Тәртіпті есте сақта». 4. «Құбылғы». 5. «Көз байлаушы». 6. «Тыңда және орында» және т.б.
Ойындар: «Ыстық орындық», «Құрбандық», «Жануарларды бейнелеу», «Атты өткенмен, қазіргімен және болашақтағымен сәйкестендіру».
І V ТАРАУ. ОЙЛАУ ЖӘНЕ ЕЛЕСТЕТУ 23-24 тақырыптар. Ойлау операциялары: талдау, жинақтау, жіктеу, абстракция. Білім, икемділіктер, дағдылар: ойлау операцияларын, оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: Тапсырмалар: «Қоныс тойы»: балаларға өздерінің суреттерін салып, тақтада суреті ілініп тұрған үйге орналастыру. Содан кейін бәрі бірге үйді бояумен бояйды.
Ойын жаттығулары: «Кемпірқосақ», Шеңбер бойымен ертегі», «Жұмбақты шеш және айт», «Зоологиялық лото», «Салыстыру».
Әңгімелесу: «Қайырымдылық жасау ешқашанда кеш болмайды. Неге?»