29-тақырып. Ойлаудың жеке ерекшеліктері. Ақыл сапасы Білім, икемділіктер, дағдылар: ақыл сапасын дамыта отырып, ойлаудың жеке ерекшеліктерін жетілдіру.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі: Тест: «Адамның суретін сал».
Тест: «Әділеттік баспалдағы»: «Әділеттік баспалдағына» өзіңді қоятын жерге, жүректің суретін сал (әділетті болуға мүмкіндік болмай қалады, әділетті болуға тырысамын, мен әділеттімін .
Тапсырмалар: ата-анаңмен бірге әділеттіктің ережелерін құра.
Дидактикалық ойындар: «Лото», «Жұмбақты шеш», «Сөйлемді аяқта», «Сөз ойластыр», «Әңгіме ойластыр»).
30-тақырып. Елестету. Еріксіз елестету: қиял (фантазия), түс көру, қиылдану Білім, икемділіктер, дағдылар: қоршаған орта заттары мен құбылыстарының бейнелерін еріксіз құруға талпынысын қолдай отырып, еріксіз қиылды дамытуды жетілдіру.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі: Тыныштық минуты. «Бұлтпен мейрімділік елінесаяхат»; құрылған бейнелердің эмоциялық жағдайлары туралы әңімелесу.
Тапсырма: Мейрімділік елінің суретін сал (суреттер вернисажы).
Дидактикалық ойындар: «Ойдан шығарылған ғажайыптар», «Менің кім екенімді тап».
31-32-тақырыптар. Ерікті елестету элементтері: елестетуді шығару, шығармашылық елестету. Білім, икемділіктер, дағдылар: шығаратын елестету элементтерін, оны қызметте пайдалану дағдыларын жетілдіру.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі: «Шеберлер қаласына» ойын саяхат кезінде, балалар Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың биін билеп, өлеңдерін айтып, қол өнер заттарын жасап, суреттерін салып ойнайды
Тапсырмалар: «Менің қалам», «Менің досым», «Менің жанұям» (таңдау бойынша) тақырыптарына талқылай отырып, әңгіме жазу.
Шығармашылық ойындар: «Ертегіні бейнеле», «Мүсінші», «Сиқырлы айна», «Шытырман».
Шапшаң қимылды ойындар: «Күн сәулесі», «Күн және жаңбыр» және т.б.