2-тақырып. Жанұядағы өзара қарым-қатынас Білім, икемділіктер, дағдылар: жанұядағы жағымды қарым-қатынасты жетілдіру, жанұядағы тәртіп мәдениеті икемділіктері мен дағдыларын бекіту.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: Рөлдік ойындар: «Жанұяға», «Жағдаяттарды ойнау».
Суретті тест: «Менің жанұям», тапсырма «Жанұялық міндеттердің тізімін және оларды жанұяда бөлу ережесін жаса».
3-тақырып. Жанұялық дәстүрлер Білім, икемділіктер, дағдылар: жанұялық дәстүрлер турады түсініктерді, олардың икемділіктері мен дағдыларын сақтау және қосуды қалыптастыру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: «Менің жанұямның дәстүрлері» еліне шығармашылық саяхат ойын, бұл ойында оқушылар жанұялық дәстүрлерді көрсетеді және қорғайды, мысалы, қазақ халқының дәстүрлері: тұсау кесер, байғазы, аманат және т.б. Таңдау бойынша халықтың шапшаң қимылды ойындары.
4-тақырып. Ұрыс-керіс туралы Білім, икемділіктер, дағдылар: серіктестуктік қажеттілігі туралы түсінікті, ұрыс-керістен, жанжалды жағдайлардан алыс жүруді, конструктивті тәртіптің икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: «Арқаны арқаға тигізе», «Отырған және тұрған» (К.Рудестам әдістемесі), «Мен кімге ұқсаспын?» («Ассоциация» ойынының нұсқасы).
Шығармашылық ойындар: «Ертегіні керісінше», «Айналу» (Л. Матвеева және т.б. әдістемесі), «Ертегі кейіпкерлерінің кездесуі».
Тапсырмалар: «Қане, сурет сал», «Менің достарым», «Жағдаятты ойнау». Талқылау.
5-тақырып. Мен және мені қоршаған әлем Білім, икемділіктер, дағдылар: қарым-қатынастың күрделі әлем екені туралы түсінікті жетілдіру, серіктестіктің икемділіктері мен дағдыларын, позитивтік тәртіпті бекіту.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: «Ата-ананың үйі», «Мектеп», «Табиғат», «Достық» станцияларында аялдама жасап, «Қарым-қатынас» еліне саяхат ойыны.
«Ата-ананың үйі» шығармашылық ойын: Балалар өздерінің қолында сиқырлы таяқша бар деп ойлап, өз үйінің табалдырығынан аттаған сәттен, заттарды, адамдарды өзгерту үшін оларға өзінің сиқырылы таяқшасын тигізеді.
Жаттығулар: «Х елі» (ұжымдық сурет, автор С.Ю.Чижова).
Тапсырма: Сөйлемдерді аяқта: «Мен ... қалаймын», «Менің ... қолымнан келеді», «Мен ... істей аламын».
Пікір талас: «мен табиғатпен қарым-қатынаста бола аламын ба?»
Мектеп өмірінен алынған жағдаятты сахналау: Сені мектепте ренжітті, сен не істейсің? Сені тақтаға шақырды, ал сен сабаққа дайындалуға үлгермедің, ... . Үзілісте сенің досың сенімен .... үшін ренжісіп қалды. Өз достығыңды қалай ұсынуға болады?
Ойындар: «Табылған заттар бюросы»
Жаттығу: «Фотосуреттегі биография».